"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салуды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 5 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 21 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26449 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу департаменті ззаңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі __________Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі __________Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі |