Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында:
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Банк уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқта тұру туралы шешімін және (немесе) өкімін тиісті уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға мына негіздердің біреуі бойынша:
1) банктің және оның клиентінің деректемелері Банктер және банк қызметі туралы заңның 60-1, 61-2, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы бұрын қабылданған шешімдерінде және (немесе) өкімдерінде көрсетілген деректемелерге сәйкес келмеген жағдайларды қоспағанда, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидалары) сәйкес банктің және оның клиентінің деректемелері уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімінде және (немесе) өкімінде көрсетілген деректемелерге сәйкес келмеген жағдайда;
2) егер мемлекеттік кірістер органының клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16533 болып тіркелген "Өкімдердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 145 қаулысымен сәйкес келмейтін нысанда ресімделсе және ұсынылса;
3) егер уәкілетті органның немесе оның аумақтық органдарының жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21209 болып тіркелген "Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған, сондай-ақ Республикалық палата мүшелігінен шығарылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы қағидаларын және өкімнің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 354 бұйрығына сәйкес келмейтін нысанда ресімделсе;
4) егер уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұра туралы шешімі және (немесе) өкімі "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шотқа, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдерін, нотариустың депозиті талаптарымен енгізілген ақшаны, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары түрінде тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны есепке алуға арналған банктік шотқа, әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотына, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдері негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақтар түріндегі банктік шоттардағы ақшаны, уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесіндегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтау зейнетақы қорларының ақшасын, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және қызметі мәжбүрлеп тоқтату процесінде тұрған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасын есепке алуға арналған банктік шотқа ұсынылған жағдайда;
5) егер уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімі және (немесе) өкімі өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына ұсынылған жағдайда, орындаусыз операциялық үш күннің ішінде кері қайтарады.
Қағидалардың 63-тармағы 5) тармақшасының ережесі атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдардың, оның аумақтық органдарының өндіріп алушылардың, лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдеріне қолданылмайды.".
2. "Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында:
80 және 81-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"80. Ақша жөнелтушінің банкі мына:
1) егер төлем құжатында қолдан жасау белгілері болған, оның ішінде, егер төлем құжаты Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 56-бабында, Қағидаларда, жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасында жасалған шартта белгіленген рұқсат етілмеген төлемдерден қорғау әрекеттерінің тәртібін бұза отырып берілген;
2) егер төлем құжатында мынадай:
Банктер және банк қызметі туралы заңның 60-1, 61-2, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген жағдайларды;
бенефициарға құқық иеленуші-банк Банктер және банк қызметі туралы заңның 60-1, 61-2, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операциялардың шеңберінде қызмет көрсетілген жағдайларда ақша жөнелтушінің банк шоттарына бұрын ұсынылған инкассолық өкімдерді орындау жағдайларын қоспағанда, түзетулер, толықтырулар және түзетілген жерлері болған жағдайда төлем құжатын орындаудан бас тартады. Осындай инкассолық өкімдерді орындау бенефициар мен бенефициар банктің деректемелерін растайтын құқық иеленуші-банктің құжаты негізінде бенефициардың банктік деректемелерін (бенефициар банктің ЖСК, атауы және банктік сәйкестендіру коды) түзете отырып жүзеге асырылады;
Банктер және банк қызметі туралы заңның 70-бабында белгіленген жағдайларда мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банкте бенефициарға қызмет көрсетілетін жағдайларда, ақша жөнелтушінің банк шоттарына бұрын ұсынылған инкассолық өкімдер мен төлем талаптарын орындау жағдайларын қоспағанда, түзетулер, толықтырулар және түзеткен жерлері болған жағдайда төлем құжатын орындаудан бас тартады. Осындай инкассолық өкімдер мен төлем талаптарын орындау бенефициар мен бенефициар банктің деректемелерін растай отырып, бенефициардың жаңа банктік шоты ашылған банк құжатының негізінде бенефициардың банктік деректемелерін (бенефициар банктің ЖСК, атауы және банктік сәйкестендіру коды) түзете отырып жүзеге асырылады;
3) Банктер және банк қызметі туралы заңның 60-1, 61-2, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген жағдайларда ақша жөнелтуші банктің төлем құжаттарында клиенттің ЖСК түзетуін қоспағанда, Қағидаларда көзделген жағдайларда төлем құжатын клиенттің басқа банктік шоттарынан орындау кезінде ақша жөнелтушінің ЖСК, ЖСН (БСН) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге сәйкес келмеген;
4) салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, бірыңғай жиынтық төлемін аударуға арналған төлем құжатында көрсетілген ақша жөнелтушінің ЖСН (БСН) мемлекеттік кірістер органы ұсынатын деректермен сәйкес келмеген;
5) ақша жөнелтуші Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 31, 32, 35, 36, 37, 45 және 46-баптарында, Қағидаларда, сондай-ақ жөнелтуші мен банк арасында жасалған шарттың талаптарында белгіленген төлем құжатын жасау және ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарды сақтамаған;
6) Қағидаларға 1, 2, 4, 5, 12, 13, 14 және 15-қосымшаларда белгіленген нысандарға сәйкес келмеген;
7) басқа деректемелер (ЖСК, ЖСН (БСН) банктің клиентін сәйкестендірсе, мемлекеттік кірістер органы ұсынған инкассолық өкімді, сондай-ақ Қағидалардың 150-тармағының талаптарына сәйкес банктің клиентін сәйкестендіру кезіндегі сот орындаушысының инкассолық өкімін қоспағанда, клиенттің атауы төлем құжатында көрсетілген ақша жөнелтушінің атауына сәйкес келмеген;
8) төлем белгілеудің кодпен көрсетілуі оның мәтіндік бөлігіне сәйкес келмеген;
9) бюджетке төлемдерді төлеу кезінде бюджеттік сыныптау коды цифрмен белгіленбеген;
10) төлем құжатында көрсетілген сомалар цифрлармен және жазумен сәйкес келмеген;
11) көлік құралына салық төлеу кезінде төлем құжатында көрсетілген көлік құралының сәйкестендіру нөмірі жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган ұсынған деректерге сәйкес келмеген;
12) жөнелтуші және жөнелтушінің банкі арасында жасалған шарттың талаптарында белгіленген талаптар сақталмаған;
13) Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында, Экспорттық-импорттық валюталық бақылау қағидаларында көзделген;
14) банктік шоттан ақшаны өндіріп алу туралы талап мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нотариус депозиті талабымен енгізілген ақшаны есептеуге арналған, сондай-ақ "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заң) 7-бабына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша ашылған банктік шотқа, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары түріндегі тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға; жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоттардағы ақшаға, әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотына қойылған жағдайларда;
15) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптар бойынша, сондай-ақ жеке әріптестің кредитор алдындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты және (немесе) концессия шарты бойынша талап ету құқығымен қамтамасыз етілген міндеттемелерін орындау шеңберінде ұсынылған талаптар бойынша ақшаны алып қоюды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттарға талап ұсынылған жағдайда;
16) қарыз шарты бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу туралы төлем талабы алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған ағымдағы шотқа ұсынылған жағдайларда;
17) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде ақшаны алып алуды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар болған банктік шотқа талап ұсынылған жағдайда;
18) егер қосымша құн салығы бойынша есеп айырысудың қозғалысын есепке алу үшін ашылған ағымдағы шоттан ақшаны алу мыналармен:
импортқа және бейрезидент үшін қосымша құн салығын қоса алғанда, бюджетке қосымша құн салығын төлеумен;
тауарларды жеткізушілерге қосымша құн салығын төлеумен;
тауарларды сатып алушылардың (алушылардың) қосымша құн салығын төлеуімен;
қосымша құн салығының сомаларын есепке алу және қозғалысы үшін ашылған өзге ағымдағы шотқа ақшаны есептеумен байланысты болмаған жағдайларда, төлем құжатын орындаудан бас тартады.
81. Бенефициардың банкі мына:
1) жөнелтуші Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 31, 32, 35, 36, 37, 45 және 46-баптарында, Қағидаларда, сондай-ақ жөнелтуші мен банк арасында жасалған шарттың талаптарында белгіленген төлем құжатын жасау мен ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарды сақтамаған;
2) рұқсат етілмеген төлем анықталған, сондай-ақ бенефициардың пайдасына аударылатын ақшаны заңсыз алудың негізделген фактілері анықталған және расталған;
3) ЖСК, ЖСН (БСН) бенефициардың деректемелеріне сәйкес келмеген, бенефициар банкінде ЖСК болмаған;
4) егер есептелетін ақша сомасы көрсетілген талаптармен байланысты емес болған жағдайда, клиент-жеке тұлғаның талабы бойынша мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нотариус депозиті талабымен енгізілген ақшаны есептеу үшін ашылған, сондай-ақ Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңның 7-бабына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша ашылған ағымдағы шотқа ақшаны, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары түріндегі тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоттағы ақшаны, әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотына ақшаны есептеген жағдайда;
5) егер есептелетін ақша сомасы алименттерге (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаға) байланысты емес болған және (немесе) төлем белгілеудің кодтық белгісі алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақша) есептеу үшін бөлінген төлем белгілеудің кодтық белгісіне сәйкес келмеген жағдайда, клиент-жеке тұлғаның талап етуі бойынша алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есептеу үшін ашылған ағымдағы шотқа ақшаны есептеген;
6) егер есептелетін ақша сомасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жасалған ақшалай талапты беруді қаржыландыру шарты, концессия шарты және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде төленетін инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеуге байланысты емес болған жағдайда, ақшаны инвестициялық шығындардың өтемақыларын есептеуге арналған ағымдағы шотқа есептеген;
7) қосылған құн салығы бойынша есеп айырысулар қозғалысын есепке алу үшін ашылған ағымдағы шотқа ақшаны есептеу, егер есепке алынатын ақша сомасы қосылған құн салығына есеп айырысулар қозғалысымен, оның ішінде:
импортқа салынатын және бейрезидент үшін қосылған құн салығын қоса алғанда, бюджетке қосылған құн салығын төлеумен;
тауарларды жеткізушілерге қосылған құн салығын төлеумен;
тауарларды сатып алушылардың (алушылардың) қосылған құн салығын төлеуімен;
қосылған құн салығын төлеушінің өзге банктік шотынан ақшаны есептеумен;
Салық кодексінің 101-бабында айқындалған тәртіппен бюджеттен қайтарылған ақшаны есептеумен;
төлем қате болған не бенефициардың жабық банктік шотына ақша аударылған жағдайларда, қосылған құн салығы бойынша есеп айырысулар қозғалысын есепке алуға арналған ағымдағы шоттан бастама болған төлемді қайтаруға байланысты ақшаны есептеумен байланысты болмаса;
8) Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында, Экспорттық-импорттық валюталық бақылау қағидаларында көзделген жағдайларда, төлем құжатын орындаудан бас тартады.
Бенефициар банкі бенефициардың атауы төлем құжатында көрсетілген атауға сәйкес келмеген жағдайда, ал бенефициардың төлем құжатында көрсетілген басқа деректемелері (ЖСК, ЖСН (БСН) бенефициарды сәйкестендіретін болса, төлем құжатын орындайды.
Мыналарды:
1) ЖСК және БСН деректемелері сақталған кезде ақша жөнелтушінің және (немесе) бенефициардың ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, мемлекеттік орган және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесі қайта ұйымдастырылған және атауы өзгерген жағдайды;
2) мемлекеттік кірістер органы бюджеттік сыныптау кодтарын өзгерткен жағдайды қоспағанда, банк төлем құжатының деректемелерін өзгертуіне жол берілмейді.
Қағидалардың 95-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, бенефициар банкінің төлем құжатының деректемелерін өзгертуіне рұқсат етілмейді.";
134-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"134. Егер клиентке банк шоты мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны), Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындар өтемақыларын, нотариус депозиті талабымен немесе "эскроу" режимінде банк шотына енгізілген ақшаны, сондай-ақ Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңның 7-бабына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша ақшаны, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары түрінде тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінде банк шоттарындағы ақшаны, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақ түріндегі ақшаны есепке алу үшін, жеке сот орындаушысына өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтау үшін, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторға әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуі үшін ашылса, бұл жөніндегі мәліметтер де клиенттің банктік шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтамаларда көрсетіледі.".
3. Төлем жүйелері департаменті (Е.Т. Ашықбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының Төрағасы |
Г. Пирматов |
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
|
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
|
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі |