"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 26/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 3 наурыздағы № 10/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 наурызда № 27118 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 26/қе бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 20461 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      аталған бұйрықпен бекітілген "Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және "Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, сондай-ақ шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық көлемде емес не онда дәйексіз немесе толық емес ақпаратты ұсынған жағдайда, орындаушы екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ арқылы расталған, электронды құжат түрінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беруден (ұзартудан) бас тарту (бұдан – бас тарту) туралы хабарламаны жолдайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Құжаттар топтамасының толық болған жағдайда, орындаушы тоғыз жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарастырады және егер рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген кәсіпшілік ауданы (аудандары) Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңіз), ішкі суларының шегінде орналасқан болса, қазақстандық кеменің кәсіпшілік қызметті жүргізуі кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өту қажеттілігін анықтайды, және үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат беру) немесе бас тарту туралы хабарламаны құрастырады.

      Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат мерзімін ұзартқан немесе қайтадан алған жағдайда орындаушы, оң шешім қабылданған жағдайда, бір жұмыс күні ішінде тікелей бұрын берілген рұқсатқа қолданылу мерзімін ұзарту туралы өзгеріс енгізеді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Құрастырылған рұқсат осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама, орындаушымен, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ арқылы расталған, электронды құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы "жеке кабинетіне" жолданады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган)."

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Порталмен жолданым берілген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған шағымды қарайтын орган жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі жоғары тұрған шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, жоғары тұрған шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      аталған бұйрықпен бекітілген "Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және "Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, сондай-ақ шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық көлемде ұсынбауы не өтініште немесе ұсынуда дұрыс емес мәліметтерді көрсету фактісі белгіленген жағдайда, орындаушы үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ арқылы расталған, электронды құжат түрінде өтінішті (ұсынуды) қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны жолдайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Құжаттар топтамасының толық болған жағдайда, орындаушы үш жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарастырады.

      Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімі, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей алдын ала хабардар етеді. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган).";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Порталмен жолданым берілген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған шағымды қарайтын орган жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі жоғары тұрған шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, жоғары тұрған шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      3-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      аталған бұйрықпен бекітілген "Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және "Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, сондай-ақ шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында және осы Қағидалардың 5-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбау жағдайда, орындаушы екі жұмыс күні ішінде қызметті алушының веб-порталдағы "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ арқылы расталған, электронды құжат түрінде ұсынуды қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны жолдайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Құжаттар топтамасының толық болған жағдайда, орындаушы тоғыз жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарастырады.

      Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімі, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей алдын ала хабардар етеді. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган).";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Порталмен жолданым берілген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған шағымды қарайтын орган жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі жоғары тұрған шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, жоғары тұрған шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғанынан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Айтқалиұлы Ділмановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев
     
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

 
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2022 жылғы 3 наурыздағы
№ 10/қе бұйрығына
1-қосымша
"Қазақстандық кемелердің
аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік
қайраңда кәсіпшілік қызметті
жүргізу үшін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуіне рұқсаттар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттар беру (ұзарту) туралы өтініш

            Кімге ____________________________________________________________
(Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінің атауы)

            Кімнен __________________________________________________________
(заңды тұлғаның заңды мекенжайы көрсетілген толық атауы немесе жеке
кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), оның мекенжайы

            Мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында балық өнімдері мен өзге де өнімді
сату немесе өндіру үшін теңіз кәсіпшілігі өнімдерін жеткізу болып табылатын кәсіпшілік
қызмет жүргізілген жағдайда кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін) шетелдік кемелерге,
сондай-ақ шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге ауыстырып
тиемей _________________________________________________________ ауданында
(балық кәсіпшілігі ауданы көрсетіледі)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттар
алуға (ұзартуға) өтінішті қарауды сұраймын.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттар
алуға мәлімделген кемелер туралы мәліметтер ______ парақта келтірілген.
________________________________________________________________
_______________________________________________________________
(заңды тұлға басшысының немесе жеке кәсіпкердің қолы)

      20 __ жылғы "__" _________

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттар алуға мәлімделген қазақстандық кеме туралы өтінішке мәліметтер

            1. Кеменің атауы ________________________________________________
      2. Кеменің типі __________________________________________________
      3. Кеменің борттық нөмірі _________________________________________
      4. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасқан пункті) _____________________
      5. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінде кеменің тіркелуі туралы мәліметтер:
      ________________________________________________________
      6. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың нөмірі, алынған орны, күні және оның
қолданылу мерзімдері ___________________________________
      7. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе жеке кәсіпкердің тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда), оның мекенжайы _______________
      8. Кеменің меншік иесінің атауы және мекенжайы _____________________
      9. Квоталар иесінің атауы және мекенжайы ___________________________
      10. Кеме капитанының (иесінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), оның
мекенжайы __________________________________________________
      11. Техникалық бақылау құралдарының типі _________________________
      12. Кәсіпшілік қызмет жүргізу ауданы (аудандары) ____________________
      13. Кеме кәсіпшілік ауданына баратын кезде Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуінің болжамды координаталары мен мерзімдері
________________________________________________________
      Кеме кәсіпшілік ауданына шығатын және кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін) жеткізуі
мен түсіруі үшін кіретін Қазақстан Республикасының теңіз порты (орналасу пункті)
________________________________________________________________
(заңды тұлға басшысының немесе жеке кәсіпкердің қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2021 жылғы " " __________
№ ___бұйрығына
2-қосымша
"Қазақстандық кемелердің
аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік
қайраңда кәсіпшілік қызметті
жүргізу үшін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуіне рұқсаттар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру" мемлекеттік қызметтің стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру бойынша – 15 (он бес) жұмыс күні;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсатты ұзартуға немесе қайтадан алуға – 3 (үш) жұмыс күні.

4

Көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы төлейтін төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда оны төлеу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) веб-порталдың: техникалық жұмыстарды жүргізумен байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат13-00-ден 15-00-ге дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Шекара қызметінің интернет-қорында: gov.egov.kz/memleket/entitis/shekaraknb;
2) веб-порталда көрсетілген.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

рұқсатты алу үшін:
1) қазақстандық кеменің капитаны (иесі) жасаған кеменің рөлі қоса берілген рұқсат беру туралы өтініш;
2) қазақстандық кемеге меншік құқығы туралы куәліктің электронды көшірмесі немесе қазақстандық кемені жалға алу шартының көшірмесі (теңіз кемелері үшін);
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәліктің электронды көшірмесі (теңіз кемелері үшін);
4) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың электронды көшірмесі;
5) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жұмыс істеуге рұқсаттың электронды көшірмесі;
6) кеме куәлігінің электронды көшірмесі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кемелер тізілімінде тіркелген кемелер үшін);
рұқсатты ұзарту немесе қайтадан алу үшін:
1)қазақстандық кеменің капитаны (иесі) жасаған кеменің рөлі қоса берілген рұқсат беру туралы өтініш;
2)жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың электронды көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту (тоқтата тұру, жою) үшін негіздер

1) мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында қарастырылған құжаттардың толық көлемде емес не онда дәйексіз немесе толық емес ақпаратты ұсыну;
2) егер рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген кәсіпшілік ауданы (аудандары) Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңіз), ішкі суларының шегінде орналасқан болса, қазақстандық кеменің кәсіпшілік қызметті жүргізуі кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өту қажеттілігінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілетін өзге талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті веб-портал арқылы алу үшін электронды цифрлық қолы болуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан шығу мүмкіндігі режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөнінде көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-91-07, 71-92-07, 71-93-07, 71-94-07, 71-95-07, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2021 жылғы " " __________
№ ___бұйрығына
3-қосымша
"Қазақстандық кемелердің
аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік
қайраңда кәсіпшілік қызметті
жүргізу үшін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуіне рұқсаттар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Сериясы _______ № ___________ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат

            1. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе жеке кәсіпкердің тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда), оның мекенжайы______________
      2. Кеме иесінің атауы және мекенжайы ___________________________
      3. Кеменің атауы ______________________________________________
      4. Кеменің түрі _______________________________________________
      5. Кеменің борттық нөмірі ______________________________________
      6. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) ____________________
      7. Кеме капитанының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), оның мекенжайы
__________________________________________________
      8. Техникалық бақылау құралдарының түрі ________________________
      9. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінде кеменің тіркелуі туралы мәлімет
____________________________________________________
      10. Рұқсаттың қолданылу мерзімі ________________________________
      11. Теңіз кәсіпшілігінің ауданы (аудандары) _______________________
      12. Теңіз кәсіпшілігі өнімдерін кіргізу және түсіру үшін Қазақстан Республикасы теңіз
порттарының (орналасу пункттерінің) тізбесі
      ____________________________________________________________
      _____________________________________________________________
(Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі бастығының қолы)
20__ жылғы "___" _________

Парақтың сыртқы жағы

      Ерекше белгілер

      1. Рұқсаттың тоқтатылған күні ____________________________________

      2. Рұқсатты тоқтатудың себептері _________________________________

      ______________________________________________________________

      3. Рұқсат қайта жаңартылған күн __________________________________

      Рұқсаттың күші жойылғаны туралы белгі

      1. Рұқсаттың күші жойылған күні _________________________________

      2. Рұқсаттың күшін жою себептері ________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінің белгілері ________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2021 жылғы " " __________
№ ___бұйрығына
4-қосымша
"Қазақстандық кемелердің
аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік
қайраңда кәсіпшілік қызметті
жүргізу үшін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуіне рұқсаттар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттар беруден (ұзартудан) бас тарту туралы хабарлама

      1. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған жағдайда), оның мекенжайы ___________________
2. Кеме иесінің атауы және мекенжайы _______________________________

      3. Кеменің атауы __________________________________________________

      4. Кеменің типі ____________________________________________________

      5. Кеменің борттық нөмірі __________________________________________

      6. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) ________________________

      7. Кеме капитанының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), оның мекенжайы
____________________________________________________
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуге рұқсат беруден (ұзартудан) бас тарту себептері ____________________

      _________________________________________________________________
(Шекара қызметінің аумақтық бөлімше бастығының қолы)

20 __ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2021 жылғы " " __________
№ ___бұйрығына
5-қосымша
"Шекаралық белдеуге кіруге
және онда болуға рұқсаттамалар
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
3-қосымша

"Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру" мемлекеттік қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің аты

ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері.

2

Мемлекеттік қызметтерді беру тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

10 (он) жұмыс күні.

4

Қызмет көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.

6

Көрсетілетін қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде алынатын төлемақының көлемі және оларды Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жағдайларда төлеу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) веб-порталдың: техникалық жұмыстарды жүргізумен байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 15-00-ге дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін).
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайлары орналастырылған:
1) Шекара қызметінің интернет-ресурсында: gov.egov.kz/memleket/entitis/shekaraknb;
2) веб-порталда.

8

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

жеке тұлға – рұқсаттама алу үшін өтініш.
жеке және заңды тұлғадан – шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізуге, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізуге рұқсаттама алу үшін:
1) ұсыныс, онда жұмыс жүргізудің немесе іс-шаралар өткізудің сипаты, орны, қатысушылары, уақыты, кәсіпшілік және өзге де кемелерде пайдаланылатын көлік және өзге де техникалық құралдар туралы, ал қажет болған жағдайларда, егер бұл шектес мемлекетпен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында ескертілсе, мемлекеттік шекараны кесіп өту орны мен уақыты туралы мәліметтер көрсетіледі;
2) тиісті уәкілетті органдардың шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізуге, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге іс-шараларды өткізуге рұқсат құжаттарының электронды көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамаларында бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық көлемде ұсынбауы не өтініште немесе ұсынуда дұрыс емес мәліметтерді көрсету фактісі белгіленуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті веб-портал арқылы алу үшін электронды цифрлық қолы болуы қажет.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-91-07, 71-92-07, 71-93-07, 71-94-07, 71-95-07, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2021 жылғы " " __________
№ ___бұйрығына
6-қосымша
"Шекаралық белдеуге кіруге
және онда болуға рұқсаттамалар
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама

РҰҚСАТТАМА түбіршегінің
№_____
(корешок пропуска)

РҰҚСАТТАМА
№_____
(пропуск)

Берілді (выдан)__________________________
Тұрушы (жителю)_________________________
Шекаралық белдеу аумағына кіруге және онда болуға рұқсат берілген (разрешен въезд и пребывание в пограничной полосе в районе)
Кіру мақсаты (цель въезда)
Болу мерзімі (срок пребывания)
Болу уақыты (время пребывания)
Негіздеме (основание)
Берілген күні (дата выдачи)
"___________" аумақтық бөлімше бастығы (начальник территориального подразделения)
___________

Берілді (выдан)___________________________
Тұрушы (жителю)_________________________
Шекаралық белдеу аумағына кіруге және онда болуға рұқсат берілген (разрешен въезд и пребывание в пограничной полосе в районе)
Кіру мақсаты (цель въезда)
Болу мерзімі (срок пребывания)
Болу уақыты (время пребывания)
Негіздеме (основание)
Берілген күні (дата выдачи)
Рұқсаттама жеке басын куәландыратын құжат ұсынылған жағдайда жарамды (пропуск действителен при предъявлении документа, удостоверяющего личность)
№ ___________
"___________" аумақтық бөлімше бастығы (начальник территориального подразделения)
___________

Мөрдін орыны (болған жағдайда)
Место печати (при наличии)

Мөрдін орыны (болған жағдайда)
Место печати (при наличии)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2021 жылғы " " __________
№ ___бұйрығына
7-қосымша
"Шекаралық белдеуге кіруге
және онда болуға рұқсаттамалар
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

  Қайда (Куда)
___________________
____________________________
Кімге (Кому)
___________________
Бастамашының мекенжайы
және анықтамалық деректері
(адрес и установочные
данные инициатора)

ХАБАРЛАМА (УВЕДОМЛЕНИЕ)

            Сіздің 20___ жылғы ____ __________ өтінішіңізге (ұсынысыңызға), құжаттарды
толық көлемде ұсынбауға немесе өтініште (ұсыныста) дұрыс емес мәліметтерді:
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
көрсетуге байланысты шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама беруден бас
тартатынымыз туралы хабарлаймыз.
(На Ваше заявление (представление) от __ _____ 20 ___ года уведомляем об отказе в выдаче
пропуска на въезд и пребывание в пограничной полосе в связи представлением докуметов не
полном объеме либо указание в заявлении (представлении) не достоверных сведений:
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Аумақтық бөлімшенің бастығы (начальник территориального подразделения)
_______________________________________________________________________
лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы (подпись, фамилия,
имя, отчество (при его наличии), должностного лица)
"_____" _____________ 20 ___ жыл (года). күні, айы және жылы (дата, месяц и год)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2021 жылғы " " __________
№ ___бұйрығына
8-қосымша
"Қазақстандық шағын көлемді
өздігінен жүзетін және өздігінен
жүзбейтін (суүсті және суасты)
кемелердің (құралдардың) және
мұз үстімен жылжитын
құралдардың Қазақстан
Республикасының аумақтық
суларына (теңізіне) және ішкі
суларына шығуына
рұқсаттамалар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар алуға ұсыну

__________________________ аумақтық бөлімшенің бастығына
(начальнику территориального подразделения ________________________)
ҰСЫНУ (ПРЕДСТАВЛЕНИЕ)

Теңізге шығуға рұқсаттама беруді сұраймын ______________________________
(Прошу выдать пропуск на выход в море)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкісінің аты (болған жағдайда)
(наименование юридического лица, фамилия, имя, отчество (при наличии) физического лица)
Мақсаты (с целью) ____________________________________________________
Уақыты (время) _______________________________________________________
Ауданында аумақтық суларда болу
(нахождение в территориальных водах в районе) __________________________
Жүзу құралының түрі (тип плавсредства) __________________________________
Жүзу құралының тіркеу № (рег. № плавсредства) ___________________________
Жүзу құралының тіркелімге алыну орны (место приписки плавсредства): _______
Қазақстан Республикасының азаматтарына (шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғаларға) қоса берілген тізімге сәйкес саны _____ дана рұқсаттама
(Гражданам Республики Казахстан (иностранцам и лицам без гражданства) согласно прилагаемому списку в количестве ______ экземпляров)
Ұсынуға мынадай құжаттар қоса беріледі
(К представлению прилагаются следующие документы) _____________________

лауазымы (должность)
қолы (подпись)__________________
_______________________________
(күні, айы, жылы) (дата, месяц, год)
Мөрдін орыны (қажетті жағдайда)
Место печати (при необходимости)

      (Парақтың сыртқы жағы)

Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығу үшін рұқсаттамалар алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының (шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың) тізімі

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған жылы, күні, айы

Тұратын жерінің мекенжайы

Жұмыс орны, лауазымы

Жеке басын куәланды ратын құжаттың №

Азаматтығы

Ескертпе

1








2








3








            Барлығы: ____________________________________________________________
(адамдардың жалпы саны – жазбаша)

      Бұл ретте мынадай техникалық құралдар тартылатын болады:

Р/с №

Техникалық құралдардың атауы

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

Капитанның тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)

Ескертпе

1





2





  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2021 жылғы " " __________
№ ___бұйрығына
9-қосымша
"Қазақстандық шағын көлемді
өздігінен жүзетін және өздігінен
жүзбейтін (суүсті және суасты)
кемелердің (құралдардың) және
мұз үстімен жылжитын
құралдардың Қазақстан
Республикасының аумақтық
суларына (теңізіне) және ішкі
суларына шығуына
рұқсаттамалар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру" мемлекеттік қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

15 (он бес) жұмыс күні.

4

Көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы төлейтін төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда оны төлеу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) веб-порталдың: техникалық жұмыстарды жүргізумен байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 15-00-ге дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Шекара қызметінің интернет-қорында: gov.egov.kz/memleket/entitis/shekaraknb;
2) веб-порталда көрсетілген.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) адамдар тізімін қоса бере отырып, қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуы үшін рұқсат алуға ұсыныс;
2) тиісті уәкілетті органдардың аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізуге рұқсат құжаттарының электронды көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында және осы Қағидалардың 5-тармағында қарастырылған құжаттарды толық ұсынбау фактісі белгіленуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілетін өзге талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті веб-портал арқылы алу үшін электронды цифрлық қолы болуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан шығу мүмкіндігі режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөнінде көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-91-07, 71-92-07, 71-93-07, 71-94-07, 71-95-07, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2021 жылғы " " __________
№ ___бұйрығына
10-қосымша
"Қазақстандық шағын көлемді
өздігінен жүзетін және өздігінен
жүзбейтін (суүсті және суасты)
кемелердің (құралдардың) және
мұз үстімен жылжитын
құралдардың Қазақстан
Республикасының аумақтық
суларына (теңізіне) және ішкі
суларына шығуына
рұқсаттамалар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама

РҰҚСАТТАМА түбіршегінің №___
(корешок пропуска)
(выдан) ____________________________ берілді
(жителю) ____________________________ тұрғыны
20 ___ жылы теңізге және ішкі суларға шығуға рұқсат берілген (разрешҰн выход в море и внутренние воды в 20__ году)
Ауданның аумақтық суларында болу (нахождение в территориальных водах в районе)
Жол жүру бағыты _____________________
(маршрут следования)
Теңізге шығу мақсаты _________________
(цель выхода в море)
Шығу уақыты ________________________
(время выхода)
Келу уақыты _________________________
(время пребывания)
Жүзу құралының түрі __________________
(тип плавсредства)
Жүзу құралының тіркеу №_____
(рег. № плавсредства)
Жүзу құралының тіркелімге алыну орны _______________________________
(место приписки плавсредства):
Негіздеме ___________________________
(основание)
Берілген күні ________________________
(дата выдачи)
"___________" аумақтық бөлімше бастығы (начальник территориального подразделения)
_____________________________________
_____________________________________
Мөрдін орыны (қажетті жағдайда)
Место печати (при необходимости)

РҰҚСАТТАМА №___
(пропуск)
(выдан) ____________________________ берілді
(жителю) ____________________________ тұрғыны
20 ___ жылы теңізге және ішкі суларға шығуға рұқсат берілген (разрешҰн выход в море и внутренние воды в 20__ году)
Аумақтық сулардан тыс ауданда болу (нахождение в территориальных водах в районе)
Жол жүру бағыты _________________________
(маршрут следования)
Теңізге шығу мақсаты ______________________
(цель выхода в море)
Шығу уақыты _____________________________
(время выхода)
Келу уақыты ______________________________
(время пребывания):
Жүзу құралының түрі
(тип плавсредства)
Жүзу құралының тіркеу № ________
(рег. № плавсредства)
Жүзу құралының тіркелімге алыну орны ____________________________________
(место приписки плавсредства)
Рұқсаттама жеке басын куәландыратын құжат ұсынылған жағдайда жарамды (пропуск действителен при предъявлении документа, удостоверяющего личность)
№ ______
Берілген күні _____________________________
(дата выдачи)
"___________" аумақтық бөлімше бастығы (начальник территориального подразделения)
Мөрдін орыны (қажетті жағдайда)
Место печати (при необходимости)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2021 жылғы " " __________
№ ___бұйрығына
11-қосымша
"Қазақстандық шағын көлемді
өздігінен жүзетін және өздігінен
жүзбейтін (суүсті және суасты)
кемелердің (құралдардың) және
мұз үстімен жылжитын
құралдардың Қазақстан
Республикасының аумақтық
суларына (теңізіне) және ішкі
суларына шығуына
рұқсаттамалар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама беруден бас тарту туралы хабарлама

  Қайда _____________________
___________________________
Кімге ______________________
(бастамашының мекенжайы
және анықтамалық деректері)

ХАБАРЛАМА

            20___жылғы "____" ______ Сіздің өтінішіңізге
_____________________________________________________________
ұсынылған құжаттардың толық болмауына байланысты Қазақстан
Республикасының аумақтық суларына (теңізіне), ішкі суларына
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
(шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты)
кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың түрі)
шығуға рұқсаттама беруден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз.
Аумақтық бөлімшенің бастығы
_______________________________________
лауазымды тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      20___ жылғы "_____" ____________________ (күні, айы, жылы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады