БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Б. Акчулаков |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2022 жылғы 21 маусымдағы № 216 Бұйрығымен бекітілді |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10627 болып тіркелген) бұйрығында:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 70-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту тәртіптерін айқындайды.";
8-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8-1. Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін электр энергиясын өндіруге жұмсалған шығындар мыналарды қамтиды:
материалдық шығындар (отын, отынды тасымалдау, технологиялық қажеттіліктерге арналған су, жанар-жағармай материалдары, қосалқы материалдар);
өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығындар;
әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар;
аукциондық сауда-саттық шеңберінде өткізілген генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды қоспағанда, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;
жөндеулер (негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулер);
қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем;
су ресурстарын пайдалануға төлем;
салықтар (жер, көлік, мүлік, пайдалы қазбаларды өндіру және басқа да міндетті төлемдер);
техникалық диспетчерлендіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді көрсету бойынша қызметтер;
бөгде ұйымдардың өндірістік сипаттағы көрсетілетін қызметтері.
Кезең шығыстарына мыналар жатады:
әкімшілік персоналдардың еңбегіне ақы төлеу;
міндетті сақтандыру түрлеріне арналған шығыстар, салықтар, алымдар мен төлемдер;
аукциондық сауда-саттық шеңберінде өткізілген генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды қоспағанда, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;
іссапар шығыстары;
бөгде ұйымдардың көрсетілетін қызметтері (аудиторлық, банктік көрсетілетін қызметтер, байланыс көрсетілетін қызметтер).
қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеменің 2,5 еселенген мөлшерінен аспайтын есептелген сома шегінде айналым қаражатын ұлттық валютада толықтыру үшін алынатын).
Инвестициялық жобалар бойынша шекті тарифтің инвестициялық құрамдас бөлігінен басқа, шығындар көзі едәуір қосымша сыртқы қаржыландыру (кредиттер, қарыздар), сондай-ақ Әдістеменің 2-тарауының 1-параграфы қолданысқа енгізілген жылға дейін алынған бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі борышын қайта қаржыландыру және өтеу мақсаттары үшін алынған кредиттер (қарыздар), өзге де ақша болып табылған энергия өндіруші ұйымдарға энергия өндіруші ұйымның бастамасы бойынша кезең шығыстарына мыналар кіреді:
қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген 2,5 еселенген базалық мөлшерлемесін қолдана отырып есептелген сома шегінде ұлттық валютада алынатын);
қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар (Лондон банкаралық нарығының 4 еседен аспайтын базалық мөлшерлемесін қолдана отырып есептелген сома шегінде шетел валютасында алынатын) енгізіледі.
Бұл ретте, осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына шекті тарифті есептеу формуласында пайда нормасы Заңның 5-бабының 70-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін электр энергиясына шекті тарифтердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін нөлге теңестіріледі.
Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін шығындар тікелей электр энергиясын өндіруге жатады.".
2. "Жаңадан іске қосылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 170 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20594 болып тіркелген) бұйрығында:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 248) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңадан іске қосылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына шекті тарифті бекіту қағидаларында:
1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жаңадан іске қосылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына шекті тарифті бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 248) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңадан іске қосылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бірыңғай сатып алушы – "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;
2) жүйелiк оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелiк қызметтер көрсетудi және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;
3) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) электр энергиясына арналған шекті тариф – уәкілетті орган әрбір жеті жыл сайын бекітетін, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тобына енгізілген энергия өндіруші ұйым өндіретін электр энергиясы құнының электр энергиясын өндіруге арналған шығындардан және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 205 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20700 болып тіркелді) бұйрығымен бекітілген Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайданың, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданың нормаларын айқындау әдістемесі бойынша айқындалатын пайда нормасынан тұратын ақшалай мәні.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.";
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"10. Жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына арналған шекті тариф алдағы жылдың электр энергиясын өндіруге арналған болжамды шығындар негізінде айқындалады және жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін бекітілген электр энергиясына арналған шекті тарифтердің қолданылу мерзіміне бекітіледі.
Жаңадан іске қосылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына арналған шекті тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін электр энергиясын өндіруге арналған болжамды шығындар мыналардан тұрады:
болжамды материалдық шығындар (отын, отынды тасымалдау, технологиялық қажеттіліктерге арналған су, жанар-жағармай материалдары, қосалқы материалдар);
өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған болжамды шығындар;
болжамды әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар;
аукциондық сауда-саттық шеңберінде өткізілген генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды қоспағанда, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің болжамды амортизациясы;
болжамды жөндеулер (негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулер);
қоршаған ортаға эмиссиялар үшін болжамды төлем;
су ресурстарын пайдаланғаны үшін болжамды төлем;
болжамды салықтар (жер, көлік, мүлік, пайдалы қазбаларды өндіру және басқа да міндетті төлемдер);
техникалық диспетчерлендіру жөніндегі болжамды көрсетілетін қызметтер;
электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді көрсету бойынша болжамды қызметтер;
бөгде ұйымдардың өндірістік сипаттағы болжамды көрсетілетін қызметтері.
Кезең шығыстарына мыналар:
әкімшілік персоналдардың еңбек ақысын болжамды төлеу;
міндетті сақтандыру түрлеріне арналған болжамды шығыстар, салықтар, алымдар мен төлемдер;
аукциондық сауда-саттық шеңберінде өткізілген генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды қоспағанда, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің болжамды амортизациясы;
болжамды іссапар шығыстары;
бөгде ұйымдардың болжамды көрсетілетін қызметтері (аудиторлық, банктік көрсетілетін қызметтер, байланыс көрсетілетін қызметтер) енгізіледі.
Бұл ретте, электр энергиясына арналған шекті тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін шығындар тікелей электр энергиясын өндіруге жатады.".
3. "Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайданың, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданың нормаларын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 205 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20700 болып тіркелген) бұйрығында:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайданың, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданың нормаларын айқындау әдістемесінде:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайданың, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданың нормаларын айқындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 70-9) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайданың, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданың нормаларын айқындау тетігін анықтайды.";
"7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Реттеу кезеңінің бірінші жылына активтердің қалдық құны (АҚҚ1) мынадай формула бойынша айқындалады:
АҚҚ1 = АТҚ - ТЗЖИН, мұндағы:
АҚҚ1 – реттеу кезеңінің бірінші жылына активтердің қалдық құны, теңге;
АТҚ – активтердің толық құны, теңге;
ТЗЖИН – жинақталған тозу, теңге.
Активтердің толық құнының шамасы және реттеудің бірінші жылына жинақталған тозу бойынша деректерді "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындайды.
Реттеу кезеңінің бірінші жылына активтердің толық және қалдық құнын айқындау кезінде барлық энергия өндіруші ұйымдар үшін бірдей негізгі кіріс параметрлері (құрылыстың үлестік құны, пайдалы пайдалану мерзімдері), бағалау әдіснамасы мен күні қолданылады.
12 және 13-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
12. RAB-реттеуге енгізілмейтін негізгі активтерге:
1) энергия өндіруші ұйым негіздемеген негізгі құралдарды құруға/сатып алуға жұмсалған шығындар;
2) күрделі құрылыс үшін тартылған нысаналы қарыздар бойынша капиталдандырылатын проценттерден басқа, қарыздық қаржыландыруды тартуға байланысты төлемдердің кез келген түрлері:
3) өтеусіз, оның ішінде Қазақстан Республикасының республикалық немесе жергілікті бюджетінен алынған объектілер;
4) егер объект бірлесіп қаржыландырылғанда, тең инвесторлар шеккен шығындар;
5) меншік құқығы ресімделмеген, компанияның иелігіндегі негізгі құралдар объектілері;
6) аяқталмаған құрылыс объектілері, сондай-ақ қондырғыға жабдықтар;
7) жалдау және қаржы лизингіндегі объектілер, сондай-ақ жалдау және лизингтік төлемдер;
8) айналым капиталы;
9) электр энергиясын өндіру жөніндегі қызметке қатысты активтерге жататын бағдарламалық қамтылымды қоспағанда, материалдық емес активтер;
10) Қазақстан Республикасының республикалық немесе жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен өткізілген объектілер.
11) аукциондық сауда-саттық шеңберінде іске асырылған генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғылар жатады.
13. Әрбір реттеу кезеңінің басында реттелетін активтер базасының құнын бағалауды "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы жүргізеді.".