БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10764 болып тіркелген) мынадай өзгертулер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларында:
76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"76. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініште ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзідерінің өзара келісімін және кәмелетке толмаған балалардың жоқтығын растайды. Деректер сондай-ақ некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасындағы ерлі-зайыптылардың қолдарымен расталады.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың өздері қатысқан кезде жүргізеді.
Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күнінде бітеді. Егер бұл күн жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталған күнi болып есептеледі. Айлық мерзімнің қысқартылуы мүмкін емес.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзғысы келетін ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін белгіленген күні жеке басын куәландыратын құжатпен немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатпен тіркеуші органға келуі қажет. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша лауазымды тұлға деректерді АХАЖ АЖ-не өтініш берілген күннен бастап 1 (бір) ай өткеннен кейін ерлі-зайыптылардың екеуінің қатысуымен енгізеді.
Егер ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін өздеріне белгіленген күні тіркеуші органға келе алмаса, олар тіркеуші органға некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішпен қайтадан жүгіне алады, ол некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін қайтадан айлық мерзімді тағайындайды.
Егер ерлі-зайыптылардың бірі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы арызды сол тіркеуші органға қайта бергеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға келе алмаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу ол болмаған кезде оның некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға нотариат куәландырған келісімі болған жағдайда жүргізіледі.";
"Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу негізіне байланысты Қағидаларға 18 немесе 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік бұзу туралы өтініш; |
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы |
А. Әмірғалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі