ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 143/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18950 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттандыру объектілерінің иеленушісі – ақпараттандыру объектілерінің меншік иесі заңда немесе келісімде айқындалған шектерде және тәртіппен ақпараттандыру объектілерін иелену және пайдалану құқықтарын берген субъект;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
3) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам;
4) "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы (бұдан әрі – сервистік интегратор) – "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту техникалық тапсырмаға сәйкес жүзеге асырылады.
Техникалық тапсырманы жасауды әкімші және (немесе) ақпараттандыру объектісінің иеленушісі дербес немесе оны әзірлеу жөніндегі қызметтерді сатып алу жолымен жүзеге асырады.
Техникалық тапсырманы жасау мыналарға:
1) "Ақпараттық технология. Автоматтандырылған жүйелерге арналған стандарттар кешені. Автоматтандырылған жүйелерді құруға арналған техникалық тапсырма" Қазақстан Республикасының СТ 34.015-2002 ұлттық стандартына;
2) бекітілген қаржылық-экономикалық негіздемеге, инвестициялық ұсынысқа, бюджеттік инвестициялық жобалардың инвестициялық ұсыныс жобасына;
3) Заңның 7-бабы 10) тармақшасына сәйкес бекітілетін "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарға;
4) "электрондық үкіметтің" бекітілген архитектурасымен, ал ол болмаған жағдайда мемлекеттік органның бекітілген архитектурасымен (бар болған жағдайда);
5) Заңның 6-бабы 3) тармақшасына сәйкес бекітілетін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Сондай-ақ техникалық тапсырмада ақпараттандыру объектісінің класы, ақпараттандыру объектісінің архитектурасы, желілік инфрақұрылым мен жобаны өрістету туралы мәліметтер көрсетіледі.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Техникалық тапсырманың жаңа редакциясы (бөлімдері, тараулары, параграфтары) енгізілген жағдайда, келісу мерзімі әкімші және (немесе) ақпараттандыру объектісінің иеленушісінің хаты қоса беріле отырып, сараптаманы жүргізуді ұзарту туралы сервистік интеграторды және мемлекеттік техникалық қызметті хабардар ете отырып, әкімшіден және (немесе) ақпараттандыру объектісінің иеленушісінен хат алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күніне дейін ұзартылады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Сервистік интегратор техникалық тапсырманы "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарға, "электрондық үкіметтің" архитектурасына, ол болмаған жағдайда мемлекеттік органның архитектурасына сәйкестігіне және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру немесе дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді пайдалану мүмкіндіктерінің бар болуына сараптама жүргізеді.".
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сагізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма үшінші және жиырма төртінші абзацтарын қоспағанда күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |