"Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 844 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 тамызда № 29177 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 20.08.2024 № 559 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілiмінде № 12716 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы орыс тілінде өзгермейді, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:

      "Конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 17 тамыздағы
№ 844 бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 677 бұйрығымен
бекітілген

Конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

      1. Тамақ өнімдері.

      2. Жанар-жағармай материалдары.

      3. А-4, А-3 форматты "Қағаз".

      4. Жолдарды қыста ұстау жөніндегі жүмыстар.

      5. Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер.

      6. Жалғыз және туыссыз қайтыс болған азаматтарды жерлеу жөніндегі қызметтер.

      7. Монша-кір жуу қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтер.

      8. Автокөлік қызметтері.

      9. Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі қызметтер.

      10. Әкімшілік ғимараттарды ұстау жөніндегі қызметтер:

      1) ғимараттың ішкі үй-жайларын және қасбетін, сондай-ақ оған жапсарлас аумақты тазалықта ұстау;

      2) ғимараттарға жапсарлас аумақты абаттандыруды және көгалдандыруды жүргізу және ғимараттардың ішіндегі жасыл екпелерді күтіп-баптау;

      3) ғимараттардың ішкі үй-жайларын және оған жапсарлас аумақты санитарлық өңдеу;

      4) оларға жапсарлас аумақтан қоқыс пен қарды шығару;

      5) күзетпен, дабылдаумен және ғимараттарды, өрт қауіпсіздігі және оған жапсарлас аумақты күзету жөніндегі басқа да қондырғылармен қамтамасыз ету;

      6) сантехникалық, электромонтаждау жұмыстары;

      7) лифттық жабдықты техникалық қызмет көрсету.

      11. Байланыс қызметтері (оның ішінде Интернет, спутниктік, телефон, фелдъегерлік, почта байланысы).

      12. Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу жөніндегі қызметтер.

      13. Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру жөніндегі қызметтер.

      14. Серверлік бөлмелерде өрт сөндіру және ауа баптау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.

      15. Аппаратты-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.

      16. Заң жобасы нормативнтік құқықтық актілері мен ұғымдардың ғылыми сараптама жүргізу жөніндегі қызметтер.

      17. Ғимараттарды, үй-жайларды және (немесе) құрылыстарды жалдау жөніндегі қызметтер.

      18. Жалға алынатын ғимараттарды, үй-жайларды және (немесе) құрылыстарды ұстау жөніндегі қызметтер.

      19. Қызметтік және арнаулы автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтер.

      20. Ұйымдастыру техникасына шығыс материалдары мен картридждерді толтыру жөніндегі қызметтер.

      21. Медициналық шығындыларды кәдеге жарату және медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарсыздандыру жөніндегі қызметтер.

      22. Мүгедектігі бар адамдарға арналған санитарлық-гигиеналық құралдар.

      23. Мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің көрсететін әлеуметтік қызметтері.

      24. Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау маманының қызметтері.

      25. Мүгедектігі бар адамдарға арнаулы автокөлікпен тасымалдайтын автокөлік қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер.

      26. Әкімшілік-аумақтық бірлікті ұстау жөніндегі қызметтер.

      1) сыртқы жарықтандыру қызметтері;

      2) декоративтік жарық түсіру қызметтері;

      3) көшелерді, парктерді, саябақтарды, квартал ішіндегі аумақты жинау (механикалық жинау, қолмен), сондай-ақ қоқыс пен қарды шығарып әкету;

      4) қазылатын шүңқырлардың қондырғысы, одан су тартып шығару және жөндеу;

      5) нөсер кәрізін пайдалану;

      6) субұрқақтарды ұстау жөніндегі жұмыстар;

      7) селге қарсы іс-шаралар;

      8) кәріздерден ағынды суларды шығару;

      9) қаңғыбас жануарларды аулап жинау;

      10) көмілген жерлерді ағымдағы ұстау.

      27. Объектілерді күзету жөніндегі қызметтер.

      28. Жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарына арналған тіркеу құжаттарын (көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді және мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілерін), транзиттік нөмірлерді дайындау бойынша қызметтер.

      29. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау бойынша қызметтер.

      30. Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық тутұғырды күтіп ұстау және қызмет көрсету.

      31. Офистік ұйымдастыру техникасын жалға алу және серверлік ресурстарды жалға алу бойынша қызметтер.

      32. Газет қағазы (газет басуға арналған қағаз).

      33. Азық.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 декабря 2015 года № 677 "Об утверждении Перечня товаров, работ, услуг ежедневной и (или) еженедельной потребности на период до подведения итогов государственных закупок способом конкурса либо аукциона и вступления в силу договора о государственных закупках"

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 17 августа 2022 года № 844. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 августа 2022 года № 29177.

      Примечание ИЗПИ!
      Утрачивает силу приказом Министра финансов РК от 20.08.2024 № 559 (вводится в действие с 01.01.2025).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 декабря 2015 года № 677 "Об утверждении Перечня товаров, работ, услуг ежедневной и (или) еженедельной потребности на период до подведения итогов государственных закупок способом конкурса либо аукциона и вступления в силу договора о государственных закупках" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 12716) следующие изменения:

      в заголовок вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 1 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      Перечень товаров, работ, услуг ежедневной и (или) еженедельной потребности на период до подведения итогов государственных закупок способом конкурса либо аукциона и вступления в силу договора о государственных закупках, утвержденный указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту законодательства государственных закупок и закупок квазигосударственного сектора Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра -
Министр финансов Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

  Приложение
к приказу Заместителя
Премьер-Министра -
Министра финансов
Республики Казахстан
от 17 августа 2022 года № 844
  Утвержден приказом
Министра финансов
Республики Казахстан
от 23 декабря 2015 года № 677

Перечень товаров, работ, услуг ежедневной и (или) еженедельной потребности на период до подведения итогов государственных закупок способом конкурса либо аукциона и вступления в силу договора о государственных закупках

      1. Продукты питания.

      2. Горюче-смазочные материалы.

      3. "Бумага" формата А-4, А-3.

      4. Работы по зимнему содержанию дорог.

      5. Услуги по организации питания.

      6. Услуги по захоронению одиноких и безродно умерших граждан.

      7. Услуги по банно-прачечному обслуживанию.

      8. Автотранспортные услуги.

      9. Услуги по установке, монтажу, ремонту и эксплуатации технических средств регулирования дорожным движением.

      10. Услуги по содержанию административных зданий:

      1) содержание в чистоте внутренних помещений и фасада здания, а также прилегающей к нему территории;

      2) проведение благоустройства и озеленение, прилегающей к зданиям территории и уход за зелеными насаждениями внутри зданий;

      3) санитарная обработка внутренних помещений зданий и прилегающей к ним территории;

      4) вывоз мусора и снега с прилегающей к ним территории;

      5) обеспечение охраной, сигнализацией и другими устройствами по охране зданий, пожарной безопасности и прилегающих к ним территорий;

      6) сантехнические, электромонтажные работы;

      7) техническое обслуживание лифтового оборудования.

      11. Услуги связи (в том числе Интернет, спутниковая, телефонная, фельдъегерская почтовая связь).

      12. Услуги по сопровождению информационных систем.

      13. Услуги по размещению информации в средствах массовой информации.

      14. Услуги по техническому обслуживанию систем пожаротушения и кондиционирования серверных комнат.

      15. Услуги по системно-техническому обслуживанию аппаратно-программных средств.

      16. Услуги по проведению научной экспертизы проектов нормативных правовых актов и концепций проектов законов.

      17. Услуги по аренде зданий, помещений и (или) сооружений.

      18. Услуги по содержанию арендуемого здания, помещения и (или) сооружения.

      19. Услуги по техническому обслуживанию и ремонту служебных и специальных автотранспортных средств.

      20. Расходные материалы к организационной технике и услуги по заправке картриджей.

      21. Услуги по утилизации медицинских отходов и стерилизации изделий медицинского назначения.

      22. Санитарно-гигиенические средства для лиц с инвалидностью.

      23. Социальные услуги индивидуального помощника для лиц с инвалидностью.

      24. Услуги специалиста жестового языка для лиц с инвалидностью по слуху.

      25. Услуги по обеспечению автотранспортных перевозок для лиц с инвалидностью специальным автотранспортом.

      26. Услуги по содержанию административно-территориальной единицы:

      1) обслуживание наружного освещения;

      2) обслуживание декоративной подсветки;

      3) уборка (механическая, ручная) улиц, парков, скверов, внутриквартальных территорий, а также вывоз мусора и снега;

      4) устройство, откачка и ремонт выгребных ям;

      5) эксплуатация ливневой канализации;

      6) услуги по содержанию фонтанов;

      7) противопаводковые мероприятия;

      8) вывоз сточных вод с канализаций;

      9) отлов бродячих животных;

      10) текущее содержание мест захоронений.

      27. Услуги по охране объектов.

      28. Услуги по изготовлению водительских удостоверений, регистрационных документов для транспортных средств (свидетельств о регистрации транспортных средств и государственных регистрационных номерных знаков), транзитных номеров.

      29. Услуги по хранению имущества, обращенного (поступившего) в государственную собственность по отдельным основаниям.

      30. Содержание и обслуживание республиканского флагштока в городе Нур-Султан.

      31. Услуги по аренде офисной оргтехники и аренде серверных ресурсов.

      32. Газетная бумага (бумага для печатания газет).

      33. Корма.