Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 44 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 ақпанда № 26849 болып тіркелді. Бұйрық 2022 жылғы 1 мамырға дейін қолданыста болды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 01.05.2022 дейін (осы бұйрықтың 4 т. қараңыз).

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 2-тармағына және 18-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 мамырға дейін қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 18 ақпандағы
№ 44 бұйрығына
1-қосымша

Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы – кедендік-тарифтік реттеу шараларын, кедендік әкету баждарын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану, кедендік статистиканы жүргізу мақсатында тауарларды сыныптау үшін пайдаланылатын тауарларды сипаттау және кодтау жүйесі;

      2) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар (бұдан әрі – өтінім беруші) – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар;

      3) тауар – осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесінде көрсетілген тауарлар.

2-тарау. Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібі

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында (www.gov.kz) 2022 жылғы ақпан-сәуірде Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота алуға өтінімдер қабылдау туралы хабарландыруды (бұдан әрі – хабарландыру) орналастырады.

      Хабарландыруда мынадай ақпарат көрсетіледі: тауардың атауы, бөлінетін квотаның көлемі, бір өтінім берушіге жол берілетін лимит, тіркелген бағаны көрсете отырып, Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жаңа піскен немесе салқындатылған картопты (тұқымдық картопты қоспағанда) кепілді жеткізу көлемі, квотаны алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі, өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты, уәкілетті органның заңды мекенжайы, уәкілетті орган кеңсесінің электрондық мекенжайы.

      4. Уәкілетті орган бөлінетін квотаның көлеміне қарай бір өтініш берушіге 3 000 (үш мың) тоннадан артық емес мөлшерде тауарды әкетудің жол берілетін лимитін белгілейді.

      5. Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге арналған квоталардың көлемін бөлу үшін уәкілетті орган басшысының шешімімен құрамына уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері кіретін жұмыс тобы құрылады.

      Жұмыс тобының сандық құрамы тақ болуға және кемінде үш адамнан құралуға тиіс.

      6. Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге тауарларды әкетуге квота алу үшін өтінім беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды әкетуге квота алуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді. Әрбір өтінім беруші бір ғана өтінім береді.

      Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) олардың негізінде тауарларды әкету жүзеге асырылатын келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері;

      2) сақталатын картоптың жалпы көлемі мен сақтау объектісінің орналасқан жерінің мекенжайын көрсете отырып, жаңа піскен немесе салқындатылған картоптың (тұқымдық картопты қоспағанда) болуын растайтын құжат;

      3) "Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 10 ақпандағы № 21 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20030 болып тіркелген) бекітілген "Ауыл шаруашылығы дақылдары түсімін жинау туралы" (индексі 29-сх, кезеңділігі жылына бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының көшірмесі;

      4) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атынан жаңа піскен немесе салқындатылған картопты әкеткен жағдайда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден контрагент-экспорттаушы туралы немесе заңды тұлға-өтінім берушінің үлестестігі туралы растау хат.

      Бұл ретте, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші контрагент-экспорттаушыға не үлестес заңды тұлғаға бір ғана растау хатын береді.

      7. Өтінім берушінің бірінші басшысы не өкілеттігін растайтын тиісті құжат негізінде уәкілетті адам қол қойған өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол немесе уәкілетті орган кеңсесінің электрондық мекенжайына электрондық түрде беріледі.

      Өтінімге және өтінімге қоса берілетін құжаттар уәкілетті органның кеңсесінде келіп түскен күні тіркеу нөмірі мен күнін бере отырып, қабылданып, тіркеледі және оларды жұмыс тобының қарауына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментіне жіберіледі.

      Өтінім беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жақын арадағы жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс органы құжаттарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкес еместігі анықталған жағдайда, уәкілетті орган өтінім берушіге хабарлама жібереді, онда ұсынылған құжаттардың қандай талаптарға сәйкес келмейтіні көрсетіледі. Хабарлама өтінім берушінің өтінімде көрсеткен электрондық мекенжайына жіберіледі.

      Құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру мерзімі өтінім беруші хабарламаны алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Егер өтінім беруші 2 (екі) жұмыс күні өткеннен кейін құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтірмеген жағдайда, уәкілетті орган өтінім берушінің өтінімде көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді одан әрі қараудан бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып, уәжді бас тартуды жібереді.

      9. Жаңа піскен немесе салқындатылған картопты (тұқымдық картопты қоспағанда) әкетуге арналған квотаны бөлуге өтініш берушілер Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге жоспарланғанға ұқсас белгіленген бағалар бойынша тауарлардың белгілі бір санын ішкі нарыққа кепілді жеткізу туралы міндеттемелер қабылдаған жағдайда жіберіледі.

      10. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау мерзімдері аяқталғаннан кейін жұмыс тобы 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге арналған квота көлемін мынадай тәртіппен бөледі:

      1) Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота алу үшін жалпы мәлімделген көлем (бұдан әрі – жалпы мәлімделген көлем) есептеледі;

      2) әрбір өтінім берушінің жалпы мәлімделген көлемдегі үлес салмағы айқындалады;

      3) егер жалпы мәлімделген көлем белгілеген квота көлемінен асып кеткен жағдайда, әрбір өтінім беруші үшін квота көлемі оның жалпы мәлімделген көлемдегі үлесіне мынадай формула бойынша барбар есептеледі:

      V * Uz = Vz,

      мұнда:

      V – тиісті айға белгілеген квота көлемі, тонна;

      Uz – өтінім берушінің экспорттың жалпы мәлімделген көлеміндегі үлес салмағы, %;

      Vz – өтінім беруші квотасының көлемі, тонна.

      11. Квота көлемін бөлу қорытындылары бойынша уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота алған сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың жиынтық тізбесін қалыптастырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады.

      12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота алған сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың жиынтық тізбесіне енгізілген тұлғаларға фитосанитариялық сертификат береді.

      Фитосанитариялық сертификат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота алған сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың жиынтық тізбесінде көрсетілген мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге беріледі.

      Өтінім берушінің фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтінішінде қамтылған мәліметтердің осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота алған сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесінде көрсетілген мәліметтермен сәйкес еместігі анықталған жағдайда аумақтық бөлімшелер фитосанитариялық сертификат беруден бас тартады.

      13. Тауарларды алынған квоталар көлемі шеңберінде осы бұйрыққа 2-қосымшада көрсетілген квотаның қолданылу мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге болады.

      14. Жаңа піскен немесе салқындатылған картоптың кепілдік берілген көлемін ішкі нарыққа өткізуді өтінім беруші квотаның қолданылу мерзімі ішінде жүзеге асырады.

      Өтінім берушілер жаңа піскен немесе салқындатылған картоптың (тұқымдық картопты қоспағанда) кепілдік берілген көлемін ішкі нарыққа өткізгеннен кейін бұл туралы уәкілетті органды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, хабардар етеді.

      15. Өтінім беруші бұрын алынған квота көлемінен бас тартқан жағдайда, өтінім беруші уәкілетті органға тауардың атауын және бөлінген квотаның көлемін көрсете отырып, квотадан бас тарту туралы хат жібереді.

      16. Тауарларды әкетуге арналған бөлінбей қалған квоталардың көлемі бар болса, уәкілетті орган хабарландыруды квотаның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 25 жұмыс күнінен кешіктірмей орналастырады.

  Сандық шектеулерді
(квоталарды)
бөлу қағидаларына
1-қосымша
 
Нысан
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігіне

20___жылғы _______ тауарларды әкетуге квота алуға арналған өтінім

      __________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота бөлуді сұрайды.

      Экспорттың жоспарланған көлемі:
__________________________________________________________________
(тауардың атауы, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің
тауарлық номенклатурасының коды (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН коды)
____________________________________________________________мың тоннаны;
________________________________________________________________________
(тауардың атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН коды) ______
_____________________________________________________ мың тоннаны құрайды.
Тиеп-жөнелту орны: ___________________________________________
(облыс, қала, аудан, станция)

      Тиеп-жөнелту түрі: ____________________________________________
(вагон, контейнер, автомобиль көлігі)

Қызмет түрі (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша қызмет түрінің коды)


Өтінім берушінің орналасқан жерінің (заңды мекенжайы) мекенжайы


Өтінім берушінің телефоны, электрондық почтасы


Өтінім берушінің жеке сәйкестендiру нөмiрі/бизнес-сәйкестендiру нөмiрі


Келісімшарттың (шарттың) нөмірі


Келісімшарттың (шарттың) күні


Келісімшарттың (шарттың) есепке алу нөмірі


ЕАЭО СЭҚ ТН коды


Тауар атауы


Саны, тонна


Келісімшарттың құны, Америка Құрама Штаттарының долларымен


Өтінім берген сәтте өндірушіде жаңа піскен немесе салқындатылған картоптың болуы, тонна


      Жаңа піскен немесе салқындатылған картоптың (тұқымдық картопты қоспағанда)
экспорттық квотаға ұқсас көлемін ішкі нарыққа белгіленген бағамен (140 теңге/килограмм)
кепілді жеткізу бойынша міндеттемені қабылдаймын.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер
ұсынғаным үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім
беремін.

      _________________ ________________________________ ________________
(лауазымы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)

      20__ жылғы "____" ___________

  Сандық шектеулерді
(квоталарды) есептеу және
бөлу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота алған сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесі 20__жылғы __________айына

Р/с №

Сыртқы сауда қызметіне қатысушының (үлестес заңды тұлғаның, контрагент-экспорттаушының) атауы

Бизнес-сәйкестендiру нөмiрі/жеке сәйкестендiру нөмiрі

Тауардың атауы және Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды (ЕАЭО СЭҚ ТН)

Саны, тонна

Тиеп-жөнелту орын

Квотаны бөлу күні

Квотаның қолданылу мерзімінің аяқталу күні

























  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 18 ақпандағы
№ 44 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлардың тізбесі

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды

Тауардың атауы

Квотаның көлемі, тонна

Қолданылу мерзімі

0701 90

Өзге де жаңа піскен немесе салқындатылған картоп

144 500

2022 жылғы
1 мамырға дейін

0701 10 000 0

Жаңа піскен немесе салқындатылған тұқымдық картоп

57 500


О некоторых вопросах вывоза отдельных товаров с территории Республики Казахстан

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 18 февраля 2022 года № 44. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 февраля 2022 года № 26849. Срок действия приказа - до 1 мая 2022 года

      Примечание ИЗПИ!
      Срок действия приказа - до 01.05.2022 (п.4 приказа).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 17 и пунктом 3 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О регулировании торговой деятельности" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) Правила распределения количественных ограничений (квот) согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Перечень товаров, в отношении вывоза которых с территории Республики Казахстан вводятся количественные ограничения (квоты), согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Департаменту агропродовольственных рынков и переработки сельскохозяйственной продукции Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования и действует до 1 мая 2022 года.

      Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
Е. Карашукеев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли
и интеграции
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 18 февраля 2022 года № 44

Правила распределения количественных ограничений (квот)

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила распределения количественных ограничений (квот) (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О регулировании торговой деятельности" и определяют порядок распределения количественных ограничений (квот).

      2. В настоящих Правилах применяются следующие понятия:

      1) товарная номенклатура внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза – система описания и кодирования товаров, которая используется для классификации товаров в целях применения мер таможенно-тарифного регулирования, вывозных таможенных пошлин, запретов и ограничений, мер защиты внутреннего рынка, ведения таможенной статистики;

      2) участники внешнеторговой деятельности (далее – заявитель) – осуществляющие внешнеторговую деятельность физические лица, в том числе зарегистрированные в качестве индивидуальных предпринимателей в соответствии с законодательством Республики Казахстан, и юридические лица, созданные в соответствии с законодательством Республики Казахстан, а также организации, не являющиеся юридическими лицами;

      3) товар – товары, указанные в перечне товаров, в отношении вывоза которых с территории Республики Казахстан вводятся количественные ограничения (квоты) согласно приложению 2 к настоящему приказу.

Глава 2. Порядок распределения количественных ограничений (квот)

      3. Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан (далее – уполномоченный орган) в течение 1 (одного) рабочего дня со дня введения в действие настоящих Правил размещает на интернет-ресурсе уполномоченного органа (www.gov.kz) объявление о приеме заявок на получение квоты на вывоз товаров с территории Республики Казахстан (далее – объявление) за февраль-апрель 2022 года.

      В объявлении указывается следующая информация: наименование товара, объем распределяемой квоты, допустимый лимит на одного заявителя, объемы гарантированных поставок картофеля свежего или охлажденного (за исключением картофеля семенного) на внутренний рынок Республики Казахстан с указанием фиксированной цены, перечень необходимых документов для получения квоты, дата и время начала и завершения приема заявок, юридический адрес уполномоченного органа, электронный адрес канцелярии уполномоченного органа.

      4. Уполномоченный орган в зависимости от объема распределяемой квоты устанавливает допустимый лимит вывоза товара на одного заявителя в размере не более 3 000 (трех тысяч) тонн.

      5. Для распределения объемов квот на вывоз товаров с территории Республики Казахстан решением руководителя уполномоченного органа создается рабочая группа, в состав которой входят сотрудники структурных подразделений уполномоченного органа.

      Количественный состав рабочей группы должен быть нечетным и составлять не менее трех человек.

      6. Для получения квоты на вывоз товаров с территории Республики Казахстан в третьи страны заявителем подается заявка на получение квоты на вывоз товаров по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам (далее – заявка). Каждый заявитель подает только одну заявку.

      К заявке прилагаются следующие документы:

      1) копии контрактов (договоров), на основании которых осуществляется вывоз товаров;

      2) документ, подтверждающий наличие картофеля свежего или охлажденного (за исключением картофеля семенного), с указанием общего объема хранящегося картофеля и адреса местонахождения объекта хранения;

      3) копия статистической формы общегосударственного статистического наблюдения "О сборе урожая сельскохозяйственных культур" (индекс 29-сх, периодичность один раз в год), утвержденной приказом Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 10 февраля 2020 года № 21 "Об утверждении статистических форм общегосударственных статистических наблюдений по статистике сельского, лесного, охотничьего и рыбного хозяйства и инструкций по их заполнению" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 20030);

      4) письмо-подтверждение от сельскохозяйственного товаропроизводителя об контрагенте-экспортере или об аффилированности юридического лица-заявителя в случае вывоза картофеля свежего или охлажденного и семенного от имени сельскохозяйственного товаропроизводителя.

      При этом, сельскохозяйственным товаропроизводителем предоставляется только одно письмо-подтверждение на контрагента-экспортера либо аффилированного юридического лица.

      7. Заявка, подписанная первым руководителем заявителя, либо уполномоченным лицом на основании соответствующего документа, подтверждающего полномочия, и прилагаемые к заявке документы предоставляются нарочно через канцелярию уполномоченного органа или в электронном виде на электронный адрес канцелярии уполномоченного органа.

      Заявка и прилагаемые к заявке документы принимаются и регистрируются в канцелярии уполномоченного органа в день их поступления с присвоением регистрационного номера и даты, и направляются в Департамент агропродовольственных рынков и переработки сельскохозяйственной продукции Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан для внесения их на рассмотрение рабочей группы.

      При обращении заявителя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием документов осуществляется в ближайший следующий за ним рабочий день.

      8. Рабочий орган в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня получения документов проверяет представленные документы на предмет полноты и соответствия требованиям настоящих Правил.

      В случае установления неполноты представленных документов и (или) несоответствия документов требованиям настоящих Правил, уполномоченный орган направляет заявителю уведомление, в котором указывает, каким требованиям не соответствует представленные документы. Уведомление направляется на электронный адрес, указанный заявителем в заявке.

      Срок для приведения документов в соответствие с требованиями настоящих Правил составляет 2 (два) рабочих дня с момента получения заявителем уведомления.

      В случае, если по истечении 2 (двух) рабочих дней заявитель не привел документы в соответствие с требованиями настоящих Правил, уполномоченный орган направляет на электронный адрес заявителя, указанный в заявке, мотивированный отказ с указанием конкретных причин отказа в дальнейшем рассмотрении заявки.

      9. К распределению квоты на вывоз картофеля свежего или охлажденного (за исключением картофеля семенного) допускаются заявители при условии принятия ими обязательств о гарантированных поставках по фиксированным ценам на внутренний рынок определенного количества товара, аналогичного планируемым к вывозу с территории Республики Казахстан.

      10. После окончания сроков рассмотрения документов, указанных в пункте 8 настоящих Правил, рабочая группа в течение 5 (пяти) рабочих дней распределяет объемы квоты на вывоз товаров с территории Республики Казахстан в следующем порядке:

      1) рассчитывается общий заявленный объем для получения квоты на вывоз товаров с территории Республики Казахстан (далее – общий заявленный объем);

      2) определяется удельный вес каждого заявителя в общем заявленном объеме;

      3) в случае, если общий заявленный объем превышает объем установленной квоты, объем квоты для каждого заявителя рассчитывается пропорционально его доле в общем заявленном объеме по следующей формуле:

      V * Uz = Vz,

      где:

      V – объем квоты, установленный на соответствующий месяц, тонна;

      Uz – удельный вес заявителя в общем заявленном объеме экспорта, %;

      Vz – объем квоты заявителя, тонна.

      11. По итогам распределения объема квоты уполномоченный орган в течение 1 (одного) рабочего дня формирует и размещает на интернет-ресурсе уполномоченного органа сводный перечень участников внешнеторговой деятельности, получивших квоты на вывоз товаров с территории Республики Казахстан по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      12. Территориальные подразделения Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее – территориальные подразделения) в соответствии с Правилами по охране территории Республики Казахстан от карантинных объектов и чужеродных видов, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 15-08/590 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12032), выдают фитосанитарный сертификат лицам, включенным в размещенный на интернет-ресурсе уполномоченного органа сводный перечень участников внешнеторговой деятельности, получивших квоту на вывоз товаров с территории Республики Казахстан.

      Фитосанитарный сертификат выдается на вывоз с территории Республики Казахстан товаров на основании сведений, указанных в сводном перечне участников внешнеторговой деятельности, получивших квоты на вывоз товаров с территории Республики Казахстан, согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      В случае установления недостоверности сведений, содержащихся в заявлении заявителя на получение фитосанитарного сертификата со сведениями, указанными в перечне участников внешнеторговой деятельности, получивших квоты на вывоз товаров с территории Республики Казахстан, согласно приложению 2 к настоящим Правилам, территориальные подразделения отказывают в выдаче фитосанитарного сертификата.

      13. Товары могут быть вывезены с территории Республики Казахстан в рамках полученных объемов квот в течение срока действия квоты, указанного в приложении 2 к настоящему приказу.

      14. Реализация гарантированного объема картофеля свежего или охлажденного на внутренний рынок осуществляется заявителем в течение срока действия квоты.

      Заявители после реализации гарантированного объема картофеля свежего или охлажденного (за исключением картофеля семенного) на внутренний рынок уведомляют об этом уполномоченный орган с приложением подтверждающих документов.

      15. В случае отказа заявителя от ранее полученного объема квоты, заявитель направляет в уполномоченный орган письмо об отказе от квоты с указанием наименования товара и объема выделенной квоты.

      16. При наличии объемов квот на вывоз товаров, оставшихся нераспределенными, объявление размещается уполномоченным органом не позднее 25 рабочих дней до окончания срока действия квоты.

  Приложение 1
к Правилам распределения
количественных ограничений
(квот)
  Форма
  В Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

Заявка на получение квоты на вывоз товаров на _________20___ года

      __________________________________________________________________
(полное наименование юридического лица или фамилия, имя, отчество
(при наличии) физического лица)
просит выделить квоту на вывоз товаров с территории Республики Казахстан.
Планируемый объем экспорта составляет:
___________________ (наименование товара, код Товарной номенклатуры
внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза
(далее – ТН ВЭД ЕАЭС) __________________________________ тысяч тонн;
____________________________ (наименование товара, код ТН ВЭД ЕАЭС)
_______________________________________________________ тысяч тонн;
Местом отгрузки является: __________________________________________
(область, город, район, станция)
Вид отгрузки: _____________________________________________________
(вагон, контейнер, автомобильный транспорт)

Вид деятельности (код по общему классификатору видов экономической деятельности)


Адрес местонахождения (юридический адрес) заявителя


Телефон, электронная почта заявителя


Индивидуальный идентификационный номер/бизнес-идентификационный номер заявителя


Номер контракта (договора)


Дата контракта (договора)


Учетный номер контракта (договора)


Код ТН ВЭД ЕАЭС


Наименование товара


Количество, тонн


Стоимость контракта, в долларах Соединенных Штатов Америки


Наличие картофеля свежего или охлажденного у производителя на момент подачи заявки, тонн


      Принимаю обязательство по гарантированной поставке на внутренний рынок аналогичного экспортной квоте объема картофеля свежего или охлажденного (за исключением картофеля семенного) по фиксированной цене (140 тенге/килограмм).
Подтверждаю достоверность представленной информации, осведомлен об ответственности за представление недостоверных сведений в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" и даю согласие на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, а также на сбор, обработку персональных данных.
____________ __________________________________ _______________
(должность) (фамилия, имя, отчество (при наличии)) (подпись)
"____" _____ 20___ года

  Приложение 2
к Правилам распределения
количественных ограничений
(квот)
  Форма

Перечень участников внешнеторговой деятельности, получивших квоты на вывоз товаров с территории Республики Казахстан на ___________месяц 20__года

№ п/п

Наименование участника внешнеторговой деятельности (аффилированного юридического лица, контрагента-экспортера)

Бизнес-идентификационный номер/ индивидуальный идентификационный номер

Наименование товара и код Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза (ТН ВЭД ЕАЭС)

Количество, тонн

Место отгрузки

Дата распределения квоты

Дата окончания срока действия квоты

























  Приложение 2 к приказу
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 18 февраля 2022 года № 44

Перечень товаров, в отношении вывоза которых с территории Республики Казахстан вводятся количественные ограничения (квоты)

Код Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза (далее – ТН ВЭД ЕАЭС)

Наименование товара

Размер квоты, тонн

Срок действия

0701 90

Прочий картофель свежий или охлажденный

144 500

до 1 мая 2022 года

0701 10 000 0

Картофель свежий или охлажденный семенной

57 500