БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10321 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
"20-1. Электрондық аукционға сатып алушылар ретінде Заңның 80-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар қатыса алмайды.";
мынадай мазмұндағы 20-2-тармақпен толықтырылсын:
"20-2. Электрондық аукцион басталар алдында қатысушылар хабарламаға ЭЦҚ арқылы қол қояды.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна мүліктің бағалау құнының бес пайызы мөлшерінде белгіленеді және электрондық аукционға қатысушы оны БЭСА операторының банктік шотына енгізеді.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Электрондық аукцион мүліктің құнын арттыруға сауда-саттыққа онлайн режимдегі екі және одан да көп тіркелген қатысушылардан өтінімдер болған кезде өткізіледі, ал өтінімдер болмаған жағдайда аукцион өтпеді деп танылады.";
мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:
"32-1. Егер электрондық аукцион басталған сәтте онлайн режимде екіден кем қатысушы болатын болса немесе электрондық аукционға қатысушылар лоттың жарияланған бағаларының бір де бірін растамаса, аукцион өтпеді деп танылады. Бұл ретте электрондық аукцион қорытындысы туралы хаттаманы автоматты түрде қалыптастырумен электрондық аукцион тоқтатылады.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Егер электрондық аукцион басталғаннан бастап бес минут ішінде аукционның бір де бір қатысушысы сауда-саттықтың алдын ала белгіленген қадамын қолдау жолымен мүліктің құнын арттырмаса, электрондық аукцион өтпеді деп танылады.";
мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:
"37-1. Аукцион өтпеді деп танылған және өндіріп алушы мүлікті өзіне қалдырудан бас тартқан жағдайда, сот орындаушысы бірінші аукцион өткізілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң бағаны төмендету әдісімен қайта аукцион тағайындайды.";
мынадай мазмұндағы 37-2-тармақпен толықтырылсын:
"37-2. Қайта электрондық аукцион аукционға қатысушылардан лоттың бастапқы бағасынан бір қадамға төмендетілген бағасы туралы ұсыныстарға сұрау салудан басталады.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Егер ұсыныстарға сұрау салу басталғаннан бастап бес минут ішінде бірде бір қатысушы лотты сатып алу туралы өзінің келісімін растамаса, лоттың бағасы қадамның белгіленген шамасына төмендеуін жалғастырады, ал аукцион қатысушыларының келісімін растау үшін уақыт келесі бес минутқа ұзартылады. Бұл ретте өткізілетін мүліктің бастапқы бағасы қатысушылардың бірі мүлікті жарияланған бағамен сатып алуға келіскен кезге дейін белгіленген қадаммен төмендетіледі, ол елу пайыздан төмен болмауға, ал жылжымайтын мүлікке қатысты электрондық аукционға шығарылған мүліктің бағалау құнынан жетпіс бес пайызға төмен болмауға тиіс.";
мынадай мазмұндағы 38-2-тармақпен толықтырылсын:
"38-2. Егер электрондық аукцион барысында лоттың бағасын төмендету әдісімен лоттың бағасын бір қадамға төмендету басталғаннан бастап бес минут ішінде екі немесе одан да көп қатысушылар лоттың ұсынылған бағасын растаса, онда лоттың жарияланған бағасын төмендету әдісімен бірінші растаған қатысушы аукцион жеңімпазы деп танылады және электрондық аукцион қорытындылары туралы хаттаманы автоматты түрде қалыптастырумен электрондық аукцион аяқталады.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Электрондық аукцион қорытындысы туралы хаттамада аукционның әрбір қатысушысының атауы, олар ұсынған баға, сондай-ақ әрбір қатысушының ұсынылған лоттың бағасына ЭЦҚ қол қою уақыты көрсетіле отырып, аукционның әрбір қадамының тарихы көрсетіледі.
Осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық аукцион қорытындысы туралы хаттамадан үзінді БЭСА веб-порталында жалпы қол жеткізу үшін жариялануға тиіс.
Мүлікті лоттың бастапқы бағасынан жиырма және одан да көп пайыз төмен бағамен өткізілген жағдайда, бұл туралы хаттаманың ескертпесінде мәтінді қызыл түсті фонда бөле отырып, тиісті белгі қойылады.";
40-тармақ алынып тасталсын.
3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
К. Мусин |
Электрондық аукцион қорытындысы туралы хаттама
______________
(өтетін орны) 20__ жылғы "___"________
"___" сағат "___" минут
Сот орындаушысының ______ жылғы "___" _____________ қаулысы
негізінде тыйым салынған, ______________________________________________ туралы
(атқарушылық құжат талаптарының мазмұны)
атқарушылық құжат негізінде __________________________________________________
(сот орындаушысының аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), тегі)
сот орындаушысы саудаға шығарған, _____________________________________________
(борышкердің, үшінші адамның аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
тегі, тұрғылықты жерінің атауы не орны)
борышкерге, үшінші адамға тиесілі, ______________________________________________
(мүліктің қысқаша сипаттамасы)
мекенжайы бойынша орналасқан: № _________________________________________ лот
_______________________________(__________________________) теңге бағаға сатылды
(лоттың бастапқы бағасы ______________________________(_________________) теңге.
Аукционның қатысушылары ұсынылған бағаны және лоттың ұсынылған бағасына
электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қою уақытын көрсете отырып
көрсетеді:
1. (жеке тұлға үшін – аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, мекенжайы, ЖСН/ заңды
тұлға - толық атауы, мекенжайы, БСН) ______________________________________
лотқа ұсынған бағасы ______________________ (____________________________) теңге
лоттың ұсынылған бағасына ЭЦҚ қол қою уақыты "_____" сағат "____" минут "____" секунд.
2.__________________________________________________________________
3.__________________________________________________________________
Жүргізілген аукцион қорытындысы:___________________________________________
Электрондық аукционның жеңімпазы болып танылды: ________________________,
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлға үшін – аты,
әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)
мекенжайы ______________________________________________________________,
ЖСН/БСН________________________________________________________________.
Жеңімпаз енгізген кепілді жарнаның мөлшері: ____________ (______________) теңге.
Электрондық аукцион өткізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық әділет
органының қолма-қол бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына
лоттың сатып алу құнын енгізбеген электрондық аукцион жеңімпазы осы лот бойынша
электрондық аукционға одан әрі қатысу құқығынан айырылады.
Электрондық аукцион жеңімпазы ___________________________ (ЭЦҚ)
Сот орындаушысы ________________________________________ (ЭЦҚ)
БЭСА операторы __________________________________________ (ЭЦҚ)