БҰЙЫРАМЫН:
1. "Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21572 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының оқушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21820 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Ғиният |
Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары
Р/с № | Нысаналы топ | Скринингтік зерттеулердің түрі |
1 | Скринингтік зерттеулерден өтетін 30 жастан бастап 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер | Мінез-құлықтық тәуекел факторларын ерте анықтауға |
2 | Артериялық гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен және қант диабетімен динамикалық бақылауда тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 40 жастан бастап 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер | Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабетін ерте анықтауға |
3 | Глаукомамен динамикалық бақылауда тұрмайтын, скринингтік зерттеулерден өтетін 40 жастан бастап 70 жастағы ерлер мен әйелдер | Глаукоманы ерте анықтауға |
4 | Жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық бақылауда тұрмайтын, скринингтік зерттеулерден өтетін 30 –дан 70 жасқа дейн және одан да үлкен әйелдер | Жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған |
5 | Сүт безінің қатерлі ісігімен динамикалық бақылауда тұрмайтын, скринингтік зерттеулерден өтетін 40 –тан 70 жасқа дейн және одан да үлкен әйелдер | Сүт безі обырын қатерлі ісігін ерте анықтауға |
6 | Жуан ішектің қатерсіз және қатерлі ісігімен динамикалық бақылауда тұрмайтын, скринингтік зерттеулерден өтетін 50 –ден 70 жасқа дейн және одан да үлкен ерлер мен әйелдер | Колоректалды обырды ерте анықтауға |
7 |
Тәуекел топтары: | В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға |
Скринингтік зерттеулерге жататын ауыл халқы адамдардың қосымша нысаналы топтары
Р/с № | Нысаналы топ | Скринингтік зерттеулердің түрі |
1 | Скринингтік зерттеулерден өтетін 18 жастан 29 жасқа аралығындағы ерлер мен әйелдер | Мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтауға |
2 | Артериялық гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен және қант диабетімен, глаукомамен динамикалық бақылауда тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 18 жастан 29 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер | Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы ерте анықтауға |
3 | Асқазан-ішек жолы ауруларымен және созылмалы бүйрек ауруларымен динамикалық бақылауда тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 18-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер | Асқазан-ішек жолдарының ауруларын және созылмалы бүйрек ауруларын ерте анықтауға |
4 | Тыныс алу мүшелерінің туберкулезімен динамикалық бақылауда тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер | Тыныс алу ағзаларының туберкулезін ерте анықтауға |
5 | Скринингтік зерттеулерден өтетін, қуықасты безі обырымен динамикалық бақылауда тұрмайтын 55 –тен 70 жасқа дейн және одан да үлкен ерлер | Қуықасты безі обырын ерте анықтауға |
Бұйрығына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына 2-қосымша |
Скринингтік зерттеулерді өткізу қағидалары, көлемі және кезеңділігі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы скринингтік зерттеулерді өткізу қағидалары, көлемі және кезеңділігі (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 87-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және скринингтік зерттеулерді өткізу тәртібін, көлемі мен кезеңділігін айқындайды.
2. Осы бұйрықта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) скринингтік зерттеулер-әртүрлі аурулардың ерте сатысында дамуын, сондай-ақ олардың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларын анықтау және олардың алдын алу мақсатында клиникалық симптомдары мен шағымдары жоқ халықты медициналық тексеру кешені;
2) динамикалық байқау-пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
3) медициналық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МАЖ) — денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.
3. Скринингтік зерттеулер меншік нысанына қарамастан амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында (бұдан әрі – АЕК ұйымдары), оның ішінде жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық поездарды пайдалана отырып жүргізіледі.
4. Скринингтік зерттеулер аурулардың тиісті түрлері бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтын адамдарға жүргізіледі.
2 тарау. Скринингтік зерттеулер жүргізу тәртібі
5. АЕК ұйымдары скринингтік зерттеулерді кейіннен динамикалық бақылау және халықты сауықтыру арқылы жүзеге асырады.
6. АЕК ұйыдарының скринингтік зерттеулерін жүргізу үшін:
1) халықтың медициналық ұйымына бекітімен адамдардың қатарынан скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын қалыптастырады;
2) осы зерттеулерді жүргізу үшін бейінді медициналық ұйымдармен сабақтастықты қамтамасыз етеді;
3) скринингтік зерттеулерден өту қажеттілігі туралы халықты хабардар етеді;
4) МАЖ-ға деректерді уақтылы енгізуді қамтамасыз етеді;
5) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін ақпарат бере отырып, жүргізілген скринингтік зерттеулерге ай сайын талдау жүргізеді.
7. Скринингтік зерттеулер жүргізу мыналарды қамтиды:
дайындық кезеңі;
қарап-тексеру және (немесе) зерттеу кезеңі;
қорытынды кезең.
1-параграф. Скринингтік зерттеулердің дайындық кезеңін өткізу тәртібі
8. Дайындық кезеңін АЕК ұйымының орта медицина қызметкері (бұдан әрі – ОМҚ) жүзеге асырады және өзіне мыналарды қамтиды:
күнтізбелік жылдың 15 қарашасына дейін алдағы жылы скринингтік зерттеулерге жататын нысаналы топтардың тізімін жыл сайын қалыптастыру және жасау, кейіннен нысаналы топтарды ай сайын түзету;
халықтың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулерден өту қажеттілігі мен шарттары туралы хабардар ету;
халықтың нысаналы тобын скринингтік зерттеулерге шақыру;
халықтың нысаналы топтарының скринингтік зерттеулерден уақтылы өтуін қамтамасыз ету.
2-параграф. Скринингтік зерттеулердің қарап-тексеру және (немесе) зерттеу кезеңін жүргізу тәртібі
9. Қарап-тексеру және (немесе) зерттеу кезеңі бірінші және екінші кезеңді қамтиды:
бірінші кезеңде АЕК ұйымының ОМЖ немесе дәрігері:
сауалнама бойынша сұрау жүргізу;
антропометриялық өлшеулер жүргізу (салмағы, бойы, белінің өлшемі), Кетле индексін есептеуді жүргізеді;
екінші кезең – зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізу жолымен тереңдетілген толық зерітеп-қарау кезеңі, оған пациент скринингтік зерттеулердің бірінші кезеңінде өзгерістер анықталған кезде жіберіледі.
10. Скринингтік зерттеулер осы бұйрықтың 1 – қосымшасына сәйкес халықтың нысаналы топтары (бұдан әрі-нысаналы топтар) арасында жүргізіледі.
11. Пациент сауалнамасының нәтижелері бойынша АЕК ұйымдарының дәрігері немесе ОМҚ:
1) Профилактикалық консультация жүргізеді және пациентке мінез-құлқын өзгерту жөнінде егжей-тегжейлі ұсынымдар береді;
2) пациентті бейінді денсаулық мектебіне жібереді.
12. Жүргізілген скринингтік зерттеудің бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша өзгерістерді анықтаған кезде пациент екінші кезеңге (толық тексеру) жіберіледі.
ОМҚ немесе АЕК ұйымының дәрігері скринингтік зерттеу түріне байланысты толық тексеруге МАЖ-ға жолдамалар қалыптастырады.
13. В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тексеруге жататын медицина қызметкерлері бекітілген орны бойынша АЕК ұйымдарында скринингтік зерттеулерден өтеді.
14. Гемодиализ, гематология, онкология, трансплантаттау, жүрек-тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері, жоспарлы операциялық араласуларға түсетін пациенттер, гемотрансфузия (жоспарлы тәртіппен), ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды трансплантаттау және ауыстырып отырғызуды алатын пациенттер, жүкті әйелдер бекітілген жері бойынша АЕК ұйымдарында скринингтік зерттеулер өтеді.
15. Өмір салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары халықтың негізгі топтарындағы адамдар АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметтін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында АИТВ инфекциясына тестілеу үшін жүгінген кезде скринингтік зерттеулерден өтеді.
3-параграф. Скринингтік зерттеулердің қорытынды кезеңін өткізу тәртібі
16. Скринингтік зерттеулердің қорытынды кезеңі скринингтік зерттеулердің нәтижелерін талдауды және анықталған патологиясы бар пациенттерді динамикалық бақылауға қоюды, МАЖ-да деректерді толтыруды аяқтауды, скринингтік зерттеулердің нәтижелері туралы халықты хабардар етуді қамтиды.
17. Скринингтік зерттеулер барысында анықталған созылмалы аурулары бар пациенттер "Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21262 болып тіркелген) сәйкес есепке алынуға және динамикалық байқауға жатады.
Жіті аурулар анықталған кезде тексеру жүргізіледі, толық сауыққанға дейін пациенттің денсаулық жағдайын кейіннен бағалау арқылы емдеу тағайындалады.
Қорытынды кезеңде АЕК ұйыдарының дәрігері МАЖ-ға мінез-құлықтық қауіп факторларын, қорытынды диагнозды бөліп көрсете отырып скринингтік зерттеулердің нәтижелерін енгізеді, толық тексеру, бақылау бойынша ұсынымдар береді, сондай-ақ скринингті аяқтау негіздерін көрсетеді: скринингтік зерттеулерді аяқтау, скрининг мерзімдерінің аяқталуы, пациенттің қайтыс болуы, АЕК басқа ұйымдарына бекіту.
Техникалық мүмкіндік болмаған кезде медициналық құжаттама қағаз түрінде ресімделеді, кейіннен МАЖ-ға күнтізбелік бір айдан кешіктірілмей енгізіледі.
3-тарау. Скринингтік зерттеулерді өткізу көлемі мен кезеңділігі
18. Скринингтік зерттеулерге және халықтың В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға жататын нысаналы топтар үшін скринингтік зерттеулердің көлемін осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызмет түріне лицензиясы бар АЕК ұйымдары жүргізеді.
19. Халықты скринингтік зерттеулердің кезеңділігі мен оны аяқтау мерзімдері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
20. В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тәуекел топтарына скринингтік зерттеулер жүргізу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мерзімдерде жүзеге асырылады.
Скринингтік зерттеулерді өткізу қағидалары, көлемі мен кезеңділігіне 1-қосымша |
Халықтың нысаналы топтарына скринингтік зерттеулерінің көлемі
Р/с№ | Нысаналы топ және скринингтік зерттеудің түрі | Скринингтік зерттеулер көлемі | Қызметтер пакетінің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 30-дан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер | Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер | ТМККК |
Қабылдау: Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері немесе Терапевт | |||
2 | Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 40-тан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер | Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер | |
Маклаков бойынша көзішілік қысымды өлшеу немесе жанаспайтын пневмотонометрия | |||
Жедел әдіспен қан сарысуындағы жалпы холестеринді анықтау | |||
Жедел әдіспен қан сарысуындағы глюкозаны анықтау | |||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері | |||
Электрокардиографиялық зерттеу (12 бөлікте) | |||
Консультация: Кардиолог | МӘМС | ||
Консультация:Эндокринолог | |||
Консультация:Офтальмолог | |||
№ | Нысаналы топ | Жылжымалы медициналық кешендерді пайдалана отырып, скринингтік зерттеулер көлемі | |
3 | Мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 18-ден 29 жасқа аралығындағы ерлер мен әйелдер | Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер | ТМККК |
Қабылдау: Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері немесе Терапевт | |||
4 | Жылына 1 рет артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 18-39 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер | Қабылдау: Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері немесе Терапевт | ТМККК |
Жедел әдіспен қан сарысуындағы жалпы холестеринді анықтау | |||
Қан сарысуындағы тығыздығы жоғары липопротеидтерді талдағышта анықтау | |||
Электрокардиографиялық зерттеу (12 бөлікте) | |||
Консультация: Кардиолог | МӘМС | ||
5 | Жылына 1 рет Қант диабетін ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 18-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер | Қабылдау: Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері немесе Терапевт | ТМККК |
Қабылдау: мейірбике немесе фельдшер | |||
Жедел әдіспен қан сарысуындағы глюкозаны анықтау | |||
Қандағы гликозилденген гемоглобинді талдағышта анықтау | МӘМС | ||
Қалқанша безінің УДЗ | |||
Консультация: Эндокринолог | |||
6 | Глаукоманы ерте анықтауға жылына 1 рет скринингтік зерттеуге жататын 18 жастан бастап 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер | Қабылдау: Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері немесе Терапевт | ТМККК |
Қабылдау: мейірбике немесе фельдшер | |||
Маклаков бойынша көзішілік қысымды өлшеу (1 көз) | |||
Консультация:Офтальмолог | МӘМС | ||
7 | Жылына 1 рет тыныс алу ағзаларының туберкулезін ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер | Қабылдау: Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері немесе Терапевт | ТМККК |
Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер | |||
Диагностикалық флюорография (1 проекция) | |||
Кеуде қуысының шолу органдарының рентгенографиясы (1 проекция) | МӘМС | ||
Кеуде қуысы мен көкірек қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы | |||
Кеңес: Фтизиатр | |||
8 | Жылына 1 рет асқазан-ішек жолы ауруларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 18-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер | Қабылдау: Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері немесе Терапевт | ТМККК |
Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер | |||
Қан сарысуындағы жалпы билирубинді талдағышта анықтау | МӘМС | ||
Қан сарысуындағы аланинаминотрансферазаны (АЛаТ) талдағышта анықтау | |||
Қан сарысуындағы аспартатаминотрансферазаны (АСаТ) талдағышта анықтау | |||
Фиброэзофагогастродуоденоскопия | |||
Гепатобилиопанкреатиялық аймақтың УДЗ (бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр) | |||
Жедел әдіспен нәжістегі жасырын қанды анықтау (гемокульт-тест) | |||
Скринингтік жаппай бейне колоноскопия | |||
Кеңес: Гастроэнтеролог | |||
9 | Созылмалы бүйрек ауруларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 18 жастан бастап 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер, жылына 1 рет | Қабылдау: Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері немесе терапевт | ТМККК |
Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер | |||
Талдағышта несептің жалпы талдауын зерттеу (несеп тұнбасының жасушалық элементтерінің санын есептей отырып, физикалық-химиялық қасиеттері) | |||
Қан сарысуындағы креатининді талдағышта анықтау | МӘМС | ||
Бүйректі, қуықты қалдық несепті анықтаумен УДЗ | |||
Консультация: Уролог | |||
Консультация: Нефролог | |||
10 | 2 жылда 1 рет қуықасты безі обырын ерте анықтауға скринингтік зерттеуге жататын 55–тен 70 жасқа дейн және одан да үлкен ерлер | Қабылдау: Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері немесе терапевт | ТМККК |
Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер | |||
Қан сарысуындағы жалпы простатқа тән антигенді (ПСА) ИФТ-әдісімен анықтау | МӘМС | ||
Қуық асты безі мен қуықтың қалдық несепті анықтаумен трансабдоминальды УДЗ | |||
Эндоскопиялық шымшу биопсиясы | |||
Консультация: Уролог |
Скринингтік зерттеулерді өткізу қағидалары, көлемі мен кезеңділігіне 2-қосымша |
Скринингтік зерттеулерге және В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға жататын халықтың нысаналы топтарына скринингтік зерттеулердің көлемі
Р/с№ | Скринингтік зерттеулердің нысаналы тобы және түрі | Қызметтің атауы | Қызметтер пакетінің атауы |
1 | Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 40 –тан 70 жасқа дейн және одан да үлкен әйелдер | Маммография (4 сурет) | МӘМС |
Кеңес беру (2 рентгенограмманы тазалау): Рентгенолог | |||
Консультация: Акушер-гинеколог | |||
Консультация:Онколог | |||
Сүт бездерін УДЗ | |||
Мақсатты маммография (1 проекция) | |||
2 | Жатыр мойны қатерлі ісігін ерте анықтау үшін скринингтік зерттеулерге жататын 30 –дан 70 жасқа дейн және одан да үлкен әйелдер | Консультация: Акушер-гинеколог | МӘМС |
Консультация:Онколог | |||
Скринингтік жаппай бейне колоноскопиясы | |||
Жатыр мойнынан жағындыны цитологиялық зерттеу ПАП-тест | |||
3 | Колоректалдық қатерлі ісікті ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 50 –ден 70 жасқа дейн және одан да үлкен ерлер мен әйелдер | Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер | ТМККК |
Қабылдау: Акушер | |||
Жедел әдіспен нәжісте жасырын қанды анықтау (гемокульт-тест) | МӘМС | ||
Скринингтік жаппай бейне колоноскопиясы | |||
Эндоскопиялық шымшу биопсиясы | |||
3 күрделілік санатындағы операциялық-биопсиялық материалды 1 блок-препаратты гистологиялық зерттеу | |||
Қабылдау: Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері немесе терапевт | ТМККК | ||
Консультация:Онколог | МӘМС | ||
Консультация: Хирург | |||
4 | В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға қауіп тобындағы адамдарды скринингтік зерттеу (2 кезеңдік) | Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер | ТМККК |
Тамырдан қан алу | |||
Қан сарысуындағы HBsAg ИФТ-әдісімен анықтау | МӘМС | ||
Қан сарысуындағы С гепатит вирусына жиынтық антиденелерді ИФТ-әдісімен анықтау | |||
Жоғары сапалы ПТР әдісімен биологиялық материалда С гепатиті вирусының РНҚ анықтау | |||
Қабылдау: Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері немесе учаскелік терапевт дәрігер | ТМККК | ||
5 | В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға қауіп тобынан иммунокомпрометирленген адамдарды скринингтік зерттеу (1 кезеңі) | Қабылдау: мейірбике немесе фельдшер | ТМККК |
Венадан қан алу | |||
Қан сарысуындағы HBsAg ИФТ-әдісімен анықтау | МӘМС | ||
Қан сарысуындағы IgG-ді HBsAg-қа ИФТ-әдісімен анықтау | |||
Қан сарысуындағы IgM HBsAg ИФТ-әдісімен анықтау | |||
Қан сарысуындағы С гепатиті вирусына жиынтық антиденелерді ИФТ-әдісімен анықтау | |||
Жоғары сапалы ПТР әдісімен биологиялық материалда С гепатиті вирусының РНҚ анықтау | |||
Қабылдау: Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері немесе терапевт | ТМККК | ||
6 | Скринингтік зерттеулердің нысаналы тобы және түрі | Скринингтік зерттеулер көлемі | Қызметтер пакетінің атауы |
7 | В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға қауіп тобындағы балалар | Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер | ТМККК |
Венадан қан алу | |||
Қан сарысуындағы HBsAg ИФТ-әдісімен анықтау | МӘМС | ||
Қан сарысуындағы С гепатиті вирусына антиденелерді ИФТ-әдісімен жиынтық анықтау | |||
Қабылдау: учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
Қабылдау: Педиатр | |||
Жоғары сапалы ПТР әдісімен биологиялық материалда С гепатиті вирусының РНҚ анықтау | МӘМС | ||
Қабылдау: Педиатр | ТМККК | ||
Қабылдау: учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері | |||
8 | В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға қауіп тобындағы иммунокомпрометирленген балалар | Қабылдау: мейірбике немесе фельдшер | ТМККК |
Венадан қан алу | |||
Қан сарысуындағы HBsAg ИФТ-әдісімен анықтау | МӘМС | ||
Қан сарысуындағы IgG-ді HBsAg-қа ИФТ-әдісімен анықтау | |||
Қан сарысуындағы IgM HBsAg ИФТ-әдісімен анықтау | |||
Қан сарысуындағы С гепатиті вирусына жиынтық антиденелерді ИФТ-әдісімен анықтау | |||
Жоғары сапалы ПТР әдісімен биологиялық материалда С гепатиті вирусының РНҚ анықтау | |||
Қабылдау: учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
Қабылдау: Педиатр |
Скринингтік зерттеулерді өткізу қағидалары, көлемі мен кезеңділігіне 3-қосымша |
Халықтың скринингтік зерттеулерінің мерзімділігі және аяқталу мерзімдері
Р/с№ | Нысаналы топтың атауы | Мерзімділігі | Қарап-тексеруді аяқтау мерзімі |
1 | Мінез-құлықтың тәуекел факторларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 30 жастан бастап 70 жасқа дейінгі әйелдер | 4 жылда 1 рет | 14 күн |
2 | Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 40 жастан бастап 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер | 2 жылда 1 рет | 30 күн |
3 | Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы ерте анықтауға скринингтік зерттеулердің екінші кезеңіне (көрсеткіштер бойынша тереңдетілген тексеруге) жататын 40 жастан бастап 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер | жылына 1 рет | 60 күн |
4 | Жатыр мойны обырын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 30 –дан 70 жасқа дейн және одан да үлкен әйелдер | 4 жылда 1 рет | 60 күн |
5 | Сүт безі обырын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 40 –тан 70 жасқа дейн және одан да үлкен әйелдер | 2 жылда 1 рет | 60 күн |
6 | Колоректалдық обырды ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 50 –ден 70 жасқа дейн және одан да үлкен ерлер мен әйелдер | 2 жылда 1 рет | 60 күн |
7 | В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға азаматтардың декреттелген санаттары (2 кезеңдік) | 6 айда 1 реттен жиі емес | 3 ай |
8 | В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға азаматтардың иммунокомпрометирленген декреттелген санаттары (1- кезеңдік) | 6 айда 1 реттен жиі емес | 3 ай |
Ауыл тұрғындары үшін скринингтік зерттеулердің кезеңділігі мен аяқтау мерзімдері
Р/с№ | Нысаналы топтың атауы | Кезеңділігі | Қарап-тексеруді аяқтау мерзімі |
1 | Мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерден өтетін 18-29 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер | жылына 1 рет | 30 күн |
2 | Артериялық гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен, қант диабетімен, глаукомамен, динамикалық байқауда тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 18 жастан бастап 39 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер | жылына 1 рет | 30 күн |
3 | Асқазан-ішек жолы ауруларын, бүйректің созылмалы ауруларын скринингтік зерттеулерден өтетін 18-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер | ||
4 | Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы, асқазан-ішек жолы ауруларын, бүйректің созылмалы ауруларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулердің екінші кезеңіне (көрсетілімдер бойынша тереңдетілген тексеруге) жататын 18 жастан бастап 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер | жылына 1 рет | 60 күн |
5 | Тыныс алу ағзалары туберкулезін ерте анықтауға скринингтік зерттеулердің екінші кезеңіне (көрсеткіштер бойынша тереңдетілген тексеруге) жататын 50 жастан бастап 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер | жылына 1 рет | 30 күн |
6 | Қуық асты безінің қатерлі ісігін ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 55 –тен 70 жасқа дейн және одан да үлкен ерлер | 2 жылда 1 рет | 60 күн |
Скринингтік зерттеулерді өткізу қағидалары, көлемі мен кезеңділігіне 4-қосымша |
В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтау үшін тәуекел топтарына скринингтік зерттеулер жүргізу мерзімдері
Р/с № | В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тәуекел топтарына скринингтік зерттеулер жүргізу мерзімдері | Тәуекел тобы |
1 | Жұмысқа орналасу кезінде және кейіннен алты айда бір рет |
Медицина қызметкерлері: |
2 | Операциялық араласулардың алдында және операциялық араласудан кейінгі алты айдан кейін | Жоспарлы және шұғыл операциялық араласуларға түсетін адамдар; |
3 | Емдеуге жатқызуға түскеннен кейін және емдеуге жатқызылғаннан кейін алты айдан кейін | Гемодиализ, гемотология, онкология, трансплантология, жүрек тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері; |
4 | Гемотрансфузия, трансплантация жүргізер және ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерін, жыныстық, фетальді, дің жасушаларын және биологиялық материалдарын ауыстырып қондырар алдында және алты айдан кейін; | Гемотрансфузия алатын, трансплантация жасататын және ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), тіндерін, жыныстық, фетальді, дің жасушаларын және биологиялық материалдарын ауыстырып қондыратын пациенттер; |
5 | Есепке қойған кезде және вирусты гепатитіне зерттеп-қарау болмаған жағдайда, босанар алдында | Жүкті әйелдер |
6 | АИТВ инфекциясына тесттен өту үшін жүгінген кезде және алты айда 1 реттен жиі емес | Өмір сүру салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтырудың жоғары тәуекеліне ұшырайтын халықтың негізгі топтарындағы адамдар |
Бұйрыққа 3-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығына 1-қосымша |
Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары, көлемі мен кезеңділігі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары, көлемі мен кезеңділігі (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 86-бабының 11-тармағына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексеруді жүргізу тәртібін, көлемін және кезеңділігін айқындайды.
2. Халықтың нысаналы тобы 1 айдан бастап 18 жасқа дейінгі балалар болып табылады.
3. Профилактикалық медициналық қарап-тексерулер кейіннен динамикалық бақылау және сауықтырумен меншік нысанына қарамастан, сондай-ақ жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық поездарды пайдалана отырып амбулаториялық – емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – АЕК ұйымдары) жүзеге асырады.
4. АЕК ұйымдары:
1) халықтың медициналық ұйымға бекітілген қатарынан профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына қалыптастырады;
2) осы қарап-тексерулерді жүргізу үшін бейінді медициналық ұйымдармен сабақтастықты қамтамасыз етеді;
3) халықты профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден өту қажеттігі туралы хабардар етеді;
4) мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өткізу туралы деректерді медициналық ақпараттық жүйелерге (бұдан әрі – МАЖ) енгізеді;
5) өткізілетін профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге ай сайын талдау жүргізеді және есептік кезеңдегі айдың 5-күніне дейін денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына ақпаратты ұсынады.
5. Қосымша зерттеп-қарауға жіберілген мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалардың профилактикалық медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша орта медицина жұмыскері немесе АЕК ұйымының жауапты адамы МАЖ-ға толық зерттеп-тексеруге жолдаманы қалыптастырады, ол ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы беріледі.
2-тарау. Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу тәртібі
6. Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді аумақтық АЕК ұйымының мамандары білім беру ұйымдарының аумағына шығып жүргізеді.
7. Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын мектепке дейінгі жастағы балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексерулер бекітілген жері бойынша АЕК ұйымдарында жүргізіледі.
8. Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу: дайындық сатысын, профилактикалық медициналық қарап-тексеруді және қорытынды кезеңді қамтиды.
9. Дайындық кезеңі мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалардың, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарын қалыптастырудан және ақпараттық сүйемелдеуден тұрады. Дайындық сатысын АЕК ұйымының: медициналық пункттің, фельдшерлік-акушерлік пункттің, дәрігерлік амбулаторияның, аудандық, қалалық емхананың орта медицина персоналы, білім беру ұйымының (болған жағдайда), оның ішінде мектепке дейінгі ұйымның орта медицина персоналы жүзеге асырады және мыналарды қамтиды:
есепті жылдың алдындағы қыркүйек айына дейін кешіктермей алдағы профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын нысаналы топтың жыл сайынғы тізімін, одан әрі ай сайын түзетумен қалыптастыру және құру;
балалардың заңды өкілдерін профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтудің қажеттілігі мен шарттары туралы хабардар ету;
мектепке дейінгі (мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалар), мектеп жасындағы балаларды, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының және жоғары оқу орындарының білім алушыларын профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өткізу үшін білім беру ұйымдарының (бар болса), оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың аумағына аумақтық АЕК ұйымы мамандарының шығу кестесін жасау.
10. Профилактикалық медициналық қарап-тексеру мамандардың қарап-тексеруін және профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өткені туралы деректерді МАЖ-ға толтыруды көздейді.
11. Профилактикалық медициналық қарап-тексеру: дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған кезеңдерді қамтиды.
Дәрігерге дейінгі кезеңді медициналық пункттің, фельдшерлік-акушерлік пункттің, дәрігерлік амбулаторияның, аудандық, қалалық емхананың, білім беру ұйымының орта медицина персоналы (болған жағдайда), оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың орта медицина персоналы жүргізеді және ол мыналарды қамтиды:
1) антропометриялық өлшеулер (үш жасқа дейінгі балалардың салмағы, бойы, басы мен кеудесінің көлемі) жүргізу, Кетле индексін есептеу;
2) балалардың жүйке-психикалық даму шкласы бойынша психофизикалық дамуын бағалау;
3) артериялық қысымды өлшеу (7 және одан жоғары жастағы балалар);
4) плантография жүргізу және оны бағалау (5 және одан жоғары жастағы балалар);
5) көру өткірлігін анықтау;
6) есту жітілігін зерттеу. Тыныш үй-жайда орта медицина қызметкері мен баланың арасы кемінде 5 метр болатындай қашықтықта 3 және одан үлкен жастағы балалардың екі құлағына кезек-кезек сыбырлап сөйлеу арқылы зерттеу жүргізіледі;
7) 14 және 17 жастағы балаларды қоса алғанда электрокардиографиялық зерттеу жүргізу (12 бұрылу).
8) 1 жасқа дейінгі, 2 жастағы, 5 жастағы, 14 және 17 жасты қоса алғанда балалардағы қан мен несептің жалпы талдауы.
12. Біліктілік кезеңі педиатр, терапевт дәрігер (15 жастан 17 жасқа дейінгі балалар үшін) немесе жалпы практика дәрігері жүргізеді және дәрігерге дейінгі зерттеп-қарау деректерін ескере отырып, баланың денсаулығының жай-күйін, психофизикалық, жыныстық дамуын бағалауды, қатыгездік таныту белгілерін анықтауды қамтиды.
Біліктілік кезеңі барысында:
1) жалпы қарап-тексеру;
2) тері жабындарын және бастың шаш бөлігін қарап-тексеру;
3) көзге көрінетін шырышты қабықтарды: көздің, ауыз қуысы, жұтқыншақ конъюнктивиттерін қарап-тексеру. Тістің жай-күйіне, тістүйіс жағдайына, қатты таңдайдың жағдайының биіктігіне, таңдай бадамшаларының көлемі мен түрлеріне, дыбыс функциясына (дауыстың дыбысталуына) назар аудару;
4) қалқанша без аймағын қарап-тексеру және пальпациялау;
5) кеуде қуысы мен омыртқа бағанасын, аяқ-қолды қарап-тексеру;
6) перифериялық лимфа түйіндерін: жақасты, шап, қолтықасты пальпациялау;
7) қанайналым ағзаларын зерттеу (жүректі қарап-тексеру, аускультациялау), пульстің жиілігін, толуын, ырғағын анықтау. Аускультация кезінде дыбыстардың дауыстылығы мен тазалығы байқалады. Жүрек шуылы анықталған кезде әртүрлі қалыпта (тұрып, жатып) зерттеулер және мөлшерленген дене жүктемесімен функционалдық сынамалар жүргізіледі;
8) тыныс алу ағзаларын зерттеу (өкпе аускультациясы, тыныс алу жиілігін анықтау);
9) асқорыту ағзаларын зерттеу (ішперде қуысы ағзаларын, оң қабырға асты аумағын, бауырды, эпигастральдық аумақты, көкбауырды, оң және сол мықын аймақтарын, қасаға үстілік аумақты пальпациялау). Шырышты қабықтардың жай-күйіне, тілдің, қызыл иектің, үстіңгі таңдайдың, тістердің өңезденуіне назар аударылады. Созылмалы уыттану белгілері анықталады (тері жабындарының бозғылттануы, орбиталдық көлеңкелер);
10) зертханалық зерттеп-қарау нәтижелерін бағалау;
11) жыныс ағзаларын қарап-тексеру. 10 жастан асқан қыздарды қарап-тексеру кезінде гинекологиялық анамнезге, шағымдарға, етеккір функциясының бұзылуына ерекше назар аударылады. 12 жастан асқан балаларды қарап-тексеру кезінде түктердің өсу түріне (еркек немесе әйел типі бойынша) назар аударылады. Көрсетілімдер болған кезде қыздар балалар гинекологына жіберіледі;
12) туғаннан бастап 17 жасқа дейін қоса алғанда даму тобының нұсқасын айқындай отырып, нервтік-психикалық дамуды бағалау (бұдан әрі – НПД): 1 – НПД қалыпты деңгейі; 2 – НПД – дағы елеусіз ауытқулар; 3-НПД-дағы айқын ауытқулар.
4 жастан 6 жасқа дейінгі балаларда ойлау және сөйлеу, моториканың дамуы, зейін мен есте сақтау, әлеуметтік байланыстар бағаланады.
7 жастан 8 жасқа дейінгі балаларда психоқимылдық сала мен мінез-құлық, зияткерлік даму, эмоциялық-вегетативтік сала бағаланады.
9 жастан 10 жасқа дейінгі балаларда абстрактілі-логикалық операциялардың, логикалық пайымдаулардың қалыптасуы қосымша бағаланады.
11 жастан 17 жасқа дейінгі балаларда эмоционалды-вегетативтік сала, соматикалық-вегетативтік көріністер, вегето-диэнцефалиялық көріністер анықталады.
13) пубертограммалар әдісімен жыныстық дамуды бағалау, қорытынды (норма, озу, қалып қою) беріледі;
14) жарақаттар мен оның салдарын анықтау арқылы озбырлық белгілерін, ұру белгілерін (таяқпен немесе шыбықпен ұрғаннан кейінгі сызық қанталаулар, белбеумен, жіппен, ұрғаннан кейін ілгек түріндегі қанталаулар, жіппен немесе белбеумен байлау, тарту іздері, темекімен күйдіру іздері, көз торшасына қан құйылу, субдуралдық қан ұюлар).
13. Патологиялық өзгерістер анықталған кезде бейінді маманға қосымша қарап-тексеруге жібереді.
14. Мамандандырылған сатыны бейінді мамандықтардың дәрігерлері жүргізеді және МАЖ-да нәтижелерді толтыра отырып, қарап-тексеруді қамтиды:
1) хирург немесе травмотолог-ортопед немесе травматолог ерте шақтағы балаларда кіндік, шап сақиналарының кеңеюіне, ішінің ақ сызығының бұлтиған жарығына, крипторхизмге, тік ішектің түсуіне, аяқ-қолының, кеудесінің қисаюына назар аударады. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың омыртқаларының қисаюын, отырысының, ірі және ұсақ буындары функцияларының бұзылуын анықтайды. Табан күмбезінің жағдайын қарап-тексеруді, плантограмманы бағалауды, жүрісін бағалауды жүргізеді. Ұлдардың аталық бездерінің төмен түсуін анықтайды;
2) уролог немесе хирург несепжыныс жүйесінің патологиясының жоқ екендігін анықтайды;
3) отоларинголог мұрынның алдыңғы риноскопиясын жүргізеді және тыныс алу функциясын тексереді, артқы риноскопиясын, фарингоскопиясын, мойын (жақасты, алдыңғы және артқы мойын, құлақарты) түйіндерін саусақпен қарап-тексеруді, отоскопияны, естуді зерттеуді жүргізеді;
4) невропатолог жалпы қарап-тексеру жүргізеді (дермографиялық сипаттарының, буын суреттерінің және басқалардың болуын анықтау), бассүйек-ми нервтерінің, қимыл-қозғалыс функцияларының жағдайын; сіңірлік, периосттық, тері рефлекстерін зерттеу; вегетативтік реттеуді бағалау. 14 және 17 жастағы балаларды қоса алғанда орталық нерв жүйесі тарапынан патологияларды болдырмау үшін қосымша электроэнцефалографиялық зерттеуден өтеді;
5) стоматолог тістеу, пародонт жағдайын, гигиена, РМА (қызылиектің қабыну үрдісін бағалауға папиллярлық маргинальды альвеолярлық индекс), КПУ (бір баладағы кариозды пломбаланған және жұлынған тістердің саны) индекстерін, тісжегінің белсенділік дәрежесін, диспансерлеу, оңалту және профилактика жоспарын бағалай отырып, баланы кешенді қарап-тексеруді жүргізеді, диспансеризация жоспарын құрады;
6) офтальмолог көру өткірлігін анықтайды, көру ағзасын сырттай қарап-тексеру жүргізеді; бүйірінен жарық түсіре отырып және жүргізу жарығында қарап-тексеру, офтальмоскопияны жүргізеді. Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда, 14 және 17 жастағы балалар қосымша көз қысымын өлшеуден өтеді;
7) эндокринолог гинекомастияны, жыныстық дамудың кідіруін немесе уақытынан бұрын дамуын, бойының өсуінің кідіруін, семіздікті, қалқанша безінің ұлғаюын, қант диабетін, крипторхизманы болдырмау үшін қарап-тексеру жүргізеді.
15. Профилактикалық медициналық қарап-тексеру аяқталғаннан кейін бейінді мамандардың қорытындысы мен зертханалық-диагностикалық зерттеулерді ескере отырып, педиатр дәрігер, терапевт дәрігер не жалпы практика дәрігері мынадай "денсаулық топтарын" айқындай отырып, балалардың (15 жастан 17 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда) денсаулық жай-күйіне кешенді бағалау жүргізеді:
1-топ – дені сау балалар;
2-топ – дені сау, бірақ функциялық ауытқулары бар, сондай-ақ жіті және созылмалы ауруларға қарсы тұру қабілеті төмен, қауіп факторлары бар балалар;
3-топ – ағзаның функциялық мүмкіндіктері сақталған, компенсация жағдайындағы созылмалы аурумен ауыратын балалар;
4-топ – ағзаның функциялық мүмкіндіктері төмен, субкомпенсация жағдайындағы созылмалы аурулары бар балалар;
5-топ – ағзаның функциялық мүмкіндіктері айтарлықтай төмендеген, декомпенсация жағдайындағы созылмалы аурулары бар балалар.
16. 3, 4, 5 денсаулық топтарына жататын балалар АЕК ұйымдарының мамандарында немесе тиісті бейіндегі мамандарда динамикалық бақылауға және сауықтыруға жатады.
17. Педиатр, терапевт не жалпы практика дәрігері профилактикалық медициналық қарап-тексеруді аяқтағаннан кейін денсаулықты кешенді бағалауды жүргізеді, денсаулық тобын көрсете отырып, физикалық және жүйке-психикалық дамуын бағалаумен эпикриз бен қорытындыны ресімдейді. Қорытындыда толық қарап-тексеру, бақылау, санитариялық-гигиеналық қағидаларды сақтау, режим, дене тәрбиесі және шынықтыру, профилактикалық екпелерді жүргізу, шекті жай-күй мен аурулардың профилактикасы бойынша, дене шынықтыру тобы (негізгі немесе арнайы топ) және 15 жастан бастап ер балаларға – военкомат үшін қорытынды мен ұсынымдар береді.
18. Қорытынды сатыда АЕК ұйымының дәрігері немесе АЕК ұйымының жауапты адамы тексеру нәтижелерін МАЖ-ға енгізеді.
19. Балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексеру нәтижелері олардың заңды өкілдерін танысыстырылып, туралы қол қоюмен жеткізіледі.
3-тарау. Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларды қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексеру жүргізу көлемі мен кезеңділігі
20. Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексеру осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын профилактикалық медициналық қарап-тексеруді жүргізу кезеңділігіне сәйкес жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексеру көлемі
№ | Профилактикалық медициналық қарап-тексеру көлемі | Нысаналы топ | Қызметтер пакетінің атауы |
1 | 2 | 3 | 2 |
1 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 1 ай жасындағы балалар | ТМККК |
Консультация: Хирург | МӘМС | ||
Консультация: Невропатолог | МӘМС | ||
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
2 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 2 ай жасындағы балалар | ТМККК |
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
3 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 3 ай жасындағы балалар | ТМККК |
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
4 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 4 ай жасындағы балалар | ТМККК |
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
5 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 5 ай жасындағы балалар | ТМККК |
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
6 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 6 ай жасындағы балалар | ТМККК |
Консультация: Оториноларинголог | МӘМС | ||
Консултация: Офтальмолог | МӘМС | ||
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
7 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 7 ай жасындағы балалар | ТМККК |
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
8 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 8 ай жасындағы балалар | ТМККК |
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
9 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 9 ай жасындағы балалар | ТМККК |
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
10 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 10 ай жасындағы балалар | ТМККК |
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
11 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 11 ай жасындағы балалар | ТМККК |
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
12 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 1 жастағы балалар | ТМККК |
Жалпы қан талдауы | ТМККК | ||
Жалпы несеп талдауы | ТМККК | ||
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
13 | Консультация: Хирург | 1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі балалар | МӘМС |
Консультация: Оториноларинголог | МӘМС | ||
Консультация: Офтальмолог | МӘМС | ||
Консультация: Невропатолог | МӘМС | ||
14 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 1 жас және 3 ай жасындағы балалар | ТМККК |
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
15 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 1 жас және 6 ай жасындағы балалар | ТМККК |
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
16 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 1 жас және 9 ай жасындағы балалар | ТМККК |
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
17 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 2 жастағы балалар | ТМККК |
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
18 | Консультация: Оториноларинголог | 2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалар | МӘМС |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру | МӘМС | ||
19 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 2 жас 3 ай жасындағы балалар | ТМККК |
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
20 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 2 жас 6 ай жасындағы балалар | ТМККК |
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
21 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 2 жас 9 ай жасындағы балалар | ТМККК |
Жалпы қан талдауы | ТМККК | ||
Жалпы несеп талдауы | ТМККК | ||
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
22 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 3 жастан 4 жасқа дейінгі балалар | ТМККК |
Консультация: Хирург | МӘМС | ||
Консультация: Оториноларинголог | МӘМС | ||
Консультация: Невропатолог | МӘМС | ||
Консультация: Офтальмолог | МӘМС | ||
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру | МӘМС | ||
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
23 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 4 жастан 5 жасқа дейінгі балалар | ТМККК |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық қарап-тексеру | МӘМС | ||
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
24 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 5 жастан 6 жасқа дейінгі балалар | ТМККК |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру | МӘМС | ||
Жалпы қан талдауы | ТМККК | ||
Жалпы несеп талдауы | ТМККК | ||
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
25 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 6 жастан 7 жасқа дейінгі балалар | ТМККК |
Консультация: Хирург | МӘМС | ||
Консультация: Оториноларинголог | МӘМС | ||
Консультация: Невропатолог | МӘМС | ||
Консультация: Офтальмолог | МӘМС | ||
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру | МӘМС | ||
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
26 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 7 жастан 8 жасқа дейінгі балалар | ТМККК |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру | МӘМС | ||
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
27 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 8 жастан 9 жасқа дейінгі балалар | ТМККК |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру | МӘМС | ||
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
28 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 9 жастан 10 жасқа дейінгі балалар | ТМККК |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру | МӘМС | ||
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
29 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 10 жастан 11 жасқа дейінгі балалар | ТМККК |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру | МӘМС | ||
Консультация: Хирург | МӘМС | ||
Консультация: Оториноларинголог | МӘМС | ||
Консультация: Офтальмолог | МӘМС | ||
Консультация: Эндокринолог | МӘМС | ||
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
30 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 11 жастан 12 жасқа дейінгі балалар | ТМККК |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру | МӘМС | ||
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
31 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 12 жастан 13 жасқа дейінгі балалар | ТМККК |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру | МӘМС | ||
Консультация: Офтальмолог | МӘМС | ||
Консультация: Эндокринолог | МӘМС | ||
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
32 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 13 жастан 14 жасқа дейінгі балалар | ТМККК |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру | МӘМС | ||
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
33 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 14 жастан 15 жасқа дейінгі балалар | ТМККК |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру | МӘМС | ||
Консультация: Хирург | МӘМС | ||
Консультация: Оториноларинголог | МӘМС | ||
Консультация: Офтальмолог | МӘМС | ||
Электрокардиографиялық зерттеу (12 бөлікте) | МӘМС | ||
Консультация: Невропатолог | МӘМС | ||
Электроэнцефалография | МӘМС | ||
Жалпы қан талдау | ТМККК | ||
Жалпы несеп талдауы | ТМККК | ||
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
34 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 15 жастан 16 жасқа дейінгі балалар | ТМККК |
Консультация: Хирург | МӘМС | ||
Консультация: Оториноларинголог | МӘМС | ||
Консультация: Невропатолог | МӘМС | ||
Консультация: Офтальмолог | МӘМС | ||
Консультация: Эндокринолог | МӘМС | ||
Консультация: Уролог | МӘМС | ||
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру | МӘМС | ||
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
35 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 16 жастан 17 жасқа дейінгі балалар | ТМККК |
Консультация: Офтальмолог | МӘМС | ||
Консультация: Уролог | МӘМС | ||
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру | МӘМС | ||
Жалпы қан талдауы | ТМККК | ||
Жалпы несеп талдауы | ТМККК | ||
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК | ||
36 | Қабылдау: Мейіргер, фельдшер | 17 жастан 18 жасқа дейінгі балалар | ТМККК |
Электрокардиографиялық зерттеу (12 бұрамада) | МӘМС | ||
Консультация: Хирург | МӘМС | ||
Консультация: Оториноларинголог | МӘМС | ||
Консультация: Невропатолог | МӘМС | ||
Электроэнцефалография | МӘМС | ||
Консультация: Офтальмолог | МӘМС | ||
Консультация: Эндокринолог | МӘМС | ||
Консультация: Уролог | МӘМС | ||
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру | МӘМС | ||
Қабылдау: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | ТМККК |