Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салуды енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 5 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 21 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 қаңтарда № 26449 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 45 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 180 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.02.2022 № 45 және ҚР Қаржы министрінің 18.02.2022 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ көрсетілген шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияға осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөніндегі шаралардың қолданылғаны туралы хабарласын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
__________Е. Карашукеев
     
      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің м.а.
__________Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің м.а.
2022 жылғы 10 қаңтардағы
№ 5 және
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің м.а.
2022 жылғы 10 қаңтардағы
№ 21 бірлескен бұйрығына
косымша

Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынатын тауарлардың тізбесі

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі Тауарлық номенклатурасының коды ( бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН коды) *

Тауардың атауы*

1

0701

жаңа піскен немесе салқындатылған картоп

2

0706 10 000 1

Сәбіз

      Ескертпе:

      * Тыйым салуды қолдану мақсаттары үшін тауарлар тек ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарымен айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады