Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қазанда № 24624 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.05.2022 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.05.2022 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министірінің
2021 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 518 Бұйрықпен
бекітілген

Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.05.2022 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабы 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және аяқ киім тауарларын таңбалау мен оларды Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі қадағалау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.05.2022 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай қысқартулар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) агрегаттау – жасалатын көліктік қаптаманы ашу қажеттілігінсіз тауар өткізу тізбегі бойынша аяқ киім тауарлары қозғалысының қадағалануын қамтамасыз ету мақсатында әрбір салынған қаптаманың сәйкестендіру кодтарының жасалатын көліктік қаптаманың сәйкестендіру кодымен өзара байланысы туралы ақпаратты сақтаумен және көліктік қаптамаға тиісті сәйкестендіру құралын енгізумен таңбаланған аяқ киім тауарларын (тұтыну қаптамасындағы аяқ киім тауарларын) аяқ киім тауарларының бірінші деңгейдегі көліктік қаптамаларына, сондай-ақ бірінші деңгейдегі көліктік қаптамаларды кейінгі деңгейдегі көліктік қаптамаларға жинақтау процесі;

      2) аяқ киім тауарлары – ЕАЭО СЭҚ ТН 6401 - 6405 кодтары бойынша "Аяқ киім" тауар тобына жататын және фасоны мен өлшеміне, нақты мақсатына, өндіру тәсіліне немесе оның дайындалған материалдарына қарамастан, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35129 болып тіркелген) (бұдан әрі - Бұйрық) айқындалатын Таңбалануға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген аяқ киімнің әртүрлі түрлерін айқындайтын өнім;

      3) аяқ киім тауарлары айналымына қатысушылар – аяқ киім тауарларын айналымға енгізуді, айналымды және (немесе) айналымнан шығаруды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды тұлғалар немесе жеке тұлғалар;

      4) аяқ киім тауарларының айналымы – аяқ киім тауарларын Қазақстан Республикасына әкелу, сақтау, тасымалдау, алу және беру, оның ішінде оларды Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу және өткізу (сату);

      4-1) аяқ киім тауарларын әкету туралы хабарлама – ТТҚ АЖ жеке кабинетінде сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтерді сканерлеу, қолмен енгізу немесе файлдан жүктеу арқылы және (немесе) электрондық өзара іс-қимыл интерфейсін пайдалана отырып, осындай мәліметтерді беру арқылы ТТҚ АЖ тауарлардың экспорты туралы мәліметтерді беру мақсатында қалыптастырылатын электрондық құжат;

      5) таңбаланған аяқ киім тауарларын айналымнан шығару – таңбаланған аяқ киім тауарларын жеке тұлғаға жеке өзі тұтынуы үшін деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау - касса машинасы арқылы өткізу (сату);

      6) аяқ киім тауарларын қайта таңбалау (бұдан әрі - қайта таңбалау) – бұрын салынған сәйкестендіру құралдарының жоғалуына немесе бүлінуіне байланысты осы Қағидаларға сәйкес сәйкестендіру құралдарын тұтыну қаптамасына немесе тауарларға немесе аяқ киім тауарларының тауарлық заттаңбасына қайта салу;

      7) аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралы – аяқ киім тауарларына немесе тұтыну қаптамасына немесе аяқ киім тауарларының тауарлық жапсырмаларына түсіру үшін екі өлшемді матрицалық штрих код түрінде ұсынылған, машинамен оқылатын нысандағы аяқ киім тауарларын таңбалау коды;

      8) аяқ киім тауарларының көліктік қаптамасы – тасымалдау кезінде аяқ киім тауарларын зақымданудан қорғау мақсатында оларды сақтау және тасымалдау үшін пайдаланылатын және дербес көлік бірлігін құрайтын қаптама;

      9) аяқ киім тауарларының қалдықтары – міндетті таңбалау енгізілетін күнге дейін Қазақстан Республикасының аумағында айналымға енгізілген аяқ киім тауарлары;

      10) аяқ киім тауарларының тұтыну қаптамасы (бұдан әрі - тұтыну қаптамасы) – аяқ киім тауарын бастапқы қаптауға және түпкілікті тұтынушыға өткізуге арналған қаптама;

      11) бағдарламалық - аппараттық кешен (бұдан әрі - БАК) – аяқ киім тауарларының таңбалануына және бақылануына байланысты белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдардың жиынтығы;

      12) деректерді беру хаттамасы – ақпарат топтамаларының құрылымына және деректерді беру желісінің құрылғылары арасында ақпарат топтамаларымен алмасу алгоритміне қойылатын талаптардың формаланған жиынтығы;

      13) ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;

      14) ЕАЭО СЭҚ ТН коды – ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды;

      15) ЖСН немесе БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      16) импорттаушы – ЕАЭО кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелуді, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелуді жүзеге асыратын аяқ киім тауарларының айналымына қатысушы;

      17) комиссионер – Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 41 және 43-тарауларына сәйкес жасалған (Ерекше бөлім) комиссия/тапсырма шарты шеңберінде комитент/сенім білдіруші атынан аяқ киім тауарларын өткізетін жеке немесе заңды тұлға;

      18) көліктік қаптаманың сәйкестендіру коды – аяқ киім өнімдерінің әрбір жеке көліктік қаптамасы үшін бірегей символдар комбинациясы;

      19) қабылдау/беру актісі – Қазақстан Республикасының аумағында сәйкестендіру құралдарымен таңбаланған тауарлардың айналымы кезінде сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтерді тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіндегі (бұдан әрі - ТТҚ АЖ) беру мақсатында қалыптастырылатын электрондық құжат;

      20) қолдану коды – 2 (екі) немесе одан да көп белгіден тұратын, элементтік жолдың басында орналасқан және префикстен кейінгі деректер ашық жолының мақсаты мен форматын нақты айқындайтын префикс;

      21)өндіруші – аяқ киім тауарларын кейіннен өткізу үшін өндіретін жеке немесе заңды тұлға;

      22) таңбаланған аяқ киім тауарлары – сәйкестендіру құралдары басылған және олар туралы анық мәліметтер (оның ішінде оларға басылған сәйкестендіру құралдары және (немесе) сәйкестендіру құралдарын қамтитын материалдық жеткізгіштер туралы мәліметтер) ТТҚ АЖ-да қамтылған аяқ киім тауарлары;

      23) таңбалау коды – аяқ киім тауарларының тұтыну қаптамасын сәйкестендіру мақсаттары үшін Оператор қалыптастыратын тауарды сәйкестендіру коды мен тексеру кодынан тұратын символдардың бірегей тізбегі;

      24) тапсырыстарды басқару станциясы (бұдан әрі - ТБС) – сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалауға жататын тауарлар айналымына қатысушыға тапсырыстармен жұмыс істеу үшін интерфейс ұсынатын және оператор ұсынатын сервис ретінде айналымға қатысушылардың сұрау салуы бойынша қашықтан қол жеткізуге болатын эмиссияға арналған тапсырмаларды басқаруға және таңбалау кодтарын жазуға мүмкіндік беретін серверлік қосымша;

      25) тауарды сәйкестендіру коды – тауар коды (GTIN) мен тауардың жеке сериялық нөмірінің бірегей комбинациясы болып табылатын символдар тізбегі;

      26) тауардың жеке сериялық нөмірі – тауарлардың номенклатуралық тобы шеңберінде тауар бірлігін бірегей сәйкестендіретін символдық бірізділік;

      27) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы (бұдан әрі - Оператор) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, тауарлардың ұлттық каталогын әзірлеуді, жүргізуді және өзекті етуді қоса алғанда, тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесін әзірлеуді, әкімшілендіруді, қолдап отыруды және пайдаланушылық қолдауды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      28) тексеру коды – тауардың сәйкестендіру кодын криптографиялық түрлендіру нәтижесінде қалыптастыратын және сәйкестендіру кодын бұрмалауды анықтауға мүмкіндік беретін символдардың тізбегі;

      29) ТТҚ АЖ – сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалануға жататын тауарларды таңбалау процестерін және олардың айналым процесінде одан әрі қадағалануын қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйе;

      30) ТТҚ АЖ қатысушылар тізілімі – ТТҚ АЖ-да тіркелген сәйкестендіру құралдарымен міндетті түрде таңбалауға жататын тауарлар айналымына қатысушылардың тізбесі;

      31) ұлттық оператор – таңбалау кодтарын, сәйкестендіру құралдарын дайындауды және (немесе) генерациялауды және (немесе) өткізуді (сатуды) жүзеге асыратын және (немесе) таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық компонентінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті ұйымы;

      32) ТТҚ АЖ-дан құжаттар тізілімі – сәйкестендіру құралдарымен міндетті түрде таңбалауға жататын тауарлар айналымына қатысушылар қалыптастырған, ТТҚ АЖ-да тіркелген құжаттардың тізбесі;

      33) ТТҚ АЖ-дан қатысушылардың уәкілетті тұлғаларының тізілімі – ТТҚ АЖ-да тіркелген, сәйкестендіру құралдарымен міндетті түрде таңбалауға жататын тауарлар айналымына қатысушылардың уәкілетті тұлғаларының тізбесі;

      34) ТТҚ АЖ-дан тауарлар тізілімі – сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалануға жататын тауарлар айналымына қатысушылар қалыптастырған, ТТҚ АЖ-да тіркелген тауарлардың тізбесі;

      35) ТТҚ АЖ сәйкестендіру құралдарының тізілімі – сәйкестендіру

      құралдарымен міндетті таңбалауға жататын тауарлар айналымы қатысушыларымен тіркелген сәйкестендіру құралдарының ТТҚ АЖ-да тізбесі;

      36) фискалдық деректер операторы (бұдан әрі - ФДО) – ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша салық органдарына жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлға;

      37) электрондық өзара іс-қимыл интерфейсі – аяқ киім тауарларының айналымына қатысушылардың бағдарламалық-аппараттық құралдары мен ТТҚ АЖ өзара іс-қимыл жасау тәсілдерінің сипаттамасы;

      38) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы;

      39) ASSІI – (American Standard Code for Information Interchange) – баспа және баспа емес символдарға сандық кодтар сәйкес келетін ақпаратты кодтау әдісі;

      40) DataMatrix - мәтін немесе басқа түрдегі деректерді кодтауға арналған, төртбұрыш немесе шаршы түріндегі топта орналастырылған, шаршы нысанында салынған, қара-ақ элементтер немесе түрлі жарықтық дәрежесіндегі элементтерді білдіретін екі өлшемді матрицалық штрих код;

      41) DataMatrix ЕСС200 – қателіктердің алдын алу және зақымдалған ақпаратты қалпына келтіру технологиясын қолданатын DataMatrix нұсқасы, кодта 30 пайызға дейін зақымдану болған жағдайда кодталған ақпараттың барлық тізбегін қалпына келтіруге мүмкіндік береді, бұл қателіктердің пайда болу жиілігі 1 миллионнан 10 миллион сканерленген таңбадан аз;

      42) GS1 – логистикалық бірліктерді есепке алуды стандарттау және штрихтік кодтау саласындағы халықаралық ұйым;

      43) GS1-128 – кәсіпорындар арасында жүк туралы ақпаратты беруге арналған GS1 стандарттау жөніндегі жаһандық ұйымның штрих-код форматы;

      44) GTIN (Global Trade Item Number) – GS1 жүйесінің стандарттарында белгіленген қағидаларға сәйкес, оны әлемдік экономикалық кеңістікте бір мәнді сәйкестендіру мақсатында GS1 ұлттық (өңірлік) ұйымы тауарлар тобына беретін жаһандық сәйкестендіру нөмірі. Тауарларды таңбалау және олардың қадағалануы ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - ТТҚ АЖ) тауар коды ретінде пайдаланылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 13.02.2024 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Аяқ киім тауарларын айналымға енгізу оларға сәйкестендіру құралдарын енгізу және аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау, олардың айналымы және Қазақстан Республикасының аумағындағы айналымнан шығару туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға беру арқылы жүзеге асырылады.

      Сәйкестендіру құралдарымен таңбаланбаған аяқ киім тауарлары қалдықтарының айналымына және айналымнан шығаруға жол берілмейді.

      Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін (сатылатын) аяқ киім тауарларының қалдықтарын таңбалау 2024 жылғы 1 маусымға дейін жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 13.02.2024 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімде, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 1 наурыздағы № 230-VІ Заңымен ратификацияланған (бұдан әрі - Келісім) және "Аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 8 тамыздағы № 72 шешімімен (бұдан әрі - Шешім) белгіленген жағдайларда, Қазақстан Республикасында ЕАЭО-ға мүше өзге мемлекеттердің ұлттық операторлары эмитенті болатын сәйкестендіру құралдарын (бұдан әрі - ЕАЭО сәйкестендіру құралдары) тану қамтамасыз етіледі.

2-тарау. Аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды жүзеге асыратын айналымға қатысушылар

      5. Өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды тауарды жаңа меншік иесіне немесе өзге тұлғаға бастапқы өтеулі немесе өтеусіз бергенге дейін жүзеге асырады.

      Импорттаушы және уәкілетті экономикалық оператор Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген аяқ киім тауарларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін немесе аяқ киім тауарларын ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырғанға дейін таңбалауды қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті экономикалық операторды қоспағанда, импорттаушыға тауарларын "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 18-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі – ҚР ӨКМ) бекітетін Таңбалауға жататын аяқ киім тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге тауарларды ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығару рәсімімен орналастырғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларының тізбесіне енгізілген импорттаушының өз қойма үй-жайларында ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығару рәсіміне орналастырғаннан кейін оларды таңбалауды жүзеге асыруға рұқсат етіледі. Таңбалауға жататын аяқ киім тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге тауарларды ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығару рәсімімен орналастырғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларының тізбесіне осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген (бұдан әрі – Тізбе) таңбалауға жататын аяқ киім тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге тауарларды ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығару рәсімімен орналастырғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларына қойылатын талаптарға (бұдан әрі – қойма үй-жайларына қойылатын талаптар) сәйкес келетін қойма үй-жайлары енгізіледі.

      Тізбе импорттаушы – қойма үй-жайы иесінің атауы, ЖСН немесе БСН, қойма үй-жайының мекенжайы туралы мәліметтерді қамтиды.

      Комиссионер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 43-тарауына сәйкес жасалған комиссия шарттары шеңберінде жеке тұлғалардан сатуға қабылданатын аяқ киім тауарларын таңбалауды қамтамасыз етеді.

      Аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдары жоғалған немесе бүлінген жағдайда, аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы сатып алу-сату мәмілелері шеңберінде жеткізілетін (өткізілетін), оның ішінде тұтынушы оларды қайтарғаннан кейін сатуға (сатуға) ұсынылатын бұрын таңбаланған аяқ киім тауарларын таңбалауды (қайта таңбалауды), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 41 және 43-тарауларына сәйкес жасалған комиссия/тапсырма шарттары шеңберінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде аяқ киім тауарлары айналымына қатысушылардың қызметін жүзеге асырудың техникалық шарттары

      6. ТТҚ АЖ-дағы аяқ киім тауарлары айналымына қатысушылардың қызметін жүзеге асыру шарттары:

      1) ЭЦҚ;

      2) байланыс арналары бойынша ТТҚ АЖ-ға қосылған, Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейс шарттарына сәйкес сәйкестендіру құралдарын агрегаттау туралы ақпаратты (агрегаттауды қолдану жағдайда), сондай-ақ ТТҚ АЖ-да таңбаланған аяқ киім тауарларының айналымы және (немесе) айналымнан шығару туралы мәліметтерді кейіннен ТТҚ АЖ-ға жібере отырып, таңбалау кодтарын алу, таңбалау кодтарын пайдалану туралы мәліметтерді жіберу бөлігінде Операторға деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін БАК-тің болады.

      Мұндай БАК болмаған немесе ТТҚ АЖ-мен интеграция болмаған кезде аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы операторға мәліметтерді ТТҚ АЖ-ның жеке кабинеті арқылы ұсынады.

      3) ТБС-ға қолжетімділік (Оператор аяқ киім тауарларының айналымына қатысушыны ТТҚ АЖ-да тіркеу нәтижелері бойынша ұсынады);

      7. Бөлшек саудада өткізуді, оның ішінде жеке тұлғалардан алынған тауарлардың комиссиялық саудасын жүзеге асыратын аяқ киім тауарлары айналымына қатысушылар осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген шарттардан басқа, мынаны қамтамасыз етеді:

      1) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы;

      2) бақылау-касса машинасымен ұштасқан аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарын сканерлеу және тану құрылғысы;

      3) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22, 23 және 24-тарауларына сәйкес фискалдық деректер операторымен жасалған әрбір өткізілген бірлік бойынша бақылау-касса техникасын пайдалана отырып, таңбаланған аяқ киім тауарларын айналымнан шығару туралы мәліметтерді беру жөніндегі шарт болады.

      8. Өндірушілер мен импорттаушылар:

      1) таңбаланған аяқ киім тауарларын айналымға енгізуге және (немесе) олардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру басталғанға дейін өзінің тіркелуін, сондай-ақ сәйкестендіру құралдарымен міндетті түрде таңбалауға жататын аяқ киім тауарларын ТХК АЖ-да тіркеуді жүзеге асырады;

      2) Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсіне қойылатын талаптарға сәйкес ТТҚ АЖ-мен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауға БАК-тің (бар болған жағдайда) дайындығын қамтамасыз етеді;

      3) нақты уақыт режимінде сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалауға жататын аяқ киім тауарларын таңбалау, таңбаланған аяқ киім тауарларын айналымға енгізу, олардың айналымы және айналымнан шығару туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға енгізеді.

      9. Таңбаланған аяқ киім тауарларын көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын аяқ киім тауарларының айналымына қатысушылар:

      1) таңбаланған аяқ киім тауарларының айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру қажеттілігі туындаған күннен бастап осы Қағидаларға сәйкес ТТҚ АЖ-да өзінің тіркелуін жүзеге асырады;

      2) Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсіне қойылатын талаптарға сәйкес ТТҚ АЖ-мен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауға БАК-тің (бар болған жағдайда) дайындығын қамтамасыз етеді;

      3) нақты уақыт режимінде сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалауға жататын аяқ киім тауарларын таңбалау (қажет болған жағдайда), сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес таңбаланған аяқ киім тауарларының айналымы және (немесе) айналымнан шығару туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға енгізеді.

      10. Таңбаланған аяқ киім тауарларын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын аяқ киім тауарлары айналымына қатысушылар:

      1) таңбаланған аяқ киім тауарларын айналымнан шығаруға және айналымға қайта енгізуге, сондай-ақ бұрын таңбаланған аяқ киім тауарларын таңбалауға (қайта таңбалауға) байланысты қызметті жүзеге асыру басталғанға дейін ТТҚ АЖ-да тіркеледі;

      2) Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсіне қойылатын талаптарға сәйкес ТТҚ АЖ-мен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауға БАК-тің (бар болған жағдайда) дайындығын қамтамасыз етеді;

      3) екі өлшемді DataMatrix кодын оқу мүмкіндігіне сәйкестендіру құралдарын сканерлеу және тану құрылғыларына тексеру жүргізеді;

      4) ТТҚ АЖ-ға сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалауға жататын аяқ киім тауарларын таңбалау туралы (қажет болған жағдайда), сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес таңбаланған аяқ киім тауарларын айналымнан шығару туралы мәліметтерді енгізеді.

4-тарау. Аяқ киім тауарлары айналымына қатысушыларды тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу тәртібі

      11. Аяқ киім тауарларының айналымына қатысушыларды ТТҚ АЖ-да тіркеуді және оларға жеке кабинетке қолжетімділікті ұсынуды Оператор бірінші басшының немесе жеке кәсіпкердің ЭЦҚ қойылған мәліметтер негізінде жүзеге асырады:

      1) ұйымның ЖСН немесе БСН;

      2) ұйымның заңды (нақты) мекенжайы;

      3) тауар айналымына қатысушыны тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органы коды;

      4) ұйымның банктік деректемелері (банкте шоты болған кезде);

      5) аяқ киім тауарларының айналымына қатысу үлгісі (өндіруші және (немесе) импорттаушы және (немесе) көтерме сауда және (немесе) бөлшек сауда ұйымы);

      6) тауарлар айналымына қатысушының байланыс деректері: электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі.

      Айналымға қатысушы оның атынан ТТҚ АЖ-ға мәліметтерді ұсынуға және сұратуға құқығы бар уәкілетті тұлғаларды айқындайды.

      Осындай құқық берілген уәкілетті тұлғалар жеке кабинетте осы ұйымның қызметкеріне берілген ЭЦҚ арқылы авторизацияланады.

      12. Аяқ киім тауарларының айналымына қатысушыға ТТҚ АЖ-да мынадай жағдайларда тіркеуден бас тартылады:

      1) аяқ киім тауарлары айналымына қатысушыға берілген, ТТҚ АЖ-да тіркеу кезінде көрсетілген аяқ киім тауарлары айналамына қатысушының ЖСН-на немесе БСН-на сәйкес келмейтін ЖСН немесе БСН қамтитын ЭЦҚ-ны пайдалану;

      2) аяқ киім тауарларының айналымына қатысушы ТТҚ АЖ-да тіркелген болса.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 20.04.2023 № 269 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Аяқ киім тауарларының айналымына қатысушыны ТТҚ АЖ-да тіркеу нәтижелері бойынша Оператор 24 сағат ішінде:

      1) тіркеу туралы ақпаратты тіркеу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жібереді;

      2) аяқ киім тауарлары айналымына қатысушыны ТТҚ АЖ-да қатысушылар тізіліміне енгізеді;

      3) ТАҚ-қа ТТҚ АЖ-да жеке кабинетке қолжетімділік береді.

5-тарау. Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде аяқ киім тауарларын тіркеу тәртібі

      14. Аяқ киім тауарларын ТТҚ АЖ-да тіркеу:

      1) өндірушімен (келісімшарттық өндіріс шеңберінде өндірілетін аяқ киім тауарларын қоса алғанда) - Қазақстан Республикасының аумағында аяқ киім тауарларын өндіру кезінде;

      2) импорттаушымен (Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін) - аяқ киім тауарларын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде өндіру кезінде;

      3) мыналар:

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 41 және 43-тарауларына сәйкес жасалған тапсырма немесе комиссия шарттары шеңберінде жеке тұлғалардан аяқ киім тауарларын алу;

      бөлшек сауда ұйымы Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңына сәйкес аяқ киім тауарларына оларда сәйкестендіру құралы (айналымнан шығарылған тауарларды қайта таңбалау) болмаған кезде аяқ киім тауарларын қайтару;

      аяқ киім тауарлары айналымына осы аяқ киім тауарларын айналымға енгізуді жүзеге асыратын қатысушымен олардың бүлінуін жоғалту немесе жою (тауарларды айналымнан шығармай тауарларды қайта таңбалау) себебі бойынша сәйкестендіру құралдарын ауыстыру;

      оларды өткізуге (сатуға) байланысты емес себептер бойынша тауарлар айналымына қатысушы бұрын айналымнан шығарған аяқ киім тауарларын, осы аяқ киім тауарларын айналымға енгізуді жүзеге асыратын аяқ киім тауарлары айналымына қатысушымен оларға басып шығарған сәйкестендіру құралы болмаған жағдайда қайтарған;

      міндетті таңбалауды енгізу сәтінде аяқ киім тауарларының таңбаланбаған қалдықтарының болуы - осы аяқ киім тауарларының айналымын және (немесе) айналымнан шығаруды жүзеге асыратын аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы.

      15. Аяқ киім тауарларын ТТҚ АЖ-да тіркеу үшін айналымға қатысушы ТТҚ АЖ-да мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) өтініш берушінің ЖСН немесе БСН;

      2) тауар коды (GTIN);

      3) тауар өндіруші туралы мәліметтер;

      4) ЕАЭО СЭҚ ТН коды;

      5) аяқ киімнің түрі;

      6) тауардың саудалық атауы;

      7) тауар туралы мәліметтер (бренд, аяқ киімнің түсі, өлшемі, моделі, аяқ киімнің үстіңгі жағы материалының түрі, аяқ киімнің төменгі жағы материалының түрі, аяқ киімнің астары материалы).

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.05.2022 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Аяқ киім тауарларының қалдықтарын тіркеу және қайта таңбалау үшін айналымға қатысушы ТТҚ АЖ-да мынадай ең аз мәліметтерді көрсетеді:

      1) өтініш берушінің ЖСН немесе БСН;

      2) аяқ киімнің түрі;

      3) тауардың саудалық атауы.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.05.2022 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. ТТҚ АЖ-де аяқ киім тауарлары туралы мәліметтерді тіркеу мынадай жағдайларда мүмкін емес:

      1) тауардың осындай коды (GTIN) бар аяқ киім тауары ТТҚ АЖ-да тіркелген;

      2) тауар коды (GTIN) GS1-Kazakhstan ақпараттық ресурсының деректері бойынша айналым қатысушының пайдалануына жатпайды;

      3) GS1 ақпараттық ресурсының деректері бойынша тауар коды (GTIN) жоқ.

      18. Аяқ киім тауарларын ТТҚ АЖ-да тіркеу нәтижелері бойынша Оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған мәліметтерді тауарлар тізіліміне енгізеді және аяқ киім тауарларының айналымына қатысушыға ТТҚ АЖ-да тауарларды тіркеу туралы ақпаратты жібереді.

6-тарау. Аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралының сипаттамасы

      19. Аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралы DataMatrix GS1 машиналық оқуға жарамды екі өлшемді штрих код түрінде аяқ киім тауарларына, немесе аяқ киім тауарларының тұтыну қаптамасына немесе аяқ киім тауарларының тауарлық жапсырмасына қолданылады.

      Сәйкестендіру құралдарын аяқ киім тауарларына және (немесе) аяқ киім тауарларының тұтыну орамдарына және (немесе) тауар таңбаларына салу сапасына қойылатын техникалық шарттар:

      ЕСС-200 қателерін түзету әдісін пайдалана отырып баспамен енгізу;

      ASCII кодтауды қолдану.

      Аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралы үшін 20 (жиырма) мм х 20 (жиырма) мм өлшемі белгіленеді.

      20. Аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралы төрт деректер тобын қамтитын таңбалау кодын қамтиды, оның алғашқы екі деректер тобы аяқ киім тауарының сәйкестендіру кодын құрайды:

      таңбалау коды жолының басында символизм белгісі болуы керек деректер матрицасы GS1 FNC1 (ASCII 232);

      бірінші деректер тобы 01 қолдану кодымен сәйкестендіріледі және 14 (он төрт) цифрлық символдан тұратын сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірін (GTIN) қамтиды;

      екінші деректер тобы 21 қолдану кодымен сәйкестендіріледі және 13 (он үш) цифрлық немесе әріптік-цифрлық реттілік символдарынан (латын әліпбиінің әріптерінен), сондай-ақ арнайы символдардан тұратын аяқ киім тауары бірлігінің жеке сериялық нөмірін қамтиды. Бірінші символ ретінде осы код шығарылған елдің сәйкестендіргіші көрсетіледі (3 – Қазақстан Республикасы) және осы топ ASCII 29 бөлгіш-символымен аяқталады;

      үшінші деректер тобы 91 қолдану кодымен сәйкестендіріледі және 4 (төрт) цифрлық немесе әріптік-цифрлық реттілік символдардан (латын әліпбиінің әріптерінен) тұратын тексеру кілтін қамтиды. Бұл топ үшін соңғы символ ретінде ASCII символдар кестесінде 29 (жиырма тоғыз) коды бар арнайы бөлгіш символ қолданылады;

      төртінші деректер тобы 92 қолдану кодымен сәйкестендіріледі және 88 (сексен сегіз) цифрлық немесе әріптік-цифрлық реттілік символдардан (латын әліпбиінің әріптерінен), сондай-ақ арнайы символдардан тұратын тексеру кодын қамтиды.

      21. Көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодын аяқ киім тауарларының айналымына қатысушы ISO/IEC 15418-2013 сәйкес GS1-128 халықаралық стандартына сәйкес келетін бір өлшемді штрих код түрінде, Serial Shipping Container Code (SSCC-код) түріндегі көлік қаптамасының бірегей сәйкестендіргішімен ұсынады және AI=’00’ қолдану кодымен сәйкестендіріледі. Көліктік қаптаманың сәйкестендіру кодының құрамын аяқ киім тауарларын көліктік қаптамаға агрегаттауды жүзеге асыратын аяқ киім тауарларының айналымына қатысушы айқындайды.

      22. Штрих-код форматындағы сәйкестендіру құралдары:

      1) 10 000-нан (он мың) 1-ден (бір) кем сәйкестендіру құралын таңдау арқылы қолдан жасау ықтималдығын;

      2) DataMatrix ECC200 деңгейінде немесе одан жоғары қателерді тану және түзету функциясын қамтамасыз етеді.

      23. ТТҚ АЖ аяқ киім тауарларының қаптамасына басылған сәйкестендіру құралындағы таңбалау кодын қайта қалыптастыруға (генерациялауға) жол бермейді.

      24. Аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды қамтамасыз ету үшін аяқ киім тауарларының айналымына қатысушы Операторға ТТҚ АЖ арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша таңбалау кодтарын алуға сұрау салу (бұдан әрі-сұрау салу) жібереді.

      Таңбалау кодтарын беруден мынадай жағдайларда бас тартылады:

      1) аяқ киім тауарларының айналымына қатысушы ТТҚ АЖ-да тіркелмеген;

      2) ұсынылған сәйкестендіру коды бұрын ТТҚ АЖ-да тіркелген;

      3) тауар коды ТТҚ АЖ-да тауарлар тізілімінде тіркелмеген және оны мәлімдеген тауарлар айналымына қатысушының пайдалануына жатпайды;

      4) тауар коды "Аяқ киім тауарлары" тауар тобына сәйкес келмейді.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. ТТҚ АЖ-да сұрау салу тіркелген сәттен бастап Оператор 4 (төрт) сағат ішінде:

      1) аяқ киім тауарларының айналымына қатысушыдан алынған деректер негізінде криптографиялық қорғау алгоритмдерін қолдана отырып, сұрау салуда көрсетілген таңбалау кодтарының санының эмиссиясын жүзеге асырады (генерациялайды);

      2) ТТҚ АЖ сәйкестендіру құралдарының тізіліміне тиісті сәйкестендіру кодтарын қамтиды;

      3) аяқ киім тауарларының айналымына қатысушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығарылған таңбалау кодтарының құрамы туралы мәліметтер береді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Аяқ киім тауарларының айналымына қатысушы таңбалау кодтарын алған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күнінен кешіктірмей оларды сәйкестендіру құралдарына айналдырады, оларды тұтыну қаптамасына немесе тауарларға немесе аяқ киім тауарларының тауарлық жапсырмасына енгізуді қамтамасыз етеді.

      Аяқ киім тауарларының айналымына қатысушы осы тармақта көзделген мерзімдерде пайдаланбаған таңбалау кодтары жойылады.

      27. Таңбалау кодын ұсыну бойынша қызмет айналым қатысушысының шығарылған таңбалау кодтарын пайдалануы туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-да тіркеу сәтінде Оператор көрсеткен болып танылады.

7-тарау. Сәйкестендіру құралдарын енгізу тәртібі

      28. Аяқ киім тауарлары Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, айналымда болған және қайтарылған жағдайларда, аяқ киім тауарларына, аяқ киім тауарларының тұтыну қаптамаларына немесе аяқ киім тауарларының тауарлық жапсырмаларына сәйкестендіру құралдарын енгізу осындай тауарларды өндіру немесе сақтау орындарында, ал әкелінген жағдайда – Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын іс жүзінде кесіп өткенге дейін, ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырылғанға дейін жүзеге асырылады. Сәйкестендіру құралдарын қойма үй-жайларына қойылатын талаптарға сәйкес келетін және Тізбеге енгізілген импорттаушының меншікті қойма үй-жайларында ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығару рәсіміне аяқ киім тауарларын орналастырғаннан кейін аяқ киім тауарларына немесе аяқ киім тауарларының тұтыну қаптамаларына немесе аяқ киім тауарларының тауар жапсырмаларына салуға рұқсат етіледі.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Сәйкестендіру құралы сәйкестендіру құралын аяқ киім тауарынан, аяқ киім тауарының тұтыну қаптамасынан немесе аяқ киім тауарларының тауарлық жапсырмасынан зақымдамай бөлуге жол бермейтін және басқа ақпаратпен жаппайтын әдіспен енгізіледі.

      Бұл ретте сәйкестендіру құралы аяқ киім тауарларына, аяқ киім тауарларының тұтыну қаптамаларына немесе аяқ киім тауарларының тауарлық жапсырмасына басылған ақпараттың бүтіндігін бұзбай орналастырылады.

      30. Аяқ киім тауарларын көліктік қаптамаға агрегаттағаннан кейін агрегатталған қаптаманы аяқ киім тауарлары айналымының келесі қатысушысына бергенге дейін аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТТҚ АЖ-ға агрегаттау туралы ақпаратты ұсынады.

      Көліктік қаптама аяқ киім тауарларын біріктіру мақсатында және қажет болған жағдайда тұтыну қаптамасына жинау үшін, сондай-ақ басқа да мөлшері (көлемі) аз көліктік қаптамаларды бір көліктік қаптамаға шоғырландыру үшін қолданылады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Аяқ киім тауарларының айналымына қатысушылар көліктік қаптамадағы таңбаланған аяқ киім тауарлары бөлігінің айналымы немесе айналымнан шығарылуы туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-да ұсынған жағдайда, ТТҚ АЖ-да көліктік қаптамадан алынған аяқ киім тауарының бірлігін қамтыған көліктік қаптаманың таралуы тіркеледі.

      32. Аяқ киім тауарларын басқа көліктік қаптамаға ауыстырған жағдайда, айналымға қатысушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ТТҚ АЖ-да агрегаттау туралы ақпарат береді. Бұл ретте ТТҚ АЖ-да алынған өнімі бар барлық қаптамаларды тарату тіркеледі.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Оператор аяқ киім тауарларын агрегаттау туралы мәліметтерді алғаннан кейін олардың ТТҚ АЖ-де сәйкестендіру құралдарының тізілімінде көрсетілуін, сондай-ақ ТТҚ АЖ-да аяқ киім тауарларының айналымына қатысушыларға осы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

8-тарау. Таңбаланған аяқ киім тауарларын Қазақстан Республикасының аумағында айналымға енгізу кезінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне мәліметтер ұсыну тәртібі

      34. Таңбаланған аяқ киім тауарларын Қазақстан Республикасының аумағында айналымға енгізу:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында аяқ киім тауарларын өндіру кезінде - аяқ киім тауарларын өндірушіден жаңа меншік иесіне не өзге тұлғаға иеліктен шығару мақсатында немесе оларды тарату және (немесе) пайдалану үшін қолжетімді ететін кейіннен өткізу үшін бастапқы өтеулі немесе өтеусіз беру;

      2) аумағында аяқ киім тауарларын міндетті таңбалау енгізілмеген ЕАЭО - ға мүше мемлекеттердің аумағынан аяқ киім тауарларын әкелу кезінде, сондай - ақ аумағында аяқ киім тауарларын міндетті таңбалау енгізілген ЕАЭО - ға мүше мемлекеттердің аумағынан таңбалау кодтарын өзара тануға дайын болғанға дейін - ТТҚ АЖ-ға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына аяқ киім тауарларын әкелу туралы мәліметтерді енгізу кезінде импорттаушы мәлімдеген сәйкестендіру кодтарын растау туралы мәліметтерді жіберу нәтижелері бойынша әкелінген аяқ киім тауарын;

      3) аумағында аяқ киім тауарларын міндетті таңбалау енгізілген ЕАЭО - ға мүше мемлекеттердің аумағынан аяқ киім тауарларын әкелу кезінде (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер таңбалау кодтарын өзара тануға дайын болғаннан кейін) - қабылданған тауарға түсірілген сәйкестендіру құралдарындағы сәйкестендіру кодтарын қабылдау туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға жіберу нәтижелері бойынша әкелінген аяқ киім тауарларын есепке алу және олар туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің тауарларын таңбалау ақпараттық жүйесінің Ұлттық құрамдауышы операторы;

      4) аяқ киім тауарларын ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелу кезінде – кеден органдарының аяқ киім тауарларын ішкі тұтыну үшін ТТҚ АЖ-ға ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасына аяқ киім тауарларын әкелу туралы мәліметтерді енгізу нәтижелері бойынша шығаруы;

      5) дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалардан алынған аяқ киім тауарларының комиссиялық саудасы кезінде - осы жеке тұлғалармен жасалған комиссия/тапсырма шарттары негізіндеаяқ киім тауарларына және (немесе) аяқ киім тауарларының тұтыну орамдарына немесе аяқ киім тауарларының тауарлық жапсырмаларына сәйкестендіру құралдарын оларды кейіннен өткізу мақсатында салу;

      6) таңбалауға жататын аяқ киім тауарларының қалдықтарын таңбалау кезінде - жаңа меншік иесіне иеліктен айыру мақсатында немесе кейіннен өткізу үшін оларды тарату және (немесе) пайдалану үшін қолжетімді ететін аяқ киім тауарларына және (немесе) тұтыну орамаларына немесе аяқ киім тауарларының тауарлық жапсырмаларына сәйкестендіру құралдарын салу болып табылады.

      35. Аумағында аяқ киім тауарларын міндетті таңбалау енгізілмеген, сондай – ақ аумағында аяқ киім тауарларын міндетті таңбалау енгізілген, бірақ таңбалау кодтары өзара тану жоқ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына аяқ киім тауарларын әкелуді жүзеге асыратын аяқ киім тауарлары айналымына қатысушылар аяқ киім тауарларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға енгізеді, Қазақстан мемлекеттер аумағынан - осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЕАЭО мүшелері оған ЭЦҚ-мен қол қояды және әкелінген тауарды іс жүзінде есепке қабылдаған сәттен бастап тіркеу нөмірін алу үшін 5 (бес) жұмыс күні ішінде ТТҚ АЖ-ға жібереді.

      Әкелінген тауарды есепке алу фактісі бойынша аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға енгізу кезінде бұрын мәлімдеген сәйкестендіру кодтарын растау туралы мәліметтерді 5 (бес) жұмыс күні ішінде ТТҚ АЖ-ға жібереді.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Аяқ киім тауарларын міндетті таңбалау енгізілген ЕАЭО - ға мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына аяқ киім тауарларын әкелуді жүзеге асыратын аяқ киім тауарлары айналымына қатысушылар (ЕАЭО - ға мүше мемлекеттердің таңбалау кодтарын өзара тану болған кезде) әкелінген тауарларды қабылдау туралы ақпаратты тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ТТҚ АЖ-да жібереді алынған тауарларды трансшекаралық жөнелту туралы мәліметтер негізінде қалыптастырылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.05.2022 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Аяқ киім тауарларын ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын аяқ киім тауарлары айналымына қатысушылар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына аяқ киім тауарларын әкелу туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға енгізеді, оған ЭЦҚ-мен қол қояды және тіркеу нөмірін алу үшін ТТҚ АЖ-ға жібереді.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы ТТҚ АЖ-дегі техникалық қателер себебі бойынша ТТҚ АЖ-ге мәліметтер енгізудің мүмкін еместігі туралы Оператордың интернет-ресурсында ақпарат расталған кезде мұндай мәліметтерді қағаз жеткізгіште ресімдеген және жіберген жағдайды қоспағанда, ТТҚ АЖ-ге аяқ киім тауарларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу туралы мәліметтерді енгізу электрондық нысанда ресімделеді.

      Техникалық қателер жойылғаннан кейін бұрын қағаз тасығышта жіберілген аяқ киім тауарларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға енгізуді импорттаушы ТТҚ АЖ-ға техникалық қателер жойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде, бірақ аяқ киім тауарын үшінші тұлғаларға берген күннен кешіктірмей енгізуге тиіс.

9-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында таңбаланған аяқ киім тауарларының айналымы кезінде ТТҚ АЖ-да мәліметтерді ұсыну тәртібі

      39. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген таңбаланған аяқ киім тауарларының айналымы Бұйрықта белгіленген сәйкестендіру құралдарымен аяқ киім тауарларын міндетті таңбалау енгізілген күннен кейін оларды өткізу туралы мәліметтерді міндетті түрде ТТҚ АЖ-ға беру арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Таңбаланған аяқ киім тауарларын өткізу кезінде аяқ киім тауарларының айналымына қатысушы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау/беру актісін қалыптастырады, оған ЭЦҚ-мен қол қояды және аяқ киім тауарларын өткізу күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тіркеу нөмірін алу үшін ТТҚ АЖ-ға жібереді.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Оператор ТТҚ АЖ-да қабылдау/беру актісін тіркеу нәтижелері бойынша осы қабылдау/беру актісі бойынша мәліметтерді, оның ішінде берілетін тауардың саны мен құны бойынша ақпаратты қамтитын осы Қабылдау/беру актісі бойынша ақпаратты нақты уақыт режимінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) ақпараттық жүйелеріне береді.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Аяқ киім тауарларын қабылдауды тауарды нақты қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Қабылдау/беру актісіне қол қою арқылы аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы жүзеге асырады, оған ЭЦҚ қол қойылады және ТТҚ АЖ-ға беріледі.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43. Аяқ киім тауарларының айналымына екі қатысушыдан ЭЦҚ қойылған Қабылдау/беру актісін алған кезде Оператор ҚР Қаржымині МКК ақпараттық жүйелеріне тауарларды қабылдау туралы мәліметтерді береді.

      44. Аяқ киім тауарларын қабылдау кезінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы - алушы анықталған сәйкессіздіктер туралы электрондық хабарламаны қалыптастырады және оны бұрын жіберілген Қабылдау/беру актісіне тиісті өзгерістер енгізу үшін жөнелтуді жүзеге асырған аяқ киім тауарлары айналымына қатысушыға жібереді.

      Жөнелтуші қабылдау/беру актісін кері қайтарып алуды осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, жаңа актіні ресімдемей, ТТҚ АЖ-да тіркелген күннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, бірақ алушы растаған кезге дейін жүзеге асырады.

      45. Анықталған алшақтықтар туралы электрондық хабарламада мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) жеткізушінің ЖСН немесе БСН;

      2) алушының ЖСН немесе БСН;

      3) қабылданған/қабылданбаған аяқ киім тауарларының сәйкестендіру кодтарының тізімі;

      4) Қабылдау/беру актісінде мәліметтері жоқ немесе дұрыс көрсетілмеген аяқ киім тауарларының сәйкестендіру кодтарының тізімі (бар болса);

      5) Қабылдау/беру актісінің деректемелері.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. Қабылдау/беру актісі, аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы ТТҚ АЖ-дегі техникалық қателер себебі бойынша ТТҚ АЖ-де Қабылдау/беру актісін ресімдеудің мүмкін еместігі туралы оператордың интернет-ресурсындағы ақпарат расталған кезде қағаз жеткізгіште Қабылдау/беру актісін ресімдеуге құқылы болған жағдайды қоспағанда, электрондық нысанда ресімделеді.

      Техникалық қателер жойылғаннан кейін бұрын қағаз жеткізгіште ресімделген қабылдау/беру актісін өнім беруші техникалық қателер жойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде, бірақ тауарды үшінші тұлғаларға берген күннен кешіктірмей ТТҚ АЖ-ға енгізуге тиіс.

      47. Жөнелтуші Қабылдау/беру актісін кері қайтарып алған жағдайда, Оператор кері қайтарып алу туралы мәліметтерді ҚР Қаржымині МКК-ге береді.

      48. ТТҚ АЖ-да таңбалау кодтарының меншік иесін ауыстыру екі тарап растаған ТТҚ АЖ-да Қабылдау/беру актісінен мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.

10-тарау. Таңбаланған аяқ киім тауарларын айналымнан шығару кезінде ТТҚ АЖ-да мәліметтерді ұсыну тәртібі

      49. Таңбаланған аяқ киім тауарларын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы аяқ киім тауарына немесе аяқ киім тауарының тұтыну қаптамасына немесе аяқ киім тауарының тауар таңбасына басылған сәйкестендіру құралдарын сканерлеу және тану арқылы ТТҚ АЖ-де оларды қабылдау туралы мәліметтер расталған жағдайда ғана, өзінде орнатылған бақылау-касса машинасымен ұштасатын техникалық құрылғылармен оларды айналымнан шығаруды жүргізеді, "Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына сәйкес тіркелген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелген).

      Аяқ киім тауарына және (немесе) аяқ киім тауарының тұтыну қаптамасына немесе аяқ киім тауарының тауарлық жапсырмасына енгізілген сәйкестендіру құралындағы сәйкестендіру коды туралы мәліметтер бақылау-касса машинасы қалыптастыратын "кассалық чек" фискалдық құжатына енгізіледі және Фискалдық деректер операторына беріледі.

      50. Фискалдық деректер операторы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22, 24 және 25-тарауларына сәйкес Оператормен жасалған шарт негізінде мынадай мәліметтерді қамтитын әрбір өткізілген тауар бірлігі бойынша нақты уақыт режимінде мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға беруді жүзеге асырады:

      1) сатушының ЖСН немесе БСН;

      2) бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірі;

      3) фискалдық құжаттың деректемелері (чектің нөмірі мен күні);

      4) өткізу күні мен бағасы;

      5) тауарға енгізілген сәйкестендіру құралындағы тауардың сәйкестендіру коды.

      51. ТТҚ АЖ-да таңбаланған аяқ киім тауарларын айналымнан шығару Фискалдық деректер операторынан алынған мәліметтер негізінде бөлшек сауда кезінде жүзеге асырылады.

      52. Аяқ киім тауарларын бөлшек саудада сату болып табылмайтын негіздер бойынша айналымнан шығару кезінде аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы аяқ киім тауарларын айналымнан шығарған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті себебін көрсете отырып, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – Нысан) ТТҚ АЖ-ға аяқ киім тауарларын айналымнан шығару туралы ақпарат береді.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. Аяқ киім тауарларын қашықтықтан сату тәсілі арқылы айналымнан шығару кезінде аяқ киім тауарларының айналымына қатысушы тұтынушыға жеткізу үшін сақтау қоймасынан аяқ киім тауарларын тиеп жіберген күннен кейінгі 3 жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті себебін көрсете отырып, Нысан бойынша ТТҚ АЖ-ға аяқ киім тауарларын айналымнан шығару туралы ақпарат береді.

      54. Көрсетілген тауарларды кейіннен өткізуге (сатуға) байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін аяқ киім тауарларын сатып алатын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар меншік құқығының сатушыдан сатып алушыға ауысуын растайтын Қабылдау-беру актісі бойынша аяқ киім тауарларын қабылдауды жүзеге асырады және аяқ киім тауарларын айналымнан шығарған күннен кейінгі 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тиісті себебін көрсете отырып, Нысан бойынша ТТҚ АЖ-ға аяқ киім тауарларын айналымнан шығару туралы ақпарат ұсынады.

10-1-тарау. Кодтарды өзара тану кезінде трансшекаралық саудада ТТҚ АЖ-да мәліметтер алмасу тәртібі

      Ескерту. Қағида 10-1-тараумен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.05.2022 № 294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54-1. Таңбаланған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына нақты трансшекаралық орын ауыстырғанға дейін осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасынан тауар жөнелтетін тауарлар айналымына қатысушы өзі, тауарды алатын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің резиденті туралы, сондай-ақ тауарлар мен таңбалау кодтары туралы мәліметтерді көрсете отырып, аяқ киім тауарларын әкету туралы хабарламаны ТТҚ АЖ-ға береді.

      Ескерту. 54-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 13.02.2024 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54-2. Таңбаланған тауарлар туралы мәліметтерді оператор халықаралық шарттарда және Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдерінде, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық операторлары (әкімшілері) арасындағы екі жақты келісімдерде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің таңбалау жүйесіне жібереді.

      54-3. ЕАЭО-ға мүше елдердің контрагенті тауарларды қабылдауды растаған кезде тауарлар айналымына қатысушы ТТҚ АЖ-да "ЕАЭО тауарларын қабылдау" құжатын қалыптастырады және оны өзінің ЭЦҚ-мен куәландырады.

      "ЕАЭО тауарларын қабылдау" құжатын қалыптастырғаннан кейін таңбалау кодтары ЕАЭО-ға экспорт себебі бойынша айналымнан шығарылады.

11-тарау. Таңбаланған аяқ киім тауарларын айналымға қайта енгізу кезінде ТТҚ АЖ-да мәліметтерді ұсыну тәртібі

      55. Тұтынушылар таңбаланған аяқ киім тауарларын қайтарған кезде аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы әрбір қалпына келтірілетін бірлік бойынша фискалдық деректер операторына оларды кейіннен ТТҚ АЖ-ге жіберу үшін тиісті мәліметтерді ұсынады.

      56. Аяқ киім тауарларын тұтынушы қайтарған кезде аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы Фискалдық деректер операторына әрбір қалпына келтірілетін бірлік бойынша ақпаратты оларды кейіннен ТТҚ АЖ-ға жіберу үшін жібереді.

      57. Бұрын қашықтықтан сату тәсілі арқылы айналымнан шығарылған аяқ киім тауарларын аяқ киім тауарлары айналымына қатысушының сақтау қоймасына қайтарған жағдайда, аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы Операторға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды айналымға қайта енгізу туралы ақпарат жібереді.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      58. Осы Қағидалардың 48-тармағында көрсетілгеннен өзге де себептер бойынша айналымнан бұрын шығарылған аяқ киім тауарларын айналымға қайта енгізу үшін айналымға қатысушы Операторға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды айналымға қайта енгізу туралы ақпарат жібереді.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      59. Аяқ киім тауарларын айналымға қайта енгізу туралы ақпарат Операторға аяқ киім тауарларын айналымға қайта енгізу үшін негіздер туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жіберіледі.

      60. Бүлінбеген сәйкестендіру құралы бар аяқ киім тауарларын айналымға қайтарған кезде аяқ киім тауарлары қайта таңбаланбайды.

      61. Аяқ киім тауарлары бүлінген сәйкестендіру құралымен не аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралынсыз (аяқ киім тауарларын сәйкестендіру мүмкіндігі болмаған жағдайда) айналымға қайтарылған кезде аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы осы Қағидалардың 7-тарауына сәйкес аяқ киім тауарларын қайта таңбалауды жүзеге асырады.

12-тарау. Аяқ киім тауарларының айналымына қатысушылардың Операторға ақпарат ұсыну тәртібі

      62. Аяқ киім тауарлары айналымына қатысушылардың ақпаратты ТТҚ-дан операторға ұсынуы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және Оператор әзірлеген электрондық өзара іс-қимыл интерфейстері арқылы не ТТҚ АЖ-ның жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылады.

      63. ТТҚ АЖ-да айналымға қатысушылар жіберетін мәліметтерге, мынадай мәліметтерді беру жағдайларын қоспағанда, айналымға қатысушының ЭЦҚ қойылады:

      1) аяқ киім тауарларының айналымына қатысушылар фискалдық мәліметтер құрамында электрондық нысанда беретін;

      2) аяқ киім тауарларының айналымына қатысушылар ТБС-ны пайдалана отырып, электрондық нысанда беретін.

      64. Таңбаланған аяқ киім тауарларын айналымға енгізуді, айналымды және айналымнан шығаруды жүзеге асыру кезінде ТТҚ АЖ-ға мәліметтерді ұсынуды аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы рет-ретімен жүзеге асырады.

      Аяқ киім тауарлары айналымына қатысушының көлік орамасы туралы мәліметтерді беруі осы Көлік орамындағы аяқ киім тауарларының әрбір бірлігі (тұтыну орамасы) туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ деректері бойынша берумен тең мәнді болып саналады.

      65. Оператордың интернет-ресурсында жарияланған және Оператор алған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсіне қойылатын талаптарға сәйкес ТТҚ АЖ аяқ киім тауарлары айналымына қатысушылар жіберетін барлық құжаттар мен мәліметтер ТТҚ АЖ-да көрсетілуге тиіс.

      66. Мынадай негіздердің бірі болған кезде оператор аяқ киім тауарлары айналымына қатысушылар ТТҚ АЖ ұсынатын мәліметтерді қабылдаудан бас тартады:

      1) ұсынылған ақпарат осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген қате мәліметтерді қамтиды

      2) мәліметтерге ЭЦҚ қойылмаған немесе аяқ киім тауарлары айналымына қатысушының атынан оларға қол қоюға өкілеттігі жоқ тұлға қол қойған.

      67. Аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы ұсынылған мәліметтерді алғаны және оларды ТТҚ АЖ-ға енгізгені туралы не тиісті хабарлама жіберу арқылы мәліметтерді қабылдаудан бас тарту туралы хабардар етіледі.

      68. ТТҚ АЖ жеке кабинетінде тіркелген күн ТТҚ АЖ мәліметтерді ұсыну күні болып танылады.

      Аяқ киім тауарлары айналымына қатысушының ТТҚ АЖ-ға мәліметтер ұсыну жөніндегі іс-әрекеттерді орындау фактісі ТТҚ АЖ-ға мәліметтердің қабылданғаны туралы хабарламамен расталады.

      Көрсетілген хабарламалар ТТҚ АЖ автоматты түрде қалыптастырылады және ТТҚ АЖ-ға берілген мәліметтерді тіркеген кезде электрондық түрде аяқ киім тауарлары айналымына қатысушыға жіберіледі.

      69. Таңбаланған аяқ киім тауарларының айналымын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Оператор ТТҚ АЖ-да мынадай мәліметтердің болуын қамтамасыз етеді:

      1) аяқ киім тауарлары айналымына қатысушылар туралы;

      2) сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалауға жататын аяқ киім тауарлары туралы;

      3) аяқ киім тауарлары айналымына қатысушыларға берілген сәйкестендіру кодтары туралы;

      4) таңбаланған аяқ киім тауарларының айналымы және оларды айналымнан шығару туралы.

      70. Оператор ТТҚ АЖ шеңберінде ТТҚ АЖ-дан мынадай тізілімдерді жүргізуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді:

      1) ТТҚ АЖ-дан құжаттар тізілімі;

      2) ТТҚ АЖ-дан тауарлар айналымына қатысушылардың тізілімі;

      3) ТТҚ АЖ-дан тауарлар айналымына қатысушылардың уәкілетті тұлғаларының тізілімі;

      4) ТТҚ АЖ-дан тауарлар тізілімі;

      5) ТТҚ АЖ-дан сәйкестендіру құралдарының тізілімі.

      71. Бұрын ұсынылған мәліметтер өзгерген жағдайда, аяқ киім тауарларының айналымына қатысушы өзгеріс енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ТТҚ АЖ арқылы Операторға осы мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат жібереді.

13-тарау. ТТҚ АЖ-да орналастырылған ақпаратқа қол жеткізу

      72. Оператор мынадай мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін тегін мобильді қосымшаны әзірлейді және еркін пайдалану үшін Интернет желісінде орналастырады:

      1) сәйкестендіру құралын оқу;

      2) сәйкестендіру құралындағы ақпаратты ТТҚ АЖ-дан беру;

      3) тексерілетін аяқ киім тауарлары туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-дан алу.

      73. ТТҚ АЖ-да қамтылған ақпаратқа қол жеткізу "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10 және 11-баптарына сәйкес ұсынылады.

14-тарау. Таңбалауға жататын аяқ киім тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге тауарларды ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығару рәсімімен орналастырғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларының тізбесіне енгізу тәртібі

      Ескерту. Қағидалар 14-тараумен толықтырылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      74. Импорттаушылар (бұдан әрі – Өтініш беруші) еркін нысанда қағаз және (немесе) электрондық түрде ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – Уәкілетті орган) Тізбеге меншікті қойма үй-жайларын қосу үшін өтінішті мынадай құжаттарды қоса бере отырып жібереді:

      1) қойма үй-жайының меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару жалға алу құқығында немесе өзге де заңды негізде болуын растайтын құжаттар (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама немесе өзге заңды негізде қойма үй-жайын жалға алу немесе иелену және (немесе) пайдалану азаматтық-құқықтық шартының электрондық көшірмесі). Егер қойма үй-жайлары жалға немесе өтеусіз пайдалануға алынған жағдайда кемінде бір жыл мерзімге жалдау немесе өтеусіз пайдалану шартының міндетті түрде болуы;

      2) көлік құралдарының аумаққа кіруін және қойма үй-жайының аумағынан шығуын, адамдардың қойма үй-жайына кіруін және одан шығуын бақылау жүйелерінің техникалық сипаттамалары, орналасқан жерлері, бейнебақылау құралдары, көлік құралдарының кіруін және адамдардың қойма үй-жайының аумағына кіруін бақылауға, сондай-ақ болған оқиғалар туралы бейне ақпаратты көру үшін бейнебақылау құралдарына кіруге жауапты адамдардың байланыс деректері туралы мәліметтер. Қойма үй-жайына кіруді және кіруді бақылау жүйелерінің, сондай-ақ бейнебақылау құралдарының болуы және олардың орналасуы тиісті фотосуреттермен расталады;

      3) көрсетілген жабдыққа арналған құжаттардың электрондық көшірмелерін және жабдықтың фотосуреттерін қоса бере отырып, тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға арналған жабдық туралы мәліметтер.

      75. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 74-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексереді және ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда дәлелді бас тартуды жібереді.

      76. Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, Уәкілетті орган 10 (он) жұмыс күні ішінде қойма үй-жайларына қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды және Тізбеге енгізу жөнінде қабылданған оң шешім туралы Өтініш берушіні хабардар етеді.

      77. Ұсынылған құжаттар қойма үй-жайларына қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде Тізбеге енгізуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы Өтініш берушіні хабардар етеді

      Тыңдау туралы хабарлама Өтініш берушінің өтініште көрсетілген электрондық мекенжайына құжатты орындау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша Уәкілетті орган Өтініш берушіні оң шешім туралы хабардар етеді не дәлелді бас тартуды ұсынады.

      78. Тізбеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді Уәкілетті орган өтінімдердің келіп түсуіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен артық емес жүзеге асырады.

  Аяқ киім тауарларын
таңбалау және қадағалау
қағидаларына
1-қосымша

Таңбалауға жататын аяқ киім тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт рәсімімен орналастырылғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларына қойылатын талаптар

      Ескерту. Қағидалар 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Таңбалауға жататын аяқ киім тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт рәсімімен орналастырылғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларына қойылатын талаптар мыналар болып табылады:

      1) қойма үй жайларының меншік иелерін немесе иелерін импорттаушы ретінде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу;

      2) ғимаратта, құрылыста не олардың жеке бөлігінде орналастыру;

      3) көлік құралдарының аумаққа кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың аумаққа және (немесе) үй-жайларға кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайлардан шығуын (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары орналасқан), тәулік бойы жұмыс істейтін, қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған бақылау жүйелерінің болуы қойма үй-жайының аумағында күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпарат;

      4) тауарларды сәйкестендіру құралдарымен, материалдық жеткізгіштермен таңбалау үшін тиісті жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жарақтандыру.

  Аяқ киім тауарларын
таңбалау және
қадағалау қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  нысан

Таңбалау кодтарын алуға сұрау салу

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 13.02.2024 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жеке кәсіпкердің ЖСН-і / Ұйымның БСН-і ______________________

      2. Жалпы деректер:

      Тауарды айналымға шығару тәсілі ______________________________

      Тауарды өндірген ел____________________________

      3. Таңбалауға арналған өнімдер тізімі: _________________________

Тауар коды 1

Таңбалау кодтарының саны

Жеке сериялық нөмірлерді генерациялау тәсілі2

Жеке сериялық нөмірлердің жиымы 3

1

2

3

4

5






      Ескертпе:

      1- бір сұрау салуда тауардың 10-нан артық коды көрсетіледі;

      2- мәні дербес/Оператор болуы мүмкін;

      3- Жеке сериялық нөмірлерді генерациялау тәсілінің мәні "Дербес" болған жағдайда көрсетіледі.

  Аяқ киім тауарларын
таңбалау және
қадағалау қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  нысан

Таңбалау кодтарының эмиссиясы туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 13.02.2024 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жеке кәсіпкердің ЖСН-і / Ұйымның БСН-і ______________________

      2. Тапсырыс бойынша таңбалау кодтары ұсынылады:

Тауар коды

Таңбалау кодтарының жиымы

1

2

3




  Аяқ киім тауарларын
таңбалау және
қадағалау қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  нысан

Қаптамаларды агрегаттау туралы ақпарат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 13.02.2024 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жеке кәсіпкердің ЖСН-і / Ұйымның БСН-і ______________________ 

      1. Агрегат деректері:

Агрегат деректері

Агрегатталған таңбалау кодтарының жиымы

Агрегаттау бірлігінің сәйкестендіру коды

Қаптама сыйымдылығы

Агрегаттау бірлігіндегі нақты саны, дана

Сәйкестендіру коды

1

2

3

4

5

6











  Аяқ киім тауарларын
таңбалау және
қадағалау қағидаларына
5-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  нысан

Қазақстан Республикасына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарлар әкелу туралы _____ жылғы ________ № _________ мәліметтер

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 13.02.2024 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Алушының ЖСН-і / БСН-і _____________

      2. Жіберушінің сәйкестендіру нөмірі (немесе жіберушінің еліндегі аналогы) ________

      3. Жіберушінің атауы ___________________________________

      4. Аумағынан тауарлар әкелу жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет __________________

      5. Тауардың Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 876 шешімімен бекітілген "Жеңіл өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігі туралы" және Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 797 шешімімен бекітілген "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растайтын құжат туралы мәліметтер (тіркеу күні және тіркеу нөмірі) _______________

      6. Әкелу туралы бастапқы құжаттың күні мен нөмірі*_________________

      7. Тауарлар туралы ақпарат:

Тауарды сәйкестендіру коды

1

2



      8. Жиыны туралы ақпарат:

Тауар коды

Тауар коды бойынша тұтыну қаптамаларының саны

1

2



      Құжатқа электрондық цифрлық қолтаңба қойылған ____________________

      Ескертпе:

      * - аяқ киім тауарларын әкелу туралы жазылған және бұрын қағаз тасығышта берілген мәліметтер бойынша мәліметтер енгізілген жағдайда көрсетіледі.

  Аяқ киім тауарларын
таңбалау және
қадағалау қағидаларына
6-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  нысан

Қазақстан Республикасына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан тауарлар әкелу туралы _____ жылғы ________ № _________ мәліметтер

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 13.02.2024 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Алушының ЖСН-і / БСН-і _____________

      2. Тауарларға арналған декларацияның деректемелері:

      Нөмірі және күні ("А" бағаны) ______________

      3. Тауардың Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 876 шешімімен бекітілген "Жеңіл өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігі туралы" және Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 797 шешімімен бекітілген "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растайтын құжат туралы мәліметтер (тіркеу күні және тіркеу нөмірі) _______________

      4. Әкелу туралы бастапқы құжаттың күні мен нөмірі*____________________

      5. Тауарлар туралы ақпарат:

р/с №

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды

Тауарды сәйкестендіру коды

1

2

3




      Құжатқа электрондық цифрлық қолтаңба қойылған ____________________

      Ескертпе:

      * - аяқ киім тауарларын әкелу туралы жазылған және бұрын қағаз тасығышта берілген мәліметтер бойынша мәліметтер енгізілген жағдайда көрсетіледі.

  Аяқ киім тауарларын
таңбалау және
қадағалау қағидаларына
7-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  нысан

_____ жылғы ________ № _______ қабылдау/беру актісі

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 13.02.2024 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жөнелтушінің ЖСН-і / БСН-і _________________

      2. Алушының ЖСН-і / БСН-і ____________________

      3. Бастапқы құжат - Қабылдау/беру актісінің күні мен нөмірі*____ жылғы______ № ____

      4. Тауарлар туралы ақпарат:

Тауарды сәйкестендіру коды

1

2



      5. Жиыны туралы ақпарат:

Тауар коды

Тауар коды бойынша тұтыну қаптамаларының саны

1

2



      Құжатқа электрондық цифрлық қолтаңба қойылған ____________________

      Ескертпе:

      * - бұрын қағаз тасымалдаушыда жазып берілген қабылдау/беру актісі бойынша мәліметтерді енгізу кезінде көрсетіледі;

  Аяқ киім тауарларын
таңбалау және
қадағалау қағидаларына
8-қосымша

      Ескерту. 7-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  нысан

Айналымнан шығару туралы ақпарат

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 13.02.2024 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жеке кәсіпкердің ЖСН-і / Ұйымның БСН-і ______________________

      2. Шығару себебі: _______________________________________________

      3. Құжат-негіздеме____________ жылғы ____________ №__________

      4. Шығарылған өнім туралы мәліметтер:

Тауарды сәйкестендіру коды

1

2



      Құжатқа электрондық цифрлық қолтаңба қойылған ___________________

  Аяқ киім тауарларын таңбалау
және қадағалау қағидаларына
9-қосымша
  нысан

Аяқ киім тауарларын әкету туралы хабарлама _______ № _______

      Ескерту. Қағидалар 9-қосымшамен толықтырылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 13.02.2024 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жалпы ақпарат:

      1.1. Ұйым (жеке кәсіпкер) - жөнелтуші

      1.2. Жөнелтушінің ЖСН-і / БСН-і

      1.3. Қабылдаушының ЖСН-і / БСН-і (немесе оның аналогы)

      1.4. Қабылдаушының атауы

      2. Қабылдаушының елі

      3. Бастапқы құжаттың күні мен нөмірі –_______ №___

      4. Нақты жөнелту күні

      5. Тауарлар туралы ақпарат:

Тауарды сәйкестендіру коды

1

2



      Құжатқа электрондық цифрлық қолтаңба қойылған ______________

  Аяқ киім тауарларын
таңбалау және
қадағалау қағидаларына
10-қосымша

      Ескерту. 8-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 26.11.2024 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  нысан

Айналымға енгізу туралы ақпарат

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 13.02.2024 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жеке кәсіпкердің ЖСН-і / Ұйымның БСН-і ______________________

      2. Негізгі құжат________________ жылғы _________ №________

      3. Тауарды айналымға қайта енгізу себебі___________________

      4. Айналымда қалпына келтірілетін тауарлар туралы мәліметтер:

Тауарды сәйкестендіру коды

1

2



      Құжатқа электрондық цифрлық қолтаңба қойылған ______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады