"Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 601 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 маусымда № 28579 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген – ҚР Қаржы министрінің 26.09.2024 № 646 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12618 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Осы Қағидалардың 15-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде қалыптастырылады.

      Осы Қағидалардың 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шартта, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, тапсырыс беруші не уәкілетті орган әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өздеріне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге жібереді.

      Осы Қағидалардың 15-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шартта, жиынтығында мынадай шарттарды қанағаттандыратын:

      1) өнім берушінің тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеуі;

      2) шарттық міндеттемелерді толық орындау;

      3) тапсырыс берушіге келтірілген залалдың болмауы жағдайларын қоспағанда, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын өнім берушінің бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей, осындай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

      17. Осы Қағидалардың 15-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі уәкілетті органның әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі негізінде қалыптастырылады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Уәкілетті органға мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу үшін толық емес және (немесе) дәйексіз (дұрыс емес) мәліметтер ұсыну шартында, уәкілетті орган веб-портал арқылы тапсырыс берушіге осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтерді 5 (бес) жұмыс күн ішінде қайта беру қажеттігі туралы хабарламаны 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жібереді.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Тапсырыс берушінің әлеуетті өнім берушіні веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен шығару туралы келісу комиссиясының шешімін ұсынуы шартында, уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен шығару туралы шешім шығарады.

      Бұл ретте, уәкілетті органның әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен шығару туралы шешімі веб-портал арқылы автоматты режимде шығарылады.";

      Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 6-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 20 маусымдағы
№ 601 Бұйрығына
1-қосымша
  Мемлекеттік сатып алу
саласында тізілімдерді
қалыптастырудың және оларды
жүргізудің қағидаларына
5-қосымша

      нысан

Уәкілетті органның жалпы бланкісі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Уәкілетті органның
ресми атауы
қазақ тілінде


Уәкілетті органның
ресми атауы
орыс тілінде

 
БҰЙРЫҚ

 
ПРИКАЗ

_________________ (күні)


№ ___________

Қазақ тілінде шығарылған жері


Орыс тілінде шығарылған жері

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12 және 44-баптарына сәйкес мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша:

      Сатып алу туралы хабарландыру нөмірі:

      Сатып алу тәсілі:

      Тапсырыс беруші қол қойған мемлекеттік сатып алу туралы шартты әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберген күні: күні/айы/жылы

      Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына қол қою қажеттілігі туралы хабарлама жіберілген күн: күні/айы/жылы

      Заңда белгіленген өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоюы үшін мерзімнің аяқталатын күні: күні/айы/жылы

      Не:

      Шартты жасасу күні: күні/айы/жылы

      Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді не Заңның 26-бабында көрсетілген соманы енгізу мерзімінің аяқталатын күні: күні/айы/жылы

      Тапсырыс беруші:

      Атауы:

      БСН:

      Мекенжайы:

      Телефоны:

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Заңның 44-бабының 1-тармағына сәйкес:

      Заңда белгіленген мерзімде ______ тәсілмен өткізілген № ____сатып алу бойынша № ______ мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймауына/ не:

      мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді немесе ______ тәсілмен өткізілген күні/айы/жылғы _____ лот бойынша Заңның 26-бабында көрсетілген соманы енгізбеуге байланысты _________ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаудан жалтарды деп танылсын.

      2. Заңның 12-бабының 4-тармағы 2) тармақшасына, 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылсын.

      3. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміне әлеуетті өнім беруші туралы мынадай мәліметтер енгізілсін:

Атауы/Т.А.Ә. (болған жағдайда):


БСН/ЖСН, бейрезидент өнім берушілер үшін тіркеу деректері:


Басшының Т.А.Ә. (болған жағдайда):


Басшының ЖСН, бейрезидент өнім берушілер үшін басшының тіркеу деректері:


Құрылтайшының (құрылтайшылардың) атауы/ Т.А.Ә. (болған жағдайда):


Құрылтайшының (құрылтайшылардың) БСН/ЖСН-і, бейрезидент өнім берушілер үшін құрылтайшылардың тіркеу деректері:


Мекенжайы:


Телефоны:


      4. Тізілімде болу мерзімі бұйрық бекітілген күннен бастап 24 ай болып белгіленсін.

      5. Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Уәкілетті адам Т.А.Ә. (болған жағдайда) (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда).

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 20 маусымдағы
№ 601 Бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттік сатып алу
саласында тізілімдерді
қалыптастырудың және оларды
жүргізудің қағидаларына
6-қосымша

      нысан

Уәкілетті органның жалпы бланкісі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Уәкілетті органның
ресми атауы
қазақ тілінде


Уәкілетті органның
ресми атауы
орыс тілінде

 
БҰЙРЫҚ

 
ПРИКАЗ

_________________ (күні)


№ ___________

Қазақ тілінде шығарылған жері


Орыс тілінде шығарылған жері

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тастау туралы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабы 9-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, "Әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен алып тастау туралы" ______ № ____ өтінішті келісу комиссиясының қарау қорытындысы бойынша БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы" ______ жылғы "___" _____№ ______ "Уәкілетті органның атауы" бұйрығының күші жойылсын.

      2. Заңның 12-бабы 6-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тасталсын:

Атауы/Т.А.Ә. (болған жағдайда):


БСН/ЖСН, бейрезидент өнім берушілер үшін тіркеу деректері:


Басшының Т.А.Ә. (болған жағдайда):


Басшының ЖСН, бейрезидент өнім берушілер үшін басшының тіркеу деректері:


Құрылтайшының (құрылтайшылардың) атауы/Т.А.Ә. (болған жағдайда):


Құрылтайшының (құрылтайшылардың) БСН/ЖСН-і, бейрезидент өнім берушілер үшін құрылтайшылардың тіркеу деректері:


Мекенжайы:


Телефоны:


      3. Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Уәкілетті адам Т.А.Ә. (болған жағдайда) (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда).

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 694 "Об утверждении Правил формирования и ведения реестров в сфере государственных закупок"

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 20 июня 2022 года № 601. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 июня 2022 года № 28579.

      Примечание ИЗПИ!
      Утрачивает силу приказом Министра финансов РК от 26.09.2024 № 646 (вводится в действие с 01.01.2025).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 694 "Об утверждении Правил формирования и ведения реестров в сфере государственных закупок" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12618) следующие изменения и дополнение:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 9) статьи 16 Закона Республики Казахстан "О государственных закупках" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах формирования и ведения реестров в сфере государственных закупок (далее – Правила), утвержденных указанным приказом:

      пункты 16 и 17 изложить в следующей редакции:

      "16. Реестр недобросовестных участников государственных закупок, предусмотренных подпунктами 1) и 3) пункта 15 настоящих Правил, формируется на основании решений судов, вступивших в законную силу.

      При условии, указанном в подпункте 1) пункта 15 настоящих Правил, организатор государственных закупок, единый организатор государственных закупок, заказчик либо уполномоченный орган направляет не позднее 30 (тридцати) календарных дней со дня, когда им стало известно о факте нарушения потенциальным поставщиком или поставщиком законодательства Республики Казахстан о государственных закупках, обратиться с иском в суд о признании такого потенциального поставщика или поставщика недобросовестным участником государственных закупок.

      При условии, указанном в подпункте 3) пункта 15 настоящих Правил, заказчик не позднее 30 (тридцати) календарных дней со дня, когда ему стало известно о факте нарушения поставщиком законодательства Республики Казахстан о государственных закупках, обратиться с иском в суд о признании такого поставщика недобросовестным участником государственных закупок, за исключением случаев, которые в совокупности удовлетворяют следующим условиям:

      1) выплаты поставщиком неустойки (штрафа, пени);

      2) полного исполнения договорных обязательств;

      3) отсутствия ущерба, причиненного заказчику.

      17. Реестр недобросовестных участников государственных закупок, предусмотренных подпунктом 2) пункта 15 настоящих Правил, формируется на основании решения уполномоченного органа о признании потенциальных поставщиков недобросовестными участниками государственных закупок.";

      пункт 21 изложить в следующей редакции:

      "21. При условии представления в уполномоченный орган неполных и (или) недостоверных (некорректных) сведений для включения в реестр недобросовестных участников государственных закупок, уполномоченный орган в течение 7 (семи) рабочих дней направляет посредством веб-портала уведомление заказчику о необходимости в течение 5 (пяти) рабочих дней повторно предоставить сведения о недобросовестном участнике государственных закупок в соответствии с пунктом 27 настоящих Правил.";

      пункт 31 изложить в следующей редакции:

      "31. При условии представления заказчиком решения согласительной комиссии об исключении потенциального поставщика из реестра недобросовестных участников государственных закупок посредством веб-портала, уполномоченный орган в течение 3 (трех) рабочих дней выносит решение об исключении данного поставщика из реестра недобросовестных участников государственных закупок по форме согласно приложению 6 к настоящим Правилам.

      При этом решение уполномоченного органа об исключении потенциального поставщика из реестра недобросовестных участников государственных закупок выносится посредством веб-портала в автоматическом режиме.";

      приложение 5 к Правилам изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      дополнить приложением 6 к Правилам согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Департаменту законодательства государственных закупок и закупок квазигосударственного сектора Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра
- Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

  Приложение 1 к приказу
Заместителя Премьер-Министра
- Министра финансов
Республики Казахстан
от 20 июня 2022 года № 601
  Приложение 5
к Правилам формирования
и ведения реестров в сфере
государственных закупок
  форма

Общий бланк уполномоченного органа

Государственный герб Республики Казахстан

Официальное наименование
уполномоченного органа на казахском языке


Официальное наименование
уполномоченного органа на русском языке

БҰЙРЫҚ


ПРИКАЗ

_________________
(дата)


№ ___________

Место издания на казахском языке


Место издания на русском языке

О включении в реестр недобросовестных участников государственных закупок

      В соответствии со статьями 12 и 44 Закона Республики Казахстан "О государственных закупках" (далее – Закон), по итогам государственных закупок:

      Номер объявления о закупке:

      Способ закупки:

      Дата направления подписанного заказчиком договора о государственных закупках на подписание потенциальному поставщику: дд/мм/гг

      Дата направления уведомления о необходимости подписания проекта договора о государственных закупках: дд/мм/гг

      Дата истечения срока для подписания договора о государственных закупках поставщиком, установленного Законом: дд/мм/гг

      Либо:

      Дата заключения договора: дд/мм/гг

      Дата истечения срока внесения обеспечения исполнения договора о государственных закупках, либо суммы, предусмотренной статьей 26 Закона потенциальным поставщиком: дд/мм/гг

      Заказчик:

      Наименование:

      БИН:

      Адрес:

      Телефон:

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. В соответствии с пунктом 1 статьи 44 Закона признать _________ уклонившимся от заключения договора о государственных закупках в связи с:

      не подписанием договора о государственных закупках № ___ по закупке № ______, проведенного способом ______ в установленный Законом срок/ либо:

      не внесением обеспечения исполнения договора о государственных закупках или суммы, предусмотренной статьей 26 Закона по договору № ____ от дд/мм/гг по лоту ____, проведенного способом _______.

      2. В соответствии с подпунктом 2) пункта 4, части второй пункта 5 статьи 12 Закона признать недобросовестным участником государственных закупок.

      3. Включить в реестр недобросовестных участников государственных закупок следующие сведения о потенциальном поставщике:

Наименование/Ф.И.О. (при наличии):


БИН/ИИН, регистрационные данные для поставщиков-нерезидентов:


Ф.И.О. (при наличии) руководителя:


ИИН руководителя, регистрационные данные руководителя для поставщиков-нерезидентов:


Наименование/Ф.И.О. (при наличии) учредителя (учредителей):


БИН/ИИН учредителей (учредителей), регистрационные данные учредителей для поставщиков-нерезидентов:


Адрес:


Телефон:


      4. Период нахождения в реестре определить 24 месяца с даты утверждения приказа.

      5. Приказ вступает в силу с момента подписания.

      Уполномоченное лицо Ф.И.О. (при наличии) (электронная цифровая подпись)

      Расшифровка аббревиатур:

      БИН – бизнес-идентификационный номер;

      ИИН – индивидуальный идентификационный номер;

      Ф.И.О. - фамилия, имя, отчество (при наличии).

  Приложение 2 к приказу
Заместителя Премьер-Министра
- Министра финансов
Республики Казахстан
от 20 июня 2022 года № 601
  Приложение 6
к Правилам формирования
и ведения реестров в сфере
государственных закупок
  форма

Общий бланк уполномоченного органа

Государственный герб Республики Казахстан

Официальное наименование
уполномоченного органа на казахском языке


Официальное наименование
уполномоченного органа на русском языке

БҰЙРЫҚ


ПРИКАЗ

_________________ (дата)


№ ___________

Место издания на казахском языке


Место издания на русском языке

Об исключении из реестра недобросовестных участников государственных закупок

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 9 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О государственных закупках" (далее - Закон), по итогам рассмотрения согласительной комиссии обращения от ____ № ____ "Об исключении потенциального поставщика из реестра недобросовестных участников государственных закупок" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Отменить приказ "Наименование уполномоченного органа" от "___" ____ года № _____ "О включении в реестр недобросовестных участников государственных закупок".

      2. В соответствии с частью четвертой пункта 6 статьи 12 Закона исключить из реестра недобросовестных участников государственных закупок потенциального поставщика:

Наименование/Ф.И.О. (при наличии):


БИН/ИИН, регистрационные данные для поставщиков-нерезидентов:


Ф.И.О. (при наличии) руководителя:


ИИН руководителя, регистрационные данные руководителя для поставщиков-нерезидентов:


Наименование/Ф.И.О. (при наличии) учредителя (учредителей):


БИН/ИИН учредителей (учредителей), регистрационные данные учредителей для поставщиков-нерезидентов:


Адрес:


Телефон:


      3. Приказ вступает в силу с момента подписания.

      Уполномоченное лицо Ф.И.О. (при наличии) (электронная цифровая подпись)

      Расшифровка аббревиатур:

      БИН – бизнес-идентификационный номер;

      ИИН – индивидуальный идентификационный номер;

      Ф.И.О. - фамилия, имя, отчество (при наличии).