"Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 121 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 наурызда № 27042 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙРАМЫН:

      1. "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттері:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтінішті осы Қағидалардың 5-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен бірге олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініш жасаған жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттары бар өтініштің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 6 (алты) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарда көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтердің сәйкестігін тексереді, өсіп тұрған ағаштардың жасыл екпелер тізіліміне сәйкес орналасқан жерін, сандық және тұқымдық құрамын, олардың күйін нақты анықтау үшін жергілікті жерге барады;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекстің) 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға ағаштарды кесуге рұқсат беруден бас тарту туралы алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге (тыңдауға) мүмкіндік береді, ол туралы көрсетілетін қызметті алушы шешім қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.

      Тыңдау рәсімі Кодекстің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Құжаттар топтамасын, қорытындыны және тыңдау нәтижесін қарау қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағаштарды кесуге рұқсат беру;

      2) ағаштарды кесуге рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберілген ағаштарды кесуге рұқсат беруден бас тарту 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Шағым келіп түскен жағдайда Кодекстің 91-бабының 4-тармағына сәйкес қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді.

      Қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.".

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы:

      көрсетілетін қызметті берушімен, уәкілетті органмен – оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен – оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      11. Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Кодекстің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      1-қосымшада:

      реттік нөмірі 4-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 235 "Об утверждении Типовых правил содержания и защиты зеленых насаждений, правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов и Правил оказании государственной услуги "Выдача разрешения на вырубку деревьев"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 3 марта 2022 года № 121. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 марта 2022 года № 27042

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие см. п.4

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 235 "Об утверждении Типовых правил содержания и защиты зеленых насаждений, правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов и Правил оказании государственной услуги "Выдача разрешения на вырубку деревьев" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10886) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах оказания государственной услуги "Выдача разрешения на вырубку деревьев", утвержденных указанным приказом:

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Действия структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги:

      1) канцелярия услугодателя осуществляет регистрацию заявления с документами, указанных в подпунктах 1), 2), 3) и 4) пункта 5 настоящих Правил, в день их поступления.

      В случае обращения услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем;

      2) ответственный исполнитель услугодателя рассматривает заявление с документами на соответствие требованиям настоящих Правил в течение – 3 (трех) рабочих дней.

      В случае представления услугополучателем неполного пакета документов ответственный исполнитель услугодателя в течение 2 (двух) рабочих дней с момента регистрации представленных документов, указанных пунктом 5 настоящих Правил готовит мотивированный отказ в дальнейшем рассмотрении заявления подписанный ЭЦП руководителя услугодателя и направляет его в "личный кабинет" услугополучателя.

      При предоставлении услугополучателем полного пакета документов ответственный исполнитель услугодателя в течение 6 (шести) рабочих дней проверяет соответствие сведений указанные в документах необходимых для оказания государственной услуги, выезжает на место для точного определения количественного, породного состава, состояния и месторасположения деревьев в соответствии с реестром зеленых насаждений.

      В соответствии со статьей 73 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан (далее – АППК РК) Услугодатель предоставляет возможность Услугополучателю выразить свою позицию (заслушивание) к предварительному решению об отказе в выдаче разрешение на вырубку деревьев, о котором Услугополучатель уведомляется не позднее чем за 3 (три) рабочих дня до принятия решения.

      Процедура заслушивания проводится в соответствии со статьей 73 АППК РК.

      По итогам рассмотрения пакета документов, заключения и результата заслушивания Услугодатель принимает одно из следующих решений:

      1) выдача разрешения на вырубку деревьев по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам;

      2) мотивированный отказ в выдаче разрешения на вырубку деревьев.

      Результат оказания государственной услуги удостоверенный электронной цифровой подписью руководителя услугодателя направляется в "личный кабинет" услугополучателю на портале в течение – 1 (одного) рабочего дня.";

      дополнить пунктом 9-1 следующего содержания.

      "9-1. В случае поступления жалобы в соответствии с пунктом 4 статьи 91 АППК РК услугодатель направляет ее в орган, рассматривающий жалобу, в течение 3 (трех) рабочих дней со дня поступления.

      Услугодатель вправе не направлять жалобу в орган, рассматривающий жалобу, если он в течение 3 (трех) рабочих дней примет благоприятный административный акт, совершит административное действие, полностью удовлетворяющие требования, указанные в жалобе.";

      пункты 10 и 11 изложить в следующей редакции:

      "10. Жалоба услугополучателя в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона подлежит рассмотрению:

      услугодателем, уполномоченным органом - в течение пяти рабочих дней со дня ее регистрации;

      уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг - в течение пятнадцати рабочих дней со дня ее регистрации.

      11. Срок рассмотрения жалобы услугодателем, уполномоченным органом, уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг в соответствии с пунктом 4 статьи 25 Закона продлевается не более чем на десять рабочих дней в случаях необходимости:

      1) проведения дополнительного изучения или проверки по жалобе либо проверки с выездом на место;

      2) получения дополнительной информации.

      В случае продления срока рассмотрения жалобы должностное лицо, наделенное полномочиями по рассмотрению жалоб, в течение трех рабочих дней с момента продления срока рассмотрения жалобы сообщает в письменной форме (при подаче жалобы на бумажном носителе) или электронной форме (при подаче жалобы в электронном виде) заявителю, подавшему жалобу, о продлении срока рассмотрения жалобы с указанием причин продления.

      Если иное не предусмотрено законом, обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке в соответствии с пунктом 5 статьи 91 АППК РК.";

      в приложении 1:

      строку, порядковый номер 4, изложить в следующей редакции:

      "

44

Форма оказания государственной услуги

Электронная (полностью автоматизированная)

      ".

      2. Комитету по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии и инфраструктурного
развития Республики Казахстан
К. Ускенбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан