"Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 32) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Индустриялық дамуды бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіптік саясат департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 мамырдағы № 260 Бұйрықпен бекітілген |
Индустриялық дамуды бағалау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Индустриялық дамуды бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабы 32) тармақшасына сәйкес әзірленді және индустриялық дамуына бағалау жүргізу тетігін анықтайды.
2. Индустриялық дамуды бағалау өнеркәсіптің дамуына әсер ететін құқықтық, экономикалық, қаржылық және өзге де факторларды талдауды көздейді және мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) ресми статистикалық ақпаратты және озық тәжірибелерді талдау;
2) проблемалар мен тәуекелдер картасын қалыптастыру;
3) Индустриялық даму индексін қалыптастыру және құру;
4) жүйелі түрлендірулер бойынша ұсынымдар қалыптастыру.
3. Индустриялық дамуды бағалау елімізде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен анықталатын өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және түзету мақсатында өңдеу өнеркәсібіне және елдің дамуына әсер ететін ілеспе (аралас) экономика секторларына бағытталған.
2-тарау. Индустриялық дамуды бағалау көздері
4. Индустриялық дамуды бағалау үшін деректер көздері мыналар болып табылады:
1) ресми статистикалық ақпарат;
2) елдің өнеркәсіптік дамуын реттейтін нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, сондай-ақ өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын қолданысқа енгізетін (динамикада) құжаттар;
3) индустриялық даму жағдайын көрсететін мәселелер бойынша өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына сауалнама және сұхбат жүргізу;
4) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының, ұлттық даму институттарының, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысушы өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінің, оны ішінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша ұсынылатын ақпараты;
5) халықаралық және отандық ұйымдармен жарияланатын, елдің өнеркәсіптік дамуын бағалайтын индекстер, рейтингтер және есептер.
3-тарау. Индустриялық дамуды талдау мен бағалау үшін қажетті ақпаратты ұсыну тәртібі
5. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) есепті жылдан кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей индустриялық дамуды талдау мен бағалау үшін талап етілетін деректердің сипатына байланысты орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына, ұлттық даму институттарына, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысушы өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілеріне ағымдағы жағдай, реттеуші салалардағы тенденциялар, проблемалар, сондай-ақ оларды шешу тәсілдері туралы ақпарат ұсыну туралы сұрау жібереді.
6. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, ұлттық даму институттары, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысушы өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін уәкілетті органға ақпарат ұсынады.
7. Индустриялық дамуды бағалау сандық (статистикалық көрсеткіштер) және сапалық (сауалнама және талдау) тәсілдермен жүргізіледі.
8. Индустриялық дамуды талдау және бағалау қорытындылары жыл сайынғы Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің жай-күйі туралы Ұлттық баяндамада жарияланады.
4-тарау. Индустриялық дамуды бағалау кезеңдері
9. Ресми статистикалық ақпаратты және озық тәжірибелерді талдау мыналарды қамтиды:
1) статистикалық ақпаратқа, оның ішінде бәсекеге қабілетті өнім өндіру және экспорттау бойынша салалық мүмкіндігін көрсететін динамикада, олардың өнеркәсіптік құрылымына, сондай-ақ өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің технологиялық даму және жаңғыру деңгейіне мониторинг жүргізу және талдау;
2) халықаралық және отандық ұйымдармен жарияланатын, елдің өнеркәсіптік дамуын бағалайтын жалпы танылған индектер, рейтингтер және есептерді мониторингтеу және талдау.
10. Проблемалар мен тәуекелдер картасы проблемалық мәселелер мен тәуекелдерді анықтау мақсатында көлемін (шағын, орта және ірі) және өңірлік орнын ескере отырып, өңдеу өнеркәсібінің тіркелген белсенді кәсіпорындары қатарынан кәсіпорындарға сауалнама және сұхбат жүргізу арқылы қалыптастырылады.
Сауалнама үшін іріктеме жиынтық көлемі кемінде 400 респондент. Іріктеме жиынтықты есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері қолданылады.
Іріктеме жиынтық мынадай формула бойынша есептеледі:
онда:
n – іріктеме жиынтық;
Z – сенімді деңгей коэффициенті (0,95%);
p – зерттелетін белгісі бар респонденттердің үлесі;
q = 1 – p – зерттелетін белгісі жоқ респонденттердің үлесі;
∆ – іріктеудің шекті қатесі;
N – негізгі жиынтық көлемі.
Іріктеме жиынтықты есептеу осы Әдістемеге 1-қосымшада көрсетілген.
Проблемалар мен тәуекелдер картасы әр анықталған проблема бойынша себеп-салдар байланыстарын және түпкі себептерін көрсете отырып, циклдар, салалар және өңірлер кесінінде қалыптастырылады, оның ішінде нәтижелердің себептер жиынтығына тәуелділігі талданады.
11. Индустриялық даму индексін қалыптастыру және құру мыналарды қамтиды:
1) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің қолайлы индустриялық дамуы үшін қажетті негізгі өмірлік циклдер бойынша шарттарды талдау;
2) елдің өнеркәсіптік дамуын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, сондай-ақ өнеркәсіптік дамуға әсер ететін, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын қолданысқа енгізетін (динамикада) құжаттарды мониторингтеу және нақты талдау;
3) еліміздің өнеркәсіптік дамуын реттейтін нормативтік құқықтық актілер, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, Қазақстан Республикасындағы заңнама индустриялық дамуға қолайлы жағдай туғызатындығын анықтау үшін пайдаланылатын құжаттар бойынша қойылатын сұрақтардың жиынтық көрсеткіштерінің пулын қалыптастыру;
4) алынған ақпаратты өңдеу және үштік кодқа трансформациялау, біріктірілген түрде сандық көрсеткіш қалыптастыру – индустриялық даму индексінің жиынтық көрсеткіші:
онда:
– Индустриялық даму индексі;
– Жиналған балл үлесі тиісті сұрақтар блогында;
n – НҚА арналған сауалнамада блогтардың жалпы саны.
Жиналған балл үлесін есептеу формуласы m-бөлімінде
онда:
- нақты жиналған балл сомасы тиісті сұрақтар блогында;
- ең жоғарғы балл сомасы тиісті сұрақтар блогында;
5) Осы Әдістеменің 2-қосымшасында көрсетілген негізгі индикаторларға (регрессия-корреляциялық талдаудың ғылыми тәсілдері арқылы индустрияландырудың сандық дамуын көрсететін) Индустриялық даму индексінің әсері мен өзгерістерін корреляциялық талдау.
12. Сапалы жүйелі түрлендірулер мен қажетті жақсартулар бойынша ұсынымдар қалыптастыру өнеркәсіптік саясатты түзету, сондай-ақ, сарапшы және бизнес-қауымдастықтың қатысуымен басқару шешімдерін қабылдау кезінде қолданылады.
Индустриялық дамуды бағалау әдістемесіне 1-қосымша |
Іріктеме жиынтықты есептеу
Өңір | Негізгі жиынтық | Іріктеме жиынтық | ||||||
Барлығы | Шағын | Орта | Ірі | Барлығы | Шағын | Орта | Ірі | |
Ақмола облысы | 279 | 242 | 25 | 12 | 18 | 15 | 2 | 1 |
Ақтөбе облысы | 314 | 282 | 23 | 9 | 20 | 18 | 1 | 1 |
Алматы облысы | 641 | 568 | 49 | 24 | 41 | 36 | 3 | 2 |
Атырау облысы | 172 | 161 | 7 | 4 | 12 | 10 | 1 | 1 |
Батыс Қазақстан облысы | 236 | 213 | 16 | 7 | 15 | 13 | 1 | 1 |
Жамбыл облысы | 221 | 200 | 13 | 8 | 15 | 13 | 1 | 1 |
Қарағанды облысы | 901 | 826 | 46 | 29 | 57 | 52 | 3 | 2 |
Қостанай облысы | 401 | 365 | 29 | 7 | 26 | 23 | 2 | 1 |
Қызылорда облысы | 134 | 125 | 4 | 5 | 10 | 8 | 1 | 1 |
Манғыстау облысы | 267 | 245 | 17 | 5 | 17 | 15 | 1 | 1 |
Павлодар облысы | 503 | 457 | 28 | 18 | 32 | 29 | 2 | 1 |
Солтүстік Қазақстан облысы | 248 | 222 | 17 | 9 | 16 | 14 | 1 | 1 |
Түркістан облысы | 230 | 201 | 18 | 11 | 15 | 13 | 1 | 1 |
Шығыс Қазақстан облысы | 605 | 536 | 44 | 25 | 39 | 34 | 3 | 2 |
Нұр-Сұлтан қаласы | 899 | 860 | 25 | 14 | 57 | 54 | 2 | 1 |
Алматы қаласы | 2 211 | 2 100 | 67 | 44 | 139 | 132 | 4 | 3 |
Шымкент қаласы | 630 | 575 | 36 | 19 | 39 | 36 | 2 | 1 |
Барлығы | 8 892 | 8 178 | 464 | 250 | 568 | 515 | 31 | 22 |
Индустриялық дамуды бағалау әдістемесіне 2-қосымша |
Негізгі индикаторлар
Индустрияландырудың сандық дамуын көрсететін негізгі индикаторлар:
1) Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі (ақшалай және заттай көріністе);
2) Өнеркәсіп өндірісінің индексі;
3) Жан басына шаққандағы өнім экспорты;
4) Жалпы экспорт көлеміндегі дайын өнім экспортының үлесі;
5) Өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің жалпы экспортындағы орта және жоғары технологиялық өнімдер экспортының үлесі;
6) Жалпы ішкі өнімдегі қосылған құнның үлесі;
7) Жан басына шаққандағы қосылған құн;
8) Өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің жалпы қосылған құнындағы орташа және жоғары технологиялық өнімдердің қосылған құнының үлесі;
9) Өңдеу өнеркәсібінің әлемдік қосылған құнындағы ел экономикасының үлесі;
10) Әлемдік өнеркәсіптік тауарлар саудасындағы экономика үлесі;
11) Негізгі капиталға инвестициялар көлемі;
12) Жұмыспен қамту;
13) Бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы;
14) Кәсіпорын статистикасы;
15) Еңбек өнімділігі;
16) Салықтар бойынша аударымдар.