"Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 919 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 қыркүйекте № 29423 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Сатып алу жоспарларына (сатып алудың алдын ала жоспарына) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 45-бабының 4-тармағына сәйкес мәліметтер, сондай-ақ осы Қағидалардың 287-тармағының 13), 16) және 36) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алулар енгізілуге жатпайды.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Осы Қағидалардың 16-тармағының талаптары осы Қағидалардың 287-тармағының 36) тармақшасында көзделген жағдайларға қолданылмайды.";

      287-тармақ мынадай мазмұндағы 36) тармақшамен толықтырылсын:

      "36) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен мақұлданған шарттарда Ұлттық басқарушы холдинг сатып алған екінші деңгейдегі банктің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы.";

      292-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сатып алу веб-порталы арқылы шарт жасасу жөніндегі талаптар осы Қағидалардың 287-тармағының 1), 3), 5), 6), 13), 14), 16), 23), 27) және 36) тармақшаларында көзделген жағдайларға қолданылмайды, сондай-ақ шарттың жобасы қағаз тасығышта жіберілетін бейрезидентпен шарт жасасу жағдайларына қолданылмайды.";

      294-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "294. Осы Қағидалардың 288 және 293-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 45-бабының 4-тармағына сәйкес мәліметтерді қамтитын тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алуға, сондай-ақ бейрезидентпен шарт жасасқан жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 287-тармағының 3), 4), 16), 19) және 36) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын сатып алуға қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 344-1-тармақпен толықтырылсын:

      "344-1. Осы Қағидалардың 342, 343 және 344-тармақтарының талаптары осы Қағидалардың 287-тармағының 36) тармақшасында көзделген жағдайларға қолданылмайды.";

      459-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 462-1, 462-2 және 462-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "462-1. Әлеуетті өнім берушінің тауарларға, жұмыстарға (осы Қағидалардың 458, 460, 461-тармақтарында көзделген жұмыстарды қоспағанда), көрсетілетін қызметтерге (осы Қағидалардың 462-тармағында көзделген көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) арналған тендерге қатысуға өтінімнің бағасы, егер ол тендерге бөлінген бағадан жиырма пайыздан астам төмен болған жағдайда, демпингтік болып танылады.

      462-2. Әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша демпингтік деп танылмайтын, рұқсат етілетін ең төмен бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшердегі соманы енгізу шартымен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша демпингтік баға ұсынуға жол беріледі.

      462-3. Осы Қағидалардың 458-462-тармақтарында көзделген жағдайларда, демпингтік бағаларды ұсынуға жол берілмейді.";

      463-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2021 года № 1253 "Об утверждении Правил осуществления закупок отдельными субъектами квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния"

Приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 5 сентября 2022 года № 919. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 сентября 2022 года № 29423

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2021 года № 1253 "Об утверждении Правил осуществления закупок отдельными субъектами квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 25488) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах осуществления закупок отдельными субъектами квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния (далее – Правила), утвержденных указанным приказом:

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Не подлежат включению в планы закупок (предварительный план закупок) сведения, в соответствии с пунктом 4 статьи 45 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан, а также закупки, осуществляемые в соответствии с подпунктами 13), 16) и 36) пункта 287 настоящих Правил.";

      дополнить пунктом 16-1 следующего содержания:

      "16-1. Требования пункта 16 настоящих Правил не распространяются на случаи, предусмотренные подпунктом 36) пункта 287 настоящих Правил.";

      пункт 287 дополнить подпунктом 36) следующего содержания:

      "36) приобретения товаров, работ и услуг банком второго уровня, приобретенным национальным управляющим холдингом на условиях, одобренных решением Правительства Республики Казахстан.";

      часть четвертую пункта 292 изложить в следующей редакции:

      "Требования по заключению договора посредством веб-портала закупок не распространяются на случаи, предусмотренные подпунктами 1), 3), 5), 6), 13), 14), 16), 23), 27) и 36) пункта 287 настоящих Правил, а также не распространяются на случаи заключения договора с нерезидентом, которому проект договора направляется на бумажном носителе.";

      пункт 294 изложить в следующей редакции:

      "294. Требования пунктов 288 и 293 настоящих Правил не распространяется на закупки способом из одного источника путем прямого заключения договора, содержащие сведения в соответствии с пунктом 4 статьи 45 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан, на закупки, осуществляемые на основании подпунктов 3), 4), 16), 19) и 36) пункта 287 настоящих Правил, а также при заключении договора с нерезидентом.";

      дополнить пунктом 344-1 следующего содержания:

      "344-1. Требования, предусмотренные пунктами 342, 343 и 344 настоящих Правил, не распространяются на случаи, предусмотренные подпунктом 36) пункта 287 настоящих Правил.";

      пункт 459 исключить;

      дополнить пунктами 462-1, 462-2 и 462-3 следующего содержания:

      "462-1. Цена заявки на участие в тендере потенциального поставщика на товары, работы (за исключением работ, предусмотренных пунктами 458, 460 и 461 настоящих Правил), услуги (за исключением услуг, предусмотренных пунктом 462 настоящих Правил), признается демпинговой в случае, если она ниже цены, выделенной на тендер более чем на двадцать процентов.

      462-2. Демпинговые цены по закупкам товаров, работ, услуг представляются при условии внесения потенциальным поставщиком дополнительно к обеспечению исполнения договора суммы в размере равной сниженной сумме от минимальной допустимой цены, не признаваемой демпинговой.

      462-3. Демпинговые цены по закупкам товаров, работ, услуг представляются при условии внесения потенциальным поставщиком дополнительно к обеспечению исполнения договора суммы в размере равной сниженной сумме от минимальной допустимой цены, не признаваемой демпинговой.";

      пункт 463 исключить.

      2. Департаменту законодательства государственных закупок и закупок квазигосударственного сектора Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра финансов
Республики Казахстан
Е. Биржанов