БҰЙЫРАМЫН:
1."Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18657 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ахуалдық орталық – білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымда орналастырылған, онлайн режимде КТ өткізу процесін байқау үшін коммуникация құралдарымен жарақтандырылған зал;
2) жауап парағы – түсуші тест тапсырмаларының жауаптарын белгілейтін кешенді тестілеу нәтижелерін бағалауға арналған арнайы бланк;
3) жауап парақтарының көшірмесі – тестілеу нәтижелерін бағалауға арналған құжат болып табылмайтын, кешенді тестілеуден кейін балдарды өз бетінше санауға арналған бланк;
4) желілік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін білім беру ұйымдары – кешенді тестілеуге құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ);
5) желілік ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясы – кешенді тестілеуге түсушілерден құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ жанындағы комиссия;
6) кешенді тестілеу – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;
7) электрондық форматтағы КТ – әрбір тестіленуші үшін дербес компьютерді пайдалану жолымен өткізілетін тестілеу;
8) қағаз форматындағы КТ – тестіленушіге сұрақ-кітапшасын және жауап парағын беру жолымен жүргізілетін тестілеу;
9) кешенді тестілеу өткізу пункттері (бұдан әрі – КТӨП) – КТ өткізуді жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ;
10) КТӨП қабылдау комиссиясы – КТ өткізуді жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ жанындағы комиссия;
11) нұсқаларды тарату парағы – кітапша нұсқасының аудиториядағы белгілі бір орын нөміріне бекітілгендігі туралы ақпаратты қамтитын парақ;
12) отырғызу парағы – түсушілерді аудиториядағы орындар бойынша бөлу парағы;
13) онлайн апелляция – электрондық форматта КТ өткізген кезде тестілеу аяқталғаннан кейін 30 (отыз) минут ішінде апелляцияға өтініш беру;
14) шекті балл – республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет есебінен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға немесе ақылы негізде оқуға түсуге рұқсат беретін Үлгілік қағидалармен белгіленген тестілеудің әр бөлімі немесе пәндері бойынша балдардың минималды жиынтығы;
15) электрондық сертификат – Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланатын КТ балдарын ресми растайтын үміткердің бірегей деректері бар электрондық құжат (бұдан әрі – сертификат);
16) тестілеу әкімшілері – КТӨП-те КТ өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырушылар және аудитория мен дәліз бойынша кезекшінің функцияларын орындайды;
17) тіркеу файлы (лог) - хронологиялық тәртіпте тестіленушінің әрекеттері туралы жазбалар бар файл.";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. КТ-ге қатысу үшін өтініштерді қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:
1) күнтізбелік жылғы 1 маусымнан 15 шілдеге дейін;
2) күнтізбелік жылғы 1 қарашадан 18 қарашаға дейін.";
18 және 19-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"18. Ғимаратқа кіргізу және КТ өткізу барысы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте кіргізу, тестілеуді өткізу процесін бейнебақылау жазбасы, сондай-ақ тестілеуден кейін үй-жайда сақталған пайдаланылған кітапшалар тестілеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде ҰТО-ға беріледі.
Күнтізбелік жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейінгі кезеңде өткізілген КТ аяқталғаннан кейін 3 (үш) ай бойы ҰТО тестілеу кезіндегі бейнебақылау жазбаларын қарауды және тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеруді жүзеге асырады.
Күнтізбелік жылғы 18 қарашадан 11 желтоқсанға дейінгі кезеңде өткізілген КТ аяқталғаннан кейін 3 (үш) ай бойы ҰТО тестілеу кезіндегі бейнебақылау жазбаларын қарауды және тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеруді жүзеге асырады.
Тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеру нәтижесі бойынша КТ-да Қағидалардың 35, 37 және 47-11-тармақтарында көрсетілген тыйым салынған заттардың біреуін пайдаланғандығы анықталған жағдайда ҰТО осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Тестілеу барысында тыйым салынған затты пайдаланғаны және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі өзге де бұзушылықтар жасағаны туралы акт" жасайды және растайтын материалдарымен бірге білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
Тестілеу барысында тыйым салынған заттардың біреуін пайдаланғаны туралы акт растайтын материалдарымен бірге білім беру саласындағы уәкілетті органмен құрылған комиссияның қарауына ұсынылады.
Комиссияның шешімімен тестілеу нәтижелері (КТ балдары), сондай-ақ республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нәтижелері (білім беру грантын беру туралы куәлік) білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен жойылады.
Тестілеу нәтижелері (КТ балдары) және (немесе) білім беру грантын беру туралы куәлікті жойылғаннан кейін ҰТО түсушілерге жеке кабинеті арқылы хабарлама жібереді.
Түсуші ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді.
19. Тестілеуге жіберу кезінде қол және рамалы түрдегі металл іздегіштер қолданылады. Тестілеуге жіберу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеуді өткізу кезінде түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа келесі тыйым салынған заттарды алып жүруіне жол бермеу шеңберінде жүзеге асырылады: шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесі, калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар, сымсыз бейнекамералар, GPS (ДжиПиЭс) навигаторлар, GPS (ДжиПиЭс) трекерлер, қашықтан басқару құрылғылары, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғылары: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект).
Тестілеуге кіргізу барысында металл іздегішпен тексеру кезінде осы тармақта көрсетілген тыйым салынған заттар табылған жағдайда тестілеу әкімшісі осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "КТ өткізу пункті ғимаратына кіргізу барысында тыйым салынған заттар тәркіленген жағдайда түсушіні ғимараттан шығару туралы акт" жасайды. Түсуші ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді.";
35 және 36-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"35. КТ жүргізу кезінде түсушіге жол берілмейді:
1) дәліз бойынша кезекшінің қызметін атқаратын тестілеу әкімшісінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға;
2) сөйлесуге;
3) орнынан орын ауыстыруға;
4) тестілеу материалдарымен алмасуға;
5) аудиториядан тестілеу материалдарын шығаруға;
6) аудиториядан 2 реттен артық шығуға;
7) аудиторияға шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік әдебиеттерін, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесін, калькуляторды, фотоаппаратты, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рацияларды, ноутбуктерді, плейерлерді, модемдерді (мобильді роутерлер), смарт сағаттарды, сымды және сымсыз құлаққаптарды, сымсыз бейнекамераларын, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларын, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерін, қашықтан басқару құрылғыларын, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект) алып кіруіне және қолдануына;
8) тестілеу материалдарын (жауап парақтарын және кітапшаларын) сыпыру, түзетуші сұйықтықты пайдалану, беттерді үзу арқылы бұзуды жүзеге асыруға;
9) бұл үшін қарастырылмаған секторларды бояуға (жауап парағының нөмірі).
36. Тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеру нәтижесі бойынша қағаз және (немесе) электрондық форматтағы КТ кезінде түсушіде осы Қағидалардың 35 және 47-11 тармақтарында көрсетілген заттар табылған, сондай-ақ түсуші осы Қағидалардың 35 және 47-11 тармақтарын бұзған жағдайда тестілеу әкімшісі бақылаушылармен бірге түсушінің қатысуымен осы Қағидаларға 10-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Аудиторияда тыйым салынған заттардың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған түсушіні аудиториядан шығару және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі өзге де бұзушылықтар жасағаны туралы акт туралы акт" толтырады. Түсуші аудиториядан шығарылады. Оқуға түсуші ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді.
КТ нәтижелері өңделмейді және жойылуға жатады.";
47-3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"47-3. Тестілеу басталғанға дейін тестілеу әкімшісі түсушіге тестілеу ережелері бойынша нұсқаулық өткізеді.
Ең алдымен тестілеуді бастау үшін түсушіге:
1) логин көрсету;
2) құпия сөз көрсету;
3) адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялау;
4) тестілеуді өткізу ережелерімен танысу;
5) деректерінің дұрыстығын растау;
6) "Кіру" батырмасын басқаннан кейін тестілеуге өту қажет.
Түсуші тестілеу жүйесіне әрбір кіру және шығу кезінде, компьютерде орнатылған фронтальды камера арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялаудан өтеді.
Тестілеу кезінде техниканың техникалық ақауы болған жағдайда түсуші тестілеу администраторына хабарлау қажет. Тестілеу администраторы бақылаушылармен бірлесіп, осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеу кезінде техниканың техникалық ақауын анықтау актісін жасайды.
КТ өткізу пунктінде электр қуаты ажыратылған жағдайда немесе тестілеу жазбасы жүргізілмейтін басқа да форс-мажорлық жағдайларда, Ұлттық тестілеу орталығының келісімен тестілеу администраторы мен өңірлік мемлекеттік комиссия осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеу процесін тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт жасай отырып, тестілеу процесін тоқтатады (күшін жояды) және басқа күнге ауыстырады.
Тестілеу процесін тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт тестілеу администраторымен және өңірлік мемлекеттік комиссиямен бірлесіп жасалады.
Электр қуаты ажыратылған жағдайда, түсушінің жұмыс орнында тестілеу процесі туралы деректер (тест тапсырмаларына бұрын белгіленген жауаптары, тестілеудің пайдаланылған уақытының саны) сақталады.
Тестілеуді одан әрі жалғастырған кезде тестіленуші тестілеу процесі үзілген жерден тестілеу процесін жалғастырады.
Тестілеуді басқа күнге ауыстырған жағдайда тестіленушінің тестілеу тоқтатылғанға дейінгі тест тапсымаларына берілген жауаптары сақталмайды.";
47-11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"47-11. КТ жүргізу кезінде түсушіге рұқсат етілмейді:
1) дәліз бойынша кезекшінің функцияларын орындайтын тестілеу әкімшісіның рұқсатынсыз және ертіп жүруінсіз аудиториядан (компьютерлік кластан) шығу;
2) сөйлесуге, орнынан орынға ауысуға;
3) аудиториядан 2 реттен артық шығуға;
4) құжаттармен, кез-келген тыйым салынған заттармен және түсушіге тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін берілген А4 форматындағы қағазбен алмасуға;
5) құжаттарды және тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін берілген А4 форматындағы қағазды аудиториядан (компьютерлік класстан) шығаруға, сондай-ақ оларды ұсақтап жыртуға;
6) Тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін берілген А4 форматындағы қағазды өзімен бірге алып кетуге;
7) аудиторияға шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік әдебиеттерін, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесін, калькуляторды, фотоаппаратты, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рацияларды, ноутбуктерді, плейерлерді, модемдерді (мобильді роутерлер), смарт сағаттарды, сымды және сымсыз құлаққаптарды, сымсыз бейнекамераларын, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларын, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерін, қашықтан басқару құрылғыларын, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект) алып кіруіне және қолдануына;
8) тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жария етуге;
9) тестілеуге пайдаланылатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге рұқсат етілмейді.
Бұл ретте тестілеу өткізілетін компьютердің интерфейсіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі.";
Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 10-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 264 1-қосымша Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына 2-қосымша |
Кешенді тестілеу бейінді пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі
Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі | Білім беру бағдарламасы тобының атауы | Бейінді пәндер | |
1 бейінді пән | 2 бейінді пән | ||
M001 | Педагогика және психология | Педагогика | Психология |
M002 | Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу | Мектепке дейінгі педагогика | Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту әдістемесі |
M003 | Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау | Педагогика (бастауыш сыныптар үшін) | Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі |
M004 | Бастапқы әскери дайындық педагогтерін даярлау | Педагогика | Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі |
M005 | Дене шынықтыру педагогтерін даярлау | Педагогика | Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі |
M006 | Музыка педагогтерін даярлау | Педагогика | Музыка пәнін оқыту әдістемесі |
M007 | Көркем еңбек, графика және жобалау педагогтерін даярлау | Педагогика | Көркем еңбек, графика және жобалауды оқыту әдістемесі |
M008 | Кәсіптік оқыту педагогтерін даярлау | Педагогика | Кәсіптік оқытудың заманауи технологиялары |
M009 | Құқық және экономика негіздері | Мемлекет және құқық теориясы негіздері | Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі |
M010 | Математика педагогтерін даярлау | Математика | Математиканы оқыту әдістемесі |
M011 | Физика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі) | Жалпы физика | Физиканы оқыту әдістемесі |
M012 | Информатика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі) | Бағдарламалау | Информатиканы оқыту әдістемесі |
M013 | Химия педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі) | Химия | Химияны оқыту әдістемесі |
M014 | Биология педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі) | Биология | Биологияны оқыту әдістемесі |
M015 | География педагогтерін даярлау | География | Географияны оқыту әдістемесі |
M016 | Тарих педагогтерін даярлау | Қазақстан тарихы | Тарихты оқыту әдістемесі |
M017 | Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау | Педагогика | Қазақ тілін оқыту әдістемесі |
M018 | Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау | Педагогика | Орыс тілін оқыту әдістемесі |
M019 | Шет тілдері педагогтерін даярлау | Педагогика (қазақ, орыс, ағылшын тілі) | Кәсіби бағытталған шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілдері) |
M020 | Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бойынша кадрларын даярлау | Әлеуметтік педагогика | Өзін-өзі тануды оқыту әдістемесі |
M021 | Арнайы педагогика | Арнайы педагогика | Инклюзивті білім беру |
M022 | Музыкатану | Шығармашылық емтихан | Реферат қорғау |
M023 | Аспаптық орындаушылық | Шығармашылық емтихан | Реферат қорғау |
M024 | Вокалдық өнер | Шығармашылық емтихан | Реферат қорғау |
M025 | Дәстүрлі музыка өнері | Шығармашылық емтихан | Реферат қорғау |
M026 | Композиция | Шығармашылық емтихан | Реферат қорғау |
M027 | Дирижирлеу | Шығармашылық емтихан | Реферат қорғау |
M028 | Режиссура | Шығармашылық емтихан | Реферат қорғау |
M029 | Театр өнері | Шығармашылық емтихан | Реферат қорғау |
M030 | Эстрада өнері | Шығармашылық емтихан | Реферат қорғау |
M031 | Хореография | Шығармашылық емтихан | Реферат қорғау |
M032 | Аудиовизуалды өнер және медиа өндіріс | Шығармашылық емтихан | Реферат қорғау |
M033 | Бейнелеу өнері | Шығармашылық емтихан | Реферат қорғау |
М034 | Өнертану | Шығармашылық емтихан | Реферат қорғау |
M035 | Сән, дизайн | Шығармашылық емтихан | Реферат қорғау |
M036 | Полиграфия | Шығармашылық емтихан | Реферат қорғау |
M037 | Арт-менеджмент | Шығармашылық емтихан | Реферат қорғау |
M050 | Философия және әдеп | Қазақ философиясы | Әлеуметтік философия |
M051 | Дінтану және теология | Діндер тарихы | Қазіргі дәстүрден тыс діни қозғалыстар және культтер |
M052 | Исламтану | Діндер тарихы | Қазақстандағы қазіргі діни жағдай |
M053 | Тарих | Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы | Археология негіздері |
M054 | Түркітану | Түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы | Түркі халықтарының жалпы тарихы |
M055 | Шығыстану | Классикалық және қазіргі шығыстану | Шығыс елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы |
M056 | Аударма ісі, ілеспе аударма | Аударма теориясы (ағылшын,орыс, қазақ, корей,қытай, жапон тілдері) | Кәсіби-бағытталған шет тілі (ағылшын) |
M057 | Лингвистика | Жалпы тіл білімі | Лингвистика ілімінің тарихы |
M058 | Әдебиет | Фольклор | Әдебиет теориясы |
M059 | Шетел филологиясы | Тіл теориясының негіздері (ағылшын, неміс, француз, корей, қытай, жапон тілдері) | Кәсіби-бағытталған шет тілі (ағылшын, неміс, француз тілдері) |
M060 | Филология | Қазіргі қазақ тілі | Қазіргі қазақ әдебиеті |
M061 | Әлеуметтану | Әлеуметтану тарихы | Әлеуметтанулық зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру |
M062 | Мәдениеттану | Қазақ мәдениетінің тарихы | Мәдени антропология |
M063 | Саясаттану және конфликтология | Саясат теориясы | Қолданбалы саясаттану |
M064 | Халықаралық қатынастар | Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты | Дипломатиялық және консулдық қызмет |
M065 | Аймақтану | Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты | Халықаралық қатынастар жүйесіндегі аймақтардың қазіргі мәселелері |
M066 | Психология | Жалпы психология | Даму психологиясы |
M067 | Журналистика және репортерлық іс | Қазақ журналистикасының тарихы | Қазіргі журналистиканың жанрлық түрі мен қызметі |
M068 | Қоғаммен байланыс | PR теориясы мен тәжірибесі | Имиджелогия |
M069 | Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі | Құжаттану | Археография |
M070 | Экономика | Кәсіпорын экономикасы | Макроэкономика |
M071 | Мемлекеттік және жергілікті басқару | Мемлекеттік басқару теориясы | Экономиканы мемлекеттік реттеу |
M072 | Менеджмент | Менеджмент | Бизнесті ұйымдастыру |
M073 | Аудит және салық салу | Бухгалтерлік есеп негіздері | Аудит |
M074 | Қаржы, банктік және сақтандыру ісі | Қаржы негіздері | Корпоративтік қаржы |
M075 | Маркетинг және жарнама | Маркетинг | Маркетингтік зерттеулер |
M076 | Еңбек дағдылары | Экономикалық теория | Макроэкономика |
M077 | Бағалау | Экономика және жылжымайтын мүлікті басқару | Қазақстан Республикасының Ұлттық бағалау стандарттары |
M078 | Құқық | Мемлекет және құқық теориясы | Ситуациялық кейс (Қазақстан Республикасының заңдарын және / немесе халықаралық құқықты қолдану негізінде нақты практикалық жағдайды кешенді құқықтық талдау) |
M079 | Сот сараптамасы | Криминалистика | Сот экспертологиясы |
M080 | Биология | Клетка биологиясы | Ботаника |
M081 | Генетика | Клетка биологиясы | Молекулалық генетика негізімен жалпы генетика |
M082 | Биотехнология | Биохимия | Биотехнология негіздері |
M083 | Геоботаника | Қазақстан биоресурстары | Ботаника |
M084 | География | Қазақстанның физикалық географиясы | Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы |
M085 | Гидрология | Гидрология негіздері | Гидрологиялық ақпаратты статистикалық өңдеудің заманауи әдістері |
M086 | Метеорология | Физикалық метеорология | Климатология |
M087 | Қоршаған ортаны қорғау технологиясы | Геоэкология | Экологиялық мониторинг |
M088 | Гидрогеология және инженерлік геология | Жер асты суларын іздеу және барлау | Инженерлік-геологиялық зерттеулер |
M089 | Химия | Физикалық химия | Аналитикалық химия |
M090 | Физика | Механика | Молекулалық физика |
M091 | Сейсмология | Сейсмологияның физикалық негіздері | Сейсмикалық жазбалар бойынша жер сілкінудің параметрлерін анықтау |
M092 | Математика және статистика | Математикалық талдау | Дифференциалдық теңдеулер |
M093 | Механика | Теориялық механика | Тұтас орта механикасына кіріспе |
M094 | Ақпараттық технологиялар | Алгоритмдер және деректер құрылымы | Деректер базасы |
M095 | Ақпараттық қауіпсіздік | Алгоритмдік бағдарламалау тілдері | Ақпараттық қауіпсіздік негіздері |
M096 | Коммуникация және коммуникациялық технологиялар | Электрлік байланыс теориясы | Радиотехника және телекоммуникация негіздері |
M097 | Химиялық инженерия және процесстер | Бейорганикалық химия | Жалпы химиялық технология |
M098 | Жылу энергетикасы | Жылу техникасының теориялық негіздері | Қазандық қондырғылар және жылулық қозғалтқыштар |
M099 | Энергетика және электр техникасы | Электр техниканың теориялық негіздері | Электр машиналары |
M100 | Автоматтандыру және басқару | Электртехниканың теориялық негіздері | Сызықты автоматты реттеу жүйелері |
M101 | Материалтану және жаңа материалдар технологиясы | Механика | Молекулалық физика |
M102 | Роботты техника және мехатроника | Электроника негіздері | Интегралдық және микропроцессорлық схемотехника |
M103 | Механика және металл өңдеу | Өзара алмасымдылық негіздері | Машина бөлшектері |
M104 | Көлік, көліктік техника және технология | Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері | Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары |
M105 | Авиациалық техника және технологиялар | Ұшу аппараттарының құрылысы | Авиациалық техниканың теориялық негіздері |
M106 | Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану | Ұшу аппараттарының құрылысы | Авиациялық апаттарды тергеу және ұшу қауіпсіздігі |
M107 | Ғарыштық инженерия | Физика | Математика |
M108 | Наноматериалдар және нанотехнологиялар (қолдану саласы бойынша) | Механика | Нанотехнология негіздері |
M109 | Мұнай және кен геофизикасы | Далалық және ұңғымаларды геофизикалық зерттеудің теориялық негіздеріне кіріспе | Далалық және ұңғымаларды геофизикалық зерттеулерді өңдеу мен интерпретациялауды жүргізудің әдісі, техникасы мен технологиясы |
M110 | Теңіз техникасы және технологиялары | Кемелердегі қызметті ұйымдастыру негіздері | Кеме құрылымы мен теориясы |
M210 | Магистральды желілер және инфрақұрылым | Құрылыс материалдары | Көлік құрылымдарының құрылысын ұйымдастыру және жоспарлау |
M310 | Көліктік имараттар | Құрылыс материалдары | Көлік құрылымдарының құрылысын ұйымдастыру және жоспарлау |
M111 | Тамақ өнімдерін өндіру | Тамақ өндірісінің жалпы технологиясы | Химия |
M112 | Ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар технологиясы (қолдану саласы бойынша) | Ағаш өңдейтін жабдықтар | Ағаштан бұйым жасау технологиясы |
M113 | Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы | Физика | Материалдардың механикалық қасиеттері |
M114 | Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдар | Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы | Химия |
M115 | Мұнай инженериясы | Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау | Мұнай өңдірудің технологиясы мен техникасы |
M116 | Тау-кен инженериясы | Тау-кен өңдірісінің негіздері | Тау-кен кәсіпорындарының құрылысы |
M117 | Металлургиялық инженерия | Металлургиялық процесстерінің теориясы | Жалпы металлургия |
M118 | Пайдалы қазбалар байыту | Пайдалы қазбаларды байыту негіздері | Флотациялық байыту әдістері |
M119 | Фармацевтикалық өндіріс технологиясы | Дәрілердің өнеркәсіптік технологиясы | Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы |
M120 | Маркшейдерлік іс | Геодезия | Маркшейдерлік істің жалпы курсы |
M121 | Геология | Жалпы және тарихи геология | Пайдалы қазба кен орындарының геологиясы |
M122 | Сәулет | Сәулеттік типология | Қала құрылыс негіздері |
M123 | Геодезия | Геодезия | Картография |
M124 | Құрылыс | Құрылыс материалдары | Құрылыс өндірісінің технологиясы 1 |
M125 | Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарының өндірісі | Құрылыс материалдары | Бетон технологиясы 1 |
M126 | Көлік құрылысы | Құрылыс материалдары | Көлік құрылымдарының құрылысын ұйымдастыру және жоспарлау |
M127 | Инженерлік жүйелер мен желілер | Құрылыс материалдары | Құрылыс жинақтау жұмыстарының технологиясы |
M128 | Жерге орналастыру | Геодезия | Жер ресурстарын басқару |
M129 | Гидротехникалық құрылыс | Гидравлика | Гидротехникалық құрылымдар |
M130 | Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) | Квалиметрия | Сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау |
M131 | Өсімдік шаруашылығы | Өсімдік шаруашылығы | Топырақтану |
M132 | Мал шаруашылығы | Мал азықтандыру | Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы |
M133 | Орман шаруашылығы | Орман екпелері | Биотехния және жабайы жануарларды өсіру |
M134 | Балық шаруашылығы | Балық аулау | Аквакультура |
M135 | Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету | Электр техниканың теориялық негіздері | Электр машиналары |
М136 | Аграрлық техника және технологиясы | Ауылшаруашылық машиналары | Мал шаруашылығын механикаландыру және автоматтандыру машиналары |
M137 | Су ресурстары және суды пайдалану | Гидравлика | Су ресурстарын кешенді пайдалану |
M138 | Ветеринария | Жануарлар патологиясы | Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары |
M139 | Денсаулық сақтауды менеджмент | Экономикалық теория негіздері | Менеджмент негіздері |
M140 | Қоғамдық денсаулық | Биостатистика | Қоғамдық денсаулық |
M141 | Мейіргер ісі | Мейіргер ісі негіздері | Мейіргер ісіндегі мененджмент |
M142 | Фармация | Фармацияның басқарылуы және экономикасы және дәрілер технологиясы | Фармацевтикалық химия және фармакогнозия |
M143 | Биомедицина | Биостатистика | Дәлелді медицина |
M144 | Медицина | Биостатистика | Дәлелді медицина |
M145 | Медициналық-профилактикалық іс | Биостатистика | Гигиена және эпидемиология |
M146 | Әлеуметтік жұмыс | Әлеуметтік жұмыс теориясы | Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиялары |
M147 | Туризм | Туризмология негіздері | Экскурсиятану |
M148 | Тынығу | Мәдени-тынығу қызметіндегі әдістемелік жетекшілік технологиясы | Мәдени-тынығу қызметі саласындағы менеджмент, маркетинг |
M149 | Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі | Мейрамхана және мейманханада қызмет көрсету технологиясы | Мейманхана және мейрамхана менеджменті |
M150 | Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар | Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу | Еңбек қорғауды басқару жүйелері |
M151 | Көлік қызметтері | Көлік түрлерінің өзара қарым-қатынасы | Тасмалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару |
M152 | Логистика (сала бойынша) | Жеткізу тізбектерін басқару | Көлік логистикасы Жүктеу |
М153 | Археология және этнология | Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы | Археология негіздері |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 264 2-қосымша Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына 10-1-қосымша |
Аудиторияда тыйым салынған заттардың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған түсушіні аудиториядан шығару және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі өзге де бұзушылықтар жасағаны туралы акт (қағаз және (немесе) электрондық форматтағы тестілеу кезінде)
__________________________________________________________________________
(код) (ұйымның атауы)
"______"_______________20____жыл
"______" сағат "______" минут
Тестілеу әкімшісі _________________________________________________________________________
(Т.А.Ә.(болған жағдайда))
Тестілеу уақытында түсуші:
Т.А.Ә. (болған жағдайда) ___________________________________, ЖСН__________,
№ ____ аудитория, № ____ орын, № ________ нұсқа, Кешенді тестілеуді өткізу
қағидаларының 35-тармағының бұзылғандығын дәлелдейтін төмендегі заттар
_________________________________________________________________________
(тыйым салынған заттың атауы, саны) табылды:
Осы фактіні ескере отырып, қаулы етеміз:
тестілеу материалы алынсын;
түсуші Т.А.Ә. (болған жағдайда)
____________________________, ТЖК____________,
№ ____ аудиториядан шығарылсын және тестілеу нәтижелері жойылсын.
Актімен таныстым:
_______________________________________________________________________
(тестілеу әкімшісінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)
________________________________________________________________________
(бақылаушының Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)
________________________________________________________________________
(түсушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)
Күні:_________