"Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 366 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 сәуірде № 27426 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16444 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Толысылған шарап (шарап материалын) және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 172-бабы 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Толысылған шарап (шарап материалын) және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары;";

      2) тармақша алып тасталсын;

      Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қаржы
министрінің
2022 жылғы 5 сәуірдегі
№ 366 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 143 бұйрығына
1-қосымша

Толысылған шарап (шарап материалын) және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Толысылған шарап (шарап материалын) және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 172-бабы 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және толысылған шарап (шарап материалын) және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) тәртібін айқындайды.

2-тарау. Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен маркалармен таңбалау тәртібі

      2. Толысылған шарап (шарап материалын) және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, нормативтік және техникалық құжаттамаға сәйкес тұтынушы ыдысына құйылған алкоголь өнімі есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалауға жатады.

      3. Есепке алу-бақылау маркасы тұтыну ыдысына төменгі бағытта голограммамен оны қайта пайдалануды болдырмау мақсатында тұтыну ыдысын ашқан кезде есепке алу-бақылау маркасының тұтастығы бұзылатындай етіп желімделеді.

      Есепке алу-бақылау маркасы тұтыну ыдысына тығыз желімделеді және сәйкестендіруді және штрих-кодтық ақпаратты оқитын құрылғымен оқуды қамтамасыз етеді.

      4. Алкоголь өнімі өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында өткізуге арналған дайын өнімге есепке алу-бақылау маркалары желімдеуді өндіріс мекен-жайы бойынша жүргізеді.

      5. Конкурстық және оңалту басқарушылары борышкердің мүліктерін (активтерін) өткізу кезінде алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен немесе таңбалауды олар сақталған мекен-жай бойынша жүргізеді.

      6. Қазақстан Республикасының аумағына импорталатын алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жүзеге асырылады.

      7. Салық кодексінің 172-бабы 4-тармағында көрсетілген алкоголь өнiмi, атап айтқанда:

      1) Қазақстан Республикасынан тыс жерге экспортталатын;

      2) бажсыз сауда кедендiк рәсімімен орналастыруға арналған бажсыз сауда дүкендерінің иелері Қазақстан Республикасы аумағына әкелетiн;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелудің (рұқсат берудің) және уақытша әкетудің кедендік рәсімдерінде әкелінетін, оның ішінде санаулы даналарда жарнама жасау және (немесе) демонстрациялау мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінетін;

      4) кедендік транзиттің кедендік рәсімінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізілетін;

      5) Қазақстан Республикасының аумағына жиырма бір жасқа толған жеке тұлға 3 (үш) литрден аспайтын шекте әкелетін (жөнелтетін) алкоголь өнiмi, сыра қайнату өнімдері есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалауға жатпайды.

3-тарау. Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен қайта таңбалау тәртібі

      8. Алкоголь өнімдерін жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларымен қайта таңбалау ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларымен таңбаланған алкоголь өнімдеріне осы Қағиданың 3-тармағында белгіленген тәртіппен және Кодекстің 172-бабының 6-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын мерзімде жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларын желімдеуді білдіреді.

      Бұл ретте бір есепке алу-бақылау маркасының үстіне екіншісін жабыстыруға жол берілмейді.

      9. Қайта таңбалау:

      1) ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары желімделген алкоголь өнімдері, сондай-ақ пайдаланылмаған ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары түгендеуді;

      2) жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларымен алкоголь өнімдерін таңбалауды;

      3) пайдаланылмаған ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларын есептен шығаруды және жоюды қамтиды.

      10. Түгендеу бір реттік сипатта болады және алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын өндіруді немесе импорттауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде борышкердің мүлкін (активтерін) сататын конкурстық және оңалту басқарушылары (бұдан әрі – субъектілер) жүргізеді.

      11. Түгендеу жүргізу үшін әрбір субъектіде құрамында комиссия төрағасы (субъектінің бірінші басшысы, оның міндетін атқаратын тұлға немесе оның орынбасары), субъектінің маркаларға материалдық-жауапты тұлғасы және субъектінің басқа да қызметкерлері болатын саны 3 (үш) адамнан кем емес комиссия (бұдан әрі – түгендеу комиссиясы) құрылады.

      12. Түгендеудің уақтылы жүргізілуін және тәртібінің сақталуын, еркін нысанда тиісті түгендеу тізімдемесіне енгізілетін ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары желімделген алкоголь өнімдері нақты сандық қалдықтары бойынша түрлері мен атаулары бөлігінде олар туралы деректердің толықтығын, дәлдігін және дұрыстығын түгендеу комиссиясының төрағасы қамтамасыз етеді.

      13. Түгендеу тізімдемесі әр бетте ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары желімделген алкоголь өнімдері мен пайдаланылмаған ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары жалпы саны (санмен және жазумен) көрсетіле отырып, ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалар желімделген алкоголь өнімдері бойынша және пайдаланылмаған ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалар бойынша бөлек жасалады. Түгендеу тізімдемесінің әр бетіне түгендеу комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.

      14. Түгендеу тізімдемесі 2 (екі) данада жасалады, оның бірі тиісті мемлекеттік кірістер органына жіберіледі, екіншісі субъектінің өзінде қалады.

      15. Пайдаланылмаған ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары бар субъектілер және мемлекеттік кірістер органдары жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары енгізілген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде ескі үлгідегі еспке алу-бақылау маркалары жою жөніндегі комиссия мүшелерінің қатысуымен есептен шығаруға және жоюға тиіс.

      Есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалауға жататын алкоголь өнімдері өндірісі бойынша салық төлеушінің қызметін тоқтатқан, және бұдан бұрын алынған есепке алу-бақылау маркаларын қабылдап алу-беру актісі бойынша мемлекеттік кірістер органдарына қайтарған кезде салық төлеушінің қызметі тоқтатылған күнінен бастап 3 (үш) ай ішінде маркаларды жою жөніндегі комиссия мүшелері қатыса отырып субъектілермен және мемлекеттік кірістер органдарымен жоюға жатады.

      16. Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары есептен шығару және жою жөніндегі комиссияның құрамы және ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары жою орны мемлекеттік кірістер органы бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      17. Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларды есептен шығару және жою жөніндегі комиссияның құрамына мемлекеттік кірістер органдарының бірінші басшылары, мемлекеттік кірістер органының есепке алу-бақылау маркалар үшін материалдық-жауапты адамдары және субъектінің уәкілетті өкілдері міндетті тәртіпте енеді.

      18. Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалардың іс жүзінде есептен шығарылғаны және жойылғаны туралы осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жойылған есепке алу-бақылау маркаларының сериясы, нөмірлерінің диапазоны, түрі мен саны, ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларын есептен шығару және жою туралы актісі (бұдан әрі – акт) 2 (екі) данада жасалады. Актінің әрбір данасына комиссия мүшелері мен субъектінің уәкілетті өкілі қол қояды, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органының мөрімен куәландырылады.

      Актінің бір данасы мемлекеттік кірістер органында қалады, актінің екінші данасы субъектіге беріледі.

  Толысылған шарап (шарап
материалын) және сыра қайнату
өнімдерін қоспағанда, алкоголь
өнімін есепке алу-бақылау
маркаларымен және темекі
бұйымдарын акциздік
маркалармен таңбалау (қайта
таңбалау) қағидаларына
қосымша

      Нысан

Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларын есептен шығару және жою туралы акті

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20 жылғы "__" № бұйрығына сәйкес біз,
мынадай құрамдағы комиссия:
_______________________________________________________________
саны:
данадағы ескі үлгідегі есепке алу – бақылау маркаларын, оның ішінде:
______________________________________________________________
(сериясы және нөмірінің диапазондары, саны жазумен)
данада есептен шығаруды және жоюды жүргіздік.
Комиссия төрағасы:
1) _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы)
Комиссия мүшелері:
2) _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы)
3) _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы)
Ұйымның өкілі немесе жеке тұлға: _____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы)
Мөр орны
(мемлекеттік кірістер органдары үшін)

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 143 "Об утверждении Правил маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции, за исключением виноматериала, пива и пивного напитка, учетно-контрольными марками и табачных изделий акцизными марками, а также форм, содержания и элементов защиты акцизных и учетно-контрольных марок"

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 5 апреля 2022 года № 366. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 апреля 2022 года № 27426

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 143 "Об утверждении Правил маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции, за исключением виноматериала, пива и пивного напитка, учетно-контрольными марками и табачных изделий акцизными марками, а также форм, содержания и элементов защиты акцизных и учетно-контрольных марок" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16444) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции, за исключением вина наливом (виноматериал) и пивоваренной продукции, учетно-контрольными марками, а также формы, содержание и элементы защиты учетно-контрольных марок";

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 1) пункта 15 статьи 172 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в пункте 1:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) Правила маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции, за исключением вина наливом (виноматериал) и пивоваренной продукции, учетно-контрольными марками согласно приложению 1 к настоящему приказу;";

      подпункт 2) исключить;

      Правила маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции, за исключением виноматериала, пива и пивного напитка, учетно-контрольными марками и табачных изделий акцизными марками изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра -
Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

  Приложение
к приказу Заместителя
Премьер-Министра -
Министра финансов
Республики Казахстан
от 5 апреля 2022 года № 366
  Приложение 1
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан
от 8 февраля 2018 года № 143

Правила маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции, за исключением вина наливом (виноматериал) и пивоваренной продукции, учетно-контрольными марками

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции, за исключением вина наливом (виноматериал) и пивоваренной продукции, учетно-контрольными марками разработаны в соответствии с подпунктом 1) пункта 15 статьи 172 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) (далее – Налоговый кодекс) и определяют порядок маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции, за исключением вина наливом (виноматериал) и пивоваренной продукции (далее – алкогольная продукция) учетно-контрольными марками.

Глава 2. Порядок маркировки алкогольной продукции учетно-контрольными марками

      2. Маркировке учетно-контрольными марками подлежит алкогольная продукция, за исключением вина наливом (виноматериал) и пивоваренной продукции, разлитая в потребительскую тару в соответствии с нормативной и технической документацией.

      3. Учетно-контрольная марка наклеивается голограммой в нижнем направлении на потребительскую тару таким образом, чтобы при вскрытии потребительской тары нарушалась целостность учетно-контрольной марки в целях исключения ее повторного использования.

      Учетно-контрольная марка плотно приклеивается к потребительской таре и обеспечивает ее идентификацию и считывание штрих-кодовой информации считывающим устройством.

      4. Производители алкогольной продукции производят наклеивание учетно-контрольных марок на готовую продукцию, предназначенную для реализации на территории Республики Казахстан, по адресу производства.

      5. Конкурсные и реабилитационные управляющие при реализации имущества (активов) должника производят маркировку алкогольной продукции учетно-контрольными марками по адресу их хранения.

      6. Маркировка алкогольной продукции учетно-контрольными марками, импортируемых на территорию Республики Казахстан, осуществляется за пределами территории Республики Казахстан, кроме случаев, указанных в пункте 7 настоящих Правил.

      7. Не подлежат маркировке учетно-контрольными марками алкогольная продукция, указанные в пункте 4 статьи 172 Налогового кодекса, а именно:

      1) экспортируемые за пределы Республики Казахстан;

      2) ввозимые на территорию Республики Казахстан владельцами магазинов беспошлинной торговли, предназначенные для помещения под таможенную процедуру беспошлинной торговли;

      3) ввозимые на таможенную территорию Евразийского экономического союза в таможенных процедурах временного ввоза (допуска) и временного вывоза, в том числе временно ввозимые на территорию Республики Казахстан с территории государств-членов Евразийского экономического союза в рекламных и (или) демонстрационных целях в единичных экземплярах;

      4) перемещаемые через таможенную территорию Евразийского экономического союза в таможенной процедуре таможенного транзита, в том числе перемещаемые транзитом через территорию Республики Казахстан из государств – членов Евразийского экономического союза;

      5) ввозимые (пересылаемые) на территорию Республики Казахстан физическим лицом, достигшим двадцати одного года, в пределах не более трех литров алкогольной продукции.

Глава 3. Порядок перемаркировки алкогольной продукции учетно-контрольными марками

      8. Перемаркировка алкогольной продукции учетно-контрольными марками нового образца представляет собой наклеивание учетно-контрольных марок нового образца на алкогольную продукцию, маркированную учетно-контрольными марками старого образца, в порядке, установленным пунктом 3 настоящих Правил и согласно пункту 6 статьи 172 Налогового кодекса в сроки, определяемые уполномоченным органом.

      При этом не допускается наложение одной учетно-контрольной марки на другую.

      9. Перемаркировка включает в себя:

      1) инвентаризацию алкогольной продукции с наклеенными на них учетно-контрольных марок старого образца, а также неиспользованных учетно-контрольных марок старого образца;

      2) маркировку алкогольной продукции учетно-контрольными марками нового образца;

      3) списание и уничтожение неиспользованных учетно-контрольных марок старого образца.

      10. Инвентаризация носит разовый характер и проводится физическими и юридическими лицами, осуществляющими производство или импорт алкогольной продукции, в том числе конкурсными и реабилитационными управляющими, реализующими имущество (активы) должника (далее – субъекты).

      11. Для проведения инвентаризации у каждого субъекта создается комиссия в количестве не менее 3 (трех) человек в составе председателя комиссии (первого руководителя субъекта, лица, исполняющего его обязанности, или его заместителя), материально-ответственного лица субъекта за марки и других работников субъекта (далее – инвентаризационная комиссия).

      12. Председатель инвентаризационной комиссии обеспечивает своевременность и соблюдение порядка проведения инвентаризации, полноту, достоверность и правильность данных об алкогольной продукции с наклеенными на них учетно-контрольных марок старого образца в разрезе видов и наименований по их фактическим количественным остаткам, вносимых в соответствующую инвентаризационную опись в произвольной форме.

      13. Инвентаризационная опись составляется отдельно по алкогольной продукции с наклеенными на них учетно-контрольными марками старого образца и по неиспользованным учетно-контрольным маркам старого образца, с указанием на каждой странице общего количества (цифрами и прописью) алкогольной продукции с наклеенными на них учетно-контрольными марками старого образца и неиспользованных учетно-контрольных марок. Каждая страница инвентаризационной описи подписывается всеми членами инвентаризационной комиссии.

      14. Инвентаризационная опись составляется в 2 (двух) экземплярах, один из которых направляется в соответствующий орган государственных доходов, второй остается у субъекта.

      15. Неиспользованные учетно-контрольные марки старого образца, подлежат списанию и уничтожению субъектом и органами государственных доходов, имеющими учетно-контрольные марки старого образца, в присутствии членов комиссии по уничтожению учетно-контрольных марок старого образца в течение 3 (трех) месяцев со дня введения учетно-контрольных марок нового образца.

      При прекращении деятельности налогоплательщика по производству алкогольной продукции, подлежащих маркировке учетно-контрольными марками и возврате ранее полученных учетно-контрольных марок в органы государственных доходов по акту приема-передачи подлежат уничтожению субъектом и органами государственных доходов в присутствии членов комиссии по уничтожению учетно-контрольных марок в течение 3 (трех) месяцев со дня прекращения деятельности налогоплательщика.

      16. Состав комиссии по списанию и уничтожению учетно-контрольных марок старого образца и место уничтожения учетно-контрольных марок старого образца утверждается приказом первого руководителя органа государственных доходов.

      17. В состав комиссии по списанию и уничтожению учетно-контрольных марок старого образца в обязательном порядке входят первые руководители органов государственных доходов, материально-ответственные лица органа государственных доходов за учетно-контрольные марки и уполномоченные представители субъекта.

      18. О фактическом списании и уничтожении учетно-контрольных марок старого образца составляется акт о списании и уничтожении учетно-контрольных марок старого образца (далее – акт) по форме согласно приложению к настоящим Правилам в 2 (двух) экземплярах, в котором указываются серии, диапазоны номеров, вид и количество уничтоженных учетно-контрольных марок старого образца. Каждый экземпляр акта подписываются членами комиссии и уполномоченным представителем субъекта, а также заверяются печатью органа государственных доходов.

      Один экземпляр акта остается в органе государственных доходов, второй экземпляр акта передается субъекту.

  Приложение
к Правилам маркировки
(перемаркировки) алкогольной
продукции, за исключением
вина наливом (виноматериал) и
пивоваренной продукции,
учетно-контрольными марками
  форма

Акт о списании и уничтожении учетно-контрольных марок старого образца

      В соответствии с приказом Министра финансов Республики Казахстан от "__" 20 года
№ нами, комиссией в составе:
      ____________________________________________________________________
      произведено списание и уничтожение учетно-контрольных марок старого образца в
      количестве:
      _______________________________________________________________ штук
      в том числе:
      _______________________________________________________________ штук
                  (серия и диапазоны номеров, количество прописью)
      Председатель комиссии:
      1)___________________________ ___________________________________
      (фамилия, имя, отчество (при его наличии), должность, подпись)
      Члены комиссии:
      2)_______________________________________________________________
      (фамилия, имя, отчество (при его наличии), должность, подпись)
      3)_______________________________________________________________
      (фамилия, имя, отчество (при его наличии), должность, подпись)
      Представитель организации или физическое лицо:______________________
            (фамилия, имя, отчество (при его наличии), должность, подпись)
      Место печати 
      (для органов государственных доходов)