Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 265 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 871 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 тамызда № 29220 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ көрсетілген Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қазақстан Республикасының аумағынан аналық бас ірі қара малды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102) және аналық бас ұсақ малды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы коды 0104) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.12.2022 № 430 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 21.12.2022 № 1303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияны осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қабылдау туралы хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен өзара іс-қимыл жасай отырып, өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.

      6. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министр
Е. Жамаубаев
      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е.Карашукеев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі

О некоторых вопросах вывоза сельскохозяйственных животных

Совместный приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 22 августа 2022 года № 265 и Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 22 августа 2022 года № 871. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 августа 2022 года № 29220.

      В соответствии с подпунктом 11) пункта 1 статьи 6 и пунктом 2 статьи 22 Закона Республики Казахстан "О национальной безопасности Республики Казахстан", со статьей 18 Закона Республики Казахстан "О регулировании торговой деятельности", статьей 29 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года, а также разделом 10 Приложения 7 к указанному Договору ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Ввести сроком на шесть месяцев запрет на вывоз с территории Республики Казахстан маточного поголовья крупного рогатого скота (код единой товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза 0102) и маточного поголовья мелкого рогатого скота (код единой товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза 0104).

      Сноска. Пункт 1 - в редакции совместного приказа Министра сельского хозяйства РК от 20.12.2022 № 430 и Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 21.12.2022 № 1303 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке информировать Евразийскую экономическую комиссию о применении мер по реализации пункта 1 настоящего совместного приказа.

      3. Комитету ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан при взаимодействии с Комитетом государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в пределах своей компетенции принять необходимые меры по обеспечению исполнения пункта 1 настоящего совместного приказа в установленном законодательством порядке.

      4. Департаменту агропродовольственных рынков и переработки сельскохозяйственной продукции Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего совместного приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующих соответствующее направление вице-министров сельского хозяйства и финансов Республики Казахстан.

      6. Настоящий совместный приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Заместитель Премьер-Министра -
Министр финансов

Республики Казахстан
__________Е. Жамаубаев


Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан

__________Е. Карашукеев



      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и
интеграции Республики Казахстан