Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Коллекторлық агенттіктің сақталуға жататын негізгі құжаттарының тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15581 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Коллекторлық агенттіктің сақталуға жататын негізгі құжаттарының тізбесінде және оларды сақтау мерзімдерінде:
реттік нөмірі 25-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
25. | Коллекторлық агенттік құқықтарын (талаптарын) кредиторлардан сатып алған, сенімгерлік басқаруға қабылдаған банктік қарыз шарттарын және (немесе) микрокредит беру туралы шарттарды тіркеу кітаптары | Тұрақты | Тұрақты |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 34-1-жолмен толықтырылсын:
"
34-1. | Банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарттары (бұдан әрі – сенімгерлік басқару шарты), сондай-ақ сенімгерлік басқару шарты негізінде коллекторлық агенттікке берілген банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) бойынша берілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | 5 жыл* | - | *Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 35-1-жолмен толықтырылсын:
"
35-1. | Сенімгерлік басқару шарттары негізінде банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтары (талаптары) берілген борышкерлердің тізілімдері | 5 жыл* | - | *Борышкер міндеттемелерін толық өтегеннен кейін |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 38-1-жолмен толықтырылсын:
"
38-1. | Сенімгерлік басқару шарттарының тіркеу журналдары | Тұрақты | - |
";
реттік нөмірі 141-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
141. | Коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару туралы уәкілетті органның хабарламасын алған не коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша берешекті өндіріп алу туралы шарт, сенімгерлік басқару шарты негізінде коллекторлық агенттікке берілген берешек бойынша мәліметтер мен құжаттарды қабылдау-өткізу актілері | Тұрақты | Тұрақты |
".
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі