"Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 наурызда № 27068 болып тіркелді.

"Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларында:

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қауіпті жүкті тасымалдау шартын жасасу тауар-көлік жүкқұжатын жасаумен расталады.

      11. Тауар-көлік жүкқұжатының толтыруға арналған мәліметтер, оны жасау және қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында айқындалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген).";

      16-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22066 болып тіркелген) "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкестігі;";

      мынадай мазмұндағы 17-1 және 17-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "17-1. Қауіпті жүктерді тасымалдау үшін көлік құралына көлік құралын дайындаушыда көзделмеген қосымша отын бактарын орнатуға рұқсат берілмейді.

      Жүргізуші кабинасында отын жылыту аспаптарын (оның ішінде газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін) қолдануға және оларды көлік құралының жүк бөлімшелерінде орналастыруға рұқсат берілмейді.

      17-2. Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралы жинақталады:

      1) өлшемдері дөңгелектердің диаметріне сәйкес келетін әрбір көлік құралына (автопоездың звеносына) кемінде екі жылжуға қарсы тіректермен;

      2) авариялық тоқтатудың екі белгісімен;

      3) тасымалданатын қауіпті жүктерді бейтараптандыру құралдарымен;

      4) көлік құралын авариялық жөндеуге арналған қол құралдарының жиынтығымен;

      5) қызғылт сары түсті жыпылықтайтын немесе тұрақты оттары бар автономды қоректендірудің екі фонарымен;

      6) күрекпен және өрт сөндіру үшін құм қорымен;

      7) экипаждың әрбір мүшесі үшін ашық түсті киіммен;

      8) экипаждың әрбір мүшесіне арналған қалта шамдарымен;

      9) авариялық карточканың нұсқамаларына және тасымалдауға арналған шарттарға сәйкес-тасымалданатын қауіпті жүкті бейтараптандыру, экипаж мүшелері мен жүкке ілесіп жүретін персоналды жеке қорғау құралдарымен;

      10) авариялық карточкада көрсетілген қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған арнайы құралдармен.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізуші сапар басталғанға дейін қауіпті жүкті тасымалдау жөніндегі рейс алдындағы нұсқаулықтан өтуі және өзімен бірге мынадай ілеспе құжаттары болуы қажет:

      1) автокөлік құралына тіркеу құжаттары;

      2) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркелгенді қоспағанда, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тасымалдау маршруты көрсетілген, "Қауіпті жүк" белгісі бар жол парағы;

      3) жүргізушіге арналған нұсқаулық;

      4) нысан түрінде жүргізушіге Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауіпті жүкті тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік;

      5) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат етілетін қауіпті жүктер тізбесіне сәйкес 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдау маршрутының бланкісі;

      6) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркелгенді қоспағанда, тауар-көлік жүкқұжаты;

      7) жүк жөнелтуші әзірлеген авариялық жағдайдағы іс-қимыл жоспары;

      8) қозғалыс маршруты бойынша орналасқан тасымалдаушының, жүк жөнелтушінің, жүк алушының, көлікті қауіпсіз пайдаланудың, жол жүрісі қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау жөніндегі, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың мекенжайлары мен телефондары.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев
      "Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
      "Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
      "Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 460 "Об утверждении Правил перевозки опасных грузов автомобильным транспортом и перечня опасных грузов, допускаемых к перевозке автотранспортными средствами на территории Республики Казахстан"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 9 марта 2022 года № 127. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 марта 2022 года № 27068

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 460 "Об утверждении Правил перевозки опасных грузов автомобильным транспортом и перечня опасных грузов, допускаемых к перевозке автотранспортными средствами на территории Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11779) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах перевозки опасных грузов автомобильным транспортом, утвержденных указанным приказом:

      пункты 10 и 11 изложить в следующей редакции:

      "10. Заключение договора перевозки опасного груза подтверждается составлением товарно-транспортной накладной.

      11. Сведения для заполнения товарно-транспортной накладной, порядок ее составления и применения определяются Правилами перевозок грузов автомобильным транспортом, утвержденными приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 546 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12463).";

      подпункт 4) пункта 16 изложить в следующей редакции:

      "4) соответствие Санитарным правилам "Санитарно-эпидемиологические требования к транспортным средствам для перевозки пассажиров и грузов", утвержденными приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 января 2021 года № ҚР ДСМ-5 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22066);";

      дополнить пунктами 17-1 и 17-2 следующего содержания:

      "17-1. Установка на транспортном средстве для перевозки опасных грузов дополнительных топливных баков, не предусмотренных изготовителем транспортного средства, не допускается.

      Применение в кабине водителя топливных обогревательных приборов (в том числе, работающих на газообразном топливе) и их размещение в грузовых отделениях транспортного средства не допускается.

      17-2. Транспортное средство для перевозки опасных грузов комплектуется:

      1) не менее чем двумя противооткатными упорами на каждое транспортное средство (звено автопоезда), размеры которых соответствуют диаметру колес;

      2) двумя знаками аварийной остановки;

      3) средствами нейтрализации перевозимых опасных грузов;

      4) набором ручного инструмента для аварийного ремонта транспортного средства;

      5) двумя фонарями автономного питания с мигающими или постоянными огнями оранжевого цвета;

      6) лопатой и запасом песка для тушения пожара;

      7) одеждой яркого цвета для каждого члена экипажа;

      8) карманными фонарями для каждого члена экипажа;

      9) в соответствии с предписаниями аварийной карточки и условий на перевозку – средствами нейтрализации перевозимого опасного груза, индивидуальной защиты членов экипажа и персонала, сопровождающего груз;

      10) специальными средствами для обеспечения безопасности, указанными в аварийной карточке.";

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. Водителю, осуществляющему перевозку, до начала поездки необходимо пройти предрейсовый инструктаж по перевозке опасного груза и иметь при себе следующие сопроводительные документы:

      1) регистрационные документы на автотранспортное средство;

      2) путевой лист с указанием маршрута перевозки в соответствии с требованиями настоящих Правил, с отметкой "Опасный груз", за исключением зарегистрированного в единой системе управления транспортными документами;

      3) инструкцию для водителя;

      4) свидетельство о допуске водителя к перевозке опасного груза по территории Республики Казахстан по форме;

      5) бланк маршрута перевозки опасного груза классов 1, 6 и 7, согласно перечню опасных грузов, допускаемых к перевозкам автотранспортными средствами на территории Республики Казахстан по форме, согласно приложению 4 к настоящим Правилам;

      6) товарно-транспортную накладную, за исключением зарегистрированной в единой системе управления транспортными документами;

      7) план действий в аварийной ситуации, разработанный грузоотправителем;

      8) адреса и телефоны перевозчика, грузоотправителя, грузополучателя, уполномоченных органов по контролю за обеспечением безопасной эксплуатации транспорта, безопасности дорожного движения, в сфере гражданской защите, расположенных по маршруту движения.".

      2. Комитету транспорта Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан