"Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 187 Бұйрығына бекітілген |
Атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну қағидалары
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабы 5-1)-тармақшасына сәйкес әзірленді және атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) атаулы таңба – бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға салынатын және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды дайындаушыны куәландыратын арнайы белгі;
2) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар (бұдан әрі - зергерлік және басқа да бұйымдар) – бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, асыл тастардан және табиғи немесе жасанды жолмен алынған басқа да материалдардан жасалған көздері бар не онсыз, әртүрлі көркемдік өңдеу түрлерін пайдалана отырып, асыл тастардан, бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған, әртүрлі әшекейлер, тұрмыстық кәдеге жарататын заттар ретінде және (немесе) діни әрі декоративтік мақсаттарда қолданылатын бұйымдар;
3) зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектілері (бұдан әрі - субъекті) – Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес зергерлік және басқа да бұйымдарды дайындауды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;
4) уәкілетті орган – бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес сараптама жүргізуге аккредиттелген заңды тұлға.
2-тарау. Атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну тәртібі
3. Субъектілер олар өндірген зергерлік және басқа да бұйымдарға атаулы таңбаны міндетті тіркеу үшін уәкілетті ұйымға жүгінеді.
4. Атаулы таңбаны міндетті тіркеу үшін субъекті уәкілетті ұйымға:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтінішті;
2) заңды тұлғалар үшін құрылтай құжаттарының көшірмесін;
3) жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға басшысының жеке бас куәлігінің көшірмесін;
4) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін ұсынады.
5. Уәкілетті ұйым осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген, ұсынылған құжаттар негізінде ұсынылған өтініш туралы мәліметті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштерді тіркеу журналына енгізеді.
6. Осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті ұйым субъектіге өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Бұл ретте субъект құжаттарды толықтырады және уәкілетті ұйымға ұсынады.
7. Уәкілетті ұйым құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде субъектіге атаулы таңбаның шифрын береді және өтінім берушіге атаулы таңбаның берілген шифры туралы мәліметтерді субъектінің өтінішінде көрсетілген электрондық мекенжайға жібереді.
Атаулы таңба шифрында осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес бұйымды дайындау жылы, субъектінің орналасу өңірінің коды туралы шифрланған ақпарат бар.
8. 5 (бес) жұмыс күн ішінде салынған шифрлардың сәйкестігін анықтау үшін субъекті уәкілетті ұйымға атаулы таңба бедерінің үлгісін ұсынады. Бұл ретте атаулы таңба бедерінің үлгісі анық, түрленбеген және салынған шифрдың барлық белгілерімен қамтылған болып беріледі.
Атаулы таңба бедері сапасыз (анық емес, түрленген немесе барлық элементтерді (белгілерді) қамтымаған) дайындалған жағдайда, уәкілетті ұйым оны тіркеуден бас тартады.
Егер атаулы таңба әртүрлі әдістермен (механикалық, электр-ұшқындық, лазерлік) басылатын болса, өңделген пластинкаға атаулы таңба бедері атаулы таңбаны басудың әрбір әдісін қолдана отырып басылады.
9. Атаулы таңба бедерінің үлгісі ұсынылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде субъектіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік беріледі.
10. Атаулы таңба тіркелген күнтізбелік жыл ішінде әрекет етеді. Атаулы таңба мерзімі аяқталған бойда ол субъектімен жоюға жатады.
11. Сараптама жүргізу барысында анықталған зергерлік және басқа да бұйымдардағы тіркелмеген атаулы таңбалардың бедерлері уәкілетті ұйыммен жоюға жатады.
12. Уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес тоқсан сайын, тоқсанның соңғы айының 30-күніне дейінгі мерзімде уәкілетті органғанға тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді miid@miid.gov.kz және comprom@miid.gov.kz электрондық мекенжайларына электрондық түрде ұсынады.
13. Уәкілетті орган субъектілерге мәліметті қалыптастырады және есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін ашық түрде www.gov.kz/memleket/entities/comprom интернет-ресурсына орналастырады.
Атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну қағидаларына 1-қосымша |
нысан
Уәкілетті ұйымға | |
____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), Жеке сәйкестендіру нөмірі/ заңды тұлғаның атауы, Бизнес сәйкестендіру нөмірі) |
Мекенжайы_______________________________________
ӨТІНІШ
___________________________________________________________мекенжайы бойынша орналасқан субъектіге 20__ жылға дайындаушының атаулы таңба шифрын беруді және тіркеуді сұраймын.
Мынадай құжаттар қоса беріледі*:___________________________________
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Байланыс телефондары __________________
E-mail ______________________
Анық емес мәліметтер беру үшін жауаптылық туралы хабардармын. Ұсынылған мәліметтердің анықтылығын растаймын.
_________________________________________ 20____жылғы "___"_________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы)
________________________________________________________________________________
* "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес уәкілетті орган жауапты болады.
Атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну қағидаларына 2-қосымша |
нысан
Өтініштерді тіркеу журналы
р/с № | Өтініштің келіп түскен күні | Субъектінің атауы | Жүгіну нәтижесі | Тіркеуден бас тарту себептері | Ескертпе | |
Тіркеу күні | Тіркеуден бас тарту күні | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну қағидаларына 3-қосымша |
Субъектінің орналасқан өңірлерінің коды
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 07.11.2024 № 387 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с | Атауы | Коды |
1 | Астана қаласы | Д, Ж, Е |
2 | Алматы қаласы | А, Б, В |
3 | Шымкент қаласы | Ш |
4 | Ақмола облысы | С |
5 | Ақтөбе облысы | И |
6 | Алматы облысы | Г |
7 | Атырау облысы | К |
8 | Шығыс Қазақстан облысы | Л, М |
9 | Жамбыл облысы | Н |
10 | Батыс Қазақстан облысы | О |
11 | Қарағанды облысы | П |
12 | Қызылорда облысы | Р |
13 | Қостанай облысы | Т |
14 | Маңғыстау облысы | У |
15 | Павлодар облысы | Ф |
16 | Солтүстік Қазақстан облысы | Х |
17 | Түркістан облысы | Ю |
18 | Абай облысы | Ц |
19 | Жетісу облысы | Э |
20 | Ұлытау облысы | Я |
Атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну қағидаларына 4-қосымша |
нысан
____________________________________________________________________
(уәкілетті ұйымның атауы)
КУӘЛІК №______________________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(субъектінің толық атауы)
____________________________________________________________________
және орналасқан жері (қала, облыс)
________________________________________________ атаулы таңбаны беру және тіркеу
туралы_____________________________________________ дейін қолдану мерзімімен
беріледі.
Басшы: __________________________________
(Т.А.Ә. ол бар болған жағдайда)
Мөр орыны
Беру күні 20___жылғы "______"______________
Атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну қағидаларына 5-қосымша |
|
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 07.11.2024 № 387 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/comprom.
Әкімшілік нысанның атауы: Тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтер.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-ТАТМ.
Кезеңділік: тоқсан сайын.
Есепті кезең: 20____жыл _____________.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: уәкілетті ұйымдар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, тоқсанның соңғы айының 30-күніне дейін.
ЖСН/БСН: |
(деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі (қағаз жеткізгіште, электронды түрде, телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі, қағаз жеткізгішті пайдалана отырып интервьюердің жеке сауал салуы кезінде, дербес есептеу құрылғысын пайдалана отырып, интервьюердің жеке салуы кезінде): электронды түрде.
Тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтер
р/с № | Субъектінің атауы | ӘАОС (әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы) коды бойынша орналасқан жері, байланыс телефоны, электрондық поштасы | ЖСН/БСН | Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) | Атаулы таңбаға берілген шифр | Беру күні | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Ескертпе: Нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанның қосымшасында келтірілген.
Атауы |
Мекенжайы | ||
Телефоны | |||
Электрондық почта мекенжайы/Адрес электронной почты | |||
Орындаушы | |||
Исполнитель ___________________________________________ |
_______________ | ||
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам | |||
_________________________________________________ |
___________ | ||
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда) |
Ескертпе:
БСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.
Тіркелген атаулы таңбалар туралы әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанға қосымша |
Тіркелген атаулы таңбалар туралы әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме (1-ТАТМ, тоқсан сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме тіркелген атаулы таңбалар туралы әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды уәкілетті ұйымдар толтырады.
3. Нысанға орындаушы мен басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
4. Нысанды уәкілетті ұйымдар Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тоқсан сайын, тоқсанның соңғы айының 30-күніне дейін ұсынады.
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
6. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
7. 2-бағанда атаулы таңбалар шифрын алған субъектінің атауы көрсетіледі.
8. 3-бағанда субъектінің ӘАОС (әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы) коды бойынша орналасқан жері, байланыс телефоны және электрондық поштасы көрсетіледі.
9. 4-бағанда субъектінің ЖСН/БСН көрсетіледі.
10. 5-бағанда субъект басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) көрсетіледі.
11. 6-бағанда субъектіге берілген атаулы таңбалар шифры көрсетіледі.
12. 7-бағанда субъектіге атаулы таңбалар шифрының берілген күні көрсетіледі.
13. 8-бағанда ескерту көрсетіледі.