ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10012 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 47) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшы-мүгедектерді даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы қызметінің қағидаларында:
17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген бұйрығымен бекітілген 031/е нысандағы медициналық құжаттамасының көшірмесін;" ;
18-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген бұйрығымен бекітілген 075/е нысандағы медициналық құжаттамасының көшірмесі.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Орталықтың мүгедек-спортшылары жылына екі рет Республикалық спорттық медицина және оңалту орталығында және медициналық ұйымдарда тереңдетілген медициналық тексеруден өтеді.";
2) "Оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі споршыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15301 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 40) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген оқу-жаттығу процесі, спорт резервін және жоғары дәрежедегі споршыларды даярлау жүзеге асырылатын ұйымдары үшін үлгілік штаттарда:
"Басқарушы персонал" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 3-1, 3-2 және 3-3-жолдармен толықтырылсын:
"
3-1. | Мемлекеттік жаттықтырушы | спорттың түріне (-леріне) 1 бірлік |
3-2. | Спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) бас жаттықтырушысы | спорттың түріне (-леріне) 1 бірлік |
3-3. | Құрама команданың бастығы | спорттың түріне (-леріне) 1 бірлік |
";
"Әкімшілік персонал" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 13 және 14-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
13. | Бухгалтер | жеке спорт базасы бар ұйымдардан басқа 3 бірліктен артық емес |
жеке спорт базасы бар ұйымдарда 4 бірліктен кем емес | ||
14. | Экономист | 4 бірліктен артық емес |
";
реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
19. | Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер | 2 бірліктен артық емес |
";
"Спортшылардың дайындығы бейініне сәйкес келетін лауазымдардың қосымша штаттық бірліктері" деген бөлімде:
реттік нөмірі 83-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
83. | Нұсқаушы-спортшы | әрбір спорт түріне 20 бірліктен артық емес |
".
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
министрдің міндетін атқарушы | Н. Дауешов |