Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде банкоперацияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерлері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 127 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 мамырда № 7642 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жарғылық капиталдың ең аз мөлшері:
      1) Ұлттық почта операторы үшін – 1 (бір) миллиард теңге;
      2) ипотекалық ұйымдар үшін – 800 (сегіз жүз) миллион теңге;
      3) қаулының осы тармағының 1) - 2) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, банктік қарыз операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар үшін – 800 (сегіз жүз) миллион теңге;
      4) банк операцияларының өзге түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдар (шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру немесе банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүзеге асыру қызметінің ерекше түрі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) үшін – 5 (бес) миллион теңге.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                          Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 127 қаулысына қосымша 

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органының лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерлерi туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 54 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4164 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерлері туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 54 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы № 168 қаулысының 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4873 тіркелген).
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актілеріне ипотекалық ұйымдардың, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 280 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5122 тіркелген).
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 49 қаулысына қосымшаның 6-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 тіркелген "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 3 қарашадағы № 456 (26299) жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады