БҰЙЫРАМЫН:
1. "Төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 235 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9509 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға оқытудың оқу бағдарламасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 24 Бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 235 бұйрығымен бекітілген |
Төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасы
1-тарау. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ұйымдарында және оқу орындарында тыңдаушыларды даярлаудың (қайта даярлаудың) оқу бағдарламасы 1-Параграф. Сабақ тақырыптарының тізбесі
№ р/с | Тақырыптар атауы | Оқу сабақтарының түрлері | Оқу сағаттарының саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Азаматтық қорғаудың құқықтық аспектілері | дәріс | 1 |
2. | Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері мен принциптері. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібі | дәріс | 1 |
3. | Төтенше жағдайлардың жіктелуі. Төтенше жағдайлар қатерлері, туындауы немесе оларды жою кезінде ақпарат беруді ұйымдастыру | дәріс | 1 |
4. | Байланыс, құлақтандыру және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі. Төтенше жағдайлар кезінде халықты, азаматтық қорғаудың басқару органдарын хабардар ету және құлақтандыру тәртібі мен тәсілдері | дәріс | 1 |
5. | Азаматтық қорғау саласында оқыту, хабардар ету және білімді насихаттау | дәріс | 1 |
6. | Оқу-жаттығулар мен жаттықтырулер, оларды өткізуді ұйымдастыру | дәріс | 1 |
7. |
Мемлекеттік материалдық резерв. | дәріс | 1 |
8. | Азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүргізуге басшылық ету және оны өткізу тәртібі. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлау | дәріс | 1 |
9. | Азаматтық қорғау күштері мен құралдары. Азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдары. | дәріс | 1 |
10. | Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы. | дәріс | 1 |
11. | Азаматтық қорғау жүйесін бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ауыстыру қағидалары | дәріс | 1 |
12. | Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайларда халықты қорғаудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері. Инженерлік қорғау | дәріс | 1 |
13. | Бейбіт уақытта төтенше жағдайлар қаупі және туындауы кезінде эвакуациялық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру | сыныптық- топтық сабақ | 1 |
14. | Соғыс уақытында халықты орналастыру мен эвакуациялауды жүргізуді ұйымдастыру | сыныптық- топтық сабақ | 1 |
15. | Төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру | сыныптық- топтық сабақ | 1 |
16. | Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайларда шаруашылық жүргізу салалары мен объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін арттыру жолдары мен тәсілдері. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары | сыныптық- топтық сабақ | 1 |
17. | Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау | практикалық сабақ | 1 |
18. | Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасызету | сыныптық- топтық сабақ | 1 |
19. | Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау | сыныптық- топтық сабақ | 1 |
20. | Халықты радиациялық қорғау | дәріс | 1 |
21. | Радиациялық жағдайды болжау. Радиациялық және химиялық бақылау постының құрамы, міндеттері және әрекеттері | практикалық сабақ | 1 |
22. | Халықты және азық-түлікті, су көздерін, жануарлар мен өсімдіктерді радиоактивті, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) жұқтырудан, эпизоотиядан және эпифитотиядан қорғау жөніндегі шаралар кешені. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін медициналық-биологиялық қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралары | дәріс | 1 |
23. | Халықты күшті әсер ететін улы заттардан қорғау | дәріс | 1 |
24. | Химиялық қауіпті объектідегі және көліктегі авария кезіндегі химиялық жағдайды болжау және бағалау әдістемесі | практикалық сабақ | 1 |
25. | Азаматтық қорғаныс мүлкі. Оларды пайдалану мен сақтауды ұйымдастыру. Радиациялық-химиялық барлау аспаптары. Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары | практикалық сабақ1 | 1 |
26. | Жер сілкінісі қаупі мен нақты туындаған кезде халықты қорғау | 1- дәріс 1-практикалық сабақ | 2 |
27. | Су тасқыны мен сел кезінде қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу | дәріс | 1 |
28. | Террористік акт барысында төтенше жағдайлар туындаған кездегі халық пен лауазымды адамдардың іс-әрекеттері | сыныптық- топтық сабақ | 1 |
29. | Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету. Табиғи зілзала, авария, апат, зақымдану ошағы аудандарынан зардапшеккендер мен науқастарды эвакуациялауды ұйымдастыру және жүргізу | практикалық сабақ | 1 |
30. | Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету, оларды өткізудің түрлері мен тәсілдері | практикалық сабақ | 1 |
31. | "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру" командалық-штабтық оқу-жаттығу | командалық-штабтық оқу-жаттығу | 4 |
32. | Тестілеуден өту | тест | 2 |
1
Ескертпе: сабақ тақырыптарын оқыту білім алушылардың санатын ескере отырып айқындалады.
2-Тарау. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ұйымдарында және оқу орындарында азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың басшы құрамы мен мамандарын даярлаудың (қайта даярлаудың) оқу бағдарламасы 1-Параграф. Сабақ тақырыптарының тізбесі
№ | Тақырыптар атауы | Оқу сабақтарының түрлері | Оқу сағаттарының саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
33. | Азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер | дәріс | 1 |
34. | Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы | дәріс | 1 |
35. | Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі | дәріс | 1 |
36. | Объектіде азаматтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлау | дәріс | 1 |
37. | Объектідегі азаматтық қорғаныс саласындағы құжаттаманың тізбесі | дәріс | 1 |
38. | Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау | сыныптық-топтық сабақ | |
39. | Объектіні азаматтық қорғау күштері. Азаматтық қорғаудың объектілік құралымдары және олардың міндеттері. Соғыс уақытында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу тәртібі | дәріс | 1 |
40. | Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу кезінде объектіде басқару мен байланысты ұйымдастыру | сыныптық-топтық сабақ | 1 |
41. | Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары (теория-1 сағат, практика-1 сағат) | дәріс практикалық сабақ | 2 |
42. | Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары бойынша нормативтік құқықтық актілер | дәріс | 1 |
43. | Эвакуациялық органдар және олардың міндеттері, эвакуациялық іс-шараларды жүргізу тәртібі. | дәріс | 1 |
44. | Объектідегі іс-шараларды жоспарлау | практикалық сабақ | 1 |
45. | Соғыс уақытында объектінің тұрақты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және орындау | сыныптық-топтық сабақ | 1 |
46. | Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары. Жеке қорғану құралдарын ұстау ережесі және оларды қолдану тәртібі | сыныптық-топтық сабақ | 1 |
47. | Радиациялық-химиялық барлау және дозиметриялық бақылау аспаптары, олармен жұмыс істеу тәртібі | практикалық сабақ | 1 |
48. | Арнайы өңдеу жүргізу | практикалық сабақ | 1 |
49. | Радиациялық жағдайды бағалау әдістемесі | практикалық сабақ | 1 |
50. | Химиялық жағдайды бағалау әдістемесі | практикалық сабақ | 1 |
51. | Азаматтық қорғау жүйесін бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру | дәріс | 1 |
52. | Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру негіздері | дәріс | 1 |
53. | Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда жұмысшылар мен қызметшілерді брондауды ұйымдастыру | дәріс | 1 |
54. | Ұйымның азаматтық қорғау жүйесін бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру жөніндегі штабтық жаттығу | оқу-жаттығу | 1 |
55. | Жұмысшылар мен қызметшілердің әртүрлі санаттарындағы азаматтық қорғаныс бойынша оқытуды ұйымдастыру тәртібі. Объектіде оқу-жаттығулар мен жаттықтырулар өткізу | дәріс | 1 |
56. | Азаматтық қорғау бойынша шартты белгілер мен таңбалар. Жағдайды топографиялық картаға енгізу. | практикалық сабақ | 1 |
57. | Соғыс уақытында зақымданғандарға көмек көрсету | практикалық сабақ | 1 |
58. | Соғыс уақыты жағдайында зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету | практикалық сабақ | 1 |
59. | Халықты және ауыл шаруашылығы жануарларын биологиялық қарудан қорғауды күшейту жөніндегі шаралар кешені. | дәріс | 1 |
60. | Тестілеуден өту | тест | 2 |
Ескертпе: сабақ тақырыптарын оқыту білім алушылардың санатын ескере отырып айқындалады.
3-Тарау. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқытуға жататын тыңдаушыларды даярлаудың (қайта даярлаудың) оқу бағдарламасы
1-Параграф. Сабақ тақырыптарының тізбесі
№ | Сабақ тақырыптарының атауы | Оқу сабақтарының түрлері | Оқу сағаттарының саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
61. | Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Рөлі, негізгі міндеттері мен принциптері. | дәріс | 1 |
62. | Авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құралымдарының құрамы, міндеттері және қызметінің негізгі қағидаттары | дәріс | 1 |
63. | Азаматтық қорғау саласындағы заңнамалық актілер. Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғаудың құрылуы мен жұмыс істеуінің ұйымдастырушылық қағидалары, негізгі міндеттері | дәріс | 1 |
64. | Облыс, қала аумағында болуы мүмкін авариялар мен апаттар және олардың халық пен шаруашылық жүргізу объектілері үшін салдары | семинар | 1 |
65. | Жер сілкінісінің зардаптарын жою кезінде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу | дәріс | 1 |
66. | Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың салдарынан халықты және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғаудың негізгі тәсілдері. Инженерлік қорғау | практикалық сабақ | 1 |
67. | Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары, оларды пайдалану тәртібі | практикалық сабақ | 1 |
68. | Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда эвауациялық іс - шараларды ұйымдастыру | дәріс | 1 |
69. | Сейсмикалық қауіпті өңірде тұратын халықты қорғауды ұйымдастыру | семинар | 1 |
70. | "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының рөлі мен маңызы. Халықты күшті әсер ететін улы, радиоактивті заттардан және бактериялық құралдардан қорғауды ұйымдастыру | семинар | 1 |
71. | Ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерін, ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімдерін, суды және табиғи ортаны күшті әсер ететін улы, радиоактивті заттардан және бактериялық құралдардан қорғау | семинар | 1 |
72. | Су тасқыны мен сел кезінде халықты қорғауды ұйымдастыру | семинар | 1 |
73. | Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық база. Негізгі ережелер | семинар | 1 |
74. | Газ шаруашылығы объектілеріндегі авариялар кезінде халықты қорғауды ұйымдастыру | семинар | 1 |
75. | Азаматтық қорғау күштері, құрамы, мақсаты және оларды пайдалану тәртібі | семинар | 1 |
76. | Азаматтық қорғау құралымдары командирлерінің функционалдық міндеттері. Азаматтық қорғау құралымдарын әзірлікке келтіру тәртібі | дәріс | 1 |
77. | Дүлей зілзалалардың, авариялар мен апаттардың қаупі және салдарын жою кезіндегі құралымдар командирлерінің іс-қимылы | семинар | 1 |
78. | Радиациялық және химиялық барлау, дозиметриялық бақылау аспаптары, оларды пайдалану тәртібі | практикалық сабақ | 1 |
79. | Радиациялық және химиялық бақылау постының құрамы, міндеттері және әрекеттері | практикалық сабақ | 1 |
80. | Облыстың, қаланың, ауданның төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының жұмысын ұйымдастыру | семинар | 1 |
81. | Барлау деректері және болжау әдісі бойынша жағдайды бағалау әдістемесі | практикалық сабақ | 1 |
82. | Дүлей зілзалалардың, авариялар мен апаттардың салдарын жою кезіндегі басқару органдары басшы құрамдарының іс-қимылы | семинар | 1 |
83. | Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда азаматтық қорғауды басқару ұйымдастыру негіздері | дәріс | 1 |
84. | Төтенше жағдайлар қатері төнген және туындаған кезде халықты құлақтандыруды және хабардар етуді ұйымдастыру | дәріс | 1 |
85. | Дүлей зілзалалардың, авариялар мен апаттардың салдарын жою барысында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету бойынша азаматтық қорғау қызметтерінің орындайтын іс-шаралары | семинар | 1 |
86. | Азаматтық қорғау қызметін оны бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ауыстыру кезінде басқару | семинар | 1 |
87. | Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда шаруашылық жүргізу объектілері жұмысының тұрақтылығын арттыру жолдары мен тәсілдері | дәріс | 1 |
88. | Азаматтық қорғау жүйесін бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ауыстыру және зақымдау ошақтарында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезіндегі басшы құрамның іс-қимылы | семинар | 1 |
89. | Техниканы, мүлікті ішінара және толық арнайы өңдеуді және жеке құрамды санитариялық өңдеуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі | практикалық сабақ | 1 |
90. | Халыққа күшті әсер ететін улы, радиоактивті заттармен және бактериялық құралдармен зақымданған кезде, сондай-ақ қан кетулер, сынықтар, шығып кетулер, күйіктер, ұзақ қысылу синдромы және басқа да жазатайым оқиғалар кезінде көмек көрсету | практикалық сабақ | 1 |
91. | Азаматтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлау | практикалық сабақ | 1 |
92. | Азаматтық қорғау құралымдарының басшы құрамын даярлау және халықты төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға оқыту | дәріс | 1 |
93. | Азаматтық қорғау оқу-жаттығуларын дайындау және өткізу әдістемесі | дәріс | 1 |
94. | Азаматтық қорғау құралымдарымен сабақтар мен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларды дайындау және өткізу әдістемесі | дәріс | 1 |
95. | Авариялық жағдайлар бойынша жаттықтырулар және сейсмикалық жаттықтыруларды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі | дәріс | 1 |
96. | Төтенше жағдайларда халықтың моральдық-психологиялық даярлығының негізгі бағыттары | дәріс | 1 |
97. | Азаматтық қорғау саласында білімді насихаттауды ұйымдастыру | дәріс | 1 |
98. | Азаматтық қорғау құралымдарына кірмейтін жұмысшылармен және қызметшілермен ұсынылатын тақырып бойынша сабақтарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі | дәріс | 1 |
99. | Үй-жайдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру | дәріс | 1 |
100. | Көшедегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру | дәріс | 1 |
101. | Судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру | дәріс | 1 |
102. | Қираған ғимараттар үйіндісінен адамдарды іздеу, және құтқару жолдары | практикалық сабақ | 1 |
103. | Азаматтық қорғау күштерін жылжыту маршруттарында, дүлей зілзалалар, авариялар, апаттар аудандарында және зақымдау ошақтарында барлау жүргізу кезіндегі барлау құралымы командирінің іс-қимылы | дәріс | 1 |
104. | Киімді, аумақты, техниканы, жабдықтар мен құрылыстарды залалсыздандыру құралдары мен тәсілдері | практикалық сабақ | 1 |
105. | Күшті әсер ететін улы заттардың ошақтарын оқшаулау және бейтараптандыру тәртібі | дәріс | 1 |
106. | Техниканы, мүлікті ішінара және толық арнайы өңдеуді және жеке құрамды санитариялық өңдеуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі | практикалық сабақ | 1 |
107. | Радиациялық және химиялық жағдайды бағалау әдістемесі | практикалық сабақ | 1 |
108. | Азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамын бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың салдарларынан қорғауды ұйымдастыру | топтық сабақ | 1 |
109. | Азаматтық қорғау күштерінің іс-шаралары мен іс-қимылдарын қамтамасыз ету | дәріс | 1 |
110. | Құралымдардың жеке құрамын моральдық-психологиялық даярлау | дәріс | 1 |
111. | Қорғаныс құрылыстарының арнайы жабдықтары, оны пайдалану тәртібі | практикалық сабақ | 1 |
112. | Баспаналарды бейбіт уақытта ұстау, оларды пайдалану және паналаушыларды қабылдауға әзірлікке келтіру қағидалары | практикалық сабақ | 1 |
113. | Өрт сөндіру тәсілдері мен әдістері | практикалық сабақ | 1 |
114. | Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезіндегі өртке қарсы құралым командирінің іс-қимылы | дәріс | 1 |
115. | Аварияларды оқшаулау және жою, коммуникация учаскелерін уақытша қалпына келтіру бойынша орындалатын жұмыстар | практикалық сабақ | 1 |
116. | Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде байланысты ұйымдастыру жөніндегі құралым командирінің іс-қимылы | дәріс | 1 |
117. | Аумақты және мал шаруашылығы үй-жайларын дезактивациялау, газсыздандыру, дезинсекциялау, дезинфекциялау және дератизациялау құралдары мен тәсілдері | практикалық сабақ | 1 |
118. | Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу | практикалық сабақ | 1 |
119. | Өсімдік шаруашылығы өнімдерін қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу | практикалық сабақ | 1 |
120. | Материалдық қамтамасыз ету құралымы командирінің авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезіндегі іс-қимылдары | дәріс | 1 |
121. | Санитариялық жасақтың (бекеттің) басқа құралымдармен өзара іс-қимылын басқару және ұйымдастыру негіздері | дәріс | 1 |
122. | Жұмысінде (объектісінде) барлауды ұйымдастыру және жүргізу. Бөлімшелерді жұмыс учаскесіне (объектісіне) ауыстыру және енгізу тәртібі | семинар | 1 |
Ескертпе: сабақ тақырыптарын оқыту білім алушылардың санатын ескере отырып айқындалады.