ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 10.01.2023 (бұйрықтың 4 т.)
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11165 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 15) тармақшасына және 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағалар қосылған құн салығы есебімен мынадай мөлшерде белгіленсін:
1) Аи-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;
2) Аи-92, Аи-93 маркалы бензин:
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1 литр үшін 187 теңге;
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында – 1 литр үшін 182 теңге;
3) дизель отыны (жазғы, маусымаралық):
Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында – 1 литр үшін 260 теңге;
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында – 1 литр үшін 230 теңге.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде қолданылады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Б. Акчулаков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі