БҰЙЫРАМЫН:
"Түгендеу карточкасының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12173 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
түгендеу карточкасының нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
20___ жылғы "___"_______мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi
бойынша есепке алуға қабылданған және________________ _____________берілген мүлiктің
(заңды тұлғаның толық атауы/ жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
беру уақыты)
№ ___ түгендеу карточкасы
Заңды/жеке тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі ____________
Заңды/жеке тұлғаның мекенжайы, телефоны____________________________
Заңды/жеке тұлғаның банктік деректемелері__________________________
Мүлiктiң атауы, оның сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Күні | Операцияның атауы, құжаттардың нөмірі және күні | Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi бойынша мүліктің саны | Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi бойынша мүліктің құны, теңге | Бағалаудан кейінгі құны, теңге | |
Операцияны жазу | Операцияны жасау | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестесінің жалғасы
Сатылған мүлік | Республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына берілген мүлік | Балалар үйіне, қарттар және мүгедектігі бар адамдар үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз берілген мүлік | Жойылған мүлік | Сот мүліктің мемлекет меншігіне түсуіне негіз болған актінің күшін жойғанға (тиісті бөлігін өзгерткенге) байланысты қайтарылған мүлік | |||||
Саны | Мүлікті сатудан бюджетке аударған сомасы, теңге | Саны | Мүліктің құны, теңге | Саны | Мүліктің құны, теңге | Саны |
Мүліктің құны |
Саны | Мүліктің құны немесе өткізуден алынған қаражат сомасы, теңге |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |