Жануарларды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 164 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 мамырда № 28139 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жануарларды тасымалдау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология, және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
С. Брекешев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 19 мамырдағы
№ 164 Бұйрығымен
бекітілген

Жануарларды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарларды тасымалдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларды тасымалдау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

      1) жануарлар – омыртқалы жануарлар;

      2) жануар иесі – жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;

      3) жауапты адам – жануар иесінің осы Заңда белгіленген құқықтары мен міндеттерін жануар иесінің жазбаша тапсырмасы бойынша өзіне алатын адам;

      4) жануарларды тасымалдау – жануарларды көлікте әдейі көшіру.

      3. Халықаралық тасымалдарды орындау кезінде осы Қағидалар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, сондай-ақ аумағынан немесе аумағы арқылы осындай тасымалдар жүзеге асырылатын аумақтағы елдің заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

2-тарау. Жануарларды тасымалдау тәртібі

      4. Жануарларды тасымалдау кезінде жануар иесі және (немесе) жауапкершілікпен тұлға ветеринариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      5. Жануарларды тасымалдау кезінде жануардың иесі және (немесе) жауапкершілікпен тұлға мыналарды қамтамасыз етуі қажет:

      1) ветеринария саласындағы заңнамаға сәйкес жануардың ветеринариялық құжатының болуы;

      2) тасымалдау кезінде олардың азыққа, суға, ауаға, қозғалысқа, табиғи қажеттіліктерін атқаруға деген қажеттіліктері қанағаттандырылуға тиіс, сондай-ақ жануарлар үшін зиянды сыртқы әсерлерден оларды қорғау қамтамасыз етіледі. Көлік кеңістігінің көлемі тасымалданатын жануарлардың биологиялық, түрлік және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келуге тиіс;

      3) тасымалданатын жануарлардан жолаушылардың, көлік қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

      6. Иесі және (немесе) жауапкершілікпен адам аурудың айқын белгілері бар – ашық жаралар, супурация, лишай, жағымсыз иіс, қауіп төндіретін немесе тынышсыз мінез-құлықты көрсететін жануармен жолаушыларды тасымалдауға жол бермейді.

      7. Ауру жануарлар ветеринариялық көмек көрсету мақсатында тасымалдауға жатады. Ауру жануарды тасымалдау басқа жануарлармен жанасуына жол бермеу мақсатында оқшау жүзеге асырылады.

      8. Ауланған жануарларды тасымалдау кезінде, осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес аулау қызметінің атауы мен телефон нөмірі жазылған көлік құралдары қолданылады.

      9. Жануарларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралы жануарларды тиеу, тасымалдау және түсіру кезінде жануарлардың мертігуін немесе саулығына өзге де зиян келтірілуін немесе жануарлардың өлуін, сондай-ақ көлік құралынан олардың өз бетімен шығып кетуін болғызбайтындай етіп жабдықталуға тиіс.

      10. Ірі және ұсақ жануарларды тасымалдау кезінде олардың физикалық байланысты болдырмауы керек.

      11. Жануарларды темір жол көлігімен тасымалдау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген) бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Жануарларды әуе көлігімен тасымалдау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12115 болып тіркелген) бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Жануарларды теңіз көлігімен тасымалдау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 542 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11930 болып тіркелген) бекітілген Жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Ішкі су көлігінде жануарларды тасымалдау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 219 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13551 болып тіркелген) бекітілген Ішкі су көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

  Жануарларды тасымалдау
Қағидаларына қосымша

Аулау қызметінің атауы және телефон нөмірі бар ақпарат

      Ақпарат аулау қызметі автокөлігінің бүйір және артқы есіктеріне өздігінен жабысатын парақты (көлемі 60х50) сантиметр бекіту арқылы қолданылады.

      Ақпарат мемлекеттік тілде берілуі және "Аулау қызметі" деген жазу, ұйымның атауы және оның телефон нөмірі болуы тиіс.

      Ақпарат парақтың бір Arial шрифтімен толық толтырылуын ескере отырып басылады.



Об утверждении Правил перевозки животных

Приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 19 мая 2022 года № 164. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 мая 2022 года № 28139.

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 4.

      В соответствии с подпунктом 8) статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об ответственном обращении с животными", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила перевозки животных.

      2. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр экологии, геологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан
С. Брекешев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Министра экологии, геологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан
от 19 мая 2022 года № 164

Правила перевозки животных

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила перевозки животных (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 8) статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об ответственном обращении с животными" (далее - Закон) и определяют порядок перевозки животных.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия и термины:

      1) животные – позвоночные животные;

      2) владелец животного – физическое или юридическое лицо, которому животное принадлежит на праве собственности или ином вещном праве;

      3) ответственное лицо – лицо, которое несет права и обязанности владельца животного, по письменному поручению владельца животного;

      4) перевозка животных – преднамеренное перемещение животных на транспорте.

      3. При выполнении международных перевозок настоящие Правила применяются в части, не противоречащей международным договорам ратифицированным Республикой Казахстан, а также законодательству страны на территории, с территории или через территорию которой осуществляются такие перевозки.

Глава 2. Порядок перевозки животных

      4. При перевозке животных владелец животного и (или) ответственное лицо обеспечивает соблюдение законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии.

      5. При перевозке животных владельцу животного и (или) ответственному лицу необходимо обеспечить:

      1) наличие ветеринарного документа животного в соответствии с законодательством в области ветеринарии;

      2) удовлетворение потребности в корме, воде, воздухе, движении, отправлении естественных потребностей, а также защиту животных от вредных для них внешних воздействий. Объем пространства транспорта соответствующий биологическим, видовым и индивидуальным особенностям перевозимых животных;

      3) безопасность угрозы жизни и здоровья пассажиров, работников транспорта от перевозимых животных.

      6. Владелец и (или) ответственное лицо не допускает перевозку пассажиров с животным, имеющим явные признаки заболевания – открытые раны, нагноения, лишаи, неприятный запах, демонстрирующие угрожающее или беспокойное поведение.

      7. Больные животные подлежат перевозке в целях оказания ветеринарной помощи. Перевозка больного животного осуществляется изолировано с целью недопущения контакта с другими животными.

      8. При перевозке отловленных животных применяются транспортные средства на которые нанесена информация с наименованием и телефонным номером службы отлова, согласно приложению к настоящим Правилам.

      9. Транспортное средство, используемое для перевозки животных, оборудуется так, чтобы исключить увечье или иной вред здоровью животного, или гибель животных при их погрузке, перевозке и выгрузке, а также произвольное покидание ими транспортного средства.

      10. При перевозке крупных и мелких животных не допускается их физический контакт.

      11. Перевозка животных железнодорожным транспортом осуществляется в соответствии с Правилами перевозок пассажиров, багажа, грузобагажа и почтовых отправлений железнодорожным транспортом, утвержденных приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 545 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13714).

      12. Перевозка животных воздушным транспортом осуществляется в соответствии с Правилами перевозок пассажиров, багажа и грузов на воздушном транспорте, утвержденных приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 540 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12115).

      13. Перевозка животных морским транспортом осуществляется в соответствии с Правилами перевозок пассажиров, багажа и грузов, утвержденных приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля  2015 года № 542 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11930).

      14. Перевозка животных на внутреннем водном транспорте осуществляется в соответствии с Правилами перевозок пассажиров, багажа и грузов на внутреннем водном транспорте, утвержденных приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 февраля 2016 года № 219 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13551).

  Приложение
к Правилам перевозки животных

Информация с наименованием и телефонным номером службы отлова

      Информация наносится путем крепления самоклеющегося листа (размером 60х50) сантиметров на боковые и задние двери автотранспорта службы отлова.

      Информация предоставляется на государственном языке и содержит надпись: "Аулау қызметі", наименование организации и ее номер телефона.

      Информация печатается с учетом полного заполнения листа одним шрифтом Arial.