ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау қағидаларын, Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізу бойынша біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 168 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4873 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау қағидаларына 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізу бойынша біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі. |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал); көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі. |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге берген күннен, сондай-ақ порталға өтініш берген күннен бастап: |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз нысанда |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі |
Лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияны қоса бере отырып лицензияның телнұсқасын беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері |
1) лицензия бергені үшін лицензиялық алым 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды; |
7. | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Лицензия алу үшін өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне өтініш жасаған кезде: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері |
1) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар |
Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. |
Басқарма қаулысына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2007 жылғы "25" маусымдағы № 168 қаулысына 2-қосымша |
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізу бойынша біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
р/с № | Біліктілік талаптары | Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар |
1 | 2 | 3 |
1 | Бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру бойынша жабдықтың және бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы | Бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру бойынша жабдықтың және бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындауға қатысты іс-шаралардың орындалуын растайтын құжаттар |
2 | Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес, банк операцияларын жүргізу қызметін жүзеге асыру үшін қажетті тиісті қызметерлердің болуы | Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес, банк операцияларын жүргізу қызметін жүзеге асыру үшін қажетті тиісті қызметкерлерді жалдауды растайтын құжаттар |
3 |
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым акционерінің (қатысушысы) – заңды тұлғаның және (немесе) жеке тұлғаның болуы. |
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізу бойынша біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлға болып табылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның акционері (қатысушысы) туралы мәліметтер нысаны мыналарды тіркей отырып: |
Біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес жеке тұлға болып табылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның акционері (қатысушысы) туралы мәліметтер нысаны құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша мыналарды қоса тіркей отырып, ұсынылады: | ||
4 | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның штаттық кестесінің болуы | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетілген штаттық кестенің көшірмесі |
5 | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банк операциялары бойынша қызметін дамыту стратегиясының болуы | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қызметінің мақсаттары мен міндеттерін ашатын барлық банк операциялары бойынша бизнес-жоспар, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бағдарланған нарық сегментін анықтау, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қызмет түрлері, маркетинг (клиентураны қалыптастыру) жоспары, қаржыландыру көздері, алғашқы 3 (үш) қаржы (операциялық) жылына арналған және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өз қызметінің жоспарларына сәйкес ұйымдық құрылымы бар екенін көрсететін, кірістер мен шығыстар болжамы |
6 | Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес келетін банк операцияларын жүргізудің жалпы шарттары туралы қағидалардың болуы | Банк операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы қағида |
7 | Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес келетін атқарушы органның басшысының болуы |
Біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органының басшысы туралы мәліметтер нысаны. |
8 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 127 Қаулысымен белгіленген жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін төлеу |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 127 Қаулысымен белгіленген жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері |
9. | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органы бекіткен ішкі аудит қызметі (ревизиялық комиссиясы) туралы ереженің болуы - ішкі аудит қызметі (ревизиялық комиссиясы) болған жағдайда | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі аудит қызметі (ревизиялық комиссиясы) туралы ереженің көшірмесі |
10. | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органы бекіткен кредиттік комитет (ішкі кредит саясатын жүзеге асыратын орган) туралы ереженің болуы - кредиттік комитет (ішкі кредит саясатын жүзеге асыратын орган) болған жағдайда | Кредиттік комитет (ішкі кредит саясатын жүзеге асыратын орган) туралы ереженің көшірмесі |
11. | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізетін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның филиалдары туралы ереженің болуы – мұндай филиалдар болған жағдайда | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізетін филиалдардың тізімі және олар туралы ережелердің көшірмелері (филиалдар туралы ережелердің түпнұсқалары салыстыру үшін ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған). |
12. | Жарғының болуы |
Жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін жарғының түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған үзінді көшірме) |
Ескертпе:
Құжаттар қағаз тасымалдағышта немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады.
Бірнеше парақтан тұратын қағаз тасымалдағышта ұсынылатын құжаттар нөмірленіп және тігіліп, соңғы парақтың артқы жағына тігістің түйініне желімделген жапсырмадағы тігілген парақтардың саны көрсетіле отырып ұсынылады.
Құжаттардың көшірмелері банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органы басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолымен (міндеттерді атқаруды жүктеу туралы растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, көшірмесінің дұрыстығын көрсете отырып куәландырылады.
Шет мемлекеттердің құзыретті органдары немесе лауазымды тұлғалары берген құжаттар (Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарды қоспағанда) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға немесе апостиль қойылуға жатады. Шет тілінде ұсынылатын құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылады және Қазақстан Республикасының Нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариалды куәландырылуға жатады.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізуіне және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне қойылатын біліктілік талаптарына 1-қосымша |
Заңды тұлға болып табылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым акционері (қатысушысы) туралы мәліметтер нысаны _______________________________________________________________________________ (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның толық атауы)
1. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның акционері (қатысушысы) (бұдан әрі - Өтініш беруші) __________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(толық атауы)
2. Орналасқан жері__және нақты мекенжайы _________________________________
__________________________________________________________________________
(индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй, кеңсе нөмірі)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(қала коды, телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурсы)
3. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер _________________________
__________________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, берген орган)
4. Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болса) ___________________________________
__________________________________________________________________________
5. Қызмет түрі _____________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(қызметтің негізгі түрлерін көрсету)
6. Қазақстан Республикасының резиденті немесе бейрезиденті _________
7. Өтініш берушінің акционерге тиесілі дауыс беретін акциялары санының өтініш берушінің дауыс беретін акцияларының жалпы санына пайыздық арақатынасы немесе өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
8. Өтініш берушінің акцияларын төлеуге (өтініш берушінің жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне) ақша енгізер алдындағы өтініш беруші акционерінің (қатысушысының) меншікті капиталының мөлшері және өтініш берушінің акцияларын төлеуге енгізілген сома (өтініш берушінің жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне)
________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
9. Өтініш беруші акционерінің (қатысушысының) заңды тұлғалардың атаулары мен орналасқан жерін көрсете отырып, басқа заңды тұлғаларды қатысушы, акционер ретінде құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы мәліметтер
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
10. Ұйымның атауын, орналасқан жерін көрсете отырып, өтініш берушінің акционері (қатысушысы) қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы мәліметтер
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
11. Өтініш берушінің акционерінің (қатысушысының) атқарушы органының бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара орындайтын тұлға) және басқару органы (бақылаушы кеңесі - бар болса) туралы мәліметтер
____________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Дербес деректерді жинауға, өңдеуге және ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20 жыл "___" _____________
Өтініш беруші акционерінің (қатысушысының) немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атқарушы орган басшысының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) қолы ______________________
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізуіне және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне қойылатын біліктілік талаптарына 2-қосымша |
фотосуретке |
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органының басшысы (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның акционері (қатысушысы) – жеке тұлға, атқарушы органның бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке - дара орындайтын тұлға) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның акционері (қатысушысы) - заңды тұлғаның басқару органы (бақылаушы кеңесі, бар болса) туралы мәліметтер нысаны
__________________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы)
1. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымының атқарушы органының басшысы (бұдан әрі – Өтініш беруші) (өтініш берушінің акционері (қатысушысы) – жеке тұлға, атқарушы органның бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке – дара орындайтын тұлға) және өтініш беруші-заңды тұлға акционерінің (қатысушысының) басқару органы (бақылаушы кеңесі) туралы жалпы мәліметтер:
Туған күні және туған жері | |
Азаматтығы | |
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) | |
Телефон нөмірі (қала коды, жұмыс және үй) |
2. Білімі:
№ | Оқу орнының атауы | Түскен жылы – бітірген жылы | Мамандығы | Білімі туралы дипломның деректемелері(бар болса күні және нөмірі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
3. Өтініш берушінің атқарушы органының басшысы (өтініш берушінің акционері (қатысушы) – атқарушы органның бірінші басшысы, жеке тұлға (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және өтініш беруші акционері -заңды тұлғаның (қатысушы) басқару органының (бар болса, бақылау кеңесінің) басшысы ірі акционер болып табылатын не мүлкіндегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғалар туралы мәліметтер:
№ | Заңды тұлғаның атауы және тұратын орны | Заңды тұлға қызметінің түрі | Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе өтініш берушінің атқарушы органының басшысына (өтініш берушінің акционері (қатысушы) – атқарушы органның бірінші басшысы, жеке тұлға (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және өтініш беруші акционері -заңды тұлғаның (қатысушы) басқару органының (бар болса, бақылау кеңесінің) басшысы тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының жалпы санына (артықшылықты және сатып алынған акцияларды шегергенде) арақатынасы (пайызбен) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ескертпе: 4-бағанда үлесті өтініш берушінің атқарушы органы басшысының (өтініш берушінің акционері (қатысушы) – атқарушы органның бірінші басшысы, жеке тұлға (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және өтініш беруші акционері - заңды тұлғаның (қатысушы) басқару органының (бар болса, бақылау кеңесінің) басшысы) сенімгерлік басқаруындағы үлесті, сондай-ақ өтініш берушінің атқарушы органының басшысы (өтініш берушінің акционері (мүшесі) – атқарушы органның бірінші басшысы, жеке тұлға (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және өтініш беруші акционері -заңды тұлғаның (қатысушы) басқару органының (бар болса, бақылау кеңесінің) басшысы) өзге тұлғалармен бірлесіп иелену нәтижесінде ірі қатысушы болып табылатын акциялардың (үлестердің) санын ескере отырып көрсету қажет.
4. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.
Бұл тармақта өтініш берушінің атқарушы органы басшысының (өтініш берушінің акционері (қатысушы) – атқарушы органның бірінші басшысы, жеке тұлға (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және өтініш беруші акционері -заңды тұлғаның (қатысушы) басқару органының (бар болса, бақылау кеңесінің) басшысы) еңбек қызметі, сондай-ақ басқару органына мүшелік туралы мәліметтер, оның ішінде жоғары оқу орнын бітірген күннен бастап, сондай-ақ өтініш берушінің атқарушы органы басшысының (өтініш берушінің акционері (қатысушы) – атқарушы органның бірінші басшысы, жеке тұлға (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және өтініш беруші акционері -заңды тұлғаның (қатысушы) басқару органының (бар болса, бақылау кеңесінің) басшысы) еңбек қызметі жүзеге асырылмаған кезең көрсетіледі.
№ | Жұмыс кезеңі (күн, ай, жыл) | Жұмыс орны* | Лауазымы | Тәртіптік жазалардың болуы | Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері | Өзге де мәліметтер** |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ескертпе:
1) егер ұйым Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса, Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымының тіркелген елі көрсетіледі;
2) қаржы ұйымдарының дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы (бастықтың орынбасары), қаржылық, басқарушы және (немесе) атқарушы директор қызметін атқарған жағдайда осы ұйымда қаржылық қызмет көрсетуге байланысты мәселелер көрсетіледі;
3) аудиторлық қызмет саласында реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органда жұмыс өтілі болған жағдайда, қаржылық ұйымдарға аудит жүргізу жөніндегі қызметтерді реттеуге қатысты негізгі функционалды міндеттер көрсетіледі.
5. Өтініш берушінің атқарушы органы басшысының (өтініш берушінің акционері (қатысушы) – атқарушы органның бірінші басшысы, жеке тұлға (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және өтініш беруші акционері -заңды тұлғаның (қатысушы) басқару органының (бар болса, бақылау кеңесінің) басшысы) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізуіне, салық бойынша аудитті қоса алғанда, қатысуы туралы мәліметтер:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(қаржы ұйымының атауын, аудит жүргізу мерзімін, сондай-ақ өтініш берушінің атқарушы органы басшысының (өтініш берушінің акционері (қатысушы) – атқарушы органның бірінші басшысы, жеке тұлға (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және өтініш беруші акционері - заңды тұлғаның (қатысушы) басқару органының (бар болса, бақылау кеңесінің) басшысы) аудитор-орындаушы (бар болса) ретінде аудиторлық есепке қол қойған күнін көрсету)
6. Ұйымдардағы инвестициялық комитеттерде мүшелігі туралы мәліметтер:
№ | Кезең (күні, айы, жылы) | Ұйымның атауы | Лауазымы | Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
7. Өтініш берушінің атқарушы органының басшысы (өтініш берушінің акционері (қатысушы) – атқарушы органның бірінші басшысы, жеке тұлға (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және өтініш беруші акционері -заңды тұлғаның (қатысушы) басқару органының (бар болса, бақылау кеңесінің) басшысы) Уәкілетті органының немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент- қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін тоқтатуға алып келу салдарынан оларды лицензиясынан айыру не Қазақстан Республикасының немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оларды банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгені туралы шешім қабылданғанға дейін 1 (бір) жылдан бұрын аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі (атқарушы органның және оның орынбасарының функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) бас бухгалтері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысының немесе оның орынбасарының, бас бухгалтерінің, қаржы ұйымының жеке тұлға - ірі қатысушысы, заңды тұлға - ірі қатысушысының (банк, сақтандыру холдингінің) басшысы болғандығы туралы мәліметтер
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету)
8. Өтініш берушінің атқарушы органының басшысының (өтініш берушінің акционері (қатысушы) – атқарушы органның бірінші басшысы, жеке тұлға (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және өтініш беруші акционері -заңды тұлғаның (қатысушы) басқару органының (бар болса, бақылау кеңесінің) басшысы) қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлға - эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болып табылғаны не болып табылмағаны туралы мәліметтер
______________________________
__________________________________________________________________________
(иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету)
9. Өтініш берушінің атқарушы органының басшысы (өтініш берушінің акционері (қатысушы) – атқарушы органның бірінші басшысы, жеке тұлға (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және өтініш беруші акционері -заңды тұлғаның (қатысушы) басқару органының (бар болса, бақылау кеңесінің) басшысы) қаржы ұйымының, банктік немесе сақтандыру холдингінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшысы ретінде қаржы ұйымы, банктік немесе сақтандыру холдингі, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы қызметінің мәселелері бойынша сотта істі қарау кезінде жауап беруші ретінде тартылды ма _____________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(иә (жоқ), күні, сотта істі қарау кезіндегі ұйымның, жауап берушінің атауын,
қаралатын мәселе және сот шешімін (ол шығарылған жағдайда) көрсету)
10. Өтініш берушінің атқарушы органының басшысы (өтініш берушінің акционері (қатысушы) – атқарушы органның бірінші басшысы, жеке тұлға (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және өтініш беруші акционері -заңды тұлғаның (қатысушы) басқару органының (бар болса, бақылау кеңесінің) басшысы) тағайындалған (сайланған) күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма
_________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(иә (жоқ), жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып, құқық бұзушылықтың,
қылмыстың қысқаша сипаттамасын, тәртіптік жаза қолдану туралы актінің немесе сот
шешімінің деректемелерін көрсету)
Осы ақпаратты тексергенімді және оның толық және дәйекті болып табылатындығын растаймын, сондай-ақ іскерлік беделімнің мінсіз екендігін растаймын.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) ___________________________________________
__________________________________________________________________________
(өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)
Қолы ___________________
Күні ____________________