"Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 300 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 22 тамыздағы № 53 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 тамызда № 29322 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 300 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18198 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы қаулымен бекітілген ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Келесі жағдайларда ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторлар анықталған кезде іс-шаралар жоспарын ұсыну талап етілмейді:

      1) ұйымның пруденциялық нормативтерді бұзуға байланысты қолданылған қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) ұйымның тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар шеңберінде уәкілетті органның қойған талаптарын орындау кезеңінде;

      2) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру кезеңінде;

      3) ерікті түрде қайта ұйымдастыру жүргізу кезеңінде;

      4) сондай-ақ ұйым уәкілетті органға бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасағанда;

      5) меншікті капиталдың жеткіліктілігі және өтімділік коэффициенттерінің мәндері тиісті пруденциялық нормативтердің талаптарынан үш еселенген мөлшерде асқан жағдайда.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – ұйым) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:

      1) қатарынан 3 (үш) ай ішінде меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17008 болып тіркелген "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің түрлерін белгілеу, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауы міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларын және әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 79 қаулысында (бұдан әрі – № 79 қаулы) және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17005 болып тіркелген "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің түрлерін белгілеу, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауы міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларын және әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 80 қаулысында (бұдан әрі – № 80 қаулы) белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің мәнінен 0,3 тармаққа асатын немесе одан төмен деңгейге дейін екі және одан да көп рет төмендеуі;

      2) бастапқы мәні № 79 қаулыда және № 80 қаулыда белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің мәнінен 0,3 тармаққа асатын деңгейден төмен болған кезде меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің төмендеуі;

      3) қатарынан 3 (үш) ай ішінде өтімді активтер көлемінің 20 (жиырма) және одан көп пайызға жиынтық төмендеуі;

      4) қатарынан 3 (үш) ай ішінде шығынды қызмет."

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3.Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осы қаулының 1-тармағы тоғызыншы абзацының қолданысы 2022 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 ноября 2018 года № 300 "Об установлении факторов, влияющих на ухудшение финансового положения организаций, осуществляющих брокерскую и (или) дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг и (или) деятельность по управлению инвестиционным портфелем, а также утверждении Правил одобрения плана мероприятий, предусматривающего меры раннего реагирования, и Методики определения факторов, влияющих на ухудшение финансового положения организаций, осуществляющих брокерскую и (или) дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг и (или) деятельность по управлению инвестиционным портфелем"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 22 августа 2022 года № 53. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 августа 2022 года № 29322.

      Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 ноября 2018 года № 300 "Об установлении факторов, влияющих на ухудшение финансового положения организаций, осуществляющих брокерскую и (или) дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг и (или) деятельность по управлению инвестиционным портфелем, а также утверждении Правил одобрения плана мероприятий, предусматривающего меры раннего реагирования, и Методики определения факторов, влияющих на ухудшение финансового положения организаций, осуществляющих брокерскую и (или) дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг и (или) деятельность по управлению инвестиционным портфелем" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18198) следующие изменения:

      в Правилах одобрения плана мероприятий, предусматривающего меры раннего реагирования, утвержденных настоящим постановлением:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. При выявлении факторов, влияющих на ухудшение финансового положения организации, представление плана мероприятий не требуется:

      1) в период исполнения организацией требований, предъявленных уполномоченным органом в рамках примененных мер по улучшению финансового состояния и (или) минимизации рисков организации в связи с нарушением пруденциальных нормативов;

      2) в период приостановления действия лицензии на осуществление деятельности на рынке ценных бумаг;

      3) в период проведения добровольной реорганизации;

      4) при добровольном обращении организации в уполномоченный орган о прекращении действия лицензии на осуществление деятельности на рынке ценных бумаг;

      5) если значения коэффициентов достаточности собственного капитала и ликвидности в трехкратном размере превышают требования соответствующих пруденциальных нормативов.";

      в Методике определения факторов, влияющих на ухудшение финансового положения организаций, осуществляющих брокерскую и (или) дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг и (или) деятельность по управлению инвестиционным портфелем, утвержденной указанным постановлением:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Определение факторов, влияющих на ухудшение финансового положения организаций, осуществляющих брокерскую и (или) дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг и (или) деятельность по управлению инвестиционным портфелем (далее – организация), осуществляется по следующей методике:

      1) снижение два и более раза в течение 3 (трех) последовательных месяцев коэффициента достаточности собственного капитала до или ниже уровня, превышающего на 0,3 пункта значение коэффициента достаточности собственного капитала, установленное постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 79 "Об установлении видов пруденциальных нормативов для организаций, осуществляющих деятельность по управлению инвестиционным портфелем, утверждении правил и методики расчета значений пруденциальных нормативов, обязательных к соблюдению организациями, осуществляющими деятельность по управлению инвестиционным портфелем", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17008 (далее – постановление № 79), и постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 80 "Об установлении видов пруденциальных нормативов для организаций, осуществляющих брокерскую и (или) дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг, утверждении правил и методики расчета значений пруденциальных нормативов, обязательных к соблюдению организациями, осуществляющими брокерскую и (или) дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17005 (далее - постановление № 80);

      2) снижение коэффициента достаточности собственного капитала при нахождении его первоначального значения ниже уровня, превышающего на 0,3 пункта значение коэффициента достаточности собственного капитала, установленное постановлением № 79 и постановлением № 80;

      3) совокупное снижение объема ликвидных активов в течение 3 (трех) последовательных месяцев на 20 (двадцать) процентов и более;

      4) убыточная деятельность в течение 3 (трех) последовательных месяцев.".

      2. Департаменту рынка ценных бумаг в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятия, предусмотренного подпунктом 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Действие абзаца девятого пункта 1 настоящего постановления распространяется на отношения, возникшие с 1 марта 2022 года.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по регулированию
и развитию финансового рынка
М. Абылкасымова