Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарының қызметтік жұмысын бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 809 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 қыркүйекте № 29805 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 168) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарының қызметтік жұмысын бағалау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарының қызметтік жұмысын бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 218 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22573 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2022 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 809 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарының қызметтік жұмысын бағалау жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарының (бұдан әрі – мамандандырылған ұйымдары) қызметтік жұмысын бағалау жөніндегі нұсқаулық мамандандырылған ұйымдарының қызметтік жұмысын бағалау механизімін нақтылайды.

      Мамандандырылған ұйымдары қызметтік жұмысын бағалау:

      1) оқу жұмысының жай-күйін;

      2) әскери-техникалық мамандарды (бұдан әрі – ӘТМ) және әскери оқытылған резервті даярлау сапасын;

      3) мамандандырылған ұйымдарының жалпы бағалауды қамтиды.

2-тарау. Қызметтік жұмысты бағалау

1-параграф. Оқу жұмысының жай-күйі

      3. Оқу жұмысының жай-күйі мамандандырылған ұйымдарының оқу бөлімінде бағаланады және мынадай көрсеткіштер бойынша бағаланады:

      1) оқу жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру құжаттарын толық, уақтылы және сапалы әзірлеу;

      2) мамандандырылған ұйымдарының оқытушылар құрамының жеке даярлық деңгейі;

      3) оқу жұмысын жүргізу сапасы;

      4) ӘТМ-ны және әскери оқытылған резервті даярлау сапасы;

      5) мамандандырылған ұйымдарының оқу материалдық-техникалық базасының жай-күйі.

      4. Оқу жұмысын жоспарлау құжаттарын толық, уақтылы және сапалы әзірлеу мамандандырылған ұйымдарының басқармасының оқу бөлімінде әзірленетін бұйрықтарды, мамандандырылған ұйымдарының оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі жоспарлау, есепке алу құжаттары нысандарының тізбесінде белгіленген жоспарлау құжаттарын зерделеу негізінде белгіленеді.

      Оқу процесін ұйымдастыру жоспарлау, есепке алу құжаттары бойынша және оқу сабақтары барысында бағаланады. Бұл ретте даярлау бағдарламасын орындау дәрежесі, оқытылатын оқу пәндері тақырыптарын өтудің құрылымдық-логикалық кезеңділігі, оқытушылар құрамының оқу жүктемесі және оның белгіленген нормаларға сәйкес келуі, мамандандырылған ұйымдарының басшылығының оқу сабақтарын бақылауды ұйымдастыруы және оның тиімділігі зерделенеді.

      Оқу жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру құжаттарын толық, уақтылы және сапалы әзірлеу мынадай болып бағаланады:

      "өте жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және бар, әрбір оқу пәні бойынша тақырыптық жоспарлар бітірушілерге қойылатын біліктілік талаптарына және ӘТМ және әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламаларына сәйкес келеді. Жоспарланған тапсырмалар мен жұмысты талдаудың өзара сабақтастығы айқындалған. Жоспарланған іс-шаралар қойылған міндеттерді уақтылы шешуге бағытталған;

      "жақсы" – жоспарлау құжаттары әзірленген және бар, ӘТМ-ны және әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бітірушілерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді және әрбір оқу пәні бойынша тақырыптық жоспарлар ӘТМ-ны және әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасына сәйкес келеді. Жоспарланған іс-шараларды орындау және қойылған міндеттерге қол жеткізу байқалады;

      "қанағаттанарлық" – жоспарлау құжаттары жоспарланған іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етпейді немесе ӘТМ-ны және әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бітірушілерге қойылатын біліктілік талаптарына толық ауқымда сәйкес келмейді немесе оқу пәндері бойынша тақырыптық жоспарлар ӘТМ-ны және әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасына толық ауқымда сәйкес келмейді. Жоспарланған іс-шаралардың орындалуын бақылау уақтылы және жеткілікті тиімді жүзеге асырылмайды;

      "қанағаттанарлықсыз" – ағымдағы жұмысты ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлау құжаттамасының болмауы немесе ӘТМ-ны және әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бітірушілерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейді немесе оқу пәндері бойынша тақырыптық жоспарлар ӘТМ-ны және әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасына сәйкес келмейді. Қойылған міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуына бақылау жүзеге асырылмайды.

      5. Оқытушылар құрамының жеке даярлық деңгейі олардың құзіреттілік деңгейін (теориялық білімін, пркатикалық дағдыларын және біліктілігін) анықтау мақсатында олар білім алушылармен теориялық және практикалық сабақтар өткізу барысында, сондай-ақ олармен бақылау сабақтарын (жаттығулар) өткізу және тестілеу арқылы бағаланады.

      Оқытушылардың жеке даярлығы сапасын бағалау кезінде олар оқу сабақтарын өткізетін оқу пәндерінің тақырыптары бойынша бағаланады. Оқытушылар құрамының оқу сабақтарын өткізу сапасы филиал оқытушыларының кемінде 50%-інде бағаланады.

      6. Оқытушының оқу сабағын өткізу сапасын бағалау кезінде:

      1) оқу сабағын ұйымдастыру және оны өткізу әдістемесінің даярлық бағдарламасының талаптарына сәйкес келуі;

      2) білім алушыларға теориялық білім қалай берілетіні, олар үшін қажетті дағдылар қалай қалыптастырылатыны және оқу сабағын өткізу барысында олардың біліктілігі қалай жетілдірілетіні;

      3) оқу сабағын өткізуге оқытушының жеке дайындығы, материалды дұрыс және түсінікті етіп жеткізуі, оқу уақытын тиімді пайдалануы;

      4) сабақ барысында материалдық-техникалық құрылғыларды қолданудың қамтамасыз етілуі;

      5) техникалық оқу құралдарын қолдана білуі;

      6) оқытушының білім алушымен қарым-қатынасты орната алуы, сондай-ақ білім алушылардың сабақтағы тәртібі мен белсенділігі ескеріледі (айқындалады).

      7. Оқытушыларды бағалау сыныптарда, саптық алаңда, далада, автоайлақта, оқу-жаттығу орталықтарының және әскери атыс алаңдарының аумағында, автомобиль және басқа да техникада, автомобиль және басқа да тренажерларда, электрондық-есептеу техникасы құралдарында тексеріледі.

      Оқ ату және (немесе) машиналарды жүргізу жаттығуларын орындауға "Оқ ату даярлығы" оқу пәні және (немесе) "Жүргізу" пәні бойынша оқу сабақтарын өткізетін оқытушылар, сондай-ақ машиналарды жүргізуді үйрететін шеберлер тартылады.

      8. Оқытушылар құрамының жеке дайындығы деңгейі мынадай болып бағаланады:

      "өте жақсы" – егер бағаланушы бағдарламалық материалды терең және нақты білетінін көрсетсе, сұрақтарға жылдам және дұрыс жауап берсе, белгіленген нормативтерді сенімді орындаса, оқ ату және (немесе) машиналарды жүргізу жаттығуын "өте жақсыға" орындаса;

      "жақсы" – егер бағаланушы бағдарламалық материалды нақты білсе, оны білікті, қатесіз мазмұндап берсе, сұрақтарға жауап берген кезде алған білімін дұрыс қолданса, белгіленген нормативтерді орындауда мықты дағдылары болса, оқ ату және (немесе) машиналарды жүргізу жаттығуын "өте жақсыға" және "жақсыға" орындаса;

      "қанағаттанарлық" – егер бағаланушы тек негізгі материалды ғана білсе, жекелеген жағдайларда қойылған сұраққа толық жауап беру үшін қосымша (бағыттау) сұрақтар қоюды қажет етсе, жауап берген кезде нақты жауап бермесе, нормативтерді сенімді орындамаса, оқ ату және (немесе) машиналарды жүргізу жаттығуын оң бағаға орындаса;

      "қанағаттанарлықсыз" – егер бағаланушы қойылған сұрақтарға жауап берген кезде өрескел қателіктерге жол берсе, алған білімін практикада қолдана алмаса, белгіленген нормативтерді "қанағаттанарлық" деген бағаға орындамаса, оқ ату және (немесе) машиналарды жүргізу жаттығуын орындамаса.

      9. Оқытушылар құрамының даярлығы үшін мамандандырылған ұйымдарының жалпы бағалау әрбір оқытушы алған жалпы жеке бағалар негізінде айқындалады және мынадай болып қойылады:

      "өте жақсы" – егер оқытушылардың 90%-і бақылау пәндері бойынша оң баға алса, олардың ішінде 50%-і "өте жақсы";

      "жақсы" – егер оқытушылардың кемінде 80%-і оң баға алса, олардың ішінде 50%-і "өте жақсы" және "жақсы";

      "қанағаттанарлық" – егер оқытушылардың кемінде 70%-і бақылау пәндері бойынша оң баға алса;

      "қанағаттанарлықсыз" – егер алынған нәтижелер "қанағаттанарлық" деген бағаның талаптарына жауап бермесе.

      10. Оқу жұмысын жүргізу сапасы мынадай болып бағаланады:

      "өте жақсы" – оқу бағдарламаларын өту жоспар-графиктері, оқу сабақтарының кестелері және машиналарды практикалық жүргізуге үйрету (агрегаттарда жұмыс істеу) кезектілігі графиктері уақтылы және сапалы орындалады; жоспарлау және оқу жұмысын есепке алу құжаттары толық өзара келісілуі қамтамасыз етілген, оқу сабақтарының кемінде 80%-і "өте жақсы" және "жақсы" деп бағаланған;

      "жақсы" – оқу бағдарламаларын өту жоспар-графиктері, оқу сабақтарының кестелері және машиналарды практикалық жүргізуге үйрету (агрегаттарда жұмыс істеу) кезектілігі графиктері уақтылы орындалады, ал бар кемшіліктер мамандарды даярлау сапасына ықпал етпейді, жалпы жоспарлау және оқу жұмысын есепке алу құжаттары өзара келісілуіне қол жеткізілген, оқу сабақтарының кемінде 70%-і "жақсы" және "қанағаттанарлық" деп бағаланған;

      "қанағаттанарлық" – оқу бағдарламаларын өту жоспар-графиктері, оқу сабақтарының кестелері және машиналарды практикалық жүргізуге үйрету (агрегаттарда жұмыс істеу) кезектілігі графиктері орындалады, бірақ ауа райы жағдайы (қыс кезеңіндегі қардың қалың болуы немесе күз-көктемгі ауыспалы кезеңдегі төмен температуралық режим) немесе әртүрлі ұйымдастыру және техникалық себептер бойынша сабақтарды, іс-шаралар мен жұмыстарды орындау мерзімдерін бұзу немесе бұзушылықтар бар, олар жалпы мамандарды даярлау сапасына әсер етпеген; кейбір қателіктер мен жаңылысулар бар болса да жоспарлау және оқу жұмысын есепке алу құжаттары өзара келісілген, олар мамандарды даярлау сапасына әскер етпейді, оқу сабақтарының кемінде 60%-і "қанағаттанарлық" деген бағадан төмен емес бағаланған;

      "қанағаттанарлықсыз" – талаптар "қанағаттанарлық" деген бағаға орындалмаған.

2-параграф. ӘТМ-ны және әскери оқытылған резервті даярлау сапасы

      11. ӘТМ-ны және әскери оқытылған резервті даярлау сапасы білім алушылардың жеке даярлық деңгейін білім алушылармен теориялық және практикалық сабақтар өткізу барысында, сондай-ақ олармен бақылау сабақтарын (жаттығулар) өткізу және тестілеу арқылы бағаланады.

      12. Білім алушылардың жеке даярлық деңгейін бағалау олардың өткен оқу материалы көлемінде оқу бағдарламасының пәндері бойынша теориялық және практикалық даярлығын бағалауды қамтиды.

      13. Білім алушының жеке даярлық деңгейі мынадай болып бағаланады:

      "өте жақсы" – егер білім алушы бақылау оқу пәндері бойынша кемінде 50% "өте жақсы", ал қалғаны – "жақсы" немесе "тапсырды" деген баға алса;

      "жақсы" – егер білім алушы бақылау оқу пәндері бойынша кемінде 50% "өте жақсы" және "жақсы", ал қалғаны – "қанағаттанарлық" деген баға алса;

      "қанағаттанарлық" – егер білім алушы бақылау оқыту пәндері бойынша кемінде 70% оң баға алса;

      "қанағаттанарлықсыз" – егер қойылған талаптар "қанағаттанарлық" деген бағаға орындалмаса.

3-параграф. Мамандандырылған ұйымдарының жалпы бағалау

      14. Мамандандырылған ұйымдарының оқу жұмысын жалпы бағалау мыналарға қойылады:

      "өте жақсы" – егер оқу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыружай-күйі "өте жақсы" деп бағаланса, әскери-техникалық мамандарды және/немесе әскери оқытылған резервті даярлау сапасының деңгейі "жақсы" деген бағадан төмен емес деп бағаланса;

      "жақсы" – егер оқу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру жай-күйі "жақсы" деген бағадан төмен емес деп бағаланса, әскери-техникалық мамандарды және/немесе әскери оқытылған резервті даярлау сапасының деңгейі "қанағаттанарлық" деген бағадан төмен емес деп бағаланса;

      "қанағаттанарлық" – егер тексерудің барлық өлшемшарты оң бағаланса;

      "қанағаттанарлықсыз" – егер қойылатын талаптар "қанағаттанарлық" деген бағаға орындалмаса.

      15. Жалпы бағалау барлық бағаланған мамандандырылған ұйымдарының қойылған бағалардан құрылады және мынадай болып қойылады:

      "өте жақсы" – егер бағаланған мамандандырылған ұйымдарының оқу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру жай-күйі "өте жақсы" деп бағаланған кезде кемінде 50%-і "өте жақсы" деп бағаланса;

      "жақсы" – егер бағаланған мамандандырылған ұйымдарының оқу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру жай-күйі "жақсы" деп бағаланған кезде кемінде 50 %-і "жақсы" және "өте жақсы" деп бағаланса;

      "қанағаттанарлық" – егер бағаланған мамандандырылған ұйымдарының оқу жұмысының жай-күйі "қанағаттанарлық" деп бағаланған кезде 70%-і оң баға алса;

      "қанағаттанарлықсыз" – егер бағаланған мамандандырылған ұйымдарының 30 %-і "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланса.

Об утверждении Инструкции по оценке служебной деятельности специализированных организаций Министерства обороны Республики Казахстан

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 сентября 2022 года № 809. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 сентября 2022 года № 29805

      В соответствии с подпунктом 168) пункта 15 Положения о Министерстве обороны Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2022 года № 357, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по оценке служебной деятельности специализированных организаций Министерства обороны Республики Казахстан.

      2. Департаменту организационно-мобилизационной работы Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      3. Признать утратившим силу приказ Министра обороны Республики Казахстан от 15 апреля 2021 года № 218 "Об утверждении Инструкции по оценке служебной деятельности специализированных организаций Министерства обороны Республики Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 22573).

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого заместителя Министра обороны – начальника Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ довести до должностных лиц в части, их касающейся.

      6. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан
Р. Жаксылыков

  Приложение к приказу
Министр обороны
Республики Казахстан
от 20 сентября 2022 года № 809

Инструкция по оценке служебной деятельности специализированных организаций Министерства обороны Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Инструкция по оценке служебной деятельности специализированных организаций Министерства обороны Республики Казахстан (далее – специализированные организаций) детализирует механизм проведения оценки служебной деятельности специализированных организаций.

      2. Оценка служебной деятельности специализированных организаций включает в себя:

      1) состояние учебной работы;

      2) качество подготовки военно-технических специалистов (далее – ВТС) и военнообученного резерва;

      3) общая оценка специализированных организаций.

Глава 2. Оценка служебной деятельности

Параграф 1. Состояние учебной работы

      3. Состояние учебной работы оценивается в учебном отделе специализированных организаций и оценивается по следующим показателям:

      1) полнота, своевременность и качество разработки документов планирования и организации учебной работы;

      2) уровень индивидуальной подготовленности преподавательского состава филиалов специализированных организаций;

      3) качество проведения учебной работы;

      4) качество подготовки ВТС и военнообученного резерва;

      5) состояние учебной материально-технической базы филиалов специализированных организаций.

      4. Полнота, своевременность и качество разработки документов планирования учебной работы устанавливаются на основе изучения разрабатываемых в учебном отделе управления специализированных организаций приказов, планирующих документов, установленных перечнем форм планирующих, учетных документов по организации учебного процесса специализированных организаций.

      Организация учебного процесса оценивается по документам планирования, учета и в ходе учебных занятий. При этом изучается степень выполнения программы подготовки, структурно-логическая последовательность прохождения тем изучаемых предметов обучения, учебная нагрузка преподавательского состава и соответствие установленным нормам, организация и эффективность контроля учебных занятий руководством специализированных организаций.

      Полнота, своевременность и качество разработки документов планирования и организации учебной работы оцениваются:

      "отлично" – планирующие документы разработаны и в наличии, тематические планы по каждому предмету обучения соответствуют квалификационным требованиям, предъявляемым к выпускникам и программам подготовки ВТС и военнообученного резерва. Определяется взаимосвязь планируемых задач и анализа деятельности. Планируемые мероприятия направлены на своевременное решение поставленных задач;

      "хорошо" – планирующие документы разработаны и в наличии, программа подготовки ВТС и военнообученного резерва соответствует квалификационным требованиям, предъявляемым к выпускникам и тематические планы по каждому предмету обучения соответствуют программе подготовки ВТС и военнообученного резерва. Отмечается выполнение запланированных мероприятий и достижение поставленных задач;

      "удовлетворительно" – планирующие документы не обеспечивают своевременное и качественное выполнение запланированных мероприятий, или программа подготовки ВТС и военнообученного резерва не в полной мере соответствует квалификационным требованиям, предъявляемым к выпускникам, или тематические планы по предметам обучения не в полной мере соответствуют программе подготовки ВТС и военнообученного резерва. Несвоевременно и недостаточно эффективно осуществляется контроль за выполнением запланированных мероприятий;

      "неудовлетворительно" – отсутствие планирующей документации, регламентирующих организацию текущей деятельности или программа подготовки ВТС и военнообученного резерва не соответствует квалификационным требованиям, предъявляемым к выпускникам, или тематические планы по предметам обучения не соответствуют программе подготовки ВТС и военнообученного резерва. Не осуществляется контроль за своевременным и качественным исполнением поставленных задач.

      5. Уровень индивидуальной подготовленности преподавательского состава оценивается в ходе проведения ими теоретических и практических занятий с обучаемыми, а также, путем проведения с ними контрольных занятий (упражнений) и тестирования в целях установления уровня их компетентности (теоретических знаний, практических навыков и умений).

      В ходе оценки качества индивидуальной подготовленности преподавателей, они оцениваются по тем предметам обучения, по которым они ведут учебные занятия. Качество проведения учебных занятий преподавательским составом оценивается не менее чем у 50 % преподавателей.

      6. При оценке качества проведения учебного занятия преподавателем учитывается (определяется):

      соответствие организации и методики проведения учебного занятия требованиям программы подготовки;

      как обучаемым передаются теоретические знания, формируются необходимые для них практические навыки и совершенствуются их умения в ходе проведения учебного занятия;

      личная подготовка преподавателя к проведению учебного занятия, правильность и доходчивость изложения материала, эффективность использования учебного времени;

      обеспечение интенсивного использования имеющегося материально-технического оборудования в ходе занятия;

      умение применять технические средства обучения;

      умение преподавателя установить обратную связь с обучаемыми, а также, дисциплина и активность обучаемых на занятии.

      7. Оценка преподавателей проводится в классах, на строевом плацу, в поле, на автодроме, на территории учебных центров и войсковых стрельбищ, на автомобильной и другой технике, автомобильных и других тренажерах, средствах электронно-вычислительной техники.

      К выполнению упражнений стрельб и (или) вождению машин привлекаются преподаватели, которые проводят учебные занятия по предмету обучения "Огневая подготовка" и (или) предмету "Вождение", а также мастера обучения вождению машин.

      8. Уровень индивидуальной подготовленности преподавательского состава оценивается:

      "отлично" – если оцениваемый показал глубокие и твердые знания программного материала, быстро и правильно отвечал на вопросы, уверенно выполнял установленные нормативы, выполнил упражнение стрельб и (или) вождения машин на "отлично";

      "хорошо" – если оцениваемый твердо знает программный материал, грамотно, без ошибок его излагает, правильно применяет полученные знания при ответах на вопросы, имеет прочные навыки в выполнении установленных нормативов, выполнил упражнение стрельб и (или) вождения машин на "отлично" или "хорошо";

      "удовлетворительно" – если оцениваемый имеет знания только основного материала, требует в отдельных случаях дополнительных (наводящих) вопросов для полного ответа на поставленный вопрос, допускает неточности при ответе, не достаточно уверенно выполняет нормативы, выполнил упражнение стрельб и (или) вождения машин на положительную оценку;

      "неудовлетворительно" – если оцениваемый допускает грубые ошибки при ответе на поставленные вопросы, не может применить полученные знания на практике, не выполняет на оценку "удовлетворительно" установленные нормативы, не выполнил упражнение стрельб и (или) вождения машин.

      9. Общая оценка специализированных организаций за подготовленность преподавательского состава определяется на основании общих индивидуальных оценок, полученных каждым преподавателем, и выставляется:

      "отлично" – если 90 % преподавателей по контрольным дисциплинам получили положительные оценки, из них 50 % "отлично";

      "хорошо" – если не менее 80 % преподавателей получили положительные оценки, из них не менее 50% "отлично" и "хорошо";

      "удовлетворительно" – если не менее 70% преподавателей по контрольным дисциплинам получили положительные оценки;

      "неудовлетворительно" – если полученные результаты не отвечают требованиям на оценку "удовлетворительно".

      10. Качество проведения учебной работы оценивается:

      "отлично" – план-графики прохождения программы обучения, расписания учебных занятий и графики очередности обучения практическому вождению машин (работы на агрегатах) выполняются своевременно и качественно; обеспечена полная взаимная согласованность документов планирования и учета учебной работы, не менее 80% учебных занятий оценено на "отлично" и "хорошо";

      "хорошо" – план-графики прохождения программы обучения, расписания учебных занятий и графики очередности обучения практическому вождению машин (работы на агрегатах) выполняются своевременно, а имеющиеся недостатки не оказывают влияния на качество подготовки специалистов, в целом, достигнута взаимная согласованность документов планирования и учета учебной работы; не менее 70 % учебных занятий оценено на "хорошо" и "удовлетворительно";

      "удовлетворительно" – план-графики прохождения программы обучения, расписания учебных занятий и графики очередности обучения практическому вождению машин (работы на агрегатах) выполняются, но имеются срывы или нарушения сроков выполнения занятий, мероприятий и работ по погодным условиям (чрезмерный снежный покров и низкий температурный режим в зимний период или в распутицу в осенне-весенний период) или различным организационным и техническим причинам, которые в целом, не повлияли на качество подготовки специалистов; имеется взаимная согласованность документов планирования и учета учебной работы, при наличии некоторых ошибок и просчетов, которые не повлияли на качество подготовки специалистов, не менее 60 % учебных занятий оценено не ниже "удовлетворительно";

      "неудовлетворительно" – не выполнены требования на оценку "удовлетворительно".

Параграф 2. Качество подготовки ВТС и военнообученного резерва

      11. Качество подготовки ВТС и военнообученного резерва оценивается путем проведения с ними контрольных занятий (упражнений) и тестирования в целях установления уровня индивидуальной подготовленности обучаемых.

      12. Оценка уровня индивидуальной подготовленности обучаемых включает оценку их теоретической и практической подготовленности по предметам программы обучения в объеме пройденного учебного материала.

      13. Уровень индивидуальной подготовленности обучаемого оценивается:

      "отлично" – если обучаемый по контрольным предметам обучения получил не менее 50 % оценок "отлично", а остальные – "хорошо" или "зачтено";

      "хорошо" – если обучаемый по контрольным предметам обучения получил не менее 50 % оценок "отлично" и "хорошо", а остальные – "удовлетворительно";

      "удовлетворительно" – если обучаемый по контрольным предметам обучения получил не менее 70 % положительных оценок;

      "неудовлетворительно" – если не выполняются требования на оценку "удовлетворительно".

Параграф 3. Общая оценка специализированных организаций

      14. Общая оценка за учебную работу специализированных организаций выставляется на:

      "отлично" – если состояние планирования и организации учебной работы оценено на "отлично", уровень качества подготовки военно-технических специалистов и/или военно-обученного резерва оценен не ниже "хорошо";

      "хорошо" – если состояние планирования и организации учебной работы оценено не ниже "хорошо", уровень качества подготовки военно-технических специалистов и/или военно-обученного резерва оценен не ниже "удовлетворительно";

      "удовлетворительно" – если вышеуказанные критерии оценены положительно;

      "неудовлетворительно" – если не выполнены требования на оценку "удовлетворительно".

      15. Общая оценка деятельности складывается из оценок за все оцененные специализированные организаций и выставляется на:

      "отлично" – если не менее 50% оцененных специализированных организаций оценены на "отлично", при условии, что состояние планирования и организации учебной работы оценено на "отлично";

      "хорошо" – если не менее 50 % оцененных специализированных организаций оценены на "хорошо" и "отлично", при условии, что состояние планирования и организации учебной работы оценено на "хорошо";

      "удовлетворительно" – если 70 % оцененных специализированных организаций получили положительные оценки, при условии, что состояние учебной работы оценено на "удовлетворительно";

      "неудовлетворительно" – если 30 % оцененных специализированных организаций оценены на "неудовлетворительно".

      ́