БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы" 2019 жылғы 31 мамырдағы № 106/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18786 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесінде:
реттік нөмірлері 3, 4, 5 және 7 жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 43 және 44-жолдармен толықтырылсын:
"
43 | "РЗА-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Қызылорда облысы, Қазалы кенті, Әйтеке би кенті, Ғ.Мұратбаев |
Қызылорда облысы, Қазалы кенті, Әйтеке би кенті, Ғ.Мұратбаев |
44 | "OtarBioPharm" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар ауылдық округі, Гвардейский кенті, Бауыржан Момышұлы көшесі, 17 үй, 2 пәтер | Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар ауылдық округі, 014 есептік орам, № 5 жер учаскесі |
".
2. Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі _____________________ 2022 жылғы "___" ________ |