Конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 559 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 20 тамызда № 34962 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 35) тармақшасына және 18-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 20 тамыздағы
№ 559 Бұйрығына
1-қосымша

Конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Атаулар

Тауарлар

1.

Тамақ өнімдері

2.

Жанар-жағармай материалдары

3.

А-4, А-3 форматты "қағаз"

4.

Мүгедектігі бар адамдарға арналған санитарлық-гигиеналық құралдар

5.

Газет қағазы (газет басуға арналған қағаз)

6.

Азық

7.

Ұйымдастыру техникасына шығыс материалдары

Жұмыстар

1.

Жолдарды қыста күтіп-ұстау жөніндегі жүмыстар

Қызметтер

1.

Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер

2.

Жалғыз және туыссыз қайтыс болған азаматтарды жерлеу жөніндегі қызметтер

3.

Монша-кір жуу қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтер

4.

Автокөлік қызметтері

5.

Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі қызметтер

6.

Әкімшілік ғимараттарды ұстау жөніндегі қызметтер:
1) ғимараттың ішкі үй-жайларын және қасбетін, сондай-ақ оған жапсарлас аумақты тазалықта ұстау;
2) ғимараттарға жапсарлас аумақты абаттандыруды және көгалдандыруды жүргізу және ғимараттардың ішіндегі жасыл екпелерді күтіп-баптау;
3) ғимараттардың ішкі үй-жайларын және оған жапсарлас аумақты санитарлық өңдеу;
4) оларға жапсарлас аумақтан қоқыс пен қарды шығару;
5) күзетпен, дабылдаумен және ғимараттарды, өрт қауіпсіздігі және оған жапсарлас аумақты күзету жөніндегі басқа да қондырғылармен қамтамасыз ету;
6) сантехникалық, электромонтаждау жұмыстары;
7) лифттік жабдыққа техникалық қызмет көрсету

7.

Байланыс қызметтері (оның ішінде Интернет, спутниктік, телефон, фелдъегерлік, пошта байланысы)

8.

Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу жөніндегі қызметтер

9.

Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру жөніндегі қызметтер

10.

Серверлік бөлмелерде өрт сөндіру және ауа баптау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер

11.

Аппаратты-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер

12.

Заң жобаларының нормативтік құқықтық актілері мен тұжырымдамаларына ғылыми сараптама жүргізу жөніндегі қызметтер

13.

Ғимараттарды, үй-жайларды және (немесе) құрылыстарды жалдау жөніндегі қызметтер

14.

Жалға алынатын ғимараттарды, үй-жайларды және (немесе) құрылыстарды күтіп-ұстау жөніндегі қызметтер

15.

Қызметтік және арнаулы автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтер

16.

Картридждерді толтыру жөніндегі қызметтер

17.

Медициналық шығындыларды кәдеге жарату және медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарсыздандыру жөніндегі қызметтер

18.

Мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің көрсететін әлеуметтік қызметтері

19.

Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау маманының қызметтері

20.

Мүгедектігі бар адамдарға арнаулы автокөлікпен тасымалдайтын автокөлік қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

21.

26. Әкімшілік-аумақтық бірлікті күтіп-ұстау жөніндегі қызметтер.
1) сыртқы жарықтандыру қызметтері;
2) декоративтік жарық түсіру қызметтері;
3) көшелерді, саябақтарды, скверлерді, квартал ішіндегі аумақты жинау (механикалық, қолмен жинау), сондай-ақ қоқыс пен қарды шығарып әкету;
4) қазылатын шұңқырлардың қондырғысы, одан су тартып шығару және жөндеу;
5) нөсер кәрізін пайдалану;
6) субұрқақтарды ұстау жөніндегі жұмыстар;
7) селге қарсы іс-шаралар;
8) кәріздерден ағынды суларды шығару;
9) қаңғыбас жануарларды аулап жинау;
10) көмілген жерлерді ағымдағы күтіп-ұстау

22.

Объектілерді күзету жөніндегі қызметтер

23.

Жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарына арналған тіркеу құжаттарын (көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді және мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілерін), транзиттік нөмірлерді дайындау бойынша қызметтер

24.

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау бойынша қызметтер

25.

Офистік ұйымдастыру техникасын жалға алу және серверлік ресурстарды жалға алу бойынша қызметтер

26.

Энергиямен жабдықтау қызметтерін немесе электр энергиясын сатып алу-сату

27.

Астана қаласындағы республикалық тутұғырды күтіп-ұстау және қызмет көрсету

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 20 тамыздағы
№ 559 Бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12716 болып тіркелген).

      2. "Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 931 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24364 болып тіркелген).

      3. "Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 61 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26595 болып тіркелген).

      4. "Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 844 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29177 болып тіркелген).

      5. "Конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 44 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33945 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады