ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН
1. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 бұйрығына 1-қосымша |
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бірыңғай сатып алу платформасы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және жүргізеді.
3. "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік құпиялар туралы заң) сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 45-бабының 4-тармағына сәйкес таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, тізілімдерде қамтылған мәліметтер веб-порталда орналастырылады және олар төлемақы алынбай, танысу үшін мүдделі тұлғаларға қолжетімді.
2-тарау. Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдердің түрлері
4. Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдер (бұдан әрі – тізілімдер) мынадай түрлерге бөлінеді:
1) әлеуетті өнім берушілер тізілімі;
2) тапсырыс берушілер тізілімі;
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізілімі;
4) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі;
5) шағымдар тізілімі;
6) әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің тізілімі.
3-тарау. Әлеуетті өнім берушілердің тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі
5. Әлеуетті өнім берушілердің тізілімі әлеуетті өнім беруші туралы мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) әлеуетті өнім берушінің қазақ және орыс тілдеріндегі атауы;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер;
3) веб-порталда тіркелген күні;
4) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
5) аумақтық тиесілігі туралы мәліметтер (әкімшілік-аумақтық бірлестіктердің жіктеуіші бойынша коды (ӘАБЖ), өңір, заңды мекенжайы және нақты мекенжайы);
6) шаруашылықтың ұйымдық-құқықтық нысанының коды (ҰҚНК);
7) меншік нысандарының жіктеуіші бойынша код (МНК);
8) кәсіпкерлік субъектісінің санаты;
9) экономика секторының коды;
10) экономикалық қызмет түрлерінің жіктеуішіне сәйкес негізгі қызмет түрінің атауы;
11) әлеуетті өнім берушінің басшысы туралы мәліметтер:
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
басшының лауазымы;
деректер көзі;
электрондық пошта;
телефон (жұмыс, ұялы).
6. Әлеуетті өнім берушілердің тізілімін қалыптастыру веб-порталдағы әлеуетті өнім берушінің тіркеу деректері мен мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер негізінде веб-портал арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.
Бұл ретте әлеуетті өнім беруші веб-порталда әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеледі. Әлеуетті өнім беруші қайта ұйымдастырылған (таратылған) не тіркеу деректері әділет органдарында өзгерген жағдайда, әлеуетті өнім беруші мұндай жағдайлар әділет органдарында тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде веб-порталдағы тіркеу деректеріне өзгертілген мәліметтерді енгізеді.
7. Әлеуетті өнім берушілердің тізілімін жүргізу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жүзеге асырылады.
8. Әлеуетті өнім берушілер тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) (бұдан әрі – Электрондық құжат айналымы қағидалары) белгіленген тәртіппен электрондық түрде сақталады.
4-тарау. Тапсырыс берушілердің тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі
9. Тапсырыс берушілердің тізілімі тапсырыс беруші туралы мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) тапсырыс берушінің қазақ және орыс тілдеріндегі атауы;
2) тапсырыс берушінің мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні;
3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
4) тапсырыс берушінің аумақтық тиесілігі туралы мәліметтер (әкiмшiлiк-аумақтық бiрлестiктердiң жiктеуiшi (ӘАБЖ) бойынша коды, өңір, заңды мекенжайы және нақты мекенжайы)
5) есептілік әкімшісінің атауы;
6) шаруашылықтың ұйымдық-құқықтық нысанының коды (ҰҚНК);
7) меншік нысандарының жіктеуіші бойынша код (МНК);
8) кәсіпкерлік субъектісінің санаты;
9) экономика секторының коды;
10) тапсырыс берушінің басшысы туралы мәліметтер:
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
басшының лауазымы;
деректер көзі;
электрондық пошта;
телефон (жұмыс, ұялы).
10. Тапсырыс берушілердің тізілімін қалыптастыру веб-портал арқылы тапсырыс берушінің веб-порталдағы тіркеу деректері негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
Бұл ретте тапсырыс беруші веб-порталда әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеледі. Тапсырыс беруші қайта ұйымдастырылған (таратылған) не әділет органындағы тіркеу деректері өзгерген жағдайда, тапсырыс беруші осындай жағдайлар әділет органдарында тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тапсырыс берушінің веб-порталдағы тіркеу деректеріне өзгертілген мәліметтерді енгізеді.
11. Тапсырыс берушілер тізілімін жүргізу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жүзеге асырылады.
12. Тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізілген тапсырыс беруші туралы мәліметтер Электрондық құжат айналымы қағидаларында белгіленген тәртіппен электронды түрде сақталады.
5-тарау. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі
13. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне мәліметтер енгізуді тапсырыс беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы шарттар тізілімінің электрондық нысанын толтыру жолымен:
тиісті қаржы жылында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша – мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;
мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау бойынша (тауарларды қабылдау-тапсыру актісі немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі) – қол қойылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;
мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша жүзеге асырылған төлемдер бойынша – төлем жүргізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
Заңның 16-бабы 3-тармағының 6), 12), 21), 22) және 24) тармақшаларында және 26-бабында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізуге жатпайды.
14. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі Мемлекеттік құпиялар туралы заңға сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Кодекстің 45-бабының 4-тармағына сәйкес таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттар туралы мәліметтерді қоспағанда, шарт (оның өзгерістері) туралы мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) тапсырыс берушінің атауы;
2) тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
3) қаржыландыру көзі – республикалық бюджет, жергілікті бюджет, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен қаражат, мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен қаражат (бұдан әрі – бюджеттен тыс қаражат), меншікті қаражат;
4) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарламаның нөмірі;
5) конкурс қорытындылары, аукцион қорытындылары, бір көзден сатып алуды өткізу қорытындылары, баға ұсыныстарын сұратуды жүргізу қорытындылары шығарылған күн;
6) шартты жасасудың негізін растайтын құжаттың деректемелері;
7) шарттың жасалған күні және нөмірі – шарттың жасалған күні, айы, жылы;
8) шарт валютасының коды;
9) аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік сатып алу туралы шартты тіркегені туралы мәліметтер – өтінім нөмірі мен тіркеу күнін қоса алғанда, тіркеу туралы хабарламалардың деректемелері;
10) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы:
сатып алу нысанасының түрі;
жіктеуіш бойынша өнімнің коды;
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша және қосымша сипаттамасы;
өлшем бірлігі;
бір бірлік үшін бағасы;
саны;
егер өнім беруші қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) төлеуші болып табылған жағдайда, ҚҚС сомасы туралы мәліметтер;
11) өнім берушілер (орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат:
заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);
бейрезиденттер үшін – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың (жеке тұлғалардың) тіркеу деректері;
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және олардың өнім берушілерінің дерекқорындағы жазба нөмірі;
резиденттік елі және заңды мекенжайы;
байланыс ақпараты;
12) шарттың орындалуы:
тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы және сипаттамасы;
сатып алынған тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің қысқаша сипаттамасы;
тауар белгісінің атауы;
тауар өндірушінің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің елі;
төлем сомасы;
шартты орындаудың жоспарланған және нақты күні;
13) шарттың қолданылуын тоқтату туралы мәліметтер:
күні, негіздеме және себебі.
15. Тапсырыс беруші шарт қолданылуын тоқтатқан (орындалған немесе орындалмаған) күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізілімінің электрондық нысанын толтыру жолымен шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді веб-портал арқылы енгізеді.
16. Тапсырыс беруші веб-порталға шарттың өзгеруі туралы мәліметтерді немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді ұсынған жағдайда, шарт туралы бастапқы мәліметтер мұрағатын сақтай отырып, тізілімдегі жазбаны автоматты түрде жаңарту жүргізіледі.
17. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізіліміне енгізілген шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер және (немесе) шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді оған енгізген күннен бастап 5 (бес) жыл бойы шарттар тізілімінде сақталады.
18. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мерзім өткен соң мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімінен алып тасталған шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер Электрондық құжат айналымы қағидаларында белгіленген тәртіппен электронды түрде сақталады.
6-тарау. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі
19. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі:
1) дұрыс емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер;
2) жеңімпаз деп айқындалған, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер;
3) мемлекеттік сатып алу туралы өздерімен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған өнім берушілер;
4) өздерімен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған өнім берушілер тізбесін білдіреді.
20. Осы Қағидалардың 19-тармағының 1) 3) және 4) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде қалыптастырылады.
Осы Қағидалардың 19-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, тапсырыс беруші не уәкілетті орган әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
Осы Қағидалардың 19-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, шарт бұзылған не шарттың қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей осындай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
Жиынтығында:
1) өнім берушінің тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеуі;
2) шарттық міндеттемелерді толық орындау;
3) тапсырыс берушіге келтірілген залалдың болмауы мынадай шарттарын қанағаттандыратын жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 19-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын өнім берушінің бұзуы фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей осындай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінінеді.
21. Осы Қағидалардың 19-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер (екінші орын алған және бір көзден жасалатын тәсілмен жасалатын шарттар бойынша шарт жасасудан оған қол қоймау арқылы жалтарған әлеуетті өнім берушілерді қоспағанда) бойынша қалыптастырылады.
22. Тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы заңды күшіне енген соттың шешімін (бұдан әрі – Сот шешімі) веб-портал арқылы алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы алған Сот шешімінің электрондық көшірмесін, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұндай әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы мәліметтерді электронды түрде веб-портал арқылы уәкілетті органға ұсынады.
23. Тапсырыс берушіге электрондық көшірмесі веб-портал арқылы келіп түспеген Сот шешімі қағаз тасығышта келіп түскен жағдайда, тапсырыс берушілер аталған Сот шешімін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Сот шешімінің көшірмесін және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осындай әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы мәліметтерді электронды түрде веб-портал арқылы уәкілетті органға ұсынады.
24. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтерді веб-портал арқылы ұсынған күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган оларды қарайды және осындай мәліметтерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізеді.
25. Уәкілетті органға мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу үшін толық емес және (немесе) дәйексіз (дұрыс емес) мәліметтер ұсыну шартында, уәкілетті орган веб-портал арқылы тапсырыс берушіге осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтерді 5 (бес) жұмыс күн ішінде қайта беру қажеттігі туралы хабарламаны 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жібереді.
26. Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартқа веб-портал арқылы қол қоймау жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса, мұндай әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы қабылданатын уәкілетті органның шешімімен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне автоматты түрде енгізіледі.
27. Әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімдерде қағаз жеткізгіште мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймау жолымен не мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты (егер шартта аванс көзделген жағдайда) және (немесе) Заңның 13-бабына сәйкес соманы қамтамасыз етуді енгізбеу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешім қабылдайды және веб-портал арқылы уәкілетті органға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осындай әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы мәліметтерді электрондық түрде ұсынады.
28. Тапсырыс беруші уәкілетті органға ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Тапсырыс беруші ұсынған мәліметтерді қарау кезінде уәкілетті орган оның толықтығы мен дұрыс толтырылуын тексеруді білдіретін форматты-логикалық бақылауды жүзеге асырады.
29. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты (егер шартта аванс көзделген жағдайда) және (немесе) Заңның 13-бабына сәйкес соманы қамтамасыз етуді енгізбеу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімі, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы қабылданатын уәкілетті органның шешімі негізінде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізіледі.
30. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін жүргізу осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
31. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне мәліметтерді енгізген кезде:
1) жосықсыз әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы ақпарат:
әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің атауы;
резиденттік елі;
Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);
бейрезиденттер үшін – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың (жеке тұлғалардың) тіркеу деректері;
2) тапсырыс беруші туралы ақпарат;
3) өткізілген сатып алу туралы мәліметтер:
сатып алуды жүзеге асыру тәсілі;
сатып алу туралы хабарландырудың нөмірі;
сатып алу туралы хабарландырудың күні;
сатып алу қорытындыларын шығару күні;
4) Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізіліміндегі шарттың нөмірі (болған кезде);
5) өнім берушіні (әлеуетті) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану негіздемесі;
6) осы шартты бұзу ниеті туралы хабарлама күні;
7) осы шартты бұзу туралы хабарлама күні;
8) сот шешімі/уәкілетті органның шешімі туралы мәліметтер:
соттың/ уәкілетті органның атауы;
соттың/уәкілетті органның шешімінің нөмірі;
соттың/уәкілетті органның шешімінің күні;
сот шешімінің заңды күшіне енген/ уәкілетті орган шешімінің заңды күшіне енген күні;
9) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тасталған күн.
32. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы туралы мәліметтерді Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тастауға мыналар:
1) Заңда белгіленген мерзімнің аяқталуы;
2) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;
3) әлеуетті өнім берушінің оны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тастау туралы өтінішін келісу комиссиясының қарау қорытындысы бойынша қабылдаған уәкілетті органның шешімі.
33. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтер Заңда белгіленген мерзім өткен соң тізілімнен автоматты түрде алынып тасталады.
34. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот актісі ол болған жағдайда, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтер әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) сұрау салуы бойынша уәкілетті орган сотпен расталған тиісті сот актісінің көшірмесін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде алынып тасталады.
35. Тапсырыс берушінің әлеуетті өнім берушіні веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тастау туралы келісу комиссиясының шешімін ұсынуы шартында, уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тастау туралы шешім шығарады.
Бұл ретте, уәкілетті органның әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тастау туралы шешімі веб-портал арқылы автоматты режимде шығарылады.
7-тарау. Шағымдар тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі
37. Шағымдардың тізілімі әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілердің уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы берген шағымдарының тізбесін білдіреді және шағымдарды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдер мен берілген нұсқамалар (хабарламалар) туралы мәліметтерді қамтиды.
8-тарау. Өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі
38. Мемлекеттік құпиялар туралы заңға сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Кодекстің 45-бабының 4-тармағына сәйкес таралуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, Өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің тізілімі (бұдан әрі - Жұмыс тәжірибесінің тізілімі) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша веб-порталда қалыптастырылады.
39. Жұмыс тәжірибесінің тізілімін уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы енгізетін осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар негізінде қалыптастырады.
40. Жұмыс тәжірибесінің тізілімі Жұмыс тәжірибесінің тізіліміне енгізілетін әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын растау жолымен қалыптастырылады.
41. Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері олардың дұрыстығы расталғаннан кейін Жұмыс тәжірибесі тізіліміне енгізеді.
42. Әлеуетті өнім берушілердің Жұмыс тәжірибесінің тізіліміне мәліметтер мен құжаттарды енгізу туралы өтінімдері әлеуетті өнім берушімен қалыптастырылады және веб-портал арқылы беріледі.
Әлеуетті өнім берушілердің мұндай өтінімдерін уәкілетті органның ведомствосымен келісу бойынша уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды. Бұл ретте, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайды, ал уәкілетті орган ведомствосының келісуі 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды.
43. Жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын растау мақсатында әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен веб-портал арқылы тиісті мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жүгінеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!44-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 № 809 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
44. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша соңғы 10 (он) жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылғы құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды Жұмыс тәжірибесінің тізіліміне енгізу туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері мынадай талаптар ескеріле отырып, қаралады:
1) әлеуетті өнім берушінің бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы қазынашылық органдарының деректері негізінде айқындалады;
2) әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретіндегі жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы "Расталған" мәртебесі бар бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар негізінде және осы Қағидалардың 45-тармағына сәйкес айқындалады;
3) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың осы Қағидалардың 46-тармағының талаптарына сәйкестігі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!8-тарауды 44-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 № 809 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
45-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 № 809 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
45. Бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша соңғы 10 (он) жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылғы құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды жұмыс тәжірибесінің тізіліміне енгізу туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін мынадай шарттар ескеріле отырып қаралады:
1) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар:
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын орган және құрылыс объектісінің орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органмен расталады. Бұл ретте, мұндай растау әлеуетті өнім берушілердің веб-портал арқылы ұсынылған өтініштері негізінде жоғарыда аталған органдардан осындай тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
әлеуетті өнім берушілердің өтініштері негізінде мемлекеттік сараптама ұйымының ақпараттық жүйесімен не осындай сараптама ұйымдарының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, веб-портал арқылы ұсынылған аккредиттелген сараптама ұйымдарының хаттарымен расталады;
2) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың осы Қағидалардың 46-тармағының талаптарына сәйкестігі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!46-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 № 809 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
46. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар:
1) ағымдағы, орташа жөндеу объектілерін, сондай-ақ меншік иесі өз бетінше пайдалануға қабылдайтын объектілерді қоспағанда, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заң) 20-бабының 22-2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі;
2) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 20-бабының 23-17) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша орындалған жұмыстар актісінің электрондық көшірмесі;
3) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 20-бабының 22-1) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияның электрондық көшірмесі;
4) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонның электрондық көшірмесі;
5) жобаның ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының электрондық көшірмесі болып табылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!47-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 № 809 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
47. Әлеуетті өнім берушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама әзірлеу бойынша соңғы 10 (он) жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы құрылыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң сараптамалық қорытындыларымен расталады.
Мемлекеттік сараптау ұйымы берген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң сараптамалық қорытындысының дұрыстығын мемлекеттік сараптау ұйымының ақпараттық жүйелерінің мәліметтері негізінде уәкілетті органның ведомствосы растайды.
Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың өзге де оң сараптамалық қорытындыларының дұрыстығы әлеуетті өнім берушілердің өтініштері негізінде осындай сараптау ұйымдарының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, веб-портал арқылы ұсынылған аккредиттелген сараптау ұйымдарының хаттарымен расталады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!48-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 № 809 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
48. Әлеуетті өнім берушінің құрылыс-монтаждау жұмыстарына техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер бойынша соңғы 5 (бес) жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы осы Қағидалардың 49-тармағында көзделген құжаттармен, сондай-ақ осы Қағидалардың 44 және 45-тармақтарында көзделген тәртіппен расталады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!49-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 № 809 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
49. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар:
1) ағымдағы, орташа жөндеу объектілерін, сондай-ақ меншік иесі өз бетінше пайдалануға қабылдайтын объектілерді қоспағанда, Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 20-бабының 22-2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі;
2) Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңның 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонның электрондық көшірмесі;
3) жобаның ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының электрондық көшірмесі болып табылады.
50. Егер объектілерді пайдалануға қабылдау актісінде функционалдық мақсаттың бірнеше түрі көзделген жағдайда, онда әлеуетті өнім берушінің мұндай жұмыс тәжірибесі жұмыс тәжірибесінің тізіліміне функционалдық мақсаттың әрбір түрі бойынша бөлек енгізіледі.
Егер ведомствадан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысында функционалдық мақсаттың бірнеше түрі көзделген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыс тәжірибесі жұмыс тәжірибесінің тізіліміне функционалдық мақсаттың әрбір түрі бойынша бөлек енгізіледі.
51. Әлеуетті өнім берушінің бірігу, қосылу және қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынған жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды жұмыс тәжірибесінің тізіліміне енгізу туралы өтінімі қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың қаржылық орнықтылығы көрсеткіштерін веб-порталда жаңартқаннан (біріктіргеннен) кейін қаралады.
Бұл ретте, Жұмыс тәжірибесінің тізіліміне қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың бірінің ең көп жұмыс тәжірибесі енгізіледі.
Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның жұмыс тәжірибесі мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:
1) егер әлеуетті өнім берушінің мәлімделген жұмыс тәжірибесі басқа заңды тұлғадан бөлу немесе бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынған болса;
2) егер әлеуетті өнім берушінің мәлімделген жұмыс тәжірибесі қайта ұйымдастырудың (бөлу, бөліп шығу, біріктіру, қосылу, қайта құру) бірнеше кезекті түрлерінің нәтижесінде алынған болса;
3) егер әлеуетті өнім берушінің мәлімделген жұмыс тәжірибесі заңды тұлғалардың қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, қайта құру) нәтижесінде алынған болса, мұнда қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың бірінде Заңның 7-бабы 1-тармағының 3), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген шектеулері бар болса;
4) егер әлеуетті өнім берушінің мәлімделген жұмыс тәжірибесі қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың бірі мемлекеттік сатып алу нысанасына сәйкес келетін қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиясынан (рұқсатынан) айырылған заңды тұлғалардың қайта ұйымдастырылуы (бірігу, қосылу, қайта құру) нәтижесінде алынған болса, жұмыс тәжірибесінің тізіліміне енгізілмейді.
52. Уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері толтырылған мәліметтердің растайтын құжаттарға сәйкестігін ескере отырып, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарайды.
Уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерінде қамтылған мәліметтер мен құжаттарды нақтылау мақсатында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайда әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарау мерзімі ұзартылады, ол туралы осындай әлеуетті өнім берушіге хабарланады.
53. Веб-портал арқылы Жұмыс тәжірибесінің тізіліміне енгізілетін, оның жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын растау туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау нәтижелері бойынша әлеуетті өнім берушінің әрбір жұмыс тәжірибесі бөлінісінде мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
1) мәліметтер мен құжаттар осы Қағидалардың 44, 45, 46, 47, 48 және 49-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келген жағдайларда қабылданатын растау туралы;
2) растаудан бас тарту туралы, ол мынадай жағдайларда қабылданады:
жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар бойынша әлеуетті өнім берушінің дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталған;
осы Қағидалардың 44, 45, 46, 47, 48 және 49-тармақтарында көзделген талаптарға мәліметтер мен құжаттардың сәйкес келмеуі.
54. Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар осы Қағидалардың 53-тармағы 1) тармақшасында көзделген шешім қабылданған жағдайда "Расталды" мәртебесімен жұмыс тәжірибесінің тізіліміне енгізіледі.
55. Әлеуетті өнім берушілер Жұмыс тәжірибесінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу кезінде белгіленген әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы осындай факті туралы білген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінеді.
56. Жұмыс тәжірибесінің тізіліміне енгізілген мәліметтерді, оның ішінде "Расталды" мәртебесі бар мәліметтерді түзету жұмыс тәжірибесінің тізілімінде толтырылған мәліметтер:
құрылыс түрі;
объектіні пайдалануға қабылдау актісінің күніне сәйкес жұмыстардың аяқталу жылы;
өнім берушінің мәртебесі;
ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі;
объектілердің техникалық күрделілігі;
объектілердің функционалдық мақсаты;
лицензияланатын қызмет түрлерінің кіші түрлері бөлігінде ұсынылған жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда жүзеге асырылады.
Мұндай түзету:
уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері дербес анықтаған көрсетілген сәйкессіздіктер;
ұйымдастырушылардың, бірыңғай ұйымдастырушылардың өтінімдері;
әлеуетті өнім берушілердің шағымдары;
ішкі мемлекеттік аудит органдарының, оның ішінде тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші ұсынған мәліметтер мен құжаттар негізіндегі өтінімдері;
заңды күшіне енген сот актілері негізінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте, веб-портал мәліметтері түзетуге жататын әлеуетті өнім берушіні автоматты түрде хабардар етеді.
Ішкі мемлекеттік аудит органдарының түзету туралы өтінімімен келіспегенде әлеуетті өнім беруші веб-портал арқылы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, дәлелді негіздемелер береді.
Түзету туралы өтініммен немесе шағыммен, сондай-ақ уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері анықтаған сәйкессіздіктермен келіспегенде әлеуетті өнім беруші веб-портал арқылы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, дәлелді негіздемелер береді.
Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, дәлелді негіздемелер веб-порталда әлеуетті өнім берушіге хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде беріледі.
Түзетуді уәкілетті органның ведомствосы веб-портал арқылы берілген өтінімдер (шағымдар) келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
57. Уәкілетті органның ведомствосы мәлімделген түзетулер шегінде Жұмыс тәжірибесінің тізіліміне енгізілген мәліметтерді түзету туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарайды.
58. Веб-портал арқылы Жұмыс тәжірибесінің тізіліміне енгізілген мәліметтерді түзету туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау нәтижелері бойынша әлеуетті өнім берушінің әрбір жұмыс тәжірибесі бөлінісінде мынадай:
1) әлеуетті өнім берушінің өтінімінде көрсетілген ұсынылатын түзетулер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген) бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларының (бұдан әрі – Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидалары) талаптарына сәйкес келген жағдайда қабылданатын түзетулерді растау туралы;
2) әлеуетті өнім берушінің өтінімінде көрсетілген ұсынылатын түзетулер Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қабылданатын түзетуді растаудан бас тарту туралы шешімдердің бірі қабылданады.
59. Осы Қағидалардың 53 және 58-тармақтарында көзделген шешімдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдалады.
60. Жұмыс тәжірибесінің тізілімінде қамтылған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде "Расталды" мәртебесі бар мәліметтерді бұғаттауды уәкілетті органның ведомствосы:
1) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі;
2) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын объектісі бойынша мәліметтер мен құжаттардың қайталануы фактісі анықталған.
3) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар болмаған жағдайларда жүзеге асырады.
61. Жұмыс тәжірибесінің тізілімінде қамтылған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде "Расталды" мәртебесі бар мәліметтерді бұғаттауды уәкілетті органның ведомствосы веб-портал арқылы жіберілген бұғаттауға өтінімдер келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде растайтын құжаттарды қоса бере отырып:
1) осы Қағидалардың 60-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, оның ішінде тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында ұсынған мәліметтер мен құжаттар негізінде;
2) осы Қағидалардың 60-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, оның ішінде:
ұйымдастырушылардың, бірыңғай ұйымдастырушылардың өтінімдері;
әлеуетті өнім берушілердің шағымдары;
ішкі мемлекеттік аудит органдарының өтінімдері негізінде жүзеге асырады.
62. Жұмыс тәжірибесінің тізілімінде дұрыс емес ақпарат және объект бойынша мәліметтердің қайталануы фактілерін растайтын құжаттарсыз қамтылған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды бұғаттауға арналған өтінімдерді уәкілетті органның ведомствосы дәлелді негіздемелерді көрсете отырып, кері қайтарады.
63. Жұмыс тәжірибесінің тізіліміндегі әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды бұғаттаудан шығаруды уәкілетті органның ведомствосы бұғатталған мәліметтер мен құжаттарды дұрыс деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде жүзеге асырады.
Жұмыс тәжірибесі тізілімінде қамтылған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды бұғаттаудан шығаруды уәкілетті органның ведомствосы тиісті сот актісінің көшірмесін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
64. Уәкілетті органның ведомствосы әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні Жұмыс тәжірибесінің тізіліміндегі мәліметтер мен құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісінің анықталуы себебінен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мұндай мәліметтер мен құжаттарды Жұмыс тәжірибесінің тізілімінен алып тастайды.
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан |
Әлеуетті өнім берушілердің тізілімі
р/с № | Тізілімдегі жазбаның нөмірі | Әлеуетті өнім берушінің атауы | Әлеуетті өнім берушінің тіркелген (қайта тіркелген) күні | БСН | Әлеуетті өнім берушінің аумақтық тиесілігі туралы мәліметтер | Есептілік әкімшісінің атауы | ||||
Қазақ тілінде | Орыс тілінде | ӘАБЖ | өңір | заңды мекенжайы | нақты мекен-жай | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
кестенің жалғасы
ҰҚНК | МНЖ | Кәсіпкерлік субъектісінің санаты | Экономика секторының коды | Әлеуетті өнім берушінің басшысы туралы мәліметтер | ||||||
ЖСН | ТАӘ | Лауазымы | Деректер көзі | Электрондық пошта | телефон (жұмыс) | телефон (мобильді) | ||||
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ӘАБЖ – әкімшілік-аумақтық бірлестіктердің жіктеуіші;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
МНЖ – меншік нысандарының жіктеуіші;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
ҰҚНК – шаруашылық етудің ұйымдастыру-құқықтық нысанының коды.
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларына 2-қосымша |
|
нысан |
Тапсырыс берушілер тізілімі
Р/с | Тізілімдегі жазба нөмірі | Тапсырыс берушінің атауы | Тапсырыс берушінің тіркелген (қайта тіркелген) күні | БСН | Тапсырыс берушінің аумақтық тиесілігі туралы мәліметтер | Есептілік әкімшісінің атауы | ||||
Қазақ тілінде | Орыс тілінде | ӘАБЖ | өңір | заңды мекенжайы | нақты мекен-жай | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
кестенің жалғасы
ҰҚНК | МНЖ | Кәсiпкерлiк субъектiнің санаты | Экономика секторының коды | Тапсырыс берушінің басшысы туралы мәліметтер | ||||||
ЖСН | Т.А.Ә. | Лауазымы | Деректер көзі | Электрондық пошта | телефон (жұмыс) | телефон (мобильді) | ||||
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ӘАБЖ – әкімшілік-аумақтық бірлестіктердің жіктеуіші;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
МНЖ – меншік нысандарының жіктеуіші;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
ҰҚНК – шаруашылық етудің ұйымдастыру-құқықтық нысанының коды.
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларына 3-қосымша |
|
нысан |
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі
Тізілімдегі жазбаның нөмірі | Жазбаның соңғы өзгерген күні | Тапсырыс беруші | Шартты қаржыландыру көзі | Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі | Мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарламаның нөмірі | Мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын шығару күні | Шартты жасасудың негіздемесін растайтын құжаттың деректемелері | Шарт | ||
атауы | БСН | нөмірі | күні | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
кестенің жалғасы
Шарт валютасының коды | Шарттың мәртебесі | Шарттың аумақтық қазынашылық органдарында тіркелгені туралы мәліметтер (мемлекеттік мекемелер үшін) | Шарттың нысанасы | ||||||||
Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінде шартты тіркеуге берген өтінім | Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінде шарттың тіркелгені туралы хабарлама | сатып алу нысанасының түрі | жіктеуіш бойынша өнім коды | тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер атауы | тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы | тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қосымша сипаттамасы | өлшем, бірлігі | ||||
нөмірі | күні | нөмірі | күні | ||||||||
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
кестенің жалғасы
Шарттың нысанасы | ||||||
бір бірлік үшін бағасы, теңге | саны | Сома, теңге (егер өнім беруші ҚҚС төлеушісі болып табылған жағдайда, ҚҚС ескере отырып, соманы көрсету қажет) | оның ішінде ҚҚС сомасы, теңге | оның ішінде: үш жылдық кезеңнің бірінші жылының сомасы, теңге | оның ішінде: үш жылдық кезеңнің екінші жылының болжамды сомасы, теңге | оның ішінде: үш жылдық кезеңнің үшінші жылының болжамды сомасы, теңге |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
кестенің жалғасы
Шарт бойынша өнім берушілер (орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат | ||||||||
заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның Т.А.Ә.) | БСН, ЖСН (бейрезидент өнім берушілер үшін тіркеу деректері) | Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және олардың өнім берушілерінің дерекқорындағы жазба нөмірі | Өнім берушінің резидентттік елі | заңды мекен жайы | іс жүзін дегі мекен жайы | электрондық поштаның мекенжайы | Мәртебесі | Телефоны (факс) |
31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 |
кестенің жалғасы
Шарттың орындалуы | |||||
тауардың, жұмыстың, көрсетіле тін қызметтің атауы және сипаттамасы | Сатып алынған тауарлардың, жұмыстар дың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы | Тауарлық белгінің атауы | Тауар өндірушінің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің елі | Тапсырыс беруші іс жүзінде төлеген сома, теңге (егер өнім беруші ҚҚС төлеушісі болып табылған жағдайда, ҚҚС ескере отырып, соманы көрсету қажет) | оның ішінде ҚҚС сомасы, теңге |
40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 |
кестенің жалғасы
Шарттың қолданысын тоқтату | ||||||
оның ішінде: үшжылдық кезеңнің бірінші жылында төленген сома, теңге | оның ішінде: үшжылдық кезеңнің екінші жылында төленген сома, теңге | оның ішінде е: үшжылдық кезеңнің үшінші жылында төленген сома, теңге | шарт бойынша орындалу (жоспарлы) күні | іс жүзінде орындалу күні | күні | негіздеме және себебі |
46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларына 4-қосымша |
|
нысан |
Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтер
Жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат | Заңның 7-бабы 1-тармағының 3), 5), 7) тармақшаларына сәйкес адамдар туралы мәліметтер | Тапсырыс беруші туралы ақпарат | ||||
Өнім берушінің атауы | Өнім берушінің елі | БСН, ЖСН (бейрезидент өнім берушілер үшін тіркеу деректері) | Т.А.Ә. | ЖСН, бейрезидент өнім берушілер үшін тіркеу деректері | Тапсырыс берушінің атауы | Тапсырыс берушінің елі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
кестенің жалғасы
Өткізілген сатып алу туралы мәліметтер | ||||
БСН, ЖСН (бейрезидент өнім берушілер үшін тіркеу деректері) | Сатып алу тәсілі | Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарламаның нөмірі | Сатып алуды хабарлау күні | Сатып алу қорытындыларын жасау күні |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
кестенің жалғасы
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың тізіліміндегі шарттың нөмірі (ол болған жағдайда) | Шарттың әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберілген күні | Өнім берушінің шартқа қол қою үшін мерзімінің аяқталу күні | Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу үшін мерзімнің аяқталу күні | Шартты бұзу ниеті туралы хабарлама күні | Шартты бұзу туралы хабарлама күні |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
кестенің жалғасы
(Әлеуетті) өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тануға негіздеме | Сот шешімі туралы мәліметтер | Тізілімнен алып тастау күні | |||
Соттың атауы | Сот шешімінің нөмірі | Сот шешімінің күні | Сот шешімінің заңды күшіне енген күні | ||
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
*әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймау жолымен шарт жасасудан жалтарған жағдайда тапсырыс беруші 1-14, 19-тармақтарды толтырады.
* әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (егер шартта аванс көзделген жағдайда) және (немесе) Заңның 13-бабында көзделген соманы енгізбеу жолымен жалтарған жағдайда 1-19-тармақтар толтырылады.
** Сот шешімі бойынша өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізген жағдайда 14, 15, 16, 17 және 18-тармақтар толтырылмайды.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларына 5-қосымша |
|
нысан |
Уәкілетті органның жалпы бланкісі |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы |
Уәкілетті органның қазақ тіліндегі ресми атауы | Уәкілетті органның орыс тіліндегі ресми атауы | |
БҰЙРЫҚ | ПРИКАЗ | |
_________________ |
№ ___________ | |
Қазақ тілінде басып шығарылған жері | Орыс тілінде басып шығарылған жері |
Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына және 17-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша:
Сатып алу туралы хабарландыру нөмірі:
Сатып алу тәсілі:
Тапсырыс беруші қол қойған мемлекеттік сатып алу туралы шартты әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберген күні: күні/айы/жылы
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына қол қою қажеттілігі туралы хабарлама жіберілген күн: күні/айы/жылы
Заңда белгіленген өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоюы үшін мерзімнің аяқталатын күні: күні/айы/жылы
Не:
Шартты жасасу күні: күні/айы/жылы
Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (егер шартта аванс көзделген жағдайда) не (немесе) Заңның 13-бабында көзделген соманы енгізу мерзімінің аяқталатын күні: күні/айы/жылы
Тапсырыс беруші:
Атауы:
БСН:
Мекенжайы:
Телефоны:
БҰЙЫРАМЫН:
1. Заңның 17-бабының 5-тармағына сәйкес______Заңда белгіленген мерзімде ______ тәсілмен өткізілген № ____сатып алу бойынша № ______ мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймауына/не:
мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (егер шартта аванс көзделген жағдайда) және (немесе) тәсілмен өткізілген ____лот бойынша Заңның 13-бабында көзделген №____ күні/айы/жылы шарт бойынша соманы енгізбеуге байланысты _________ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылсын.
2. Заңның 8-бабының 4-тармағы 2) тармақшасына, 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылсын.
3. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміне әлеуетті өнім беруші туралы мынадай мәліметтер енгізілсін:
Атауы/Т.А.Ә.: | |
БСН/ЖСН, бейрезидент өнім берушілер үшін тіркеу деректері: | |
Басшының Т.А.Ә.: | |
Басшының ЖСН, бейрезидент өнім берушілер үшін басшының тіркеу деректері: | |
Құрылтайшының (құрылтайшылардың) атауы/ Т.А.Ә.: | |
Құрылтайшының (құрылтайшылардың) БСН/ЖСН-і, бейрезидент өнім берушілер үшін құрылтайшылардың тіркеу деректері: | |
Мекенжайы: | |
Телефоны: |
4. Тізілімде болу кезеңі бұйрық бекітілген күннен бастап 24 ай болып белгіленсін.
5. Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті адамның Т.А.Ә. (электрондық цифрлық қолтаңба)
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларына 6-қосымша |
|
нысан |
Тапсырыс берушінің бланкісі | ||
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы | ||
Тапсырыс берушінің қазақ тіліндегі ресми атауы | Тапсырыс берушінің орыс тіліндегі ресми атауы | |
БҰЙРЫҚ | ПРИКАЗ | |
_________________ |
№ ___________ | |
Қазақ тілінде басып шығарылған жері | Орыс тілінде басып шығарылған жері |
Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына және 17-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша:
Сатып алу туралы хабарландыру нөмірі:
Сатып алу тәсілі:
Тапсырыс беруші қол қойған мемлекеттік сатып алу туралы шартты әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберген күні: күні/айы/жылы
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына қол қою қажеттілігі туралы хабарлама жіберілген күн: күні/айы/жылы
Заңда белгіленген өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоюы үшін мерзімнің аяқталатын күні: күні/айы/жылы
Не:
Шартты жасасу күні: күні/айы/жылы
Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (егер шартта аванс көзделген жағдайда) не (немесе) Заңның 13-бабында көзделген соманы енгізу мерзімінің аяқталатын күні: күні/айы/жылы
Тапсырыс беруші:
Атауы:
БСН:
Мекенжайы:
Телефоны:
БҰЙЫРАМЫН:
1. Заңның 17-бабының 5-тармағына сәйкес Заңда белгіленген мерзімде ______ тәсілмен өткізілген № ____сатып алу бойынша № ______ мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймауына
не:
______ тәсілмен өткізілген күні/айы/жылғы № _____ шарт бойынша ___лот бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді немесе Заңның 13-бабында көзделген соманы енгізбеуге байланысты _________ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылсын.
2. Заңның 8-бабының 4-тармағы 2) тармақшасына, 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылсын.
3. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміне әлеуетті өнім беруші туралы мынадай мәліметтер енгізілсін:
Атауы/Т.А.Ә.: | |
БСН/ЖСН, бейрезидент өнім берушілер үшін тіркеу деректері: | |
Басшының Т.А.Ә.: | |
Басшының ЖСН, бейрезидент өнім берушілер үшін басшының тіркеу деректері: | |
Құрылтайшының (құрылтайшылардың) атауы/ Т.А.Ә.: | |
Құрылтайшының (құрылтайшылардың) БСН/ЖСН-і, бейрезидент өнім берушілер үшін құрылтайшылардың тіркеу деректері: | |
Мекенжайы: | |
Телефоны: |
4. Тізілімде болу кезеңі бұйрық бекітілген күннен бастап 24 ай болып белгіленсін.
5. Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті адамның Т.А.Ә. (электрондық цифрлық қолтаңба)
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларына 7-қосымша |
|
нысан |
Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі
Жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат | Тапсырыс беруші туралы ақпарат | Өткізілген сатып алу туралы мәліметтер | |||||||
Өнім берушінің атауы | Өнім берушінің елі | БСН, ЖСН (бейрезидент өнім берушілер үшін тіркеу деректері) | Тапсырыс берушінің атауы | Тапсырыс берушінің елі | БСН | Сатып алу тәсілі | Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарламаның нөмірі | Сатып алуды хабарлау күні | Сатып алу қорытындыларын шығару күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
кестенің жалғасы
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміндегі шарт нөмірі (ол болған жағдайда) | Шарттың әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберілген күні | Өнім берушінің шартқа қол қою үшін мерзімнің аяқталу күні | Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу үшін мерзімнің аяқталу күні | (Әлеуетті) өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану негіздемесі |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
кестенің жалғасы
Сот шешімі/уәкілетті органның шешімі туралы мәліметтер | Тізілімнен алып тастау күні | |||
Соттың/ уәкілетті органның атауы | Сот/ уәкілетті орган шешімінің нөмірі | Сот/ уәкілетті орган шешімінің күні | Сот шешімінің заңды күшіне енген/уәкілетті орган шешімінің заңды күшіне енген күні | |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларына 8-қосымша |
|
нысан |
Уәкілетті органның жалпы бланкісі | ||
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы | ||
Уәкілетті органның қазақ тіліндегі ресми атауы | Уәкілетті органның орыс тіліндегі ресми атауы | |
БҰЙРЫҚ | ПРИКАЗ | |
_________________ |
№ ___________ | |
Қазақ тілінде басып шығарылған жері | Орыс тілінде басып шығарылған жері |
Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тастау туралы
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабы 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, "Әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен алып тастау туралы" ______ № ____ өтінішті келісу комиссиясының қарау қорытындысы бойынша БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы" ______ жылғы "___" _____№ ______ "Уәкілетті органның атауы" бұйрығының күші жойылсын.
2. Заңның 8-бабы 6-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тасталсын:
Атауы/Т.А.Ә.: | |
БСН/ЖСН, бейрезидент өнім берушілер үшін тіркеу деректері: | |
Басшының Т.А.Ә.: | |
Басшының ЖСН, бейрезидент өнім берушілер үшін басшының тіркеу деректері: | |
Құрылтайшының (құрылтайшылардың) атауы/Т.А.Ә.: | |
Құрылтайшының (құрылтайшылардың) БСН/ЖСН, бейрезидент өнім берушілер үшін құрылтайшылардың тіркеу деректері: | |
Мекенжайы: | |
Телефоны: |
3. Бұйрық қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.
Уәкілетті адамның Т.А.Ә. (электрондық цифрлық қолтаңба)
Аббревиатураларды таратып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларына 9-қосымша |
Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің тізілімі қалыптастырылатын жұмыстардың, қызметтердің тізбесі
№ | Атауы |
1. | Құрылыс-монтаждау жұмыстары |
2. | Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама әзірлеу жұмыстары |
3. | Құрылыс-монтаждау жұмыстарына техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер |
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларына 10-қосымша |
Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар тізбесі
1. Құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама әзірлеу жұмыстары бойынша
№ | Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың атауы | Ескертпе |
1. | Құрылыс объектісінің атауы | |
2. |
Құрылыс объектісі бойынша әлеуетті өнім берушінің мәртебесі: 1. Бас мердігер; | |
3. | Мердігер туралы мәліметтер |
Егер әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерді (қосалқы жобалаушыны) тартқан бас мердігер (жобалаушы) болып табылса, онда мұндай қосалқы мердігер (қосалқы жобалаушы) туралы мәліметтер қосымша көрсетіледі |
4. | Құрылыс-монтаж жұмыстарын техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асырған тұлға туралы мәліметтер | Атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі |
5. | Құрылыс түрі (жаңа объектілерді салу, қолданыстағы объектілерді (ғимараттар, құрылыстар және олардың кешендері, коммуникациялары) реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу) | |
6. | Мекенжайы (құрылыс объектісінің орналасқан жері) | |
7. | Тапсырыс берушінің атауы | |
8. | Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің күніне сәйкес жұмыстардың аяқталған жылы | |
9. | Ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (бірінші – жоғары, екінші – қалыпты, үшінші – төмен) | |
10. | Объектілердің техникалық күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар, сондай-ақ құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар) | |
11. | Функционалдық мақсаты (өнеркәсіп объектілері, өндірістік ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар) | |
12. | Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердегі жұмыстарды қоспағанда, әлеуетті өнім беруші мәлімдеген жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі | |
13. | Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың атауы, нөмірі мен күні: | Құжаттардың электрондық көшірмелерін салу қажет |
2. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер
№ | Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың атауы | Ескертпе |
1. | Жұмыс тәжірибесі тізілімінде бас мердігердің құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша тәжірибесі туралы мәліметтер | Мәліметтердің нөмірі, сондай-ақ бас мердігердің мәліметтер туралы (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі |
2. | Құрылыс объектісінің атауы | |
3. | Мекенжайы (құрылыс объектісінің орналасқан жері) | |
4. | Тапсырыс берушінің атауы | |
5. | Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің күніне сәйкес жұмыстардың аяқталған жылы | |
6. | Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың атауы, нөмірі мен күні: | Құжаттардың электрондық көшірмелерін салу қажет |
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12618 болып тіркелген).
2. "Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 46 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13393 болып тіркелген).
3. "Мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілік іріктеуі арқылы конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және "Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 91 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13553 болып тіркелген).
4. "Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № 160 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18363 болып тіркелген).
5. "Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 28 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26557 болып тіркелген).
6. "Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 601 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28579 болып тіркелген).
7. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 385 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34544 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы.