ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі – 30.09.2022 дейін (осы бұйрықтың 6-т. қараңыз)ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысы 30.09.2022 дейін тоқтатыла тұрған – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.09.2022 № 291 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз
"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және 18-бабының 3-тармағына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі мерзімге:
Қазақстан Республикасы аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 550 000 тонна көлемінде бидай мен меслин (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды – 1001) әкетуге;
Қазақстан Республикасы аумағынан үшінші елдерге 370 000 тонна көлемінде бидай және қара бидай ұнын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды – 110100) әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілсін.
2. Қоса беріліп отырған Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрықтың күші Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде шет мемлекеттерге халықаралық ізгілік көмек көрсету мақсатында тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер болып табылмайтын мемлекеттерге әкетуге қолданылмайды.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
Ә. Тамабек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 5 шілдедегі № 215 бұйрығымен бекітілген |
Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) астық нарығы жөніндегі оператор (бұдан әрі – оператор) – астық нарығындағы тұрақтандыру функциясын және астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания;
2) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар (бұдан әрі – өтінім беруші) – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар;
3) тауар – бидай мен меслин (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды – 1001) және бидай ұны мен қара бидай ұны (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды – 110100);
4) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті.
2-тарау. Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібі
3. Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квоталар көлемдерін бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес фитосанитариялық сертификаттар беру кезінде автоматты түрде агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған "e-Аgrіculture" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) жүзеге асырылады.
4. Тасымалдау тәсілінің, алушының, алушы мекен-жайының, жөнелту орнының өзгеруіне байланысты қайталама тиеп-жөнелту орындарында экспорттық партияларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезінде бастапқы тиеп-жөнелту орындарында берілген квотаның көлемі өзгеріссіз қалады.
5. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін ББАЖ АЖ-да тауарлардың түрлері бойынша квота көлемінің сандық лимиті қалыптастырылады.
6. Бидай әкетуге арналған квотаны бөлуге астық қабылдау кәсіпорындарына астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімінде астық қолхатын сатуға/сатып алуға арналған бұйрыққа қол қою арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге өтінім берілген бидай көлемінің 10 (он) пайызын белгіленген баға бойынша операторға өткізген өтінім берушілер жіберіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талап операторға Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге өтінім берілген бидай көлемінің 10 (он) пайызын белгіленген баға бойынша өткізген және 2022 жылғы 15 маусымға дейін бидай әкетуді жүзеге асырмаған өтінім берушілерге қолданылмайды.
7. Оператор күн сайынғы негізде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге өтінім берілген жұмсақ бидай (3-сыныпты Triticum aestivum L.) көлемінің 10 (он) пайызын белгіленген баға бойынша өткізген өтінім берушілер тізбесі туралы хат жібереді.
8. Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге арналған квоталар көлемін бөлу ББАЖ АЖ-да карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға өтініштердің келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік бойынша жүзеге асырылады.
9. Бидайдың белгіленген бағасы мен сапалық көрсеткіштері, жұмсақ бидай (3-сыныпты Triticum aestivum L.) жеткізілетін астық қабылдау кәсіпорындарының тізімі мен мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында жарияланады.
10. Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге арналған квота көлемін өтінім берушілер арасында бөлу тауарлар бойынша квота көлемі толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.
11. Квотаның қолданылу кезеңінде әкетуге рұқсат етілетін лимит бір өтінім берушіге бидай бойынша 50 (елу) мың тоннаны, бидай немесе қара бидай ұны бойынша 10 (он) мың тоннаны құрайды.
10. Уәкілетті орган күн сайынғы негізде интернет-ресурста мынадай ақпаратты орналастырады:
1) тауардың әрбір түрі бойынша берілген квота көлемінің саны;
2) тауардың әрбір түрі бойынша бөлінуі тиіс квотаның қолжетімді көлемі.