"Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
"КЕЛІСІЛДІ" "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті
____________________ ______________________
2022 жылғы "___"___________ 2022 жылғы "___"___________
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес әзірленді.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттарының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтері бар объектілер (медициналық препараттарды, жанар-жағармай материалдарын сақтау қоймалары, азық-түлік және зат қоймалары) террористік тұрғыдан осал болып табылады.
3. Осы Нұсқаулық мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілердің (бұдан әрі - объектілер) олардың терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін қызметкерлердің, мемлекеттік материалдық резерв объектілерін күзету бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерінің (бұдан әрі - МКҚ) басшылары мен қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйіне бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органдар қызметкерлерінің пайдалануына арналған.
4. Объектілердің басшылары міндеттеріне объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі шараларды ұйымдастыру, МКҚ бөлімшелерімен, уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау, объектілердің қорғалу жай-күйіне мерзімді мониторинг жүргізу, тиісті құжаттаманы дайындау, террористік қатер белгілері анықталған жағдайда ден қоюдың бастапқы шараларын ұйымдастыру кіретін персонал қатарынан жауапты адамды (немесе адамдар тобын) тағайындайды.
5. Осы Нұсқаулықтың талаптары олармен еңбек шарттарын жасасу кезінде объектінің барлық қызметкерлерінің назарына, объектілердегі жұмыстарға тартылатын ұйымдардың қызметкерлеріне олармен шарттар жасасу кезінде, сондай-ақ келушілерге қатысты бөлігінде-өткізу құжаттарын ресімдеу кезінде жеткізіледі. Бұл ретте қорғау объектілерінде тұрақты жұмыс істейтін немесе уақытша болатын барлық жеке және заңды тұлғалар осы Нұсқаулықтың талаптарын сақтайды.
6. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аса қауіпті аймақ – терроризм актісі салдарынан олар қирағанда объектінің қалыпты жұмыс істеуінің айтарлықтай бұзылуына, оның елеулі зақымдануына немесе ондағы аварияға әкеп соғуы мүмкін үй-жайлар, учаскелер және конструктивтік элементтер;
2) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;
3) инженерлік-техникалық нығайтылу – объектіге не оның бөліктеріне рұқсатсыз енуге қарсы қажетті іс-қимылды қамтамасыз ететін конструктивтік элементтер, инженерлік, техникалық құралдар және (немесе) олардың жиынтығы;
4) күзетілетін аймақ (учаске) – күзетілетін аумақ, сондай-ақ объектіде бөлінген аймақтар (учаскелер), ғимараттардың (құрылыстар мен құрылыс ғимараттарының) бөліктері, үй-жайлар және олардың құрылымдық элементтері;
5) күзетілетін объектілер – күзетілетін адамдардың болуына арналған ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін өзге де ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен акватория;
6) күзет сигнализациясы жүйесі – күзетілетін аймаққа (учаскеге) рұқсатсыз енуді, күзетілетін аймақ (учаске) тұтастығының бұзылуын анықтауға, күзетілетін аймақ (учаске) тұтастығының бұзылуы туралы ақпаратты берілген түрде жинауға, өңдеуге, беруге және ұсынуға арналған, бірлесіп жұмыс істейтін техникалық құралдардың жиынтығы;
7) кіруді бақылау және басқару жүйесі – кіруді бақылауға, объектіге және (немесе) оның жекелеген аймақтарына персонал мен келушілердің кіру және (немесе) шығу құқықтарын шектеуге, ақпаратты жинауға және сақтауға арналған, техникалық жағынан үйлесімді аппараттық құралдардың және (немесе) бағдарламалық қамтылымның жиынтығы;
8) объектінің ықтимал қауіпті учаскелері – жарылыс-өрт қауіпті, қауіпті химиялық заттар, қару мен оқ-дәрілер, уытты заттар мен препараттар, технологиялық тізбек элементтері жабдықтар немесе құрылғылар жүйелері сақталатын немесе пайдаланылатын объектінің аумақтық бөлінген аймақтары (учаскелері), конструктивтік және технологиялық элементтері, объектінің қауіпті аймақтары, сондай-ақ, терроризм актісі жасалғанда адам өмірі мен денсаулығына залал келтіруге, аварияның туындауына, қауіпті әлеуметтік-экономикалық салдарлармен төтенше жағдай қаупінің туындауына, терроризм актісін жасау үшін одан әрі пайдалану мақсатында қауіпті заттар мен материалдардың ұрлануына ықпал етуі мүмкін объектіде адамдар көп шоғырлануы мүмкін жерлер;
9) оқу-жаттығу (профилактикалық) іс-шаралары – алғашқы ден қою дағдыларын дарыту мақсатында нұсқамалар мен сабақтар түрінде іске асырылатын персонал мен күзетті оқытудың алдын алу тәсілдері;
10) өткізу режимі – адамдардың рұқсатсыз кіруі (шығуы), көлік құралдарының кіруі (шығуы), мүлікті кіргізу (шығару), әкелу (әкету) мүмкіндігін болдырмайтын, белгіленген тәртіпті регламенттейтін қағидалар жиынтығы;
11) телевизиялық күзет жүйесі – бұзушылықты анықтауға және тіркеуге арналған жабық үлгідегі телевизиялық жүйе болып табылатын бейнебақылау жүйесі;
12) терроризмге қарсы қорғалу паспорты – объект туралы жалпы және инженерлік-техникалық мәліметтер қамтылатын, оның терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін көрсететін және террористік тұрғыдан осал объектідегі терроризм актілерінің алдын алу, жолын кесу, салдарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға арналған ақпараттық-анықтамалық құжат;
13) құлақтандыру жүйесі – террористік тұрғыдан осал объектідегі тұлғаларды төтенше жағдайлар (авария, өрт, дүлей апат, шабуыл, террористік акт) кезіндегі дабыл және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар туралы жедел хабар беруге (жарықпен және (немесе) дыбыстық хабарлауға) арналған техникалық құралдар жиынтығы;
14) террористік қауіптіліктің деңгейлері:
"сары" – терроризм актісі (актілері) жасалуы нақты мүмкін екендігі туралы растауды талап ететін ақпарат болған кезде;
"қызғылт сары" – терроризм актісі (актілері) жасалуы нақты мүмкін екендігі туралы расталған ақпарат болған кезде;
"қызыл" – жасалған терроризм актісі туралы ақпарат, сондай-ақ терроризм актісін (актілерін) қайталап жасау немесе террористік тұрғыдан осал объектілерге бір мезгілде террористік шабуылдар жасау мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде белгіленуі мүмкін;
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.02.2024 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін); 17.07.2024 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) бұйрықтарымен.7. Объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар объектілер аумағында терроризм актілерін жасауға кедергі келтіретін жағдайларды жасауға (олардың жасалу қатерін азайтуға), ықтимал террористік қатерлердің салдарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға бағытталған.
Қорғау шараларын ұйымдастыру алдын ала, сараланған тәсіл, сәйкестік және кешендік қағидаттарына негізделген.
8. Объектілерді терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар өткізу режимін, профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастыруды, террористік көріністерге ден қою мәселелері бойынша өзара іс-қимылды, объектілерді инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыруды, сондай-ақ терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлеуді және олардың айналысын қамтиды.
2-тарау. Өткізу режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
9. Объектілердің өткізу режимін "Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысының талаптарына сәйкес әзірленген Объектілерде өткізу режимін қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларға сәйкес МКҚ бөлімшелері жүзеге асырады. Объектілердің аумағына кіруге құқығы бар адамдардың тізбесін айқындау, режимдік үй-жайларға кіру, күн тәртібін, өрт қауіпсіздігін бақылау және объектілердің ішкі процестеріне қатысты басқа да мәселелер объектілердің басшыларына немесе оларды ауыстыратын адамдарға және олар тағайындаған жауапты адамдарға жүктеледі.
Бұл ретте қабылданатын шаралар:
1) объектілердің аумағына рұқсатсыз кірудің және көлікпен кірудің алдын алу, сондай-ақ бөгде адамдар мен автокөліктердің бақылаусыз қозғалу мүмкіндігін болдырмауға;
2) атыс қаруын, суық және өзге де қаруды, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды, еркін айналымға тыйым салынған басқа да заттарды қорғау объектісіне әкелуді (әкетуді) болғызбауға;
3) қорғау объектілеріндегі материалдық, ақпараттық және басқа ресурстарды сақтауға, оларды ұрлау фактілеріне, өзге де құқыққа қарсы көріністерге жол бермеуге және жолын кесуге;
4) объектілердегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
10. Күзетілетін объектілердегі өткізу режимі мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
1) персоналдың, қоймалардың, ғимараттар мен үй-жайлардың, оларда сақталатын материалдық құндылықтардың физикалық күзетін қамтамасыз ету;
2) қорғау объектілеріне бөгде адамдардың және автокөліктің рұқсатсыз кіруін болдырмауға, мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге арналған инженерлік-техникалық күзет құралдарымен, сондай-ақ өрт және күзет сигнализациясының автоматтандырылған жүйелерімен, кіруді бақылау және басқару, бейнебақылау және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзге де жүйелерімен жарақтандыру;
3) объектілердің аумағын бірлесіп бекітілген кестеде көрсетілген кезеңділікпен аралап шығу, ықтимал күдікті заттарды анықтау тұрғысынан көзбен шолып тексеру жүргізу;
4) тұрақты, уақытша, бір жолғы және материалдық рұқсатнамаларды енгізу, олар иеленушілеріне қорғау объектісіне өту (кіру), сондай-ақ тауарлық-материалдық құндылықтарды әкелу (шығару) құқығын береді;
5) өткізу құжаттарының бірыңғай нысанын пайдалану: осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес уақытша рұқсаттама бланкісінің үлгісін; осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес қызметкер (лер) үшін уақытша рұқсаттаманы ресімдеуге қызметтік жазбаны; осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес біржолғы рұқсаттама бланкісінің үлгісін; осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес қатысатын адамдардың тізімін; осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес келушілерді есепке алу журналын; осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес аумағына кіруге (шығуға) рұқсат етілген қызметтік және жеке көлік тізбесі; осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес көлік құралының кіруіне (шығуына) қызметтік жазбаны;
6) қорғау объектісіне кіруге құқығы бар адамдардың, рұқсат беру құжаттарын беру жөнінде шешім қабылдауға уәкілетті жауапты қызметкерлердің, сондай-ақ кіргізуге (тасымалдауға) тыйым салынған нәрселер мен заттардың тізбесін айқындау;
7) құпия құжаттармен жұмыс істеу үшін режимдік үй-жайларға жіберілген адамдар тобын шектеу;
8) қызметтік және өзге де қажеттілік бойынша қорғау объектісіне келген келушілермен келіссөздер жүргізуге арналған арнайы орын жабдықталуы, сондай-ақ қызметкерлер мен келушілердің өз жеке заттарын (ұялы телефондар, бейне, кино және фотоаппаратуралар, ноутбуктер, ақпаратты жылжымалы электрондық тасығыштар, радиотехникалық және өзге де құрылғылар) сақтауға арналған ұяшықтары бар шкафтар;
9) ішкі тәртіп, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-41) тармақшасына сәйкес бектілетін Өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуын бақылау.
11. Объектілерде өткізу режимін қамтамасыз ету мәселелері бойынша МКҚ бөлімшелерімен өзара іс-қимылды оның басшылығы жүзеге асырады, ал объектілердің орталық аппаратының қатысуын талап ететін мәселелерді үйлестіру Жедел басқару орталығына жүктеледі.
12. МКҚ бөлімшелері осы Нұсқаулықта белгіленген талаптарды орындамайтын адамдарды объектілерге жіберуден бас тартады.
13. Төтенше жағдайлар мен оқиғалар туындаған жағдайларда МКҚ бөлімшелері ішкі құжаттар негізінде объект басшыларын немесе оларды ауыстыратын адамдарға хабар бере отырып, қорғау объектісінде өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар қабылдайды.
14. Қорғау объектілеріндегі қызметтік үй-жайлар мен кабинеттер жанған немесе күшті әсер ететін химиялық, улы немесе уландырғыш заттар төгілген кезде МКҚ бөлімшелерінің полиция наряды қорғау объектісіне кіруді тоқтатады, ал одан шығу кедергісіз жүзеге асырылады.
15. Қорғау объектілеріндегі өрттерді, аварияларды және басқа да төтенше жағдайларды жою үшін өрт сөндіру және авариялық-құтқару командаларын, алғашқы медициналық көмек көрсететін медицина қызметкерлерін өткізу кезекші есептоптың (бригаданың) нөмірін тіркей отырып, қызметтік куәліктер негізінде жүзеге асырылады.
16. Объектіге заңсыз кіру әрекеттерін анықтауға және жолын кесуге, тыйым салынған заттар мен материалдарды аумаққа алып өтуге, күдікті заттарды табуға, өрт сөндіру және авариялық-құтқару командаларын, жедел медициналық көмекті шақыруға байланысты барлық төтенше жағдайлар туралы тиісті мемлекеттік органдардың кезекші қызметтерімен бірге объект басшысына немесе оны ауыстыратын адамға дереу хабарланады.
3-тарау. Профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
17. Профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын өткізудің мақсаты террористік сипаттағы ықтимал қатерлер кезінде іс-қимылдарға объектілердің, МКҚ бөлімшелерінің басшылары мен персоналының дайындық деңгейін арттыру болып табылады.
18. Профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шаралары:
1) объектілердің басшыларымен және қызметкерлерімен;
2) объектілерде күзет қызметін жүзеге асыратын МКҚ бөлімшелерінің полиция нарядтарымен нұсқаулықтар мен сабақтар (практикалық және теориялық) және эксперименттер түрінде өткізіледі.
19. Профилактикалық іс-шараларды:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың терроризмге қарсы комиссиясы үйлестіруімен тұрақты негізде ұйымдастырады. Бұл ретте, терроризмге қарсы комиссия террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары мен өзге де лауазымды адамдарының террористік сипаттағы өзекті қатерлер туралы хабардар болуын арттыру және терроризм актісін жасауға кедергі келтіретін (объектіге қатысты терроризм актісін жасау қаупін азайту) жағдайлар жасау жөніндегі, сондай-ақ ықтимал террористік қатерлерден болатын салдарды барынша азайтуға және (немесе) жоюға ықпал ететін сабақтар өткізу арқылы олардың қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды үйлестіреді;
2) республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабы басшылығының шешімі бойынша террористік тұрғыдан осал объектілердің директорларымен және персоналымен, объектілерді күзетуді жүзеге асыратын МКҚ бөлімшелерінің полиция нарядтарымен эксперименттер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Эксперименттер объектіні қорғау бөлімшелерінің террористік сипаттағы қауіп төнген жағдайда бірінші кезектегі іс-қимылдарға дайындығын бағалауға бағытталған.
20. Оқу-жаттығу іс-шараларын объектілердің басшылары немесе оларды ауыстыратын адамдар объектілер персоналымен, ал МКҚ бөлімшелерінің басшылары объектіні күзетуге тартылатын полиция нарядтарымен ұйымдастырады.
21. Оқу-жаттығу іс-шаралары персоналды терроризм актісін (актілерін) жасау немесе жасау қаупі жағдайында іс-қимыл жасауға, оның салдарларынан қорғау тәсілдеріне, келушілер мен персоналды объектіден қауіпсіз және уақтылы эвакуациялауға үйретуді қамтамасыз етеді.
22. Өткізу режимін ұйымдастыруға жауапты полиция нарядтарымен терроризмге қарсы қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарын пайдалану дағдыларын алу және жетілдіру, үй-жайларды тексеру техникасы, жарылғыш құрылғылардың салынуы мүмкін орындарын анықтау бойынша қосымша сабақтар өткізіледі.
23. Нұсқаманы өткізу сипаты мен уақыты бойынша жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді.
24. Нұсқама кезінде персоналға терроризм актісі туындаған кездегі жүріс-тұрыс мі, оның салдарын барынша азайту және жою тәсілдері жеткізіледі.
25. Жоспарлы нұсқама жылына кемінде бір рет жеке немесе қызметкерлер тобы үшін жүргізіледі.
26. Жоспардан тыс нұсқаманы объект басшылары (немесе оларды ауыстыратын адамдар), объектілерді күзетуді жүзеге асыратын МКҚ бөлімшелерінің басшылары, оқу-жаттығуларға, жаттығуларға және эксперименттерге тартылған мемлекеттік органдардың өкілдері:
1) объект орналасқан өңірде террористік қауіптілік деңгейін енгізу;
2) терроризм актісінің орын алу қаупі туралы ақпараттың болуы;
3) оқу-жаттығуларға, жаттығуларға, эксперименттерге дайындық;
4) күзет іс-шараларын өткізуге дайындық жағдайларында жүргізеді.
27. Жоспардан тыс нұсқама жеке немесе қызметкерлер тобымен жүргізіледі. Жоспардан тыс нұсқаманың мазмұны оны жүргізу қажеттілігін тудырған себептер мен жағдайларға байланысты әрбір нақты жағдайда айқындалады.
28. Практикалық және теориялық сабақтар объект басшысы немесе МКҚ бөлімшесінің басшысы бекіткен өткізу кестесіне сәйкес жылына кемінде бір рет кезеңділікпен жүргізіледі.
Теориялық сабақтар барысында тиісті ақпарат жеткізіледі, практикалық сабақтар барысында:
1) қауіпсіз және кедергісіз эвакуациялау бойынша;
2) терроризм актісінің қатері төнген жағдайдағы;
3) объектіде күдікті адамдар мен заттар, сондай-ақ объектіге тән терроризм актілерін жасаудың өзге де сценарийлері табылған кездегі персоналдың іс-қимылы пысықталады.
29. Нұсқамалар мен сабақтарды өткізу туралы терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу-жаттығу іс-шараларын есепке алу журналына осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазба жүргізіледі.
Персонал саны көп (20 адамнан астам) объектілер үшін көрсетілген іс-шараларды өткізуді құжаттау хаттама немесе анықтама түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.
4-тарау. Террористік көріністерге ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыруға қойылатын талаптар
30. Объектілер персоналының, МКҚ бөлімшелерінің полиция нарядтарының уәкілетті мемлекеттік органдармен және жедел штабтармен өзара іс-қимылы терроризм актісінің (актілерінің) жасалуына немесе жасалу қауіпіне ден қоюға әзірлікті, терроризмге қарсы түрлі деңгейдегі оқу-жаттығуларды, жаттығуларды, эксперименттерді, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды дайындауға және өткізуге дайындық шеңберінде тұрақты негізде ұйымдастырылады.
31. Бұл ретте уәкілетті мемлекеттік органдар мен жедел штабтар мынадай жағдайларда дереу хабардар етіледі:
1) объектіге шабуыл жасау немесе дайындалып жатқан шабуыл туралы мәліметтер алу;
2) объект аумағына заңсыз кіру әрекеттері;
3) өрттердің және басқа да дүлей апаттардың пайда болуы;
4) ғимараттарда, қоймаларда немесе объект аумағында күдікті заттар табылған жағдайда;
5) бөгде тұлғалар тарапынан объектінің қорғалу жағдайы мен қызметіне негізсіз қызығушылық таныту;
6) объект қызметкерлерінің қаруды, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды жасауға арналған бөлшектерді ұрлау, заңсыз сатып алу фактілері, сондай-ақ олардың сақталу орындары туралы мәліметтер алу;
7) ықтимал террористік қауіптің белгілері бар басқа жағдайларда.
Ақпаратты ұсыну кезінде терроризм актісінің жасалғаны туралы немесе оның жасалу қаупі туралы алынған мәліметтер, объектінің атауы мен мекенжайы, оқиғаның уақыты, зардап шеккендердің бар-жоғы, олардың орналасқан жері мен жай-күйі, хабар беруші адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) және оның атқаратын лауазымы көрсетіледі.
Толық деректердің болмауы жауапты тұлғаларды дереу баяндамадан босатпайды.
32. Терроризм актісін (актілерін) жасау қатерлеріне немесе жасауға ден қоюға әзірлікті қамтамасыз ету шеңберінде, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді барынша азайтуға және жоюға бағытталған бастапқы ден қою іс-шараларын орындау жөнінде объектілердің басшылары (немесе олардың орнындағы адамдар), күзетуді жүзеге асыратын МКҚ басшылары әртүрлі объектілердегі адамдар тобының террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге әрекет ету алгоритмін осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес әзірлейді.
33. Террористік қауіптілік деңгейін белгілеу кезінде объектілердің басшылары (немесе оларды алмастыратын адамдар), объектілерді күзетуді жүзеге асыратын МКҚ басшылары мынадай қауіпсіздік шараларын қолданады:
1) террористік қауіптіліктің "сары" деңгейінде:
объектіде өткізу режимін күшейту;
қауіпсіздік, құлақтандыру, бейнебақылау және күзет сигнализациясы жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігін тексеру және қамтамасыз ету;
келушілерді, персоналды және көлік құралдарын, қажет болған жағдайда арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып тексеру;
алынған ақпаратқа байланысты тиісті саладағы мамандарды тарта отырып, дағдарыс жағдайларын оқшаулау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын МКҚ полиция нарядтарына, объект персоналына нұсқама беру;
терроризм актісін (актілерін) жасау немесе жасау қаупі төнген кезде персоналмен іс-қимыл бойынша оқу іс-шараларын өткізу;
эвакуацияланған адамдардың уақытша болатын орындарын, материалдық құндылықтар мен құжаттаманы анықтай отырып, объектілерді шұғыл эвакуациялау мәселелерін пысықтау;
2) террористік қауіптіліктің "қызғылт сары" деңгейі кезінде (террористік қауіптіліктің "сары" деңгейі белгіленген кезде қабылданатын шаралармен қатар):
терроризм актілеріне ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша терроризмге қарсы күрес жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, жедел штабтармен бірлескен іс-қимылдарды пысықтау;
дағдарыс жағдайларын оқшаулау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын объектілердің персоналын, МКҚ полиция нарядтарын жоғары дайындық режиміне келтіру;
қажет болған жағдайда қауіпті өндірістік объектілердің қызметін және күзет қызметін тоқтата тұру;
3) террористік қауіптіліктің "қызыл" деңгейі белгіленген кезде (террористік қауіптіліктің "сары" және "қызғылт сары" деңгейлері енгізілген кезде қолданылатын шаралармен қатар):
адамдарды құтқару бойынша шұғыл шаралар қабылдау, құтқару қызметтері мен құралымдарының үздіксіз жұмыс істеуіне жәрдемдесу;
объектілердің қызметін тоқтата тұру;
күзет қызметін тоқтата тұру.
34. Объектілердің басшылары (немесе оларды ауыстыратын адамдар), МКҚ басшылары терроризмге қарсы түрлі деңгейдегі оқу-жаттығуларды, жаттығуларды, эксперименттерді және терроризмге қарсы операцияларды дайындау және өткізу кезінде уәкілетті мемлекеттік органдар мен жедел штабтарға жәрдем көрсетеді.
5-тарау. Террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлеуге және онымен жұмыс істеуге қойылатын талаптар
35. Объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспорты (бұдан әрі – паспорт) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32950 болып тіркелген) бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына сәйкес бір мезгілде электрондық нұсқаны әзірлей отырып, үш данада жасалады.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.02.2024 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) бұйрығымен.36. Паспортты әзірлеуді, оны келісуді, сақтауды, түзетуді және жоюды осы Нұсқаулықтың 4-тармағына сәйкес объект басшысы тағайындаған жауапты адам (немесе адамдар тобы) жүзеге асырады.
37. Паспорттың жобасы объектілердің басшыларының немесе оларды ауыстыратын адамдар объектіні террористік тұрғыдан осал объектілердің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың тізбесіне енгізу туралы тиісті хабарлама алған кезден бастап қырық бес жұмыс күні ішінде жасалады.
38. Аумақтық тізбеге енгізілген объект паспортының жобасы жасалғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде ішкі істер органдары бөлімшесінің басшысына келісуге алдын ала жіберіледі.
Паспорт жобасы келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісіледі.
39. Паспорт жобасына ескертулер болған жағдайда, ол қайтаруға себеп болған себептер көрсетіле отырып, объектіге қайтарылады.
Паспорттың жобасы қайтарылған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде пысықталады.
Қайта келіп түскен паспорттың жобасы (бұрын көрсетілген ескертулерді орындау үшін) жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісіледі.
40. Келісілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде паспортты объект басшысы немесе оны ауыстыратын адам бекітеді (оның ішінде оны жаңарту кезінде).
41. Паспорттың бірінші данасы (түпнұсқасы) объектінің жауапты адамында қолжетімділігі шектеулі ақпаратпен жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес сақталады, ал екінші және үшінші даналары бекітілген немесе түзетілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде Ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшесіне жіберіледі.
42. Паспорт:
1) меншік құқығы;
2) объект басшысы;
3) нысанның атауы;
4) объектінің негізгі мақсаты;
5) объектінің, іргелес аумақта құрылыс салудың жалпы алаңы мен периметріне немесе егер конструкцияға өзгерістер жүргізілген болса, ғимараттарды (құрылыстар мен ғимараттарды) және инженерлік жүйелерді күрделі жөндеу, реконструкциялау аяқталғаннан кейін;
6) объектінің ықтимал қауіпті учаскелері;
7) объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету үшін тартылатын техникалық құралдар өзгерген жағдайларда түзетіледі.
43. Паспортқа түзетулер енгізу оның өзгеру себебі туындаған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жекелеген жағдайларда терроризмге қарсы комиссияның шешімі бойынша объектінің күрделілігіне және енгізілетін өзгерістерге қарай өзге де мерзімдер белгіленуі мүмкін.
44. Паспортқа объектінің құқық иесі болып табылатын ұйым басшысының немесе ұйым паспортқа қол қоюға уәкілеттік берген адамның қолымен куәландырылған өзгерістер енгізіледі. Өзгерістер болған паспорттың элементтері ғана ауыстырылуға жатады.
45. Паспорт:
1) кемінде бес жылда бір рет;
2) паспорт мәтіні тармақтарының жартысынан астамына түзетулер енгізген жағдайда толық ауыстыруға жатады.
Күші жойылған паспорт тиісті акт жасала отырып, комиссиялық тәртіппен жойылуға жатады.
Акт объектіде қалады, актінің көшірмесі паспорттың екінші данасын сақтау орнына жіберіледі.
46. Паспорттың мәліметтері шектеулі сипатта болады, олармен жұмыс істеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысымен бекітіліген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларында айқындалған.
47. Паспорт терроризмге қарсы операция, оқу-жаттығулар, жаттығулар мен эксперименттер жүргізілген жағдайда, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдар объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жай-күйіне тексеру жүргізген кезде пайдаланылады.
Терроризм актілерінің салдарын жоюға және азайтуға тартылған органдарға паспорттың данасын уақтылы беруді қамтамасыз ету мақсатында паспорттың әрбір данасына екі данада тізімдеме жасалады. Тізімдеменің бір данасы паспортпен бірге қажет болған жағдайда терроризмге қарсы операцияға басшылықты жүзеге асыратын жедел штаб басшысына беріледі. Тізімдеменің екінші данасы паспортты сақтауға жауапты адамда қалады.
48. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс жүргізілетін объектілерде паспорт осы талаптарға сәйкес және "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын ескере отырып әзірленеді.
6-тарау. Террористік тұрғыдан осал объектілерді инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыруға қойылатын талаптар
49. Террористік тұрғыдан осал және мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді жарақтандыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарға сәйкес қамтамасыз етіледі.
50. Объектінің телевизиялық күзет жүйесіне кіретін бейнебақылау жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелген) бекітілген Бейнемониторингтің ұлттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында (бұдан әрі – Бейнемониторингтің ұлттық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары) көзделген бейнебақылау жүйелерінің ең төменгі техникалық шарттарына сәйкес келуі тиіс. Бұл ретте телевизиялық күзет жүйесі Ішкі істер органдарының жедел басқару орталығымен интеграцияланады, сондай-ақ қолда бар бейнебақылау жүйесін Ұлттық Бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында айқындалған тәртіппен және шарттарда Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қосу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Уақытша рұқсаттама бланкісінің үлгісі
1. Уақытша рұқсаттама үш айға дейінгі мерзімге беріледі.
2. Уақытша рұқсаттаманың беткі жағында мыналар көрсетіледі:
1) рұқсаттама нөмірі;
2) фотосуретке арналған орын (көлемі 3х4);
3) рұқсаттама берілген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.) (болған жағдайда);
4) рұқсаттаманың қолданылу мерзімі;
5) берілген күні;
6) объект басшысының немесе оны ауыстыратын адамның қолы.
3. Рұқсаттаманың сыртқы жағында мыналар көрсетіледі:
1) рұқсаттама мерзімін ұзарту;
2) объект басшысының немесе оны ауыстыратын адамның қолы.
|
_________________ |
Уақытша рұқсаттама №___ |
Қызметкер(лер) үшін уақытша рұқсаттаманы ресімдеуге қызметтік жазба
_____________________________________________________________
(қызмет көрсететін немесе жұмыстарды орындайтын ұйымның атауы)
әкімшілік ғимаратқа кіруге мына жұмысшыларға (қызметкерлерге)
уақытша рұқсаттаманы ресімдеуге рұқсат сұраймын _______________
____________________________________________________________,
(қызмет көрсететін немесе жұмыстарды орындайтын ұйымның атауы)
1. _____________________________________________________________
2. _____________________________________________________________
3. _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ұйымдағы лауазымы әліпбилік
тәртіппен көрсетіледі)
Ол (олар) 20___ ж. "___" ____ № _________ шарт негізінде, мыналармен
____________________________________________________________________
(қызмет немесе жұмыс түрлері) байланысты қызмет көрсетеді
(жұмыстар жүргізеді)
Уақытша рұқсаттамалардың қолданылу мерзімі 20___ ж. "___" ________ дейін
белгіленсін.
Осы қызметкерге (лерге) әкімшілік ғимарат пен оның аумағына өткізу және
объектішілік режимі жөніндегі нұсқаулықтың талаптары қол қойғызып жеткізілді
және түсіндірілді.
Қосымшалар:
1. жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелері (әр адам үшін);
2. 3х4 см цифрлық фотосурет (әр адам үшін).
Объектінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы
_________________________/ _________________/ ________________________
лауазымы қолы қолтаңбаның толық жазылуы
Біржолғы рұқсаттама бланкісінің үлгісі
1. Біржолғы рұқсат бір рет кіру үшін беріледі.
2. Біржолғы рұқсаттаманың беткі жағында:
1) рұқсаттама нөмірі;
2) келушінің тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.) (болған жағдайда);
3) лауазымы;
4) жұмыс орны;
5) кабинет нөмірі;
6) келуші жіберілген жұмыскердің Т.А.Ә.;
7) қорғау объектісіне кіру уақыты мен күні;
8) кезекші ауысым қызметкерінің қолы көрсетіледі.
Берілген _______________________________ Рұқсат берген __________________ ____________________ негізінде (құжаттың №, қашан және кім берді) Күні 20___ ж. "___" __________ Уақыты _______ сағат ______ мин. Рұқсатнама берген ______________ ___________________ (қолы, Т. А. Ә. (болған жағдайда) |
Ғимараттан шыққан кезде рұқсаттама күзетке қайтарылады Т.А.Ә. ______________________________ (келушінің) Кімге _________________________________ _______ қабат, №_______ кабинет _ Келу күні мен уақыты 20__ж. "____" ______сағат __ минут Кету уақыты ______ сағат. ________ мин. _______________ ___________________ (объект басшысының қолы) Рұқсатнама берген _______________ ___________________ (Т.А.Ә. (болған жағдайда) (қолы) Келушілердің жеке мүлкін алып келу (алып кету) ____________________________________ (күзет бөлімінің қызметкері толтырады) Біржолғы рұқсаттама сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін уақыт кезеңінде қолданылады. |
_______________________________________________________
(іс-шараның немесе жұмыстардың атауы) қатысатын адамдардың тізімі
Р/с | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Лауазымы | Ұйымның атауы | Ескертпе |
Объектінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы
_________________________/ ___________/ ________________________ лауазымы қолы қолтаңбаның толық жазылуы
Келушілерді есепке алу журналы
Р/с | Келушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Кіру күні мен уақыты | Шығу күні мен уақыты | Біржолғы рұқсаттаманың нөмірі | Күзет бөлімі қызметкерінің қолы | Келушіні шакырған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда). | Келуші жіберілетін құрылымдық бөлімше | Келушінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және түрі |
Өткізу құжаттарын есепке алу журналы нөмірленуі, тігілуі және мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшенің мөрімен бекітілуі тиіс.
__________________________________________ (объектінің атауы) аумағына кіруге (шығуға) рұқсат етілген қызметтік және жеке көліктің тізбесі
Р/с | Автокөліктің маркасы | Автокөліктің мемлекеттік нөмірі | Автокөліктің иесі | Иесінің лауазымы |
Қызметтік автокөлік | ||||
Жеке автокөлік | ||||
Объектінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы
_________________________/ _________________/ ________________________ лауазымы қолы қолтаңбаның толық жазылуы
_________________________________________________
(ұйымның атауы) көлік құралының кіруіне (шығуына) қызметтік жазба
Сізден ____________ (объектінің атауы) аумағына_________маркалы, _____________
мемлекеттік нөмірлі __________________________________ тиесілі (ұйымның атауы)
көлік құралына кіруге (шығуға) рұқсат беруіңізді сұраймын, мақсаты
_______________________________________________________. (дәлелді негіздеме)
Рұқсаттың қолданылу мерзімі 20___ж. _____ сағат __ минуттан бастап 20______ж. ____
сағат ___ минутқа дейін белгіленсін.
Көлік құралын басқаруды көрсетілген ұйымның жүргізушісі жүзеге асырады
________________________________________________________.
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке куәлігінің нөмірі)
Ұйымның басшылығына және көлік құралының жүргізушісіне ____________(объектінің атауы)
аумағындағы жүріс-тұрыс қағидалары қол қойғызып жеткізілді.
Объектінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы
_________________________/ _________________/ ________________________
лауазымы қолы қолтаңбаның толық жазылуы
Терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу-жаттығу іс-шараларын есепке алу журналы
(титул парағы)
___________________
(ұйымның атауы)
Терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу-жаттығу іс-шараларын
өткізуді есепке алу № ___ журналы
"___" _____ 20__ ж. журналды жүргізуді бастау күні
"___" _____ 20__ ж. журналды жүргізуді аяқтау күні (ішкі жағы)
1-бөлім. Нұсқамалар
Р/с № | Нұсқаманы өткізу күні | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы нұсқаулық өтушінің | Нұсқама түрі | Нұсқама өткізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы | Нұсқама алушының қолы | Нұсқама өткізген адамның қолы |
2-бөлім. Сабақтар:
1) сабақты өткізу күні;
2) сабақтың тақырыбы;
3) оқу сұрақтары;
4) қатысқан қызметкерлер саны.
Сабақ өткізген адамның қолы.
Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 9-қосымша |
Әртүрлі объектілердегі адамдар тобының террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге әрекет ету алгоритмі
1. Террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге объектілердің әртүрлі тұлғаларының (келушілер, персонал, ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерінің (бұдан әрі – МКҚ) полиция жасағы, басшылық) іс-қимыл алгоритмі қарулы шабуыл жасау, адамдарды кепілге алу, жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттарды салу, өзін-өзі өлтіруші террористерді қолдана отырып шабуыл жасау жағдайларында осы объектілердің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды басқару мақсатында әзірленді.
2. Қарулы шабуыл қаупі туындаған кездегі келушілердің іс-әрекеттері:
өзін қорғау: ғимараттан абайлап шығып кету немесе бөлмеде жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің келуін күту;
мүмкіндігінше құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарды, МКҚ бөлімшелерінің полиция жасағын, персоналды, объект басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы кез келген тәсілмен хабардар ету.
3. Қарулы шабуыл қаупі туындаған кездегі персоналдың іс-қимылы:
мүмкіндігінше құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарды, МКҚ бөлімшелерінің полиция жасағын, персоналды, объект басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы кез келген тәсілмен хабардар ету;
өзін қорғау: ғимараттан абайлап шығып кету немесе бөлмеде жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің келуін күту.
4. Қарулы шабуыл қаупі туындаған кездегі МКҚ бөлімшелері полиция жасағының іс-қимылы:
қарулы қаскүнемді(-дерді) анықтау;
мүмкіндігінше объектіде адамдардың жаппай болу орындарына оның жылжуын бұғаттау;
құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға баяндау, сондай-ақ қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, персоналдың, келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды неғұрлым қорғалған үй-жайларға орналастыру;
өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Қарулы шабуыл қаупі туындаған кездегі объект басшылығының іс-әрекеттері:
қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды дереу хабардар ету;
объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ұйымдастыру;
терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген күштерімен өзара іс-қимыл жасау.
6. Адамдарды кепілге алу қаупі туындаған кездегі келушілердің іс-әрекеттері:
өзін қорғау: кепілге алуға түспеу, ғимараттан абайлап шығып кету немесе үй-жайға тығылу, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенге дейін немесе ғимараттан қауіпсіз шығу мүмкіндігіне дейін шыдау;
құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға мүмкіндігінше кез келген қолжетімді тәсілмен және тек өз қауіпсіздігін кепілді қамтамасыз еткен жағдайда ғана, адамдарды кепілге алудың мән-жайлары мен қаскүнемдер туралы (саны, қару-жарағы, жабдықталуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқа) хабарлау.
7. Адамдарды кепілге алу қаупі туындаған кездегі объект персоналының іс-қимылы:
өзін қорғау: кепілге алуға түспеу, ғимараттан абайлап шығып кету немесе үй-жайға тығылу, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенге дейін немесе ғимараттан қауіпсіз шығу мүмкіндігіне дейін шыдау;
құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға мүмкіндігінше кез келген қолжетімді тәсілмен және тек өз қауіпсіздігін кепілді қамтамасыз еткен жағдайда ғана, адамдарды кепілге алудың мән-жайлары мен қаскүнемдер туралы (саны, қару-жарағы, жабдықталуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқа) хабарлау.
8. Адамдарды кепілге алу қаупі туындаған кезде МКҚ бөлімшелері полиция жасағының іс-қимылы:
қарулы қаскүнемді(-дерді) анықтау;
мүмкіндігінше оның (олардың) объектідегі адамдардың жаппай болу орындарына жылжуын бұғаттау;
жедел топтарды шақыру үшін құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарға адамдарды кепілге алуға оқталу фактісі мен мән-жайлары туралы баяндау;
объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау (эвакуациялау, зиянкестер жолындағы ішкі кедергілерді оқшаулау және басқа);
өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
9. Адамдарды кепілге алу қаупі туындаған кезде объект басшылығының іс-қимылы:
кепілге адамдарды алу әрекетінің фактісі мен мән-жайлары туралы құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға дереу хабардар ету;
мүмкіндігінше объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау, объектідегі тосын жағдай туралы хабарлау және басқа);
мүмкіндігінше терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
10. Кепілге алу кезіндегі іс-әрекеттер:
сабыр сақтау;
басып алушыларды дене күшін немесе қаруды қолдануға итермелейтін іс-әрекеттерге жол бермеу (тыныш сөйлесу; басып алушылардың көзіне қарамау; қарама-қайшы болмау және белсенді қарсылық көрсетпеу; мүмкіндігінше олардың нұсқауларын орындау; кез келген іс-әрекетке рұқсат сұрау; егер қашып кетудің сәттілігіне толық сенім болмаса, қашуға тырыспау);
басқыншылар туралы мүмкіндігінше көп ақпаратты есте сақтаңыз (саны, қару-жарақ, сыртқы түрі, физикалық ерекшеліктері, екпіннің болуы, әңгіме тақырыбы, темперамент, мінез-құлық);
өзінің орналасқан (қамалған) жерін анықтауға тырысу;
мүмкіндік болса, өмірге қауіп төндірмейтін кез келген қол жетімді байланыс әдісін қолдана отырып, болған жағдай туралы құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға, қауіпсіздік бөлімшесіне немесе объектінің күзет қызметіне хабарлауға тырысу;
тамақтан бас тартпау;
жарақат алған жағдайда, өзіне өз бетінше дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсетуге тырысу;
терезелерден, есіктерден және басқыншылардың өзінен алыс орналасу (үй-жайға шабуыл жасаған немесе мергендер атылған жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін);
арнайы бөлімше қызметкерлері кепілге алынған адамдарды босату жөніндегі операцияны жүргізген кезде мынадай талаптарды сақтау қажет:
еденге төмен қаратып жату, мүмкіндігінше қабырғаға басып, басты қолмен жабу және қозғалмау;
ешқандай жағдайда арнайы бөлімше қызметкерлеріне қарсы жүгіруге немесе олардан қашуға болмайды;
мүмкін болса, есіктер мен терезелердің саңылауларынан алыс болу керек;
егер шабуыл жасау және барымтаға алу кезінде ықтимал басқыншылар сияқты дұрыс әрекет етпесе түсіністікпен қарау: тінту, қозғалысты шектеу, жауап алу (мұндай жағдайларда арнайы күштердің барлық адамдарды түпкілікті сәйкестендіруге және шынайы басқыншыларды анықтауға дейінгі әрекеттері негізделген деп саналады).
11. Жарылғыш құрылғы немесе химиялық заттармен, биологиялық агенттермен толтырылған пакет күдікті заттар болуы мүмкін, олар: иесіз сөмке, пакет, жәшік, қорап, күдікті дыбыстар мен ерекше иістерді шығаратын сымдары бар ойыншық.
12. Жарылғыш құрылғыны көрсететін белгілер:
табылған затта сымдардың, арқандардың, изолентаның болуы;
заттан шығатын күдікті дыбыстар, шертулер, сағаттың шырылдауы;
заттан бадамға тән иіс немесе басқа ерекше иіс шығады;
табылған заттың ерекше орналасуы;
табылған затқа орнатылған қуат көздерінің әртүрлі түрлері.
13. Жарылғыш құрылғы немесе жарылғыш құрылғыға ұқсас зат табылған кезде алып тастау мен қоршаудың ұсынылатын қашықтықтары:
РГД-5 гранатасы – 5-50 м;
Ф-1 гранатасы - 200 м;
салмағы 200 г тротил құтысы - 45 м;
салмағы 400 г Тротил құтысы - 55 м;
0,33 л сыра банкісі - 60 м;
дипломат (кейс) – 230 м;
жол чемоданы - 350 м;
"Жигули" класты автокөлік - 460 м;
"Волга" класты автокөлік - 580 м;
шағын автобус - 920 м;
жүк автокөлігі (фургон) – 1240 м.
14. Күдікті затты тапқан кездегі келушілердің іс-әрекеттері:
ұстамау, жақындамау, жылжытпау қажет;
иесіз қалған заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналадағылардан сұрау;
радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын осы заттың жанында пайдаланудан бас тарту;
мүмкіндігінше анықтау уақыты мен орнын белгілеу;
күдікті заттың табылғаны туралы объект күзетіне, персоналына не құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға дереу хабарлау;
жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың сыртқы түрін және оны анықтаудың маңызды жағдайларын сипаттауға дайын болу;
үрей туғызбау үшін жарылыс қаупі туралы объект күзетінен, құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдардан басқа ешкімге хабарламау;
қажет болса, қорғауды қамтамасыз ететін заттарға жасырыныңыз.
объектінің күзетіне, құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға күдікті тұлға (лар) туралы (саны, болған жағдайда қолдан жасалған жарылғыш құрылғының (бұдан әрі – ҚЖЖҚ), қарудың сыртқы белгілері, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқа) ақпарат беру;
егер күрделі құрылыстың артында және қажетті қашықтықта жасырыну мүмкін болмаса, объектіні тастап кету.
15. Күдікті зат табылған кездегі персоналдың іс-қимылы:
ұстамау, жақындамау, жылжытпау қажет;
иесіз қалған заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналадағылардан сұрау;
радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын осы заттың жанында пайдаланудан бас тарту;
мүмкіндігінше анықтау уақыты мен орнын белгілеу;
күдікті заттың табылғаны туралы объект күзетіне, персоналына не құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға дереу хабарлау;
жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың сыртқы түрін және оны анықтаудың маңызды жағдайларын сипаттауға дайын болу;
үрей туғызбау үшін жарылыс қаупі туралы объект күзетінен, құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдардан басқа ешкімге хабарламау;
мүмкіндігінше күзетпен бірге, күдікті зат пен қауіпті аймаққа бөгде адамдардың кіруін шектеу;
қауіпті аймаққа іргелес аумақтан адамдарды ұйымдасқан түрде эвакуациялауды қамтамасыз етуге көмектесу;
қажет болған жағдайда қорғауды қамтамасыз ететін заттарға жасырыну, бақылау жасау;
объектінің күзетіне, құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға күдікті тұлға (лар) туралы (саны, болған жағдайда ҚЖЖҚ, қарудың сыртқы белгілері, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқа) ақпарат беру;
келушілерді эвакуациялауды ұйымдастыруда басшылық пен күзетке қолғабыс ету;
егер күрделі құрылыстың артында және қажетті қашықтықта жасырыну мүмкін болмаса, объектіні тастап кету.
16. Күдікті зат табылған кездегі МКҚ бөлімшелері полиция жасағының іс-қимылы:
ұстамау, жақындамау, жылжытпау қажет;
иесіз қалған заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналадағылардан сұрау;
радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын осы заттың жанында пайдаланудан бас тарту;
мүмкіндігінше анықтау уақыты мен орнын белгілеу;
күдікті заттың табылғандығы туралы объект басшылығына және құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға дереу хабарлау;
жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың сыртқы түрін және оны анықтаудың маңызды жағдайларын сипаттауға дайын болу;
үрей туғызбау үшін жарылыс қаупі туралы объект күзетінен, құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдардан басқа ешкімге хабарламау;
қажетті қашықтықта күдікті зат пен қауіпті аймаққа бөгде адамдардың кіруін шектеуді қамтамасыз ету;
қауіпті аймаққа іргелес аумақтан адамдарды ұйымдасқан түрде эвакуациялауды қамтамасыз ету;
қажет болған жағдайда қорғауды қамтамасыз ететін заттарға жасырыну, бақылау жасау.
объектінің күзетіне, құқық қорғау және/немесе арнайы мемлекеттік органдарға күдікті тұлға (лар) туралы (саны, болған жағдайда ҚЖЖҚ, қарудың сыртқы белгілері, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқа) ақпарат беру.
17. Күдікті зат табылған кездегі басшылықтың іс-әрекеттері:
күдікті адамның анықталғаны немесе иесіз заттың табылғаны туралы құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға дереу хабарлау;
иесіз күдікті зат табылған жерді қажетті қашықтықта қоршауды ұйымдастыру;
объектіден адамдарды эвакуациялауды ұйымдастыру, объектідегі тосын жағдай туралы хабардар ету және басқа;
өзге де күдікті заттарды табу мақсатында үй-жайларды аралап шығуды және аумақтарды қарауды қамтамасыз ету;
терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, қажетті ақпаратты беру.
18. Өзін-өзі өлтіруші террористерді қолдана отырып жасалған шабуыл кезінде келушілердің әрекеті:
өзін қорғау: ғимараттан абайлап шығып кету немесе үй-жайға тығылу, есікті бұғаттау, құқық қорғау қызметкерлерінің келуін күту;
мүмкіндігінше құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объект басшылығын кез келген тәсілмен хабардар ету.
19. Өзін-өзі өлтіруші террористерді қолдана отырып жасалған шабуыл кезінде персоналдың әрекеті:
өзін қорғау: ғимараттан абайлап шығып кету немесе үй-жайға тығылу, есікті бұғаттау, құқық қорғау қызметкерлерінің келуін күту;
мүмкіндігінше құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объект басшылығын кез келген тәсілмен хабардар ету.
20. Өзін-өзі өлтіруші террористерді қолдана отырып жасалған шабуыл кезінде МКҚ бөлімшелері полиция жасағының іс-қимылы:
мүмкіндігінше оның (олардың) объектідегі адамдардың жаппай болу орындарына жылжуын бұғаттау;
күдікті тұлғаны немесе тұлғалар тобын анықтау туралы объект басшылығына, құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға кез келген тәсілмен хабарлау;
қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау (эвакуациялау, ішкі тосқауылдарды бұғаттау және басқа);
қажет болған жағдайда объект бойынша (жеке өзі не бейнебақылау жүйесі арқылы) күдікті тұлғаның немесе тұлғалар тобының жүріп-тұруын байқауды ұйымдастыру;
өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
21. Өзін-өзі өлтіруші террористерді қолдана отырып жасалған шабуыл кезінде басшылықтың іс-әрекеттері:
объектіде күдікті тұлғаның немесе тұлғалар тобының анықталғаны туралы құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға дереу ақпарат беру;
қаскүнемді анықтау және ұстау уақытын қысқарту үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне күдікті адам туралы барынша толық ақпарат беру;
адамдарды ұйымдасқан эвакуациялауды қамтамасыз ету;
өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету.