"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Статистика органдарында статистикалық бизнес-тіркелімді өзектендіру және зерттелетін бірліктердің каталогын қалыптастыру жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 маусымдағы № 96 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11718 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына (Н.Ж. Көшкімбаев) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және Реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы |
Ж. Шаймарданов |