ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17042 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 140-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 140-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссияның (бұдан әрі – Орталық комиссия) қызметін ұйымдастыру тәртібін, оның құрамын, жұмыс регламентін және іс қағаздарын жүргізуді айқындайды.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Жер қойнауын пайдаланушы Орталық комиссияға Жобаны, Жобаға аннотацияны, сондай-ақ осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сараптама жүргізуге өтінішін жібереді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген материалдар электрондық жеткізгіште (DOCX және PDF форматтарында) бір данада жіберіледі.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Орталық комиссия Жобаның мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыру үшін геология және әзірлеу саласында арнайы білімі бар және сараптама нәтижелеріне мүдделі емес тәуелсіз сарапшыларды тартады.
Тәуелсіз сарапшыларды тарту Кодекстің 140-бабының 2-тармағына сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Орталық комиссияның қызметін ұйымдастыру көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне жүктеледі.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 7 наурыздан бастап туындайтын құқық қатынастарына қолданылады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Б. Акчулаков |