"Коллекторлық агенттіктің сақталуға жататын негізгі құжаттарының тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 22 тамыздағы № 52 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 тамызда № 29298 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Коллекторлық агенттіктің сақталуға жататын негізгі құжаттарының тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15581 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Коллекторлық агенттіктің сақталуға жататын негізгі құжаттарының тізбесінде және оларды сақтау мерзімдерінде:

      реттік нөмірі 25-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

25.

Коллекторлық агенттік құқықтарын (талаптарын) кредиторлардан сатып алған, сенімгерлік басқаруға қабылдаған банктік қарыз шарттарын және (немесе) микрокредит беру туралы шарттарды тіркеу кітаптары

Тұрақты

Тұрақты


      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 34-1-жолмен толықтырылсын:

      "

34-1.

Банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарттары (бұдан әрі – сенімгерлік басқару шарты), сондай-ақ сенімгерлік басқару шарты негізінде коллекторлық агенттікке берілген банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) бойынша берілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

5 жыл*

-

*Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 35-1-жолмен толықтырылсын:

      "

35-1.

Сенімгерлік басқару шарттары негізінде банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтары (талаптары) берілген борышкерлердің тізілімдері

5 жыл*

-

*Борышкер міндеттемелерін толық өтегеннен кейін

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 38-1-жолмен толықтырылсын:

      "

38-1.

Сенімгерлік басқару шарттарының тіркеу журналдары

Тұрақты

-


      ";

      реттік нөмірі 141-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

141.

Коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару туралы уәкілетті органның хабарламасын алған не коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша берешекті өндіріп алу туралы шарт, сенімгерлік басқару шарты негізінде коллекторлық агенттікке берілген берешек бойынша мәліметтер мен құжаттарды қабылдау-өткізу актілері

Тұрақты

Тұрақты


      ".

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 120 "Об утверждении Перечня основных документов коллекторского агентства, подлежащих хранению, и сроков их хранения"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 22 июня 2022 года № 52. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 августа 2022 года № 29298.

      Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 120 "Об утверждении Перечня основных документов коллекторского агентства, подлежащих хранению, и сроков их хранения" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15581) следующие изменения и дополнения:

      в Перечне основных документов коллекторского агентства, подлежащих хранению, и сроках их хранения, утвержденном указанным постановлением:

      строку, порядковый номер 25, изложить в следующей редакции:

      "

25.

Книги регистрации договоров банковского займа и (или) договоров о предоставлении микрокредита, права (требования) по которым коллекторским агентством приобретены у кредиторов, приняты в доверительное управление

Постоянно

Постоянно


      ";

      дополнить строкой, порядковый номер 34-1, следующего содержания:

      "

34-1.

Договоры доверительного управления правами (требованиями) по договорам банковского займа и (или) договорам о предоставлении микрокредита (далее – договор доверительного управления), а также перечень передаваемых документов и сведений по правам (требованиям) по договорам банковского займа и (или) договорам о предоставлении микрокредита, переданным коллекторскому агентству на основании договора доверительного управления

5 лет*

-

*После истечения срока действия договора

      ";

      дополнить строкой, порядковый номер 35-1, следующего содержания:

      "

35-1.

Реестры должников, права (требования) по договорам банковского займа и (или) договорам о предоставлении микрокредита к которым были переданы на основании договоров доверительного управления

5 лет*

-

*После полного погашения обязательств должником

      ";

      дополнить строкой, порядковый номер 38-1, следующего содержания:

      "

38-1.

Регистрационные журналы договоров доверительного управления

Постоянно

-


      ";

      строку, порядковый номер 141, изложить в следующей редакции:

      "

141.

Акты приема-передачи сведений и документов по задолженности, которые были переданы коллекторскому агентству на основании договора о взыскании задолженности, договора доверительного управления, на дату получения уведомления уполномоченного органа об исключении коллекторского агентства из реестра коллекторских агентств либо принятия коллекторским агентством решения о добровольном прекращении осуществления коллекторской деятельности

Постоянно

Постоянно


      ".

      2. Департаменту методологии и пруденциального регулирования финансовых организаций в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятия, предусмотренного подпунктом 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по регулированию
и развитию финансового рынка
М. Абылкасымова

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство культуры и спорта
Республики Казахстан