Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 419 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 қыркүйекте № 15634 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 21.02.2024 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 7 тамыздағы
№ 419 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 05.07.2022 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан (бұдан әрі – ӘОО) шығарып жіберу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 21.02.2024 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (бұдан әрі – ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің әскери қызметшілерін ӘОО-дан шығарып жіберу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрліктері арасында жасалған келісімшарттың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 21.02.2024 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Білім алушыларды ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:

      1) оқу үлгерімі бойынша;

      2) білім алушының өзінің бастамасы бойынша;

      3) тәртіпсіздігі бойынша;

      4) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1-тармағының 11-тармақшасына сәйкес теріс себептермен әскери қызметтен шығарылуына байланысты (бұдан әрі – Заң);

      5) әскери қызметтен денсаулық жағдайы бойынша шығарылуына байланысты;

      6) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсатнамадан айырылуына байланысты;

      7) алып тасталды - ҚР Қорғаныс министрінің 21.02.2024 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 21.02.2024 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Білім алушыларды оқудан шығарып жіберу ӘОО бастығының бұйрығымен, ал Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен жүргізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 21.02.2024 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. ӘОО-дан шығарылғандарға белгіленген үлгідегі транскрипт (академиялық анықтама) беріледі.

      6. Оқудан шығарып жіберу мәселелері бойынша барлық, оның ішінде оқуға жіберілген және шетелдік ӘОО-дан оқудан шығарылған (магистранттар мен докторанттарды қоспағанда), ғылыми кеңестің (бұдан әрі – ҒК) отырысында, ал әскери колледжде педагогикалық кеңестің отырысында (бұдан әрі – ПК) қарауға ұсынылған білім алушымен батальон командирі (факультет бастығы) ҒК (ПК) отырысына дейін үш жұмыс күні ішінде Заң талаптарын есіне салу мақсатында білім алушының оны оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу міндеттемесі туралы, мерзімді әскери қызмет өткеру туралы және білім алушының бір жыл ішінде ӘОО-ға оқуға қайта қабылдану құқығы туралы әңгімелесу жүргізеді, ол әңгімелесу парағы түрінде үш данада ресімделеді, оның екі данасы жеке іске тігіледі, үшінші данасы білім алушының қолына беріледі.

      ҒК (ПК) өз қызметінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 529 қбпү (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15866 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының қызметі қағидаларын басшылыққа алады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 21.02.2024 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Үлгермеушілігі бойынша ӘОО-дан шығарып жіберу

      7. Үлгермеушілігі бойынша ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу білім беру сапасын бағалау (мониторингтеу) бөлімі бастығының баянаты бойынша жүргізіледі.

      Баянат ӘОО бастығының атына осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген қандай да бір себеп болған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.

      Баянатқа ағымдағы үлгерім ведомостары (емтихан ведомостары), оның ішінде білім алушының ұшқыш емес мамандықта оқуын жалғастырудан жазбаша бас тартуы қоса беріледі (ұшқыш мамандығының курсанттары үшін).

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 21.02.2024 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Оқу үлгерімі бойынша ӘОО-дан оқудан шығарып жіберуге мынадай білім алушылар ұсынылады:

      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13264 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларының 23-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, академиялық берешегі бар және оны жаңа академиялық кезең басталғанға дейін жоймаған;

      2) білім беру бағдарламасының талаптарын орындамаған" ретінде қорытынды аттестаттаудан өтпегендер (яғни дипломдық жұмысты (жобаны), магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау кезінде немесе кешенді емтиханды тапсыру кезінде 50 балдан аз алуы, қорытынды аттестаттауға рұқсатнаманың болмауы, қорытынды аттестаттауға дәлелсіз себептермен келмеу);

      3) ұшпайтын мамандығында оқуын жалғастыруға ниет білдірмеген кезде ұшуға жіберуге жерүсті даярлығын тапсырмаған ұшқыш мамандықтарының курсанттары.

      9. Алып тасталды - ҚР Қорғаныс министрінің 21.02.2024 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Алып тасталды - ҚР Қорғаныс министрінің 21.02.2024 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. ӘОО бастығы үш жұмыс күні ішінде персоналмен жұмыс бөлімшесіне тиісті материалдарды дайындауды тапсырады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 21.02.2024 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімше үш жұмыс күні ішінде:

      1) курсанттар (ұландар, кадеттер) үшін – білім алушыны оқудан шығарып жіберу туралы бұйрық шығарады және курсанттардың (кадеттердің) жеке ісін білім алушы келген ЖӘБО-ға жолдайды, ал ұланның жеке ісін ата-анасының (заңды өкілдерінің) қолына береді;

      2) магистранттар мен докторанттар үшін – оқудан шығарып жіберу туралы ұсынымды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кадрлар органына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына қосу үшін жолдайды.

3-тарау. Өзінің бастамасы бойынша ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу

      13. Өзінің бастамасы бойынша оқудан шығарып жіберу үшін білім алушы ӘОО-дан шығарып жіберу себептерін түсіндірумен баянат жазады.

      14. ӘОО бастығы үш жұмыс күні ішінде персоналмен жұмыс бөлімшесіне тиісті материалдарды дайындауды тапсырады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 21.02.2024 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімше үш жұмыс күні ішінде:

      1) курсанттар (ұландар, кадеттер) үшін – білім алушыны оқудан шығарып жіберу туралы бұйрық шығарады және курсанттардың (кадеттердің) жеке ісін білім алушы келген ЖӘБО-ға жолдайды, ал ұланның жеке ісін ата-анасының (заңды өкілдерінің) қолына береді;

      2) магистранттар мен докторанттар үшін – оқудан шығарып жіберу туралы ұсынымды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кадрлар органына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына қосу үшін жолдайды.

4-тарау. Тәртіпсіздігі бойынша ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу

      16. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары тәртіптік жарғысының 1-қосымшасында көзделген елеулі тәртіптік теріс қылықтарды бірнеше рет (екі рет және одан да көп) жасаған кезде білім алушылар тәртіпсіздігі бойынша ӘОО-дан оқудан шығарылып жіберіледі.

      17. Тәртіпсіздігі бойынша білім алушылардың ӘОО-дан оқудан шығарылып жіберілу ҒК (ПК) хаттамалық отырысының ұсынысы бойынша ӘОО бастығының шешімімен жүргізіледі. Тәртіпсіздігі бойынша оқудан шығарып жіберу мәселесі бойынша ҒК (ПК) отырысында білім алушыны қарау негізі батальон командирінің (факультет бастығының) баянаты болып табылады.

      18. ӘОО бастығы батальон командирінің (факультет бастығының) баянаты негізінде ҒК (ПК) отырысында білім алушыны қарау туралы шешім қабылдайды. ҒК (ПК) отырысында батальон командирі (факультет бастығы) қызметтік карточканы, қызметтік мінездемені, батальонның (факультеттің) лауазымды адамдары өткізген әңгімелесу парақтарын, қызметтік тексеру материалдарын ұсынады.

      19. ҒК (ПК) қарау нәтижесі бойынша хаттаманы ресімдейді және мынадай шешімдердің бірін қабылдау туралы ӘОО бастығының алдында қолдайды:

      1) білім алушыға алдағы уақытта тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу туралы ескерту;

      2) тәртіпсіздігі бойынша оқудан шығарып жіберу.

      20. "Білім алушыға алдағы уақытта тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу туралы ескертілсін" деген шешім:

      1) егер білім алушы оқу бағдарламасын жақсы және үздік меңгерген;

      2) егер білім алушы ӘОО-ның күнделікті және мәдени өмірінің белсенді қатысушысы болған;

      3) егер білім алушы спорттың бір түрі бойынша ӘОО құрама командасының белсенді мүшесі болған жағдайда қабылданады.

      21. "Тәртіпсіздігі бойынша оқудан шығарылсын" деген шешім, егер білім алушы осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда қабылданады.

      22. ӘОО бастығы "білім алушыға тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу туралы ескертілсін" деген шешім қабылдаған кезде білім алушы ӘОО-да оқуын жалғастырады. Елеулі тәртіптік теріс қылықтар қайта жасалған кезде батальон командирінің (факультет бастығының) баянаты негізінде әскери қызметші ҒК отырысында қаралады және тәртіпсіздігі бойынша оқудан шығарылады.

      23. ӘОО бастығы үш жұмыс күні ішінде ҒК (ПК) хаттамасын бекітеді және персоналмен жұмыс бөлімшесіне тиісті материалдарды дайындауды тапсырады.

      Персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімше үш жұмыс күні ішінде:

      1) курсанттар (ұландар, кадеттер) үшін – білім алушыны оқудан шығарып жіберу туралы бұйрық шығарады және курсанттардың (кадеттердің) жеке ісін білім алушы келген ЖӘБО-ға жолдайды, ал ұланның жеке ісін ата-анасының (заңды өкілдерінің) қолына береді;

      2) магистранттар мен докторанттар үшін – оқудан шығарып жіберу туралы ұсынымды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кадрлар органына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына қосу үшін жолдайды.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 21.02.2024 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Әскери қызметтен теріс себептер бойынша шығарумен байланысты ӘОО-дан шығарып жіберу

      24. Әскери қызметтен теріс себептер бойынша шығарумен байланысты ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу Заңның 26-бабы 1-тармағының 11) тармақшасы негізінде жүргізіледі.

      25. Әскери қызметтен шығару тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

6-тарау. Әскери қызметтен денсаулық жағдайы бойынша шығарылуына байланысты ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу

      26. Денсаулық жағдайы бойынша ӘОО-дан оқудан шығарып жіберілуге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 716 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 150278 болып тіркелген) бекітілген ҚР ҚК әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге сәйкес әскери-дәрігерлік комиссиясының (бұдан әрі – ӘДК), дәрігерлік-ұшқыш комиссиясының (бұдан әрі – ДҰК) қорытындысы негізінде:

      1) әскери қызметке жарамсыз немесе шектеулі жарамды;

      2) ұшуға оқытып-үйретуге жарамсыз (ұшқыш мамандықтарында білім алушыларға қатысты) деп танылған білім алушылар жатады.

      27. Әскери қызметке жарамсыз деп танылған білім алушыларды ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу ӘДК қорытындысы негізінде ӘОО бастығының шешімімен жүргізіледі.

      ӘОО бастығы ӘОО-ға ӘДК қорытындысы түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде персоналмен жұмыс бөлімшесіне тиісті материалдарды дайындауды тапсырады.

      Персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімше үш жұмыс күні ішінде:

      1) курсанттар (ұландар, кадеттер) үшін – білім алушыны оқудан шығарып жіберу туралы бұйрық шығарады және курсанттардың (кадеттердің) жеке ісін білім алушы келген ЖӘБО-ға жолдайды, ал ұланның жеке ісін ата-анасының (заңды өкілдерінің) қолына береді;

      2) магистранттар мен докторанттар үшін – оқудан шығарып жіберу туралы ұсынымды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кадрлар органына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына қосу үшін жолдайды.

      Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 21.02.2024 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Денсаулық жағдайы бойынша ұшуға оқуға жарамсыз деп танылған ұшу мамандықтары бойынша білім алушыларды ӘОО-дан шығарып жіберу ДҰК-нің қорытындысы негізінде жүргізіледі.

      ӘОО бастығы ӘОО-ға ДҰК қорытындысы түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ұшуға оқуға жарамсыз білім алушыны ҒК отырысында қарау туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 21.02.2024 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ӘОО бастығы келіп түскен баянатты ҒК отырысында қарау туралы шешім қабылдайды.

      29. ҒК отырысында батальон командирі қызметтік карточканы, қызметтік мінездемені, әңгімелесу парақтарын және басқа да материалдарды ұсынады.

      30. ҒК ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша білім алушыға ұшу жұмысымен байланысты емес басқа мамандыққа ауысуды ұсынады.

      Білім алушы келіскен жағдайда ҒК оны басқа мамандыққа ауыстыру туралы шешім қабылдайды, хаттаманы ресімдейді және ӘОО бастығына бекітуге ұсынады.

      Білім алушы басқа мамандыққа ауысуға келіспеген жағдайда ҒК ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу туралы шешім қабылдайды, хаттама ресімдейді және ӘОО бастығына бекітуге ұсынады.

      Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 21.02.2024 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. ӘОО бастығы үш жұмыс күні ішінде ҒК хаттамасын бекітеді және персоналмен жұмыс бөлімшесіне оқудан шығару туралы бұйрықты дайындауды тапсырады.

      Персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімше білім алушыны оқудан шығарып жіберу туралы бұйрық шығарады және курсанттардың жеке ісін білім алушы келген ЖӘБО-ға жолдайды.

      Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 21.02.2024 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7-тарау. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсатнамадан айырылуға байланысты ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу

      32. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсатнамадан айырылуға байланысты ӘОО-дан оқудан шығарып жіберуге Қазақстан Республикасының "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы" заңдарының талаптарына сәйкес мемлекеттік құпияларға рұқсатнамадан айырылған білім алушылар ұсынылады.

      33. ӘОО бастығы қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы ұсынылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде білім алушыға мемлекеттік құпияларға рұқсат етуді тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      Персоналмен жұмыс бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде:

      1) курсанттар (кадеттер) үшін – оқудан шығару туралы бұйрық шығарады және жеке ісін білім алушы келген ЖӘБО-ға жібереді;

      2) магистранттар мен докторанттар үшін – оқудан шығару туралы ұсынымды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кадр органына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына қосу үшін жібереді.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 21.02.2024 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

8-тарау. Білім алушыға қатысты күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығаруға не қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасын қолдануға байланысты ӘОО-дан оқудан шығарып жіберу

      Ескерту. 8-тарау алып тасталды - ҚР Қорғаныс министрінің 21.02.2024 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады