"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 419 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 5 шiлдедегi № 490 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 шiлдеде № 28789 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 419 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15634 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2022 жылғы 5 шілдедегі
№ 490 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 7 тамыздағы
№ 419 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарынан (бұдан әрі – ӘОО) шығарып жіберу тәртібін айқындайды.

      2. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери қызметшілерін ҚР ҚМ ӘОО-ларынан шығарып жіберу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер қорғаныс министрлері арасында жасалған келісімшарттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      3. Білім алушыларды ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:

      1) оқу үлгерімі бойынша;

      2) білім алушының өзінің бастамасы бойынша;

      3) тәртіпсіздігі бойынша;

      4) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1-тармағының 11-тармақшасына сәйкес теріс себептермен әскери қызметтен шығарылуына байланысты (бұдан әрі – Заң);

      5) әскери қызметтен денсаулық жағдайы бойынша шығарылуына байланысты;

      6) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсатнамадан айырылуына байланысты;

      7) Заңының 21-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес білім алушыға қатысты күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылуына не қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасы қолданылуына байланысты.

      4. Білім алушыларды оқудан шығарып жіберу ӘОО бастығының бұйрығымен, ал Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінен (бұдан әрі – ҰҚУ) – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен жүргізіледі.

      5. ӘОО-дан шығарылғандарға белгіленген үлгідегі транскрипт (академиялық анықтама) беріледі.

      6. Оқудан шығарып жіберу мәселелері бойынша барлық, оның ішінде оқуға жіберілген және шетелдік ӘОО-лардан оқудан шығарылған (магистранттар мен докторанттарды қоспағанда), ғылыми кеңесінің (бұдан әрі – ҒК) отырысында, ал әскери колледжде педагогикалық кеңестің отырысында (бұдан әрі – ПК) қарауға ұсынылған білім алушымен батальон командирі (факультет бастығы) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын есіне салу мақсатында білім алушының оны оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу міндеттемесі туралы, мерзімді әскери қызмет өткеру туралы және білім алушының бір жыл ішінде ӘОО-ға оқуға қайта қабылдану құқығы туралы әңгімелесу жүргізеді, ол әңгімелесу парағы түрінде үш данада ресімделеді, оның екі данасы жеке іске тігіледі, үшінші данасы білім алушының қолына беріледі.

      ҒК (ПК) өз қызметінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 529 қбпү (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15866 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының қызметі қағидаларын басшылыққа алады.

2-тарау. Үлгермеушілігі бойынша ӘОО-дан шығарып жіберу

      7. Оқу үлгерімі бойынша ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу оқу бөлімі (оқу-әдістемелік басқарма) бастығының баянаты және ҒК (ПК) отырысының хаттамасы бойынша жүргізіледі.

      8. Оқу үлгерімі бойынша ӘОО-дан оқудан шығарып жіберуге мынадай білім алушылар ұсынылады:

      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13264 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларының 23-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, академиялық берешегі бар және оны жаңа академиялық кезең басталғанға дейін жоймаған;

      2) білім беру бағдарламасының талаптарын орындамаған" ретінде қорытынды аттестаттаудан өтпегендер (яғни дипломдық жұмысты (жобаны), магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау кезінде немесе кешенді емтиханды тапсыру кезінде 50 балдан аз алуы, қорытынды аттестаттауға рұқсатнаманың болмауы, қорытынды аттестаттауға дәлелсіз себептермен келмеу);

      3) ұшпайтын мамандығында оқуын жалғастыруға ниет білдірмеген кезде ұшуға жіберуге жерүсті даярлығын тапсырмаған ұшқыш мамандықтарының курсанттары.

      9. ҒК (ПК) отырысына оқу бөлімінің (оқу-әдістемелік басқармасының) бастығы оқудан шығарып жіберуге ұсынылған әрбір білім алушыға транскрипті немесе оқу үлгерімі туралы мәліметтерді ұсынады. Батальон командирі (факультет бастығы) академиялық берешек қалыптасқан сәттен бастап жүргізілген әңгімелесу парақтарын ұсынады (әңгімелесу парағының саны қайта тапсыру санына және қарызы бар пәндердің санына байланысты болады).

      10. ҒК (ПК) қарау нәтижесі бойынша ашық дауыс берумен шешім қабылдайды, хаттаманы ресімдейді және ӘОО бастығына білім алушының ӘОО-дан оқу үлгерімі бойынша оқудан шығарып жіберу туралы қолдаухатты бекітуге ұсынады.

      11. ӘОО-ның бастығы үш күні ішінде ҒК (ПК) хаттамасын бекітеді және персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімшеге тиісті материалдарды дайындауды тапсырады.

      12. Персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімше үш жұмыс күні ішінде:

      1) курсанттар (ұландар, кадеттер) үшін – білім алушыны оқудан шығарып жіберу туралы бұйрық шығарады және курсанттардың (кадеттердің) жеке ісін білім алушы келген ЖӘБО-ға жолдайды, ал ұланның жеке ісін ата-анасының (заңды өкілдерінің) қолына береді;

      2) магистранттар мен докторанттар үшін – оқудан шығарып жіберу туралы ұсынымды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кадрлар органына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына қосу үшін жолдайды.

3-тарау. Өзінің бастамасы бойынша ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу

      13. Өзінің бастамасы бойынша оқудан шығарып жіберу үшін білім алушы ӘОО-дан шығарып жіберу себептерін түсіндірумен баянат жазады.

      14. ӘОО бастығы үш күн ішінде персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімшеге тиісті материалдарды дайындауды тапсырады.

      15. Персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімше үш жұмыс күні ішінде:

      1) курсанттар (ұландар, кадеттер) үшін – білім алушыны оқудан шығарып жіберу туралы бұйрық шығарады және курсанттардың (кадеттердің) жеке ісін білім алушы келген ЖӘБО-ға жолдайды, ал ұланның жеке ісін ата-анасының (заңды өкілдерінің) қолына береді;

      2) магистранттар мен докторанттар үшін – оқудан шығарып жіберу туралы ұсынымды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кадрлар органына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына қосу үшін жолдайды.

4-тарау. Тәртіпсіздігі бойынша ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу

      16. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары тәртіптік жарғысының 1-қосымшасында көзделген елеулі тәртіптік теріс қылықтарды бірнеше рет (екі рет және одан да көп) жасаған кезде білім алушылар тәртіпсіздігі бойынша ӘОО-дан оқудан шығарылып жіберіледі.

      17. Тәртіпсіздігі бойынша білім алушылардың ӘОО-дан оқудан шығарылып жіберілу ҒК (ПК) хаттамалық отырысының ұсынысы бойынша ӘОО бастығының шешімімен жүргізіледі. Тәртіпсіздігі бойынша оқудан шығарып жіберу мәселесі бойынша ҒК (ПК) отырысында білім алушыны қарау негізі батальон командирінің (факультет бастығының) баянаты болып табылады.

      18. ӘОО бастығы батальон командирінің (факультет бастығының) баянаты негізінде ҒК (ПК) отырысында білім алушыны қарау туралы шешім қабылдайды. ҒК (ПК) отырысында батальон командирі (факультет бастығы) қызметтік карточканы, қызметтік мінездемені, батальонның (факультеттің) лауазымды адамдары өткізген әңгімелесу парақтарын, қызметтік тексеру материалдарын ұсынады.

      19. ҒК (ПК) қарау нәтижесі бойынша хаттаманы ресімдейді және мынадай шешімдердің бірін қабылдау туралы ӘОО бастығының алдында қолдайды:

      1) білім алушыға алдағы уақытта тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу туралы ескерту;

      2) тәртіпсіздігі бойынша оқудан шығарып жіберу.

      20. "Білім алушыға алдағы уақытта тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу туралы ескертілсін" деген шешім:

      1) егер білім алушы оқу бағдарламасын жақсы және үздік меңгерген;

      2) егер білім алушы ӘОО-ның күнделікті және мәдени өмірінің белсенді қатысушысы болған;

      3) егер білім алушы спорттың бір түрі бойынша ӘОО құрама командасының белсенді мүшесі болған жағдайда қабылданады.

      21. "Тәртіпсіздігі бойынша оқудан шығарылсын" деген шешім, егер білім алушы осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда қабылданады.

      22. ӘОО бастығы "білім алушыға тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу туралы ескертілсін" деген шешім қабылдаған кезде білім алушы ӘОО-да оқуын жалғастырады. Елеулі тәртіптік теріс қылықтар қайта жасалған кезде батальон командирінің (факультет бастығының) баянаты негізінде әскери қызметші ҒК отырысында қаралады және тәртіпсіздігі бойынша оқудан шығарылады.

      23. ӘОО бастығы үш жұмыс күні ішінде ҒК (ПК) хаттамасын бекітеді және персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімшеге тиісті материалдарды дайындауды тапсырады.

      Персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімше үш жұмыс күні ішінде:

      1) курсанттар (ұландар, кадеттер) үшін – білім алушыны оқудан шығарып жіберу туралы бұйрық шығарады және курсанттардың (кадеттердің) жеке ісін білім алушы келген ЖӘБО-ға жолдайды, ал ұланның жеке ісін ата-анасының (заңды өкілдерінің) қолына береді;

      2) магистранттар мен докторанттар үшін – оқудан шығарып жіберу туралы ұсынымды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кадрлар органына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына қосу үшін жолдайды.

5-тарау. Әскери қызметтен теріс себептер бойынша шығарумен байланысты ӘОО-дан шығарып жіберу

      24. Әскери қызметтен теріс себептер бойынша шығарумен байланысты ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу Заңның 26-бабы 1-тармағының 11) тармақшасы негізінде жүргізіледі.

      25. Әскери қызметтен шығару тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

6-тарау. Әскери қызметтен денсаулық жағдайы бойынша шығарылуына байланысты ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу

      26. Денсаулық жағдайы бойынша ӘОО-дан оқудан шығарып жіберілуге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 716 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 150278 болып тіркелген) бекітілген ҚР ҚК әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге сәйкес әскери-дәрігерлік комиссиясының (бұдан әрі – ӘДК), дәрігерлік-ұшқыш комиссиясының (бұдан әрі – ДҰК) қорытындысы негізінде:

      1) әскери қызметке жарамсыз немесе шектеулі жарамды;

      2) ұшуға оқытып-үйретуге жарамсыз (ұшқыш мамандықтарында білім алушыларға қатысты) деп танылған білім алушылар жатады.

      27. Әскери қызметке жарамсыз деп танылған білім алушыларды ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу ӘДК қорытындысы негізінде ӘОО бастығының шешімімен жүргізіледі.

      ӘОО бастығы үш жұмыс күні ішінде персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімшеге тиісті материалдарды дайындауды тапсырады.

      Персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімше үш жұмыс күні ішінде:

      1) курсанттар (ұландар, кадеттер) үшін – білім алушыны оқудан шығарып жіберу туралы бұйрық шығарады және курсанттардың (кадеттердің) жеке ісін білім алушы келген ЖӘБО-ға жолдайды, ал ұланның жеке ісін ата-анасының (заңды өкілдерінің) қолына береді;

      2) магистранттар мен докторанттар үшін – оқудан шығарып жіберу туралы ұсынымды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кадрлар органына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына қосу үшін жолдайды.

      28. Денсаулық жағдайы бойынша ұшуға оқытып-үйретуге жарамсыз деп танылған ұшқыш мамандықтары бойынша білім алушыларды ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу ӘҰК қорытындысы және медициналық қызмет бастығының баянаты негізінде жүргізіледі.

      ӘОО бастығы келіп түскен баянатты ҒК отырысында қарау туралы шешім қабылдайды.

      29. ҒК отырысында батальон командирі қызметтік карточканы, қызметтік мінездемені, әңгімелесу парақтарын және басқа да материалдарды ұсынады.

      30. ҒК ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша білім алушыға ұшу жұмысымен байланысты емес басқа мамандыққа ауысуды ұсынады.

      Білім алушы келіскен жағдайда ҒК шешім қабылдайды, басқа мамандыққа ауысу туралы хаттама ресімдейді және ӘОО бастығына бекітуге ұсынады. ӘОО бастығы үш жұмыс күні ішінде хаттаманы бекітеді және жұмысты "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 37 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13239 болып тіркелген) ұйымдастырады.

      Білім алушы басқа мамандыққа ауысуға келіспеген жағдайда ҒК ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу туралы шешім қабылдайды, хаттама ресімдейді және ӘОО бастығына бекітуге ұсынады.

      31. ӘОО бастығы үш жұмыс күні ішінде ҒК хаттамасын бекітеді және персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімшеге тиісті материалдарды дайындауға тапсырма береді.

      Персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімше білім алушыны оқудан шығарып жіберу туралы бұйрық шығарады және курсанттардың жеке ісін білім алушы келген ЖӘБО-ға жолдайды.

7-тарау. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсатнамадан айырылуға байланысты ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу

      32. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсатнамадан айырылуға байланысты ӘОО-дан оқудан шығарып жіберуге Қазақстан Республикасының "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы" заңдарының талаптарына сәйкес мемлекеттік құпияларға рұқсатнамадан айырылған білім алушылар ұсынылады.

      33. ӘОО бастығы қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы ұсынылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде білім алушының мемлекеттік құпияларға рұқсатнамасын тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      Персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімше үш жұмыс күні ішінде:

      1) курсанттар үшін оқудан шығарып жіберу және әскери қызметтен шығару туралы бұйрық шығарады және жеке ісін білім алушы келген ЖӘБО-ға жолдайды;

      2) магистранттар мен докторанттар үшін оқудан шығарып жіберу туралы ұсынымды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кадрлар органына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына қосу үшін жолдайды.

8-тарау. Білім алушыға қатысты күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығаруға не қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасын қолдануға байланысты ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу

      34. Білім алушыға қатысты күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығаруға не қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасын қолдануға байланысты ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу қылмыстық қудалау органдарынан ресми құжаттар негізінде жүргізіледі.

      Заңның 21-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ӘОО-дан оқудан шығарып жіберілген адам қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін командирдің (бастықтың) өкіміне қабылданады.".

О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 419 "Об утверждении Правил отчисления из военных учебных заведений Министерства обороны Республики Казахстан"

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 5 июля 2022 года № 490. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 июля 2022 года № 28789

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 419 "Об утверждении Правил отчисления из военных учебных заведений Министерства обороны Республики Казахстан (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15634) следующие изменение:

      Правила отчисления из военных учебных заведений Министерства обороны Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению, к настоящему приказу.

      2. Департаменту военного образования и науки Министерства обороны Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Министра обороны Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ довести до должностных лиц в части, их касающейся.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан
Р. Жаксылыков

  Приложение к приказу
Министра обороны
Республики Казахстан
от 5 июля 2022 года № 490
  Утверждены приказом
Министра обороны
Республики Казахстан
от 7 августа 2017 года № 419

Правила отчисления из военных учебных заведений Министерства обороны Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила отчисления из военных учебных заведений Министерства обороны Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан "Об обороне и Вооруженных Силах Республики Казахстан", "О воинской службе и статусе военнослужащих" и определяют порядок отчисления из военных учебных заведений, подведомственных Министерству обороны Республики Казахстан (далее – ВУЗ).

      2. Отчисление военнослужащих государств-членов Организации Договора о коллективной безопасности из ВУЗов МО РК производится в соответствии с условиями контрактов, заключенных между Министерством обороны Республики Казахстан и министерствами обороны государств-членов Организации Договора о коллективной безопасности (ОДКБ).

      3. Отчисление обучающихся из ВУЗа производится по следующим основаниям:

      1) по неуспеваемости;

      2) по личной инициативе обучающегося;

      3) по недисциплинированности;

      4) в связи с увольнением с воинской службы по отрицательным мотивам в соответствии с подпунктом 11) пункта 1 статьи 26 Закона Республики Казахстан "О воинской службе и статусе военнослужащих" (далее - Закон);

      5) в связи с увольнением с воинской службы по состоянию здоровья;

      6) лишение допуска к сведениям, составляющим государственные секреты;

      7) в соответствии с подпунктом 3) пункта 5 статьи 21 Закона, в связи с вынесением в отношении обучающегося постановления о квалификации деяния подозреваемого либо применения меры пресечения по уголовному делу о преступлении.

      4. Отчисление обучающихся проводится приказом начальника ВУЗа, а из Национального университета обороны имени Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы (далее – НУО) приказом Министра обороны Республики Казахстан.

      5. Отчисленным из ВУЗа выдается транскрипт (академическая справка).

      6. Со всеми обучающимися, в том числе направленными на обучение и исключенными из иностранных ВУЗов (за исключением магистрантов и докторантов), представленными к рассмотрению на заседание ученого совета (далее – УС), а в военном колледже на заседание педагогического совета (далее – ПС), по вопросам отчисления, командир батальона (начальник факультета) проводит беседу с целью напоминания требований Закона об обязательствах обучающегося возместить государству бюджетные средства, затраченные на его обучение, о прохождении срочной воинской службы и о праве обучающегося восстановиться в ВУЗ в течение года, которая оформляется в виде листа беседы в трех экземплярах, два экземпляра из которых подшиваются в личные дела, третий экземпляр выдается на руки обучающегося.

      УС (ПС) в своей деятельности руководствуется Правилами деятельности военных учебных заведений, подведомственных Министерству обороны Республики Казахстан, утвержденными приказом Министра обороны Республики Казахстан от 18 сентября 2017 года № 529дсп (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15866).

Глава 2. Отчисление из ВУЗа по неуспеваемости

      7. Отчисление из ВУЗа по неуспеваемости проводится по рапорту начальника учебного отдела (учебно-методического управления) и протокола заседания УС (ПС).

      8. К отчислению из ВУЗа по неуспеваемости представляются обучающиеся:

      1) имеющие академическую задолженность и не ликвидировавшие ее до начала нового академического периода, за исключением случаев, предусмотренных пунктом 23 Правил проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся в ВУЗах, подведомственных Министерству обороны Республики Казахстан, утвержденных приказом Министра обороны Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 32 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13264);

      2) не прошедшие итоговую аттестацию, как "не выполнившие требования образовательной программы" (то есть получения менее 50 баллов при защите дипломной работы (проекта), магистерской диссертации (проекта) или при сдаче комплексного экзамена, отсутствия допуска к итоговой аттестации, не прибытия на итоговую аттестацию без уважительной причины);

      3) курсанты летных специальностей не сдавшие наземную подготовку на допуск к полетам при нежелании продолжить обучение на не летной специальности.

      9. На заседание УС (ПС) начальник учебного отдела (учебно-методического управления) представляет транскрипт или сведения об успеваемости на каждого представленного к отчислению обучающегося. Командир батальона (начальник факультета) представляет листы бесед, которые проводились с момента возникновения академической задолженности (количество листов бесед зависит от количества пересдач и количества дисциплин, по которым имеется задолженность).

      10. УС (ПС) по результатам рассмотрения принимает решение открытым голосованием, оформляет протокол и представляет на утверждение начальнику ВУЗа ходатайство об отчислении из ВУЗа, обучающегося по неуспеваемости.

      11. Начальник ВУЗа в течении трех дней утверждает протокол УС (ПС) и поручает подразделению по работе с персоналом подготовку приказа и представления об отчислении.

      12. Подразделение по работе с персоналом в течении трех рабочих дней:

      1) для курсантов (уланов, кадетов) - издает приказ об отчислении обучающегося и направляет личное дело курсантов (кадетов) в местный орган военного управления (далее – МОВУ), откуда прибыл обучающийся, а личное дело улана выдает на руки родителям (законным представителям);

      2) для магистрантов и докторантов - направляет представление об отчислении в кадровый орган Министерства обороны Республики Казахстан для включения в приказ Министра обороны Республики Казахстан.

Глава 3. Отчисление из ВУЗа по личной инициативе обучающегося

      13. Для отчисления по личной инициативе обучающийся подает рапорт с пояснением причин отчисления из ВУЗа.

      14. Начальник ВУЗа в течении трех дней поручает подразделению по работе с персоналом подготовку приказа и представления об отчислении.

      15. Подразделение по работе с персоналом в течении трех рабочих дней:

      1) для курсантов (уланов, кадетов) - издает приказ об отчислении обучающегося и направляет личное дело курсантов (кадетов) в МОВУ, откуда прибыл обучающийся, а личное дело улана выдает на руки родителям (законным представителям);

      2) для магистрантов и докторантов - направляет представление об отчислении в кадровый орган Министерства обороны Республики Казахстан для включения в приказ Министра обороны Республики Казахстан.

Глава 4. Отчисление из ВУЗа по недисциплинированности

      16. К отчислению из ВУЗа по недисциплинированности подлежат обучающиеся при совершении неоднократных (два раза и более) значительных дисциплинарных проступков, предусмотренных в приложении 1 Дисциплинарного устава Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 5 июля 2007 года № 364.

      17. Отчисление обучаемых из ВУЗа по недисциплинированности производится решением начальника ВУЗа по представлению протокольного заседания УС (ПС). Основанием для рассмотрения, обучающегося на заседании УС (ПС) по вопросу отчисления по недисциплинированности является рапорт от командира батальона (начальника факультета).

      18. Начальник ВУЗа на основании рапорта командира батальона (начальника факультета) принимает решение о рассмотрении обучающегося на заседании УС (ПС). На заседании УС (ПС) командир батальона (начальник факультета) представляет служебную карточку, служебную характеристику, листы бесед, которые проводились должностными лицами батальона (факультета), материалы служебного расследования.

      19. УС (ПС) по результатам рассмотрения оформляет протокол и ходатайствует перед начальником ВУЗа о принятии одного из следующих решений:

      1) предупредить обучающегося о недопущении впредь дисциплинарных проступков;

      2) отчислить по недисциплинированности.

      20. Решение "предупредить обучающегося о недопущении впредь дисциплинарных проступков" принимается в случаях:

      1) если обучаемый усваивает программу обучения на хорошо и отлично;

      2) если обучаемый является активным участником повседневной и культурной жизни ВУЗа;

      3) если обучаемый является активным членом сборной команды ВУЗа по одному из видов спорта.

      21. Решение "отчислить по недисциплинированности" принимаются в случае, если обучаемый не соответствует условиям предусмотренным пунктом 20 настоящих Правил.

      22. При принятии начальником ВУЗа решения "предупредить обучающегося о недопущении дисциплинарных проступков" обучающий продолжает обучение в ВУЗе.

      При повторном совершении значительного дисциплинарного проступка, на основании рапорта от командира батальона (начальника факультета), обучающийся рассматривается на заседании УС (ПС) и подлежит отчислению по недисциплинированности.

      23. Начальник ВУЗа в течении трех дней утверждает протокол УС (ПС) и поручает подразделению по работе с персоналом подготовку приказа и представления об отчислении.

      Подразделение по работе с персоналом в течении трех рабочих дней:

      1) для курсантов (уланов, кадетов) - издает приказ об отчислении обучающегося и направляет личное дело курсантов (кадетов) в МОВУ, откуда прибыл обучающийся, а личное дело улана выдает на руки родителям (законным представителям);

      2) для магистрантов и докторантов - направляет представление об отчислении в кадровый орган Министерства обороны Республики Казахстан для включения в приказ Министра обороны Республики Казахстан.

Глава 5. Отчисление из ВУЗа в связи с увольнением с воинской службы по отрицательным мотивам

      24. Отчисление из ВУЗа в связи с увольнением с воинской службы по отрицательным мотивам проводится на основании подпункта 11) пункта 1 статьи 26 Закона.

      25. Порядок увольнения с воинской службы осуществляется в соответствии с Правилами прохождения воинской службы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан, утвержденными Указом Президента Республики Казахстан от 25 мая 2006 года № 124.

Глава 6. Отчисление из ВУЗа в связи с увольнением с воинской службы по состоянию здоровья

      26. К отчислению из ВУЗа по состоянию здоровья подлежат обучающиеся признанные на основании заключения военно-врачебной комиссии (далее - ВВК), врачебно-летной комиссии (далее - ВЛК) в соответствии с Правилами проведения военно-врачебной экспертизы и положения о комиссиях военно-врачебной экспертизы в ВС РК, утвержденными приказом Министра обороны Республики Казахстан от 22 декабря 2020 года № 716 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21869):

      1) не годными или ограниченно годными к воинской службе;

      2) не годными к летному обучению (в отношении обучающихся на летных специальностях).

      27. Отчисление из ВУЗа обучающихся, признанных не годными к воинской службе, производится решением начальника ВУЗа на основании заключения ВВК.

      Начальник ВУЗа в течении трех дней поручает подразделению по работе с персоналом подготовку приказа и представления об отчислении.

      Подразделение по работе с персоналом в течении трех рабочих дней:

      1) для курсантов (уланов, кадетов) - издает приказ об отчислении обучающегося и направляет личное дело курсантов (кадетов) в МОВУ, откуда прибыл обучающийся, а личное дело улана выдает на руки родителям (законным представителям);

      2) для магистрантов и докторантов - направляет представление об отчислении в кадровый орган Министерства обороны Республики Казахстан для включения в приказ Министра обороны Республики Казахстан.

      28. Отчисление из ВУЗа обучающихся по летным специальностям признанные не годными к летному обучению по состоянию здоровья производится на основании заключения ВЛК и рапорта начальника медицинской службы.

      Начальник ВУЗа принимает решение о рассмотрении поступившего рапорта на заседании УС.

      29. На заседании УС командир батальона представляет служебную карточку, служебную характеристику, листы бесед.

      30. УС по результатам рассмотрения представленных документов предлагает обучающемуся перевестись на другую специальность не связанной с летной работой.

      В случае согласия обучающегося УС принимает решение, оформляет протокол и представляет на утверждение начальнику ВУЗа о переводе на другую специальность.

      Начальник ВУЗа в течении трех рабочих дней утверждает протокол и организует работу в соответствии с приказом Министра обороны Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 37 "Об утверждении Правил перевода и восстановления в военные учебные заведения, подведомственные Министерству обороны Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13239).

      В случае несогласия обучающегося перевестись на другую специальность УС принимает решение об отчислении из ВУЗа, оформляет протокол и представляет на утверждение начальнику ВУЗа.

      31. Начальник ВУЗа в течении трех дней утверждает протокол УС и поручает подразделению по работе с персоналом подготовку приказа об отчислении.

      Подразделение по работе с персоналом в течении трех рабочих дней издает приказ об отчислении обучающегося и направляет личное дело курсантов в МОВУ, откуда прибыл обучающийся.

Глава 7. Отчисление из ВУЗа в связи с лишением допуска к сведениям, составляющим государственные секреты

      32. К отчислению из ВУЗа в связи с лишением допуска к сведениям, составляющим государственные секреты представляются обучающиеся, лишҰнные допуска к государственным секретам в соответствии с требованиями законов Республики Казахстан "О воинской службе и статусе военнослужащих", "О государственных секретах".

      33. Начальник ВУЗа в течении трех дней после предоставления заключения служебного расследования принимает решение о прекращении допуска обучаемого к государственным секретам.

      Подразделение по работе с персоналом в течение трех рабочих дней:

      1) для курсантов - издает приказ об отчислении и увольнения с воинской службы и направляет личное дело в МОВУ, откуда прибыл обучающийся;

      2) для магистрантов и докторантов - направляет представление об отчислении в кадровый орган Министерства обороны Республики Казахстан для включения в приказ Министра обороны Республики Казахстан.

Глава 8. Отчисление из ВУЗа в связи с вынесением в отношении обучающегося постановления о квалификации деяния подозреваемого либо применения меры пресечения по уголовному делу о преступлении

      34. Отчисление из ВУЗа в связи с вынесением в отношении обучающегося постановления о квалификации деяния подозреваемого либо применения меры пресечения по уголовному делу о преступлении, производится на основании официальных документов от органов уголовного преследования.

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 5 статьи 21 Закона, отчисленный из ВУЗа зачисляется в распоряжение командира (начальника) до вынесения окончательного решения по уголовному делу.