БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15524 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 26-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери оқу орындарында әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Заңның 26-бабының 10-тармағына сәйкес үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, өз бастамасы бойынша, теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты əскери қызметтен шығару салдарынан əскери оқу орнынан шығарып жіберілген, сондай-ақ əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан курсант немесе кадет оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, әскери оқу орнында оны оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, стипендия төлеуге және жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес ақшаны мемлекетке өтейді.
Көрсетілген міндеттемелер әскери оқу орнындағы оқытудың бірінші жылы ішінде оқудан шығарып жіберілген және келесі курсқа көшірілмеген, мерзімді әскери қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тәртіппен әскери бөлімдерге (мекемелерге) жіберілген курсанттар мен кадеттерге қолданылмайды.
3. Əскери оқу орнына қайта қабылдау немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру оқу және (немесе) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру кезеңінде оқытуға жұмсалған ақшаны өндіріп алуды тоқтата тұруға негіз болып табылады. Әскери, арнаулы оқу орнында оқыту кезеңі есепке алынбастан, күнтізбелік есептеумен келісімшарт бойынша он жыл әскери қызмет өткергеннен кейін (ұшқыштар құрамы үшін – он бес жыл) оқытуға жұмсалған ақшаны өндіріп алу тоқтатылады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған, өтелуге тиіс ақша шығысын есептеу үшін әскери оқу орындарының бастықтары жыл сайын 20 қарашаға қарай осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бір әскери қызметшісінің оқуына жұмсалған нақты шығынның жиынтық есебін (бұдан әрі – жиынтық есеп) төлем жасалған валютада жасайды және Департаментпен келіседі және одан әрі бекіту үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына ұсынады.
Бұл ретте ақшаны өтеу сомасы өтеу туралы талап қойылған күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамын қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында есептеледі.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Заңның 26-бабының 10-тармағында көрсетілген әскери қызметшілер оқуға жұмсалған ақшаны өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда жергілікті әскери басқару органдары бір ай мерзімде өтеу бойынша материалдарды сотқа береді.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Әскери оқу орындарындағы әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған шығындарды өтеуден түскен ақша республикалық бюджет кірісіне аударылуға тиіс.";
осы Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің міндетін уақытша атқарушы |
М. Хусаинов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
_________________________________________________________________________
__________________________________________________________________
әскери оқу орнының атауы
_____________________ мамандығы бойынша ____/_____ оқу жылында Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерінің бір әскери қызметшісін оқытуға жұмсалған нақты
шығынның жиынтық есебі
(теңге) |
№ | Шығыс атауы | 2-курс | 3-курс | 4-курс | 5-курс |
1. | Білім алатын әскери қызметшінің стипендиясы | ||||
2. | Азық-түлікпен қамтамасыз ету: 1) жалпыәскери үлес 2) ұшқыштар үлесі 3) техникалық үлес | ||||
3. | Жол жүру ақысы | ||||
Жиыны |
Ескертпе: барлық шығыс қызметтер бастықтарының есеп-негіздемелерімен расталады, одан кейін жинақтау үшін қаржы қызметіне ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бір әскери қызметшісін оқытуға нақты шығынның жиынтық есебі шығысының әрбір тармағына жеке есептеулер жасалады және мынадай нормалар мен нақты шығынға сәйкес жүргізіледі:
1. Курсанттардың стипендиясын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646қбп қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде есептеу.
2. Азық-түлікпен қамтамасыз етуді "Бейбiт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) бекітілген нормалар бойынша есептеу.
3. Жол жүру ақысы шығысын оқу жылы кезеңіне жұмсалған нақты шығыс бойынша есептеу.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы
М.О. ______________________________________________________
(әскери атағы, қолы)
"___"_____________________ (күні)
Қаржы қызметінің бастығы (бас бухгалтер)
___________________________________________________________
(әскери атағы, қолы)
"___"__________________ (күні)