БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі А. Куантыров
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық экономика министрінің | |
2022 жылғы 28 қаңтардағы | |
№ 8 Бұйрығымен | |
бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 60 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10598 болып тіркелген):
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
2. "Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген):
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 124-6-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 124-6-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібін айқындайды.";
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21183 болып тіркелген) 1 және 3-қосымшаларға сәйкес статистикалық нысан бойынша еңбек жөніндегі есеп (индексі 1-Т, кезеңділігі жылдық, тоқсандық);";
9-қосымша осы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының Тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
12-қосымша осы тізбеге 2-қосымша сәйкес редакцияда жазылсын.
3. "Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 26 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18558 болып тіркелген):
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық экономика министрінің | |
өзгерістер енгізілетін кейбір | |
бұйрықтарының Тізбесіне | |
1-қосымша | |
Қоғамдық маңызы бар | |
нарықтарда баға белгілеу | |
қағидаларына | |
9-қосымша |
Форма
Тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасы (филиалдар бөлінісінде)
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Деңгейі |
1 | Тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы | теңге/1000 м3 | |
2 | Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тариф | ||
3 | Тауарлық газды бөлшек саудада өткізу шығындары (жабдықтау үстемеақысы) | ||
4 | Тауарлық газдың шекті бағасының жиыны, оның ішінде | ||
Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алусыз * | |||
1 | Тұрмыстық тұтынушылар (халық) | ||
2 | Жылу энергетикасы компаниялары халық үшін жылу энергиясын өндіруге арналған тауарлық газды тұтыну көлемінде | ||
3 | Жылу энергетикасы компаниялары заңды тұлғалар үшін жылу энергиясын өндіруге арналған тауарлық газды тұтыну көлемінде | ||
4 | Жылу энергетикасы компаниялары электр энергиясы өндірісіне тауарлық газды тұтыну көлемінде | ||
5 | Тұтынушылардың I, II, III, IV, VI, VII және VIII топтарына жатпайтын өзге де заңды тұлғалар | ||
6 | Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар | ||
7 | Тауарлық газды мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін сатып алатын және уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген заңды тұлғалар | ||
8 | Тауарлық газды одан әрі тұтынушыларға өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру үшін сатып алатын заңды тұлғалар | ||
9 | Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар (тұрғындар) | ||
Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алумен | |||
1 | Тұрмыстық тұтынушылар (халық) | ||
2 | Жылу энергетикасы компаниялары халық үшін жылу энергиясын өндіруге арналған тауарлық газды тұтыну көлемінде | ||
3 | Жылу энергетикасы компаниялары заңды тұлғалар үшін жылу энергиясын өндіруге арналған тауарлық газды тұтыну көлемінде | ||
4 | Жылу энергетикасы компаниялары электр энергиясын өндіруге арналған тауарлық газды тұтыну көлемінде | ||
5 | Тұтынушылардың I, II, III, IV, VI, VII және VIII топтарына жатпайтын өзге де заңды тұлғалар | ||
6 | Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар | ||
7 | Тауарлық газды мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін сатып алатын және уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген заңды тұлғалар | ||
8 | Тауарлық газды одан әрі тұтынушыларға өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру үшін сатып алатын заңды тұлғалар | ||
9 | Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар (тұрғындар) |
Ескертпе: Тұтынушы тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алусыз сатып алған жағдайда.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының Тізбесіне 2-қосымша |
|
Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына 12-қосымша |
Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тауарлық газды бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу
1. Субъектілердің тауарлық газды бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілетін ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын (бұдан әрі – көтерме сауда бағалары) саралау арқылы тұтынушылардың бірінші тобынан бастап алтыншы және сегізінші топтарына тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағаларын саралауды ескере отырып (газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау және сақтауға тарифті ескере отырып), әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке жүзеге асырылады. Тұтынушылардың жетінші тобы үшін көтерме сауда бағаларын саралау жүзеге асырылмайды.
2. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын қалыптастыру Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің сараланған шекті бағасын белгілеу мақсатында тұтынушылардың мынадай топтары бөліп көрсетілген:
тұтынушылардың І тобы – тауарлық газды газ тарату жүйесінен бөлшек саудада өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметті алатын тұрмыстық тұтынушылар (халық);
тұтынушылардың ІІ тобы – тауарлық газды халық үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында сатып алатын жылу энергетикаcы компаниялары (бұдан әрі – халық үшін ЖЭК);
тұтынушылардың ІІІ тобы – тауарлық газды жылу энергиясын өндіру мақсатында заңды тұлғалар үшін сатып алатын жылу энергетикасы компаниялары (бұдан әрі – заңды тұлғалар үшін ЖЭК);
тұтынушылардың IV тобы – тауарлық газды электр энергиясын өндіру үшін сатып алатын жылу энергетикасы компаниялары;
тұтынушылардың V тобы – тұтынушылардың I, II, III, IV, VI, VII және VIII топтарына жатпайтын өзге де тұтынушылар;
тұтынушылардың VI тобы – бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар;
тұтынушылардың VII тобы – тауарлық газды мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін сатып алатын және газбен жабдықтау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген заңды тұлғалар;
тұтынушылардың VIII тобы – тауарлық газды тұтынушыларға одан әрі өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру үшін сатып алатын заңды тұлғалар.
IX тұтынушылар тобы-мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар (тұрғындар).
тұтынушылардың IX тобы үшін тауарлық газ бағасының өсуі тиісті жылғы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (инфляция) дәлізінің төменгі шегінен аспауға тиіс.
4. Тұтынушылардың әрбір тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасы Қағидаларға сәйкес айқындалады және тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауды есепке алмай және тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауды ескере отырып, тұтынушылардың тауарлық газды сатып алуына қарай бөлінеді.
5. Тұтынушылардың II-VIII топтары арасында газ тарату жүйесі бойынша газ тасымалдауға жеке шарт жасалады.
6. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін халық үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының құрылымы мыналардан:
тұтынушылардың бірінші тобы үшін оның саралануы ескеріле отырып, тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің көтерме бағасынан;
тауарлық газды өткізу бойынша газ тарату ұйымының шығындарынан;
газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тарифтен тұрады.
7. Тұтынушылардың екінші тобынан бастап алтыншы тобын қоса алғандағы топтары үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының құрылымы мыналардан:
тауарлық газдың саралануы ескеріле отырып оны бөлшек саудада өткізудің көтерме бағасынан;
тауарлық газды өткізу бойынша газ тарату ұйымының шығындарынан;
газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тарифтен (өнеркәсіптік тұтынушылар және ЖЭК тауарлық газды тарату желілері бойынша сатып алған жағдайда) тұрады.
7.1. Тұтынушылардың жетінші тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының құрылымы мыналардан:
газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тұтынушылардың VII тобы үшін тауарлық газды өткізудің көтерме бағасынан;
газ тарату ұйымының тауарлық газды өткізу жөніндегі шығындарынан;
тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифтен (тұтынушылардың жетінші тобы тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы сатып алған жағдайда) тұрады.
Тұтынушылардың сегізінші тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының құрылымы мыналардан:
газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тұтынушылардың VIII тобы үшін тауарлық газды өткізудің көтерме бағасынан;
газ тарату ұйымының тауарлық газды өткізу жөніндегі шығындарынан;
тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифтен (тұтынушылардың сегізінші тобы тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы сатып алған жағдайда).
8. "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 7) тармақшасына сәйкес тауарлық газдың көтерме бағаларын саралау газдың көтерме саудада өткізу бағалары өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
9. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін сараланған көтерме саудада сатып алу бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алумен:
БсаралI = Б х k) -Қ-Т,
Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алусыз:
БсаралI = (БқолдI х k) –Қ
мұндағы:
БсаралІ – тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);
БқолдІ – тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы шекті бағасы (теңге/1000 м3);
Қ – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ тарату ұйымының тауарлық газды өткізуге арналған шығындары;
Т – заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тариф;
k – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында баға белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде айқындалатын тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің шекті бағасының өзгеру коэффициенті.
10. Тұтынушылардың екінші тобы үшін тауарлық газға сараланған көтерме бағаларды есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алумен:
Бсарал II = (БқолдII х k1)-Қ-Т,
Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алусыз:
Бсарал II = (БқолдII х k1)-Қ
мұндағы:
Бсарал II – тұтынушылардың екінші тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге /1000 м3);
Бқолд II – тұтынушылардың екінші тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы шекті бағасы (теңге /1000 м3);
Қ – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ тарату ұйымының тауарлық газды өткізуге арналған шығындары;
Т – заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тариф;
к1 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында баға белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде айқындалатын тауарлық газды өткізудің шекті бағасының өзгеру коэффициенті.
11. Тұтынушылардың үшінші тобы үшін сараланған көтерме сатып алу бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алумен:
БсаралIII = (БқолдIII х k2)-Қ-Т,
Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алусыз:
БсаралIII = (БқолдIII х k2)-Қ
мұндағы:
БсаралIII – тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);
БқолдIII – тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы бағасы (теңге/1000 м3);
Қ – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ тарату ұйымының тауарлық газды өткізуге арналған шығындары;
Т – заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тариф;
k2 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында баға белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде айқындалатын тауарлық газды өткізудің шекті бағасының өзгеру коэффициенті.
12. Тұтынушылардың төртінші тобы үшін тауарлық газдың сараланған көтерме бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алумен:
Бсарал IV = (Бқолд IV х k3)-Қ-Т,
Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алусыз:
Бсарал IV = (Бқолд IV х k3)-Қ
мұндағы:
Бсарал IV – тұтынушылардың төртінші тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);
Бқолд IV – тұтынушылардың төртінші тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы шекті бағасы (теңге/1000 м3)
Қ – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ тарату ұйымының тауарлық газды өткізуге арналған шығындары;
Т – заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тарифтер;
к3 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында баға белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде айқындалатын тауарлық газды өткізудің шекті бағасының өзгеру коэффициенті.
13. Тұтынушылардың бесінші тобы үшін тауарлық газдың сараланған көтерме бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алумен:
Бсарал V = (Бқолд V* k4)-Қ-Т,
Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алусыз:
Бсарал V = (Бқолд V* k4)-Қ
мұндағы:
Бсарал V – тұтынушылардың бесінші тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);
Бқолд V – тұтынушылардың бесінші тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы шекті бағасы (теңге/1000 м3)
Қ – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ тарату ұйымының тауарлық газды өткізуге арналған шығындары;
Т – заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тариф;
к4 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында баға белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде айқындалатын тауарлық газды өткізудің шекті бағасының өзгеру коэффициенті.
14. Тұтынушылардың алтыншы тобы үшін тауарлық газдың сараланған көтерме бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
БсаралVI = (Vжалпы-жыл х Бкб – (VI-жыл х БсаралI) - (VII-жыл х Бсарал II) – (VIII жыл х Бсарал III) – (VIV-жыл х Бсарал IV) – (VV-жыл х Бсарал V)) / VVI,
мұндағы:
БсаралVI – тұтынушылардың алтыншы тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);
Vжалпы-жыл – бір жылға арналған тауарлық газды өткізудің жалпы жоспарланған көлемі (1000м3в);
Бкб – газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тауарлық газдың көтерме бағасы (теңге/1000 м3);
БсаралI – тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге /1000 м3);
Бсарал II – тұтынушылардың екінші тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге /1000 м3);
Бсарал III – тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге /1000 м3);
Бсарал IV – тұтынушылардың төртінші тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);
Бсарал V – тұтынушылардың бесінші тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);
VІ-жыл - тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің бір жылға жоспарланған көлемі (1000 м3);
VII-жыл – тұтынушылардың екінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің бір жылға жоспарланған көлемі (1000 м3);
VIII-жыл – тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің бір жылға жоспарланған көлемі (1000 м3);
VIV-жыл – тұтынушылардың төртінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің бір жылға жоспарланған көлемі (1000 м3);
VV-жыл – тұтынушылардың бесінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің бір жылға жоспарланған көлемі (1000 м3);
VVI-жыл – тұтынушылардың алтыншы тобы үшін тауарлық газды өткізудің бір жылға жоспарланған көлемі (1000 м3).
15. Тұтынушылардың жетінші тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алумен:
Б VII = БкбVII+Қ+Т,
Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алусыз:
Б VII = БкбVII+Қ
мұндағы:
Б VII – тұтынушылардың жетінші тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасы (теңге/1000 м3);
БкбVII – газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тұтынушылардың жетінші тобы үшін шекті көтерме баға;
Қ – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ таратушы ұйымның тауарлық газды өткізуге арналған шығындары (теңге/1000 м3);
Т – заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тарифтер (теңге/1000 м3).
16. Тұтынушылардың сегізінші тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алумен:
Б VIII = БкбVIII+Қ+Т,
Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алусыз:
Б VIII = БкбVIII+Қ
мұндағы:
Б VIII – тұтынушылардың сегізінші тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасы (теңге/1000 м3);
БкбVIII – газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тұтынушылардың сегізінші тобы үшін шекті көтерме баға;
Қ – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ таратушы ұйымның тауарлық газды өткізуге арналған шығындары (теңге/1000 м3);
Т – заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тарифтер (теңге/1000 м3).
17. Тұтынушылардың IX тобы үшін сараланған көтерме сатып алу бағаларын есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдау тарифін ескере отырып:
Цдиф IX = (ЦдифI х kс) -Н-Т,
Газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдау тарифін есепке алмағанда:
Цдиф IX = (ЦдифI х kс) –Н
мұндағы:
Цдиф IX-тұтынушылардың тоғызыншы тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);
ЦдифІ-тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газдың жобалық шекті бағасы (теңге/1000 м3);
Н-осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ тарату ұйымының тауарлық газын өткізуге арналған шығындар;
Т-заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген Газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдау тарифі;
kс – тұтынушылардың тоғызыншы тобы үшін тауарлық газды өткізудің шекті бағасының Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (инфляция) дәлізінің төменгі шегінен аспайтын өзгеру коэффициенті.