Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 60 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 сәуірде № 10598 тіркелді.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.01.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Е. Досаев

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _______________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 26 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 12 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      _______________ В. Школьник

      2015 жылғы 12 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 29 қаңтардағы
№ 60 бұйрығымен
бекітілген

Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.04.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


п/п

Біліктілік талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1. Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметі үшін

1)

тұтынушылармен жұмысты қамтамасыз ететін қызметтер (персоналдар) – абоненттiк қызметтердің, учаскелердің болуы

осы қызметтi құру туралы бұйрықтың болуы туралы мәлімет нысаны (қосымшаға сәйкес)


2)

банк анықтамасымен расталған кемiнде 10000 айлық есептiк көрсеткiш мөлшеріндегі айналым қаражатының болуы

банк анықтамасы


3)

алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.04.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4)

меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тұтынушылармен жұмыс iстеуге және абоненттiк қызметтердi орналастыруға арналған ғимараттар немесе үй-жайлардың болуы

құқық белгiлейтiн құжаттар, оны пайдалануға, оның ішінде жалға алу, қосымша жалға алу шарты бойынша алғанын куәландыратын көшірме

меншiк құқығында ғимараттар немесе үй-жайлардың болуы туралы ақпаратты лицензиар "Жылжымайтын мүлікті тіркеу" мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесі арқылы алады

2. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін

1)

меншiгiнде немесе өзге де заңды негiздерде магистралдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарының, сондай-ақ магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдардың, жабдықтардың болуы

меншік құқықғын белгілейтін құжаттардың көшірмелері;
меншiгiнде немесе өзге де заңды негiздерде магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарының, сондай-ақ негiзгi жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпаратты, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң теңгерiмiндегi негiзгi өндiрiстiк активтердiң тiзбесiн көрсете отырып, магистралдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдардың, жабдықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтары және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат "Жылжымайтын мүлікті тіркеу" мемлекеттік деректер базасынан деректер алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды

2)

1) жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетудi;
2) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдаланудың технологиялық процесiн сақтауды;
3) еңбекті қорғау мен қауiпсiздiк техникасын;
4) қоршаған ортаны қорғауды;
5) метрологиялық бақылауды қамтамасыз ететiн қызметтердің болуы

осы қызметтердi құру туралы бұйрықтардың болуы туралы мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)


3)

тиiстi бiлiм деңгейiне (басшылар үшiн - мұнай-газ саласындағы жоғары бiлiм, мамандар үшiн - мұнай-газ саласындағы орта арнайы бiлiм) жауап беретiн және осы саладағы мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар бiлiктi техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндiрiстiк персоналдың жалпы санының кемінде 70 %-ы) болуы

қызметкерлердің әрқайсысы бойынша штат кестесі бойынша: тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi бойынша мамандығы, лауазымы, осы саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтiлi жөніндегі ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

өндірістік персонал – әкімшілік-басқарушы персоналды (ӘБП) қоспағанда, өндірісте тікелей жұмыс істейтін және кәсіпорынның өндірістік процесімен тікелей байланысты персонал

4)

белгiленген тәртiппен бекiтiлген, сондай-ақ бекітілу кезінде қолданыстағы: қоршаған ортаны қорғау, қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi бағдарламалар мен iс-шаралардың; заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып жұмыс істейтін өндiрiстiк объектiлердi реконструкциялау, жаңғырту жөнiндегi бағдарламалардың; жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының); аварияларды жою жоспарының болуы

тиісті жоспарлар, бағдарламалар мен іс-шаралардың көшірмелері


  Энергиямен жабдықтау
мақсатында электр энергиясын
сатып алу, магистральдық газ
құбырларын, мұнай құбырларын,
мұнай өнiмдерiнiң құбырларын
пайдалану қызметі үшін
біліктілік талаптарына және
оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне қосымша

Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшiн біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесіне мәліметтер нысаны

      1. Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу бойынша қызмет түрі үшін:

      1) қызметтердi құру туралы бұйрықтардың болуы туралы ақпарат:

      қызметті құру туралы бұйрықтың нөмірі ________________________;

      бұйрықтың қол қойылған күні _________________________________;

      жауаптының Т.А.Ә. __________________________________________.

      2. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану бойынша қызметтің кіші түрі үшін:

      1) меншiгiнде немесе өзге де заңды негiздерде магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының болуы туралы ақпарат ___________________________________ (магистралдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарын, сондай-ақ негізгі жабдықтардың техникалық сипаттамасы бойынша ақпаратты көрсете отырып, магистралдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдарды, жабдықты, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң теңгерiмiндегi өндiрiстiк активтердiң тiзбесiн көрсету);

      2) қызметтердi құру туралы бұйрықтардың болуы туралы ақпарат:

      қызметті құру туралы бұйрықтың нөмірі ________________________;

      бұйрықтың қол қойылған күні _________________________________;

      жауаптының Т.А.Ә. __________________________________________;

      3) тиiстi бiлiм деңгейiне (басшылар үшiн – мұнай-газ саласындағы жоғары бiлiм, мамандар үшiн – мұнай-газ саласындағы арнайы орта бiлiм) жауап беретiн және осы саладағы мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар бiлiктi техникалық басшылар мен мамандар (өндiрiстiк персоналдың жалпы санының кемінде 70 %-ы) құрамы туралы штат кестесі бойынша ақпарат:

      қызметкердің Т.А.Ә. __________________________________________;

      бiлiмi бойынша мамандығы _____________________________________;

      лауазымы _____________________________________________________;

      осы саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтiлi ___________________.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады