Халықаралық төрелік институтының төрешілер мен медиаторлар тізімдеріне кандидаттарды іріктеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 442 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 мамырда № 28277 болып тіркелді

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережесінің 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған "Халықаралық төрелік институтының төрешілер мен медиаторлар тізімдеріне кандидаттарды іріктеу жөніндегі нұсқаулық" бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаменті:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
К. Мусин

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Cыртқы істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Әділет министрі
  2022 жылғы 27 мамырдағы
  № 442 бұйрығына
  қосымша

Халықаралық төрелік институтының төрешілер мен медиаторлар тізімдеріне кандидаттарды іріктеу жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықаралық төрелік институтының төрешілер мен медиаторлар тізіміне кандидаттарды іріктеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереженің 3) тармағына сәйкес әзірленіп, Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Мемлекеттер мен шетелдік тұлғалар арасындағы инвестициялық дауларды шешу тәртібі туралы конвенцияның (бұдан әрі - Конвенция) 13-бабының негізінде Халықаралық төрелік институтының төрешілер мен медиаторлар тізіміне кандидаттарды іріктеуді нақтылайды.

      2. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің консультанты (бұдан әрі - Консультант) – төреліктерде, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ дауды төрелікке дейінгі реттеу процесінде мемлекеттің мүдделерін қорғау және білдіру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі тартатын заң консультанттары;

      2) төреші – тараптар сайлаған немесе дауды шешу үшін тиісті төрелік ережелеріне сәйкес тағайындалған жеке тұлға.

      3) медиатор – кәсіби немесе қоғамдық медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға;

      4) кандидат - халықаралық төрелік институтының төрешілері мен медиаторларының тізімдеріне қосылған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, халықаралық құқықтың тиісті салаларында білімі/біліктілігі, төрелік және/немесе сот ісіне қатысу, инвестициялық мәселелер бойынша медиация рәсімдерін жүргізу тәжірибесі бар және ағылшын тілін еркін меңгерген тұлға.

2-тарау. Кандидаттарды анықтауды нақтылау

      3. Әлеуетті төрешілер мен медиаторларға кандидаттарды Халықаралық төрелік институтының Төрешілер мен медиаторлар тізіміне кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) қарайды.

      Комиссия әлеуетті кандидаттарды Халықаралық арбитраж институтының төрешілер мен медиаторлар тізіміне енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін Министрлік жанынан құрылған консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Комиссияның құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі.

      Комиссия құрамы функцияларына әртүрлі юрисдикциялардағы халықаралық төрелік (сот) сот ісін жүргізуде мемлекет мүдделерін білдіруді және қорғауды қамтамасыз ету (бұдан әрі – Жұмыс органы) кіретін Министрліктің құрылымдық бөлімшесінің үш өкілінен тұрады.

      Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады.

      Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге құқығы жоқ. Комиссия шешімі консультативтік сипатта болады.

      4. Халықаралық төрелік институттардың төрешілері мен медиаторларының тізімдерінде бос орындар болған жағдайда жұмыс органы консультанттардан Қазақстан Республикасының атынан төрешілер және медиаторлар тізімдеріне енгізу үшін әлеуетті кандидаттардың тізімін сұратады.

      5. Консультанттар сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде келесі растаушы құжаттарды ұсына отырып, үміткерлерге ұсыныстарды жібереді:

      - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;

      - халықаралық құқықтың тиісті салаларында (атап айтқанда, инвестициялық құқық, адам құқықтары саласындағы, сондай-ақ сауда, өнеркәсіп, қаржы саласындағы халықаралық инвестициялық төрелік) білімін/біліктілігін растайтын құжаттың көшірмелері;

      - еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері (атап айтқанда, төрелік және/немесе сот ісін жүргізудегі, сондай-ақ инвестициялық делдалдық рәсімдеріндегі, сараптамалық қорытындыларды дайындаудағы, ғылыми еңбектерді жариялаудағы, халықаралық ұйымда/заң фирмасындағы жұмыстағы тәжірибесін растайтын);

      - ағылшын тілін еркін меңгергенін растайтын құжаттың көшірмелері (ағылшын тілінде сөйлейтін елде тұру, халықаралық ұйымда/заң фирмасында қатарынан 2 жылдан астам жұмыс істеген, IELTS, TOEFL немесе ағылшын тілін білу деңгейін растайтын басқа сертификаттар).

      6. Жұмыс органы бес жұмыс күні ішінде қоса берілген құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттар осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келмеген жағдайда, жұмыс органы әлеуетті кандидатқа бес жұмыс күні ішінде оларды толықтыру қажеттілігі туралы хабарлайды.

      Үміткерлерге толық тізімі қалыптастырылғаннан кейін жұмыс органы үш жұмыс күні ішінде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Комиссияның қарауына енгізеді.

      7. Комиссия әлеуетті кандидаттарды Қазақстан Республикасына және/немесе мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, квазимемлекеттік құрылымдарға төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында мүдделерді білдіру және қорғау бойынша, дауларды төрелікке дейін (сотқа дейін) реттеу процесінде, сондай-ақ шетелде мемлекеттің мүдделерін ілгерілету жөніндегі басқа да іс-шараларды өткізу бойынша қызметтер көрсету тәжірибесін ескере отырып (яғни, қаралатын іс жүргізудің көлемін, процеске қатысушыларды, даудың мәнін, нәтижелерін) қарайды.

      8. Кандидаттардың тізіміне Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, халықаралық төреліктерде (инвестициялық және коммерциялық), Қазақстан Республикасының және/немесе шет мемлекеттердің соттарында қарсы тараптың мүдделерін білдірген тұлғалар енгізілмейді.

      9. Комиссия мүшелері бес жұмыс күні ішінде халықаралық төрелік институттарының төрешілері мен медиаторларының тізіміне енгізуге ұсынылатын әлеуетті кандидаттардың алдын ала тізімін қалыптастырады. Ол хаттамамен ресімделеді және Комиссия төрағасы қол қояды.

      10. Әлеуетті кандидаттардың алдын ала тізімі растау құжаттарымен бірге бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі – СІМ), Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігіне (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) келісуге жіберіледі.

      11. Мемлекеттік органдар материалдар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жазбаша түрде әрбір кандидат (төреші және медиатор) бойынша ескертпелер мен ұсыныстарды береді, не олардың жоқтығы туралы хабарлайды.

      12. Мемлекеттік органдар алдын ала тізіммен келіспеген жағдайда халықаралық төрелік институтының төрешілер мен медиаторлардың тізіміне кандидаттарды іріктеу рәсімі осы Нұсқаулықтың 2-тарауында көрсетілген алгоритм бойынша жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік органдар алдын ала тізімде көрсетілген жеке кандидатпен келіспеген жағдайда, бұл кандидат тізімнен шығарылады.

      13. Ұсыныстар мен ескертулер болмаған жағдайда кандидаттар тізімі Министрдің бұйрығымен бекітіледі. Жұмыс органы осы бұйрықтың ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      14. Кандидаттардың бекiтiлген тiзiмi күнтiзбелiк бес күн iшiнде СІМ одан әрi тиiстi халықаралық төрелiк институтына жеткiзiлу үшiн жiберiледi.

      15. Жұмыс органы Халықаралық арбитраж институтының төрешілер мен медиаторлар тізімдеріне енгізілген тұлғалармен жұмысты үйлестіреді және осы тұлғалардың мәртебесі туралы ақпаратты жаңартады.

Об утверждении Инструкции по отбору кандидатов в Списки арбитров и медиаторов международного арбитражного института

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 мая 2022 года № 442. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 мая 2022 года № 28277

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об органах юстиции", а также пунктом 3) Положения о Министерстве юстиции Республики Казахстан, утвержденного Постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую "Инструкцию по отбору кандидатов в Списки арбитров и медиаторов международного арбитражного института" согласно приложению.

      2. Департаменту по защите имущественных прав государства Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр юстиции
Республики Казахстан
К. Мусин

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство информации
и общественного развития
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство иностранных дел
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр юстиции
Республики Казахстан
от 27 мая 2022 года № 442

Инструкция по отбору кандидатов в Списки арбитров и медиаторов международного арбитражного института

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Инструкция по отбору кандидатов в Список арбитров и медиаторов международного арбитражного института (далее - Инструкция) разработана в соответствии с подпунктом 3) пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об органах юстиции", а также пунктом 3 Положения о Министерстве юстиции Республики Казахстан, утвержденного Постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120, и детализирует отбор кандидатов в Список арбитров и медиаторов международного арбитражного института на основе статьи 13 Конвенции о порядке разрешения инвестиционных споров между государствами и иностранными лицами (далее - Конвенция), ратифицированной Законом Республики Казахстан.

      2. Основные понятия, используемые в настоящей Инструкции:

      1) консультант Правительства Республики Казахстан (далее - Консультант) - юридические консультанты, привлекаемые Правительством Республики Казахстан для защиты и представления интересов государства в арбитражах, иностранных арбитражах, иностранных государственных и судебных органах, а также в процессе доарбитражного урегулирования спора;

      2) арбитр - физическое лицо, избранное сторонами или назначенное в соответствии с регламентом соответствующего арбитража для разрешения спора.

      3) медиатор - независимое физическое лицо, привлекаемое сторонами для проведения медиации на профессиональной основе или общественных началах.

      4) кандидат - лицо, включенное в Списки арбитров и медиаторов международного арбитражного института, являющийся гражданином Республики Казахстан и имеющий образование/квалификацию в соответствующих областях международного права, опыт участия в арбитражном и/или судебном разбирательстве, в процедурах посредничества по вопросам инвестиций, а также свободно владеющий английским языком.

Глава 2. Детализация определения кандидатов

      3. Кандидатуры потенциальных арбитров и медиаторов рассматриваются Комиссией по отбору кандидатов в Списки арбитров и медиаторов международного арбитражного института (далее - Комиссия).

      Комиссия является консультативно-совещательным органом, созданная при Министерстве для выработки предложений по включению потенциальных кандидатов в Списки арбитров и медиаторов международного арбитражного института. Состав Комиссии утверждается приказом Министра.

      Комиссия состоит из трех представителей структурного подразделения Министерства, в функции которого входит обеспечение представления и защиты интересов государства в международных арбитражных (судебных) разбирательствах в различных юрисдикциях (далее - Рабочий орган).

      Председатель Комиссии избирается из числа членов Комиссии большинством голосов членов Комиссии.

      Секретарь не входит в состав Комиссии и не имеет права голоса. Решение Комиссии носит рекомендательный характер.

      4. При наличии вакантных мест в Списках арбитров и медиаторов международных арбитражных институтов, рабочий орган запрашивает у Консультантов перечень потенциальных кандидатов для включения их в Списки арбитров и/или медиаторов от имени Республики Казахстан.

      5. Консультанты в течение 30 (тридцати) календарных дней со дня получения запроса направляет предложения по претендентам в кандидаты, с представлением следующих подтверждающих документов:

      - копии документа, удостоверяющего личность;

      - копии документа об образовании/квалификации в соответствующих областях международного права (в частности, инвестиционного права, международного инвестиционного арбитража в области прав человека, а также в области торговли, промышленности, финансов);

      - копии документа, подтверждающего трудовую деятельность (в частности, подтверждающий опыт участия в арбитражном и/или судебном разбирательстве, а также в процедурах посредничества по вопросам инвестиций, подготовки экспертных заключений, публикации научных трудов, работа в международной организации/юридической фирме);

      - копии документа, подтверждающего свободное владение английским языком (проживание в англоязычной стране, работа в международной организации/юридической фирме более 2-х лет подряд, наличие сертификата IELTS, TOEFL либо иных сертификатов, подтверждающих уровень знания английского языка).

      6. Рабочий орган в течение пяти рабочих дней проверяет полноту прилагаемых документов. В случае несоответствия представляемых документов перечню, указанному в пункте 5 настоящей Инструкции, рабочий орган информирует потенциального кандидата о необходимости их дополнение в течение пяти рабочих дней.

      После формирования полного списка претендентов в кандидаты рабочий орган в течение трех рабочих дней вносит его на рассмотрение Комиссии с приложением подтверждающих документов.

      7. Члены Комиссии рассматривают претендентов в кандидаты с учетом опыта оказания услуг (т.е. сфера рассмотренного разбирательства, стороны процесса, предмет cпopa, результаты) Республике Казахстан и/или государственным органам, организациям, квазигосударственным структурам по представлению и защите интересов в арбитражах, иностранных государственных и судебных органах, в процессе доарбитражного (досудебного) урегулирования споров, а также по проведению других мероприятий по продвижению интересов государства за рубежом.

      8. В список кандидатур не включаются лица, которые представляли интересы стороны против Республики Казахстан, государственных органов Республики Казахстан в международных арбитражах (инвестиционных и коммерческих), судах Республики Казахстан и/или зарубежных стран.

      9. Члены Комиссии в течение пяти рабочих дней формируют предварительный список потенциальных кандидатов, рекомендованных для включения в Списки арбитров и медиаторов международных арбитражных институтов, который оформляется протоколом и подписывается председателем Комиссии.

      10. Предварительный список потенциальных кандидатов с приложением подтверждающих документов в течение пяти рабочих дней направляется на согласование в Министерство иностранных дел Республики Казахстан (далее - МИД), Министерство информации и общественного развития Республики Казахстан (далее - государственные органы).

      11. Государственные органы в течение 30 (тридцати) календарных дней со дня получения материалов в письменной форме представляют замечания и предложения по каждому кандидату (арбитру и медиатору) либо сообщают об их отсутствии.

      12. В случае несогласия государственных органов с предварительным списком, процедура отбора кандидатов в Списки арбитров и медиаторов международного арбитражного института проводится согласно алгоритму, указанному в главе 2 настоящей Инструкции.

      В случае несогласия государственных органов с отдельным кандидатом, указанном в предварительном списке, данный кандидат исключается из списка.

      13. При отсутствии предложений и замечаний список кандидатур утверждается приказом Министра. Рабочий орган обеспечивает публикацию данного приказа на официальном сайте.

      14. Утвержденный список кандидатур в течение пяти календарных дней направляется в МИД для дальнейшего его сопровождения в соответствующий международный арбитражный институт.

      15. Рабочий орган координирует работу с лицами, вошедшими в Списки арбитров и медиаторов международного арбитражного института, и обновляет информацию о статусе данных лиц.