"Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 344/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 қыркүйекте № 29839 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 28 мамырдағы № 305/НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.05.2024 № 305/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14157 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) гибридтік жөнелтілім – пошта операторы жіберуге қабылдаған және адресатқа хат (пошта карточкасы) түрінде жеткізілетін электрондық хат (хабар) не пошта операторы жіберуге қабылдаған және адресатқа электрондық поштаға немесе электрондық абоненттік пошта жәшігіне электрондық хат (хабар) нысанында жеткізілетін хат;

      2) пошта байланысы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, мемлекеттік бақылауды, қызметті үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      3) пошта операторы – Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген, пошта қызметі саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

      4) пошта операторының қызметтерін пайдаланушы – пошта операторы ұсынатын, оның ішінде пошта операторымен жасалатын шарттар негізінде ұсынылатын қызметті тұтынушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

      5) Ұлттық пошта операторы – "Пошта туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттемелер жүктелген, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, пошта саласындағы уәкілетті орган айқындайтын пошта операторы;

      6) электрондық абоненттік пошта жәшігі – электрондық пошта мекенжайы болып табылатын және электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды, ақпараттарды және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді беру және оларды сақтау үшін пошта операторының, Ұлттық пошта операторының ақпараттық жүйесінде құрылатын, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының домендік атауы;

      7) электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесі – пошта жөнелтілімдерінің электрондық нысанда, оның ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында электрондық құжат айналымы шеңберінде жіберілуін қамтамасыз ететін, Ұлттық пошта операторының баршаға қолжетімді ақпараттық жүйесі болып табылады.";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Электрондық абоненттік пошта жәшігі электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды, ақпаратты және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді жіберу және оларды сақтау үшін пошта операторының, Ұлттық пошта операторының ақпараттық жүйесінде құрылатын, Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланушыны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бірегей және қайталанбайтын электрондық пошта мекенжайы болып табылады.

      Электрондық абоненттік пошта жәшігінің домендік атын Ұлттық пошта операторы анықтайды және ол пайдаланушы мен Ұлттық пошта операторы арасындағы пайдаланушы келісімінде сипатталады.

      5. Электрондық абоненттік пошта жәшіктері пайдаланушыларға Ұлттық пошта операторы құратын электрондық абоненттік пошта жәшігіне қызмет көрсетуге арналған пайдаланушы келісімімен пайдаланушының келісуі негізінде беріледі.

      Ұлттық пошта операторының ақпараттық ресурстарында қажетті ақпарат электрондық абоненттік пошта жәшігін құру, қызмет ету және пайдалану шарттары бойынша электрондық абоненттік пошта жәшігіне қызмет көрсетуге арналған пайдаланушы келісім орналастырылады.

      6. Пайдаланушылар Ұлттық пошта операторына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес электрондық абоненттік пошта жәшігін тіркеу туралы қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда өтініш береді.

      Өтінішті беру мынадай жолмен:

      1) Ұлттық пошта операторының ақпараттық ресурстарында нақты уақыт режимінде тіркелгенін растайтын құжат, бұл ретте сәйкестендіру және қауіпсіздік мақсатында электрондық цифрлық қолтаңба қолданылады;

      2) Ұлттық пошта операторының өндірістік объектісінде;

      Пайдаланушы өтінішін қағаз жеткізгіште ұсынған кезде Ұлттық пошта операторының өндірістік объектісінде өндірістік объектінің жұмыскері оны тіркеуді жүзеге асырады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің тиісті қызмет етуін Ұлттық пошта операторы мынадай жолмен қамтамасыз етеді:

      1) пайдаланушылардың электрондық абоненттік пошта жәшігіне тұрақты, үздіксіз қол жеткізуі және оны пайдалану;

      2) электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды, ақпаратты және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді беруді және оларды сақтауды қамтамасыз ету;

      3) ақпараттық жүйені қолдауын және жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етеді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ұлттық пошта операторы пайдаланушыны авторландырғаннан кейін жасалған электрондық абоненттік пошта жәшігін электрондық абоненттік пошта жәшігінің бірыңғай базасына енгізеді.

      Пайдаланушыларды сәйкестендіру олардың дербес деректеріне (жеке сәйкестендіру нөмірі) сәйкес, заңды тұлғалар – бизнес-сәйкестендіру нөмірі бойынша жүргізіледі. Пайдаланушылардың деректерін растау мақсатында Ұлттық пошта операторы мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғаларының мемлекеттік дерекқорына қолжетімділік алады.

      Ұлттық пошта операторы мен мемлекеттік органдар арасындағы ақпараттық жүйелердің интеграциясы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Электрондық құжат айналымы шеңберінде электрондық хаттарды (хабарламаларды), құжаттарды және (немесе) гибридтік жөнелтілімдерді беру "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.";

      Қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2022 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 344/НҚ Бұйрыққа
қосымша
  Электрондық абоненттік пошта
жәшіктерінің бірыңғай
жүйесінің жұмыс істеуі және
электрондық абоненттік пошта
жәшіктерінің бірыңғай
жүйесінде пошта операторының
көрсетілетін қызметтерін
пайдаланушыларды
авторландыру қағидаларына
қосымша

Электрондық абоненттік пошта жәшігін тіркеу туралы өтініш (жеке тұлға үшін)

      Өтініш беруші __________________________________________________________

      (жеке тұлғаның ТАӘ)

      ЖСН_________________________

      Жеке басты куәландыратын құжат: _________________________________________

      Тұрғылықты мекенжайы__________________________________________________

      Телефондары: үй___________________ мобильді_____________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________

      (пайдаланушының атауы)

      __________________________________электрондық абоненттік пошта жәшігін тіркеуді сұраймын.

      Осы Өтінішке қол қоя және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің

      389-бабын басшылыққа ала отырып, Ұлттық пошта операторының ақпараттық

      ресурстарында www.post.kz электрондық мекенжайы бойынша орналасқан

      электрондық абоненттік пошта жәшігіне қызмет көрсетуге арналған

      пайдаланушының келісіміне қосыламын.

Электрондық абоненттік пошта жәшігін тіркеу туралы өтініш (заңды тұлға үшін)

      Өтініш беруші _______________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      БСН_____________________________

      Мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін):

      № ___________________ "__" ___________20__ж.___________берілген.

      Заңды мекенжайы және заңды тұлғаның нақты орналасқан жерінің

      мекенжайы__________________________________________________________

      Телефондары: үй___________________ мобильді__________________________

      ____________________________________________________

      (пайдаланушының атауы)

      _____________________________________электрондық абоненттік пошта жәшігін тіркеуді сұраймын.

      Осы Өтінішке қол қоя және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің

      389-бабын басшылыққа ала отырып, Ұлттық пошта операторының ақпараттық

      ресурстарында www.post.kz электрондық мекенжайы бойынша орналасқан

      электрондық абоненттік пошта жәшігіне қызмет көрсетуге арналған

      пайдаланушының келісіміне қосыламын.

О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 июля 2016 года № 71 "Об утверждении Правил функционирования единой системы электронных абонентских почтовых ящиков и авторизации пользователей услуг оператора почты в единой системе электронных абонентских почтовых ящиков

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 26 сентября 2022 года № 344/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 сентября 2022 года № 29839. Утратил силу приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 мая 2024 года № 305/НҚ.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 28.05.2024 № 305/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 июля 2016 года № 71 "Об утверждении Правил функционирования единой системы электронных абонентских почтовых ящиков и авторизации пользователей услуг оператора почты в единой системе электронных абонентских почтовых ящиков" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14157) следующие изменения:

      в Правилах функционирования единой системы электронных абонентских почтовых ящиков и авторизации пользователей услуг оператора почты в единой системе электронных абонентских почтовых ящиков, утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) гибридное отправление – электронное письмо (сообщение), принятое оператором почты к пересылке и доставляемое адресату в виде письма (почтовой карточки), либо письмо (почтовая карточка), принятое оператором почты к пересылке и доставляемое адресату в форме электронного письма (сообщения) на электронную почту или электронный абонентский почтовый ящик;

      2) уполномоченный орган в области почты (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган Республики Казахстан, осуществляющий в пределах своей компетенции реализацию государственной политики, государственный контроль, координацию и регулирование деятельности в области почты на территории Республики Казахстан;

      3) оператор почты – зарегистрированное на территории Республики Казахстан физическое или юридическое лицо, предоставляющее услуги в сфере почтовой деятельности;

      4) пользователь услуг оператора почты – физическое или юридическое лицо, являющееся потребителем услуг, предоставляемых оператором почты, в том числе на основании договоров, заключаемых им с оператором почты (далее - пользователь);

      5) Национальный оператор почты – оператор почты, определяемый уполномоченным органом в области почты, созданный в организационно-правовой форме акционерного общества, на которого возложены обязательства, предусмотренные Законом Республики Казахстан "О почте";

      6) электронный абонентский почтовый ящик – доменное имя пользователя услуг оператора почты, являющееся адресом электронной почты и создаваемое в информационной системе оператора почты, Национального оператора почты для передачи электронных писем (сообщений), документов, информации и (или) гибридных отправлений и их хранения;

      7) единая система электронных абонентских почтовых ящиков – является общедоступной информационной системой Национального оператора почты, обеспечивающей пересылку почтовых отправлений в электронной форме, в том числе в рамках электронного документооборота, на всей территории Республики Казахстан.";

      пункты 4, 5 и 6 изложить в следующей редакции:

      "4. Электронный абонентский почтовый ящик является уникальным и неповторяющимся адресом электронной почты, позволяющим идентифицировать пользователя на территории Республики Казахстан, создаваемое в информационной системе оператора почты, Национального оператора почты для передачи электронных писем (сообщений), документов, информации и (или) гибридных отправлений и их хранения.

      Доменное имя электронного абонентского почтового ящика определяется Национальным оператором почты и описывается в пользовательском соглашении между пользователем и Национальным оператором почты.

      5. Электронные абонентские почтовые ящики предоставляются пользователям на основании согласия пользователя с условиями пользовательского соглашения на обслуживание электронного абонентского почтового ящика, создаваемого Национальным оператором почты.

      На информационных ресурсах Национального оператора почты размещается необходимая информация и пользовательское соглашение на обслуживание электронного абонентского почтового ящика по условиям создания, функционирования и использования электронного абонентского почтового ящика.

      6. Пользователи подают заявление на бумажном носителе или в электронной форме Национальному оператору почты о регистрации электронного абонентского почтового ящика согласно приложению к настоящим Правилам.

      Подача заявления производится путем:

      1) регистрации в режиме реального времени на информационных ресурсах Национального оператора почты, при этом в целях идентификации и безопасности применяется электронная цифровая подпись;

      2) в производственном объекте Национального оператора почты.

      В производственном объекте Национального оператора почты, регистрация заявления пользователя производится работником производственного объекта при предоставлении заполненного заявления на бумажном носителе.";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Обеспечение надлежащего функционирования единой системы электронного абонентского почтового ящика осуществляется Национальным оператором почты путем:

      1) постоянного, бесперебойного доступа пользователя к электронному абонентскому почтовому ящику и его использования;

      2) обеспечения передачи электронных писем (сообщений), документов, информации и (или) гибридных отправлений и их хранения;

      3) постоянного технического сопровождения информационной системы и ее работоспособности.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. После авторизации пользователя Национальный оператор почты включает созданный электронный абонентский почтовый ящик в единую базу электронных абонентских почтовых ящиков.

      Идентификация пользователей происходит согласно их персональным данным (индивидуальный идентификационный номер), юридических лиц – по бизнес-идентификационному номеру. В целях подтверждения данных пользователей Национальный оператор почты получает доступ к государственным базам данных физических и юридических лиц государственных органов.

      Интеграция информационных систем между Национальным оператором почты и государственными органами осуществляется в соответствии с требованиями, установленными Законом Республики Казахстан "Об информатизации".

      Передача электронных писем (сообщений), документов и (или) гибридных отправлений в рамках электронного документооборота осуществляется согласно Закону Республики Казахстан "Об электронном документе и электронной цифровой подписи".";

      Приложение изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету телекоммуникаций Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности Республики Казахстан
Б. Мусин

  Приложение
к приказу Министр цифрового
развития, инноваций и
аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан
от 26 сентября 2022 года № 344/НҚ
  Приложение
к Правилам функционирования
единой системы электронных
абонентских почтовых ящиков и
авторизации пользователей услуг
оператора почты в единой системе
электронных абонентских
почтовых ящиков

            Заявление о регистрации электронного абонентского почтового ящика
                              (для физического лица)

      Заявитель_____________________________________________________________
                              (ФИО физического лица)
ИИН______________________________________________________________________
Документ удостоверяющий личность: _________________________________________
Адрес места жительства _____________________________________________________
Телефоны: домашний__________________ мобильный ___________________________
Прошу зарегистрировать электронный абонентский почтовый ящик
на:________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
                              (наименование пользователя).
Подписывая настоящее Заявление, и руководствуясь статьей 389 Гражданского кодекса
Республики Казахстан, я присоединяюсь к пользовательскому соглашению на обслуживание
электронного абонентского почтового ящика, размещенному на информационных ресурсах
Национального оператора почты по электронному адресу - www.post.kz.

            Заявление о регистрации электронного абонентского почтового ящика
                              (для юридического лица)

      Заявитель_________________________________________________________________
                  (полное наименование юридического лица)
БИН __________________________________________________________________________
Справка о государственной регистрации:
№ ____________________ выдан ____________________ от "__" ______20 __ г.
Юридический адрес и адрес фактического местонахождения юридического лица
______________________________________________________________________________
Телефоны: рабочий_________________ мобильный _________________________________
Прошу зарегистрировать электронный абонентский почтовый ящик
на:__________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
                              (наименование пользователя).
Подписывая настоящее Заявление, и руководствуясь статьей 389 Гражданского кодекса
Республики Казахстан, я присоединяюсь к пользовательскому соглашению на обслуживание
электронного абонентского почтового ящика, размещенному на информационных ресурсах
Национального оператора почты по электронному адресу - www.post.kz.