"Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау қағидаларын және Оларға қатысты сыртқы борыштың шекті көлемі айқындалатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 157 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 қаңтарда № 26634 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 143 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.07.2023 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау қағидаларын және Оларға қатысты сыртқы борыштың шекті көлемі айқындалатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16814 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Комиссия ұсынымының қорытындысы бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде квазимемлекеттік сектор субъектісінің тиісті қаржы жылына арналған сыртқы борышының шекті көлемін бекітеді.".

      2. Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 18 апреля 2018 года № 157 "Об утверждении Правил определения предельного объема внешнего долга квазигосударственного сектора и Перечня субъектов квазигосударственного сектора, в отношении которых определяется предельный объем внешнего долга"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 января 2022 года № 6. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 января 2022 года № 26634. Утратил силу приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 31 июля 2023 года № 143.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра национальной экономики РК от 31.07.2023 № 143 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 18 апреля 2018 года № 157 "Об утверждении Правил определения предельного объема внешнего долга квазигосударственного сектора и Перечня субъектов квазигосударственного сектора, в отношении которых определяется предельный объем внешнего долга" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 16814) следующее изменение:

      в Правилах определения предельного объема внешнего долга квазигосударственного сектора, утвержденных указанным приказом:

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. По итогам рекомендации Комиссии центральный уполномоченный орган по государственному планированию в срок до 1 декабря года, предшествующего планируемому, утверждает предельный объем внешнего долга субъекта квазигосударственного сектора на соответствующий финансовый год.".

      2. Департаменту политики управления обязательствами государства и развития финансового сектора в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр национальной
экономики Республики Казахстан
А. Куантыров

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан