БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 26/қе бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 20461 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
аталған бұйрықпен бекітілген "Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және "Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, сондай-ақ шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық көлемде емес не онда дәйексіз немесе толық емес ақпаратты ұсынған жағдайда, орындаушы екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ арқылы расталған, электронды құжат түрінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беруден (ұзартудан) бас тарту (бұдан – бас тарту) туралы хабарламаны жолдайды.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Құжаттар топтамасының толық болған жағдайда, орындаушы тоғыз жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарастырады және егер рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген кәсіпшілік ауданы (аудандары) Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңіз), ішкі суларының шегінде орналасқан болса, қазақстандық кеменің кәсіпшілік қызметті жүргізуі кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өту қажеттілігін анықтайды, және үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат беру) немесе бас тарту туралы хабарламаны құрастырады.
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат мерзімін ұзартқан немесе қайтадан алған жағдайда орындаушы, оң шешім қабылданған жағдайда, бір жұмыс күні ішінде тікелей бұрын берілген рұқсатқа қолданылу мерзімін ұзарту туралы өзгеріс енгізеді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Құрастырылған рұқсат осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама, орындаушымен, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ арқылы расталған, электронды құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы "жеке кабинетіне" жолданады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган)."
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Порталмен жолданым берілген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі жоғары тұрған шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, жоғары тұрған шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған бұйрықпен бекітілген "Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және "Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, сондай-ақ шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық көлемде ұсынбауы не өтініште немесе ұсынуда дұрыс емес мәліметтерді көрсету фактісі белгіленген жағдайда, орындаушы үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ арқылы расталған, электронды құжат түрінде өтінішті (ұсынуды) қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны жолдайды.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Құжаттар топтамасының толық болған жағдайда, орындаушы үш жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарастырады.
Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімі, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей алдын ала хабардар етеді. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган).";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Порталмен жолданым берілген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі жоғары тұрған шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, жоғары тұрған шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";
3-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған бұйрықпен бекітілген "Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және "Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, сондай-ақ шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында және осы Қағидалардың 5-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбау жағдайда, орындаушы екі жұмыс күні ішінде қызметті алушының веб-порталдағы "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ арқылы расталған, электронды құжат түрінде ұсынуды қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны жолдайды.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Құжаттар топтамасының толық болған жағдайда, орындаушы тоғыз жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарастырады.
Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімі, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей алдын ала хабардар етеді. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган).";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Порталмен жолданым берілген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі жоғары тұрған шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, жоғары тұрған шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";
1-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғанынан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Айтқалиұлы Ділмановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
Нысан
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттар беру (ұзарту) туралы өтініш
Кімге ____________________________________________________________
(Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінің атауы)
Кімнен __________________________________________________________
(заңды тұлғаның заңды мекенжайы көрсетілген толық атауы немесе жеке
кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), оның мекенжайы
Мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында балық өнімдері мен өзге де өнімді
сату немесе өндіру үшін теңіз кәсіпшілігі өнімдерін жеткізу болып табылатын кәсіпшілік
қызмет жүргізілген жағдайда кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін) шетелдік кемелерге,
сондай-ақ шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге ауыстырып
тиемей _________________________________________________________ ауданында
(балық кәсіпшілігі ауданы көрсетіледі)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттар
алуға (ұзартуға) өтінішті қарауды сұраймын.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттар
алуға мәлімделген кемелер туралы мәліметтер ______ парақта келтірілген.
________________________________________________________________
_______________________________________________________________
(заңды тұлға басшысының немесе жеке кәсіпкердің қолы)
20 __ жылғы "__" _________
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттар алуға мәлімделген қазақстандық кеме туралы өтінішке мәліметтер
1. Кеменің атауы ________________________________________________
2. Кеменің типі __________________________________________________
3. Кеменің борттық нөмірі _________________________________________
4. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасқан пункті) _____________________
5. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінде кеменің тіркелуі туралы мәліметтер:
________________________________________________________
6. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың нөмірі, алынған орны, күні және оның
қолданылу мерзімдері ___________________________________
7. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе жеке кәсіпкердің тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда), оның мекенжайы _______________
8. Кеменің меншік иесінің атауы және мекенжайы _____________________
9. Квоталар иесінің атауы және мекенжайы ___________________________
10. Кеме капитанының (иесінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), оның
мекенжайы __________________________________________________
11. Техникалық бақылау құралдарының типі _________________________
12. Кәсіпшілік қызмет жүргізу ауданы (аудандары) ____________________
13. Кеме кәсіпшілік ауданына баратын кезде Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуінің болжамды координаталары мен мерзімдері
________________________________________________________
Кеме кәсіпшілік ауданына шығатын және кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін) жеткізуі
мен түсіруі үшін кіретін Қазақстан Республикасының теңіз порты (орналасу пункті)
________________________________________________________________
(заңды тұлға басшысының немесе жеке кәсіпкердің қолы)
20 __ жылғы "___" _________
"Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру" мемлекеттік қызметтің стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері. |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру бойынша – 15 (он бес) жұмыс күні; |
4 | Көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы төлейтін төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда оны төлеу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) веб-порталдың: техникалық жұмыстарды жүргізумен байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
рұқсатты алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту (тоқтата тұру, жою) үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында қарастырылған құжаттардың толық көлемде емес не онда дәйексіз немесе толық емес ақпаратты ұсыну; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілетін өзге талаптар |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті веб-портал арқылы алу үшін электронды цифрлық қолы болуы тиіс. |
Нысан
Сериясы _______ № ___________ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат
1. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе жеке кәсіпкердің тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда), оның мекенжайы______________
2. Кеме иесінің атауы және мекенжайы ___________________________
3. Кеменің атауы ______________________________________________
4. Кеменің түрі _______________________________________________
5. Кеменің борттық нөмірі ______________________________________
6. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) ____________________
7. Кеме капитанының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), оның мекенжайы
__________________________________________________
8. Техникалық бақылау құралдарының түрі ________________________
9. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінде кеменің тіркелуі туралы мәлімет
____________________________________________________
10. Рұқсаттың қолданылу мерзімі ________________________________
11. Теңіз кәсіпшілігінің ауданы (аудандары) _______________________
12. Теңіз кәсіпшілігі өнімдерін кіргізу және түсіру үшін Қазақстан Республикасы теңіз
порттарының (орналасу пункттерінің) тізбесі
____________________________________________________________
_____________________________________________________________
(Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі бастығының қолы)
20__ жылғы "___" _________
Парақтың сыртқы жағы
Ерекше белгілер
1. Рұқсаттың тоқтатылған күні ____________________________________
2. Рұқсатты тоқтатудың себептері _________________________________
______________________________________________________________
3. Рұқсат қайта жаңартылған күн __________________________________
Рұқсаттың күші жойылғаны туралы белгі
1. Рұқсаттың күші жойылған күні _________________________________
2. Рұқсаттың күшін жою себептері ________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінің белгілері ________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Нысан
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттар беруден (ұзартудан) бас тарту туралы хабарлама
1. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған жағдайда), оның мекенжайы ___________________
2. Кеме иесінің атауы және мекенжайы _______________________________
3. Кеменің атауы __________________________________________________
4. Кеменің типі ____________________________________________________
5. Кеменің борттық нөмірі __________________________________________
6. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) ________________________
7. Кеме капитанының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), оның мекенжайы
____________________________________________________
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуге рұқсат беруден (ұзартудан) бас тарту себептері ____________________
_________________________________________________________________
(Шекара қызметінің аумақтық бөлімше бастығының қолы)
20 __ жылғы "___" _________
"Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру" мемлекеттік қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызмет берушінің аты | ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері. |
2 | Мемлекеттік қызметтерді беру тәсілдері | "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері | 10 (он) жұмыс күні. |
4 | Қызмет көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі | Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама. |
6 | Көрсетілетін қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде алынатын төлемақының көлемі және оларды Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жағдайларда төлеу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) веб-порталдың: техникалық жұмыстарды жүргізумен байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
жеке тұлға – рұқсаттама алу үшін өтініш. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамаларында бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | Мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық көлемде ұсынбауы не өтініште немесе ұсынуда дұрыс емес мәліметтерді көрсету фактісі белгіленуі. |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті веб-портал арқылы алу үшін электронды цифрлық қолы болуы қажет. |
Нысан
Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама
РҰҚСАТТАМА түбіршегінің |
РҰҚСАТТАМА |
Берілді (выдан)__________________________ |
Берілді (выдан)___________________________ |
Мөрдін орыны (болған жағдайда) |
Мөрдін орыны (болған жағдайда) |
Нысан
Қайда (Куда) ___________________ ____________________________ Кімге (Кому) ___________________ Бастамашының мекенжайы және анықтамалық деректері (адрес и установочные данные инициатора) |
ХАБАРЛАМА (УВЕДОМЛЕНИЕ)
Сіздің 20___ жылғы ____ __________ өтінішіңізге (ұсынысыңызға), құжаттарды
толық көлемде ұсынбауға немесе өтініште (ұсыныста) дұрыс емес мәліметтерді:
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
көрсетуге байланысты шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама беруден бас
тартатынымыз туралы хабарлаймыз.
(На Ваше заявление (представление) от __ _____ 20 ___ года уведомляем об отказе в выдаче
пропуска на въезд и пребывание в пограничной полосе в связи представлением докуметов не
полном объеме либо указание в заявлении (представлении) не достоверных сведений:
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Аумақтық бөлімшенің бастығы (начальник территориального подразделения)
_______________________________________________________________________
лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы (подпись, фамилия,
имя, отчество (при его наличии), должностного лица)
"_____" _____________ 20 ___ жыл (года). күні, айы және жылы (дата, месяц и год)
Нысан
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар алуға ұсыну
__________________________ аумақтық бөлімшенің бастығына |
Теңізге шығуға рұқсаттама беруді сұраймын ______________________________ |
лауазымы (должность) |
(Парақтың сыртқы жағы)
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығу үшін рұқсаттамалар алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының (шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың) тізімі
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Туған жылы, күні, айы | Тұратын жерінің мекенжайы | Жұмыс орны, лауазымы | Жеке басын куәланды ратын құжаттың № | Азаматтығы | Ескертпе |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 |
Барлығы: ____________________________________________________________
(адамдардың жалпы саны – жазбаша)
Бұл ретте мынадай техникалық құралдар тартылатын болады:
Р/с № | Техникалық құралдардың атауы | Мемлекеттік тіркеу нөмірі |
Капитанның тегі, аты, әкесінің аты | Ескертпе |
1 | ||||
2 |
"Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру" мемлекеттік қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері. |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері | 15 (он бес) жұмыс күні. |
4 | Көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі | Шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы төлейтін төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда оны төлеу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) веб-порталдың: техникалық жұмыстарды жүргізумен байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) адамдар тізімін қоса бере отырып, қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуы үшін рұқсат алуға ұсыныс; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | Мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында және осы Қағидалардың 5-тармағында қарастырылған құжаттарды толық ұсынбау фактісі белгіленуі. |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілетін өзге талаптар |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті веб-портал арқылы алу үшін электронды цифрлық қолы болуы тиіс. |
Нысан
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама
РҰҚСАТТАМА түбіршегінің №___ |
РҰҚСАТТАМА №___ |
Нысан
Қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама беруден бас тарту туралы хабарлама
Қайда _____________________ ___________________________ Кімге ______________________ (бастамашының мекенжайы және анықтамалық деректері) |
ХАБАРЛАМА
20___жылғы "____" ______ Сіздің өтінішіңізге
_____________________________________________________________
ұсынылған құжаттардың толық болмауына байланысты Қазақстан
Республикасының аумақтық суларына (теңізіне), ішкі суларына
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
(шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты)
кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың түрі)
шығуға рұқсаттама беруден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз.
Аумақтық бөлімшенің бастығы
_______________________________________
лауазымды тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
20___ жылғы "_____" ____________________ (күні, айы, жылы)