"Аяқ киім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау мен қадағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 27 мамырдағы № 294 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 мамырда № 28256 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Аяқ киім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау мен қадағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24624 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аяқ киім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау мен қадағалау қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабы 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және аяқ киім тауарларын таңбалау мен оларды Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі қадағалау тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Аяқ киім тауарларын айналымға енгізу оларға сәйкестендіру құралдарын енгізу және аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау, олардың айналымы және Қазақстан Республикасының аумағындағы айналымнан шығару туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға беру арқылы жүзеге асырылады.

      Сәйкестендіру құралдарымен таңбаланбаған аяқ киім тауарлары қалдықтарының айналымына және айналымнан шығаруға 2023 жылғы 1 сәуірге дейін жол беріледі.

      Тауар айналымына қатысушы 2023 жылғы 1 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының аумағында айналымда және айналымнан шығаруда пайдаланылатын аяқ киім тауарларының қалдықтарын сақтауды және тасымалдауды жүзеге асырады, сондай-ақ таңбалауды жүзеге асырады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды тауарды жаңа меншік иесіне немесе өзге тұлғаға бастапқы өтеулі немесе өтеусіз бергенге дейін жүзеге асырады.

      Импорттаушы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген аяқ киім тауарларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін немесе аяқ киім тауарларын ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырғанға дейін таңбалауды қамтамасыз етеді. 2023 жылғы 1 қарашаға дейін тауарларды импорттаушының меншікті қойма үй-жайларында ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт рәсіміне орналастырғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етіледі.

      Комиссионер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 43-тарауына сәйкес жасалған комиссия шарттары шеңберінде жеке тұлғалардан сатуға қабылданатын аяқ киім тауарларын таңбалауды қамтамасыз етеді.

      Аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдары жоғалған немесе бүлінген жағдайда, аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы сатып алу-сату мәмілелері шеңберінде жеткізілетін (өткізілетін), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 41 және 43-тарауларына сәйкес жасалған комиссия/тапсырма Шарттары шеңберінде жүзеге асырылады.";

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Аяқ киім тауарларын ТТҚ АЖ-да тіркеу үшін айналымға қатысушы ТТҚ АЖ-да мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) өтініш берушінің ЖСН немесе БСН;

      2) тауар коды (GTIN);

      3) тауар өндіруші туралы мәліметтер;

      4) ЕАЭО СЭҚ ТН коды;

      5) аяқ киімнің түрі;

      6) тауардың саудалық атауы;

      7) тауар туралы мәліметтер (бренд, аяқ киімнің түсі, өлшемі, моделі, аяқ киімнің үстіңгі жағы материалының түрі, аяқ киімнің төменгі жағы материалының түрі, аяқ киімнің астары материалы).

      16. Аяқ киім тауарларының қалдықтарын тіркеу және қайта таңбалау үшін айналымға қатысушы ТТҚ АЖ-да мынадай ең аз мәліметтерді көрсетеді:

      1) өтініш берушінің ЖСН немесе БСН;

      2) аяқ киімнің түрі;

      3) тауардың саудалық атауы.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Аяқ киім тауарлары Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, айналымда болған және қайтарылған жағдайларда, аяқ киім тауарларына, аяқ киім тауарларының тұтыну қаптамаларына немесе аяқ киім тауарларының тауарлық жапсырмаларына сәйкестендіру құралдарын енгізу осындай тауарларды өндіру немесе сақтау орындарында, ал әкелінген жағдайда – Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын іс жүзінде кесіп өткенге дейін, ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырылғанға дейін жүзеге асырылады. 2023 жылғы 1 қарашаға дейін аяқ киім тауарларына немесе аяқ киім тауарларының тұтыну орамдарына немесе аяқ киім тауарларының тауарлық жапсырмаларына аяқ киім тауарларын ішкі тұтыну үшін шығару рәсіміне орналастырғаннан кейін немесе импорттаушының меншікті қойма үй-жайларында кері импорт жасауға рұқсат етіледі.";

      35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Аумағында аяқ киім тауарларын міндетті таңбалау енгізілмеген, сондай - ақ аумағында аяқ киім тауарларын міндетті таңбалау енгізілген, бірақ таңбалау кодтары өзара тану жоқ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына аяқ киім тауарларын әкелуді жүзеге асыратын аяқ киім тауарлары айналымына қатысушылар аяқ киім тауарларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға енгізеді Қазақстан мемлекеттер аумағынан - осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЕАЭО мүшелері оған ЭЦҚ-мен қол қояды және әкелінген тауарды іс жүзінде есепке қабылдаған сәттен бастап тіркеу нөмірін алу үшін 5 (бес) жұмыс күні ішінде ТТҚ АЖ-ға жібереді.

      Әкелінген тауарды есепке алу фактісі бойынша аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға енгізу кезінде бұрын мәлімдеген сәйкестендіру кодтарын растау туралы мәліметтерді 5 (бес) жұмыс күні ішінде ТТҚ АЖ-ға жібереді.

      36. Аяқ киім тауарларын міндетті таңбалау енгізілген ЕАЭО - ға мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына аяқ киім тауарларын әкелуді жүзеге асыратын аяқ киім тауарлары айналымына қатысушылар (ЕАЭО - ға мүше мемлекеттердің таңбалау кодтарын өзара тану болған кезде) әкелінген тауарларды қабылдау туралы ақпаратты тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ТТҚ АЖ-да жібереді алынған тауарларды трансшекаралық жөнелту туралы мәліметтер негізінде қалыптастырылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Аяқ киім тауарларын қабылдауды тауарды нақты қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қабылдау/беру актісіне қол қою арқылы аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы жүзеге асырады, оған ЭЦҚ қол қойылады және ТТҚ АЖ-ға беріледі. ";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тараумен толықтырылсын:

      "10-1-тарау. Кодтарды өзара тану кезінде трансшекаралық саудада ТТҚ АЖ-да мәліметтер алмасу тәртібі

      54-1. Таңбаланған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына нақты трансшекаралық орын ауыстырғанға дейін Қазақстан Республикасынан тауар жөнелтетін тауарлар айналымына қатысушы өзі, тауарды алатын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің резиденті туралы, сондай-ақ тауарлар мен таңбалау кодтары туралы мәліметтерді көрсете отырып, трансшекаралық жөнелту туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға береді.

      54-2. Таңбаланған тауарлар туралы мәліметтерді оператор халықаралық шарттарда және Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдерінде, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық операторлары (әкімшілері) арасындағы екі жақты келісімдерде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің таңбалау жүйесіне жібереді.

      54-3. ЕАЭО-ға мүше елдердің контрагенті тауарларды қабылдауды растаған кезде тауарлар айналымына қатысушы ТТҚ АЖ-да "ЕАЭО тауарларын қабылдау" құжатын қалыптастырады және оны өзінің ЭЦҚ-мен куәландырады.

      "ЕАЭО тауарларын қабылдау" құжатын қалыптастырғаннан кейін таңбалау кодтары ЕАЭО-ға экспорт себебі бойынша айналымнан шығарылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 4-тармақтың орыс тіліндегі редакциясы өзгертіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.06.2022 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
М. Карабаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 сентября 2021 года № 518 "Об утверждении Правил маркировки и прослеживаемости контрольными (идентификационными) знаками обувных товаров"

Приказ и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 27 мая 2022 года № 294. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 мая 2022 года № 28256.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 сентября 2021 года № 518 "Об утверждении Правил маркировки и прослеживаемости контрольными (идентификационными) знаками обувных товаров" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 24624) следующие изменения и дополнение:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил маркировки и прослеживаемости обувных товаров";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила маркировки и прослеживаемости обувных товаров.";

      в Правилах маркировки и прослеживаемости контрольными (идентификационными) знаками обувных товаров, утвержденных указанным приказом:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Правила маркировки и прослеживаемости обувных товаров";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила маркировки и прослеживаемости обувных товаров (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 2) статьи 7-2 Закона Республики Казахстан "О регулировании торговой деятельности" (далее - Закон) и определяют порядок маркировки обувных товаров и их дальнейшей прослеживаемости на территории Республики Казахстан.";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Ввод в оборот обувных товаров осуществляется посредством нанесения на них средств идентификации и передачи в ИС МПТ сведений о маркировке обувных товаров средствами идентификации, их обороте и выводе из оборота на территории Республики Казахстан.

      Оборот и вывод из оборота остатков обувных товаров, не маркированных средствами идентификации, допускается до 1 апреля 2023 года.

      До 1 апреля 2023 года участник оборота товаров осуществляет хранение и транспортировку, а также осуществляет маркировку остатков обувных товаров, используемых в обороте и выводе из оборота на территории Республики Казахстан.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Производители осуществляют маркировку обувных товаров, произведенных на территории Республики Казахстан, средствами идентификации до первичной возмездной или безвозмездной передачи товара новому собственнику или иному лицу.

      Импортер обеспечивает маркировку обувных товаров, произведенных за пределами территории Республики Казахстан, до ввоза на территорию Республики Казахстан или до помещения обувных товаров под таможенные процедуры выпуска для внутреннего потребления или реимпорта. Разрешается до 1 ноября 2023 года маркировка товаров после их помещения под процедуру выпуска для внутреннего потребления или реимпорта в собственных складских помещениях импортера.

      Комиссионер обеспечивает маркировку обувных товаров, принимаемых на реализацию от физических лиц в рамках договоров комиссии, заключенных в соответствии с главой 43 Гражданского кодекса Республики Казахстан (Особенная часть).

      В случае утраты или повреждения средств идентификации обувных товаров участник оборота обувных товаров обеспечивает маркировку ранее маркированных обувных товаров (перемаркировку), поставляемых (реализуемых) в рамках сделок купли-продажи, в том числе предлагаемых к реализации (продаже) после их возврата потребителем, а также в рамках договоров комиссии/поручения, заключенных в соответствии с главами 41 и 43 Гражданского кодекса Республики Казахстан (Особенная часть).";

      пункты 15 и 16 изложить в следующей редакции:

      "15. Для регистрации обувных товаров в ИС МПТ участник оборота указывает в ИС МПТ следующие сведения:

      1) ИИН или БИН заявителя;

      2) код товара (GTIN);

      3) сведения об производителе товара;

      4) код ТН ВЭД ЕАЭС;

      5) вид обуви;

      6) торговое наименование товара;

      7) сведения о товаре (бренд, цвет, размер обуви, модель, вид материала верха обуви, вид материала низа обуви, материал подкладки обуви).

      16. Для регистрации остатков и перемаркировки обувных товаров, участник оборота указывает в ИС МПТ следующие минимальные сведения:

      1) ИИН или БИН заявителя;

      2) вид обуви;

      3) торговое наименование товара.";

      пункт 28 изложить в следующей редакции:

      "28. Нанесение средств идентификации на обувные товары, или на потребительские упаковки обувных товаров, или на товарные ярлыки обувных товаров в случаях производства, оборота и возврата обувных товаров на территории Республики Казахстан осуществляется в местах производства или хранения таких товаров, а в случае ввоза - до фактического пересечения государственной границы Республики Казахстан, до помещения под таможенные процедуры выпуска для внутреннего потребления или реимпорта. Разрешается до 1 ноября 2023 года нанесение средств идентификации на обувные товары, или на потребительские упаковки обувных товаров, или на товарные ярлыки обувных товаров после помещения обувных товаров под процедуру выпуска для внутреннего потребления или реимпорта в собственных складских помещениях импортера.";

      пункты 35 и 36 изложить в следующей редакции:

      "35. Участники оборота обувных товаров, осуществляющие ввоз обувных товаров на территорию Республики Казахстан с территорий государств - членов ЕАЭС, на территории которых не введена обязательная маркировка обувных товаров, а также на территории которых введена обязательная маркировка обувных товаров, но отсутствует взаимное признание кодов маркировки, вносят в ИС МПТ сведения о ввозе обувных товаров на территорию Республики Казахстан с территорий государств - членов ЕАЭС, по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам, подписывают его ЭЦП и направляют в ИС МПТ для получения регистрационного номера с момента фактического принятия на учет ввезенного товара в течение 5 (пяти) рабочих дней.

      По факту принятия на учет ввезенного товара участник оборота обувных товаров направляет в ИС МПТ сведения о подтверждении кодов идентификации в течение 5 (пяти) рабочих дней, заявленных им ранее при внесении в ИС МПТ сведений о ввозе товаров в Республику Казахстан с территорий государств - членов ЕАЭС.

      36. Участники оборота обувных товаров, осуществляющие ввоз обувных товаров на территорию Республики Казахстан с территорий государств - членов ЕАЭС, на которых введена обязательная маркировка обувных (при наличии взаимного признания кодов маркировки государств - членов ЕАЭС), направляют информацию о приемке ввезенных товаров в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ввоза товаров на территорию Республики Казахстан, сформированную на основании полученных в ИС МПТ сведений о трансграничной отгрузке товаров.";

      пункт 42 изложить в следующей редакции:

      "42. Приемка обувных товаров осуществляется участником оборота обувных товаров путем подписания Акта приема/передачи в течение 5 (пяти) рабочих дней с даты, когда осуществлена фактическая приемка товара, который подписывается ЭЦП и передается в ИС МПТ.";

      дополнить главой 10-1 следующего содержания:

      "Глава 10-1. Порядок обмена сведениями в ИС МПТ в трансграничной торговле при взаимном признании кодов

      54-1. До фактического трансграничного перемещения маркированных товаров с территории Республики Казахстан на территорию государства-члена ЕАЭС, участник оборота товаров, отправляющий товар из Республики Казахстан, подает в ИС МПТ сведения о трансграничной отгрузке с указанием сведений о себе, резиденте государства-члена ЕАЭС, получающим товар, а также о товарах и кодах маркировки.

      54-2. Сведения о маркированных товарах направляются Оператором в систему маркировки государства-члена ЕАЭС в порядке и сроки, установленном международными договорами и решениями Евразийской экономической комиссии, а также двусторонними соглашениями между национальными операторами (администраторами) государств-членов ЕАЭС.

      54-3. При подтверждении контрагентом из стран-членов ЕАЭС приемки товаров участник оборота товаров формирует документ "Приемка товаров ЕАЭС" в ИС МПТ, и удостоверяет его своей ЭЦП.

      После формирования документа "Приемка товаров ЕАЭС" коды маркировки выводятся из оборота по причине экспорта в ЕАЭС.".

      2. Комитету индустриального развития Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Сноска. Пункт 4 – в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 08.06.2022 № 323 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      исполняющий обязанности
министра индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
М. Карабаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан