Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 144) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (жүк көтеру механизмін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдысты) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)" 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 55 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18256 болып тіркелген);
2) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 437 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21212 болып тіркелген).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2022 жылғы 14 қазандағы № 916 Бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (жүк көтеру механизін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдысты) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (жүк көтеру механизін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдысты) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) жүк көтеру механизмін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдысты пайдалануды ұйымдастыруды нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмысты жүргізу құқығына аттестаттау – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның заңды тұлғаның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмысты орындау құқығын ресми тануы;
2) қауіпті техникалық құрылғылар:
0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе суды қыздыру температурасы 115 Цельсий градустан асатын кезде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар, жүк көтеру механизмдерін, эскалаторлар, фуникулерлер, лифтілер, қауіпті өндірістік объектілерде пайдаланылатын, мемлекеттік қадағалауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын траволаторлар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштер, сондай-ақ бұрғылау тереңдігі екі жүз метрден асатын ұңғымаларды бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғылар, шахталық көтергіш қондырғылар мен көтергіш машиналар, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жылжымалы қоймалары, араластыру-зарядтау және жеткізу-зарядтау машиналары, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды дайындауға арналған мобильдік және стационарлық қондырғылар;
мемлекеттік қадағалауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен және (немесе) суды қыздыру температурасы 115 Цельсий градустан асатын кезде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары (жылумен жабдықтау ұйымдары) 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен жұмыс істейтін ыдыс, жүк көтеру механиздерін, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштер;
3) өндірістік бақылау – өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдары жүзеге асыратын, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпті өндірістік объектідегі іс-шаралар;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатқа басшылық жасауды және оны салааралық үйлестіруді, әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары – өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген техникалық және әлеуметтік сипаттағы арнайы шарттар.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелеріндегі жүк көтеру механизміне:
1) барлық типтегі жүк көтергіш крандар;
2) электр тальдары мен жүкшығырлар;
3) адамдардың құрал-сайманмен және материалмен бірге биіктікте жүріп-тұруы үшін автомобильдік көтергіштер (мұнаралар);
4) автотиегіштер;
5) электр лифтілері;
6) тельферлер;
7) траверсалар;
8) аспалы крандар;
9) кран-жебесі бар автомобиль және шынжыр табанды техника;
10) іске қосу-зарядтау құрылғылары жатады.
4. Жасаушы әрбір қауіпті техникалық құрылғыны:
1) паспортпен;
2) техникалық сипаттамамен;
3) пайдалану жөніндегі нұсқаумен;
5. Әскери бөлім командирлері жүк көтеру механизмін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдысты ақаусыз жай-күйде ұстайды және қарап-тексеруді, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеу мен куәландыруды ұйымдастыру арқылы пайдаланудың қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етеді. Осы мақсаттарда "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 40-бабының талаптарына сәйкес қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау жүзеге асырылады.
6. Жүк көтеру механизмін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдысты қауіпсіз пайдалану бойынша өндірістік бақылауды ұйымдастыру, сондай-ақ оларды техникалық куәландыруды уақтылы жүргізуді бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығының қазандықтарды қадағалау және көтеру механизмі бөліміне (бұдан әрі – қазандықтарды қадағалау бөлімі) жүктеледі.
2-тарау. Қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануды өндірістік бақылауды ұйымдастыру
7. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінде (бұдан әрі – әскери бөлімдер) қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланудың өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы өндірістік бақылау әскери бөлім командирінің бұйрығы және осы Нұсқаулық негізінде жүзеге асырылады.
8. Әскери бөлімнің қауіпті техникалық құрылғыларын пайдаланудың өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы өндірістік бақылау туралы бұйрықта:
1) қауіпті техникалық құрылғыларға қызмет көрсету және пайдалану үшін оқытылып-үйретілген және аттестатталған жеке құрам (Заңның 79-бабына сәйкес);
2) әскери бөлімнің қауіпті техникалық құрылғыларының техникалық жай-күйі мен пайдаланылуын қадағалау жөніндегі лауазымды адам (бұдан әрі – қадағалау жөніндегі адам);
3) әрбір құрылғының паспортына жазбаны енгізумен, тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күнін және тағайындалған адамдардың қолтаңбаларын көрсете отырып, инженерлік-техникалық құрам қатарынан қауіпті техникалық құрылғылардың ақаусыз жай-күйіне және оларды қауіпсіз пайдалануға жауапты адамдар (бұдан әрі – пайдалануға жауапты адам);
4) жүктердің (жүк көтеру механизмінің) орнын ауыстыру жөніндегі жұмысты қауіпсіз жүргізуге жауапты адамдар (бұдан әрі – жұмыс жетекшілері);
5) Заңның 79-бабының 7-тармағына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік және басшылық құжаттар талаптарын білуін тексеру үшін кемінде үш адамнан тұратын тұрақты әрекеттегі комиссия (бөлім командирі орынбасарының төрағалық етуімен);
6) қауіпті техникалық құрылғыларды ақаусыз жай-күйде ұстауды қамтамасыз ететін профилактикалық қарап-тексеру, жөндеу мен сынау мерзімдері;
7) қызмет көрсететін персоналды оқытып-үйрету және оның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын білуін кезең-кезеңімен тексеру;
8) қауiптi техникалық құрылғыларға техникалық қызмет көрсетудің және оны куәландырудың жоспар-кестесін әзiрлеуге және орындауға жауаптылар;
9) қауiптi техникалық құрылғылардың түрлерi бойынша техникалық куәландыру жөніндегі жұмысты дайындау және жүргiзу үшiн қажеттi мерзімдер, қажеттi үй-жайлар (алаңдар), материалдар, жабдық пен айла-бұйымдар;
10) қауiптi техникалық құрылғыларды пайдалану кезiнде авария мен қайғылы оқиғадан сақтандыру жөнiндегi іс-шаралар;
11) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылауды жүзеге асыратын әскери бөлім лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері айқындалады.
9. Қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануды өндірістік бақылауды сапалы ұйымдастыру, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және куәландыру жөніндегі жұмысты жоспарлау мақсатында әскери бөлімдерде жыл сайын қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық қызмет көрсетудің және куәландырудың жоспар-кестелері әзірленеді, оларда мыналар көзделеді:
1) әскери бөлімнің қауіпті техникалық құрылғыларының өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізу;
2) жоғары қысымды бу қазандығын ішкі қарап-тексеру және жұмыс қысымымен гидравликалық сынау – ішкі жылыту қабаттарын немесе қазандық элементтерін әрбір тазалағаннан кейін;
3) қазандыққа және қосалқы жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу – жасаушы зауыт көздеген мерзімдерде, бірақ жылына бір реттен сиретпей;
4) жұмыс күйіндегі қазандықты кезеңдік қарап-тексеру – айына бір рет;
5) қазандықты бастапқы және кезеңдік техникалық куәландыру (монтаждаудан кейінгі ішкі қарап-тексеру және одан әрі – төрт жылда бір рет);
6) монтаждаудан кейін сынау қысымымен қазандықты гидравликалық сынау және одан әрі – сегіз жылда бір рет;
7) жұмыс күйінде қысыммен жұмыс істейтін ыдысты кезеңдік қарап-тексеру – екі айда бір рет;
8) тат баспайтын ортада жұмыс істейтін ыдысты ішкі қарап-тексеру төрт жылда бір рет, ал металды таттандыратын ортада – екі жылда бір рет жүргізіледі;
9) жоғары қысымды ыдысты бастапқы және кезеңдік техникалық куәландыру (жұмысқа іске қосар алдында ішкі қарап-тексеру және одан әрі – төрт жылда бір рет, жұмысқа іске қосар алдында сынау қысымымен гидравликалық сынау және одан әрі – сегіз жылда бір рет);
10) ыдысқа қызмет көрсету және жөндеу – жылына бір реттен сиретпей;
11) жоғары қысымды баллондардың техникалық жай-күйін, сақтау шарттарын, толтырылуын, тасымалдануын, куәландырылуын және пайдаланылуын кезеңдік тексеру – екі айда бір реттен сиретпей;
12) сынау пункттерінде баллондарды куәландыру – баллондардың паспорттарында көрсетiлген мерзiмдерде, бiрақ "Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі № 10303 болып тіркелген) көрсетілген мерзiмдерден сиретпей (бұдан әрі – Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары);
13) толық техникалық куәландыру – лифтіні орнату және реконструкциялау кезінде, пайдалануға берілгенге дейін;
14) лифтілер мен көтергiштердi кезеңдік техникалық куәландыру – жылына бiр реттен сиретпей;
15) лифтілер мен көтергiштердi ішінара техникалық куәландыру – жаңадан орнатылған және жөнделген элементтердi ауыстыру жөніндегі жұмысты жүргізгеннен кейiн;
16) лифтілер мен көтергiштердiң қорғаныш және бұғаттаушы құрылғыларының жұмысын тексеру – алты айда бiр рет;
17) жүк көтеру механизмін кезеңдік қарап-тексеру – айына бiр рет;
18) жүк көтеру механизмін ішінара куәландыру – жылына бір рет;
19) толық техникалық куәландырудан бес жылда бір рет кезеңділігімен өтетін сирек пайдаланылатын дөңгелекті және шынжыр табанды базадағы жүк көтеру механизмін, іске қосу-зарядтау құрылғыларын қоспағанда, жүк көтеру механизмін толық техникалық куәландыру – үш жылда бір рет;
20) жүк көтеру механизміне техникалық қызмет көрсету – жасаушы зауыттың нұсқаулығында және "Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі № 10332 болып тіркелген) көзделген мерзiмдерде (бұдан әрі – Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары);
21) электр жабдығының, электр сымының оқшаулау кедергісін, жерге түйістіру контурының кедергiсiн өлшеу – көпiр, тіреуіш крандар, аспалы крандар, электр тальдары үшiн жылына бiр рет;
22) сыртқы қарап-тексеру, бу және ыстық су құбырларының арматурасы мен металл конструкциясын жөндеу – жылына бір реттен сиретпей;
23) бу және ыстық су құбырларын техникалық куәландыру – үш жылда бір реттен сиретпей;
24) бу және ыстық су құбырларын сыртқы қарап-тексеру және гидравликалық сынау – ол екі жылдан астам уақыт сақтауда болғаннан кейін монтаждаған, дәнекерлеуді қолданумен жөндеген соң пайдалануға беру алдында;
25) қауіпті техникалық құрылғыларға қызмет көрсету (жөндеу) үшін техникалық шарттардың орындалуын (цехтың технологиялық және техникалық мүмкіндігін, сынау пунктін) тексеру – екі айда бір реттен сиретпей. Баллондарды сынау пункті жабдығының, айла-бұйымының, құрылғылары мен құжаттарының тізбесі осы Нұсқаулыққа 1-қосымшада көрсетілген;
26) өлшеу техникасының зертханасында бақылау-өлшеу аспаптарын тексеру – жылына бір реттен сиретпей;
27) барокамераны сыртқы қарап-тексеру, қолдануда тексеру, қызмет көрсету – жылына бір реттен сиретпей;
28) барокамераны техникалық куәландыру – екі жылда бір реттен сиретпей.
10. Әскери бөлімдер жыл сайын 30 қарашаға дейін талдау жүргізеді және қауіпті техникалық құрылғыларды күтіп-ұстау, пайдалану және оларды есепке алу жөніндегі өзгерістер туралы жеткізілімдерді осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазандықтарды қадағалау бөліміне жолдайды.
3-тарау. Жүк көтеру механизмін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдысты пайдалануды ұйымдастыру
11. Қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалану, техникалық қызмет көрсету, техникалық куәландыру өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлауға, қайта даярлауға аттестатталған оқу ұйымдарында оқыған мамандар жүргізеді.
12. Қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын мамандарды, сондай-ақ қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз күтіп-ұстауға және пайдалануға жауапты лауазымды адамдарды даярлауды, қайта даярлауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің командирлеріне және мекемелерінің бастықтарына жүктеледі.
Әскери бөлімдерде өнеркәсіптік қауіпсіздік пен басшылық құжаттардың талаптарын білуін тексеру қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалану кезінде төтенше оқиғалардың туындау тәуекелдерін төмендету үшін жылына екі рет мамыр және қараша айында (қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы және қысқы пайдалану кезеңіне ауыстыру кезінде) тұрақты әрекеттегі комиссия жүзеге асырады.
Білімді тексеру нәтижесі хаттамамен ресімделеді. Білімді тексеру хаттамасы білімді кезекті тексеруге дейін сақталады.
Әскери бөлімнің тұрақты әрекеттегі емтихан комиссиясының мүшелері, техникалық басшылар, инженерлік-техникалық мамандар (жартылай техникалық куәландыруды жүзеге асыратын), қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалануға жауапты лауазымды адамдар үш жылда бір рет өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлауға, қайта даярлауға құқық беретін аттестаты бар аттестатталған ұйымдарда (оқу орталығы, оқу ұйымы) оқиды.
Қауіпті техникалық құрылғыларды тікелей пайдаланатын мамандар жыл сайын оқиды.
Барлық техникалық басшылар, инженерлік-техникалық мамандар, қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалануға жауапты лауазымды адамдар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмысты орындау құқығына куәліктерінің мерзімі өткен техникалық құрылғыларды пайдаланатын мамандар, сондай-ақ:
1) егер жаңа міндеттер лауазымды адамнан немесе маманнан өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша қосымша білімін талап етсе, лауазымға тағайындау немесе басқа жұмысқа ауыстыру кезінде;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзған кезде;
3) жаңа қондырғыларды пайдалануға берген немесе жаңа технологиялық процестерді енгізген кезде қайта даярлауға жатады.
Даярлау, қайта даярлау күндізгі оқу нысанын жүргізу және одан әрі білімін тексеру (емтихан) жолымен жүзеге асырылады.
Емтихан тапсырған адамдарға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген бірыңғай үлгідегі куәлік беріледі.
Емтихан тапсыра алмаған адамдар бір айдан кешіктірілмеген мерзімде білімін қайта тексереді.
Емтиханды қайта тапсыра алмаған адамдар қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануға жіберілмейді.
13. Заңның 73-бабының талаптарына сәйкес қауіпті техникалық құрылғылар өнеркәсіптік қауіпсіздікті сараптауға жатады.
14. Жүк көтеру механизмі мен лифттерді пайдалану кезінде:
1) жүк көтеру механизмін пайдалануға жарамды қосалқы жүк қармауыш тетігімен және айла-бұйыммен қамтамасыз ету;
2) осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес жүк көтеру механизмін бақылау жүктерімен тексеру және техникалық куәландыру үшін алаңдарды жабдықтау (бір гарнизонда бір алаңды жабдықтауға рұқсат етіледі);
3) электрлік токпен зақымдаудан қорғауды қамтамасыз ететін құралдарды (резеңке кілемшелер, диэлектрлік қолғаптар, электрлік ток соғудан қорғау автоматтары) тексеру мен сынауды ұйымдастыру қажет.
Жүк көтеру механизмінде жұмысты тек рұқсат-наряд бойынша және жеке құрамға қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқау бергеннен кейін жүзеге асырылады.
15. Қазандықты пайдалану кезінде:
1) жасаушы зауыттың (мамандандырылған ұйымның) ұсынымдарын ескере отырып, үрлеудің, құнарлы судың нормасы мен сапасын, тазалауға және жууға қазандықтарды тоқтату мерзімін көрсетумен режимдік карталарды әзірлеу;
2) ауысым инженерлерді (тиісті біліктілігі бар лауазымды адамдар) тағайындау;
3) Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес қазандықтардың ақаусыз жай-күйіне және қауіпсіз пайдаланылуын қадағалауды жүзеге асыратын адамдар үшін технологиялық регламент әзірлеу және бекіту қажет.
16. Жоғары қысымды ыдыстарды пайдалану кезінде:
1) ыдысты жарамды жай-күйде ұстауды және оларды қауіпсіз сақтау жағдайларын қамтамасыз ету;
2) сапалы және уақтылы техникалық қызмет көрсету және техникалық куәландыруды жүргізуді қамтамасыз ету;
3) қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес ыдыстың ақаусыз жай-күйіне және қауіпсіз пайдалануын қадағалауды жүзеге асыратын адамдар үшін технологиялық регламентті әзірлеу және бекіту қажет.
17. Адамның өмірі мен денсаулығына қатер төнген, ақаулықтар немесе қысыммен жұмыс істейтін жүк көтеру механизмдерінің, қазандықтар мен ыдыстың апаттық жай-күйі, сондай-ақ осы Нұсқаулыққа 4-қосымшада көзделген жағдайлар туындаған кезде әскери бөлімнің лауазымды адамдары қауіпті техникалық құрылғылардың жұмысын дереу тоқтатады.
4-тарау. Жүк көтеру механизмін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдысты есепке алу және есептен шығару
18. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу, есептен шығару "Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке аул және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 485 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі № 24574 болып тіркелген) 3-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
19. Қысыммен жұмыс істейтін барлық жүк көтеру механизмі мен ыдыс санаттар бойынша жеке осы Нұсқаулыққа 5, 6-қосымшаларға сәйкес әскери бөлімдерде есепке алынуға тиіс.
20. Әскери бөлімдерде пайдаланылатын барлық қазандықтар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдерінде есепке алуға жатады (осы Нұсқаулыққа 7-қосымша).
Одан басқа, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдерінде есепте тұрған бу қазандықтары (оларда жұмыс қысымы 100 градус, ал қазандықтың су көлемі 5 текше метр кезінде қаныққан бу температурасы) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарына тіркеуге жатады.
21. Қауіпті техникалық құрылғыны есепке алу, есептен шығару үшін қауіпті техникалық қондырғыны пайдаланатын ұйым басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органға өтініш береді.
22. Жүк көтеру механизмін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдысты есепке қойғаннан (тіркегеннен) кейін паспортта (формулярда) мынадай ақпарат:
1) есептік (тіркеу) нөмірі;
2) техникалық куәландыру нәтижесі көрсетіледі.
23. Әскери бөлiм осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды қауіпсіз пайдалануға бақылауды жүзеге асыру үшін қауiптi техникалық құрылғылар туралы (оның ішінде барлық өзгерістер бойынша) мәліметтерді қазандықтарды қадағалау бөліміне жолдайды.
5-тарау. Қауіпті техникалық құрылғыларды техникалық куәландыруды ұйымдастыру
24. Жасаушы зауыттың пайдалану жөніндегі нұсқаулығының талаптарына сәйкес, сондай-ақ Жүк көтеру механизмін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының, Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының, "Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 360 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі 2015 жылғы 13 ақпанда № 10251 болып тіркелген) талаптарына сәйкес әрбір жүк көтеру механизмі, қысыммен жұмыс істейтін қазандық пен ыдыс техникалық куәландыруға:
1) бастапқы – пайдалануға беру алдында;
2) кезеңдік – пайдалану процесінде;
3) кезектен тыс (мерзімінен бұрын) – жөндеуден кейін тартылады.
25. Арсеналдарда, базалар мен қоймаларда жұмсалмайтын қорда сақтауда тұрған қауіпті техникалық құрылғылар, егер жасаушы зауытты пайдалану жөніндегі нұсқаулықта қосымша талаптар болмаса, сақтау процесінде мерзімді техникалық куәландыруға тартылмайды.
26. Қауiптi техникалық құрылғыны техникалық куәландыру:
1) қауіпті техникалық құрылғының өзінің паспорттық деректеріне сәйкес келуін;
2) оның қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қауіпті техникалық құрылғының ақаусыздығын;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына қауіпті техникалық құрылғыны қауіпсіз пайдалануды ұйымдастырудың сәйкес келуін белгілейді.
27. Жасаушы зауыттың пайдалану жөніндегі нұсқаулығында қауіпті техникалық құрылғыға техникалық куәландыруді жүргізу тәртібі болмаған кезде техникалық куәландыру Жүк көтеру механизмін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының, Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының және Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
28. Қауіпті техникалық құрылғыны пайдалануға беру алдында техникалық куәландыру, мерзімді және кезектен тыс техникалық куәландыру Жүк көтеру механизмін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының, Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының және Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
29. Баллонды, ыдысты техникалық куәландыру Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының және Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес баллонды, ыдысты сынау пунктінде жүргізіледі. Баллонды, ыдысты техникалық куәландыру нәтижесі осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баллонды сынауды есепке алу журналында жазылады.
30. Паспортта көрсетілген техникалық куәландырудың белгіленген мерзімі болған кезде қауіпті техникалық құрылғыны пайдалануға жол берілмейді. Белгіленген қызмет мерзімдерінің, техникалық куәландыру мерзімдерінің өтуін қоса алғанда, қауіпті техникалық құрылғыны пайдаланудан шығарудың барлық жағдайлары, оны жөндеу, тіркеуден алу, сақтауға қою әскери бөлім командирінің бұйрығымен жүзеге асырылады.
31. Қауіпті техникалық құрылғы, егер:
1) оны қауіпсіз пайдалануға ықпал ететін қауіпті ақаулар немесе зақымдаулар болмаса;
2) жұмыс жүргізу үшін техникалық куәландыру құралдары бар және ақаусыз жай-күйде болса;
3) қажетті шығыс материалдары дайындалса;
4) қауіпті техникалық құрылғыларға қызмет көрсететін аттестатталған жеке құрамның (есептоптар, экипаждар нөмірлері) болуын растайтын құжаттар болса, техникалық куәландыруға дайын болып саналады.
32. Қауіпті техникалық құрылғыға техникалық куәландыру жүргізу кезінде пайдалануға жауапты адам қатысады.
33. Әскери бөлімдер мен мекемелердегі қауіпті техникалық құрылғыларды ішінара техникалық куәландыруды осы жұмыс түрін орындауға құқық беретін куәлігі бар мамандар жүргізеді.
Куәлікті өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында даярлаудан, қайта даярлаудан өткен мамандарға аттестатталған ұйымдар (оқу орталығы, оқу ұйымы) береді (Заңның 79-бабына сәйкес).
Куәліктер Қазақстан Республикасының аумағында олардағы көрсетілген мерзім кезеңіне жарамды.
34. Әскери бөлімдер мен мекемелердегі қауіпті техникалық құрылғыларды толық техникалық куәландыруды тапсырыс беруші ұйымға тәуелсіз, аттестатталған ұйымдардың мамандары, тапсырыс беруші ұйымның қаражаты есебінен жүргізеді.
35. Қауіпті техникалық құрылғы бекітіліп берілген лауазымды адам техникалық куәландыру кезінде жұмыс жетекшісі болып табылады. Жұмыс жетекшісі Жүк көтеру механизмдерін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының, Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының, Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес қызмет көрсету персоналының технологиялық операцияларды орындауын және қауіпті техникалық құрылғыны техникалық куәландыру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды ұйымдастырады.
36. Техникалық куәландыру процесінде қауіпті техникалық құрылғыда ақаулық нормаларынан шығатын ақаулар анықталған немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бұзылған кезде қадағалау жөніндегі адам әскери бөлім командиріне қауіпті техникалық құрылғыны пайдалануды тоқтата тұру туралы баяндайды.
37. Қауіпті техникалық құрылғыны техникалық куәландыруды қару-жарақ пен әскери техникаға (бұдан әрі – ҚӘТ) жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді және оны жөндеуді жүргізумен үйлестіру мақсатқа сәйкес. Қауіпті техникалық құрылғыны техникалық куәландыруға қажеттілік жауынгерлік даярлық жоспарларын ескере отырып, ҚӘТ-ны пайдаланудың перспективалық, жылдық және айлық жоспарларында жоспарланады.
38. Техникалық куәландыру материалдары қауіпті техникалық құрылғының паспортына (формулярына) қоса беріледі. Егер қауіпті техникалық құрылғы әскери бөлімге жөндеуден кейін жүргізілген толық техникалық куәландырумен келіп түссе, онда қауіпті техникалық құрылғы пайдалануға берілгенге дейін техникалық куәландыру жөніндегі маман қауіпті техникалық құрылғыны механизмдердің, жабдықтың және қауіпсіздік аспаптарының жұмыс істеуін тексереді және бақылау тексеру нәтижесін қауіпті техникалық құрылғының паспортына жазады.
39. Арсеналдарда, базаларда, қоймаларда жұмсалмайтын қорда сақтауда тұрғандардан алынған қауіпті техникалық құрылғылар пайдалануға берілгенге дейін кезектен тыс техникалық куәландыруға жатады.
40. Техникалық куәландыруды жүргізген маман қауіпті техникалық құрылғының паспортына (формулярына) қауіпті техникалық құрылғыны техникалық куәландыру нәтижесі, рұқсат етілген техникалық сипаттамамен және жұмыс параметрімен оны одан әрі пайдалану мүмкіндігі, кезекті техникалық куәландыру мерзімі, анықталған ақаулар және техникалық талаптарды бұзушылықтар туралы жазба жасайды.
41. Белгіленген мерзімі өткен қауіпті техникалық құрылғыларды қолдану мерзімін ұзартуды Жүк көтеру механизмін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында, Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында және Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында белгіленген тәртіппен осы қызмет түрімен айналысуға құқығы бар аттестатталған ұйымның мамандары жүзеге асырады.
42. Қауiптi техникалық құрылғыларды техникалық куәландыру қорытындысы бойынша әскери бөлiмнiң қадағалау жөнiндегi лауазымды адамы осы Нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауiптi техникалық құрылғыларды куәландыруды және қарап-тексеруді есепке алу журналында жазба жасайды және осы Нұсқаулықтың 10-тармағына сәйкес қазандықтарды қадағалау бөліміне жеткізілімді жолдайды.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (жүк көтеру механизмін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдысты) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша |
Баллондарды сынау пункті жабдығының, айла-бұйымының, құрылғылары мен құжаттарының тізбесі
Р/с № | Атауы | Саны | Ескертпе |
1 | Гидравликалық нығыздағыш (сорғы) | 1-2 | |
2 | Баллондарды сынау орнының биіктігі кемінде 2 метр металл қоршауы | 1 |
Қалыңдығы кемінде |
3 | Құрал-сайман мен керек-жараққа арналған шкаф | 1 | |
4 | Пневмосынақтар үшін (су құйылған ыдысқа батыру арқылы герметикалылыққа тексеру бойынша жұмысты жүргізу үшін ғана) ауа өткізілген суы бар ыдыс (металл ванна) | 1 | |
5 | Шұраларды бұрауға арналған станок (тұғыр) | 1 | |
6 | Баллондардың ішкі қабатын тазалауға арналған станок (тұғыр) | 1 | |
7 | Слесарьлық шеберүстел | 1 | |
8 | Сынақтан өткізілген және сынақтан өткізілуге тиіс баллондарға арналған сөрелер (немесе тік қалпында сақтаған кезде баллондардың құлауын болдырмайтын құрылғылармен жабдықталған орындар) | 1 | |
9 | 100 граммға дейін өлшеу дәлдігімен 150 килограммға арналған таразы | 1 | |
10 | Куәландыру жүргізу кезінде баллондарды (арбалар, қармаулар, ілмектер) тасымалдауға арналған айла-бұйымдар (құрылғылар) | Бір уақытта сыналатын баллондар саны бойынша | |
11 | Баллондардың ішін қарап-тексеру үшін 12 Вольт тасымалданатын лампа | 1 | |
12 | Пневмошлангілер (металл түтіктер) және сыналатын баллондарды гидронығыздағышқа қосуға арналған ауыстырғыштар | 1 жиынтық | |
13 | Баллондарды жуу және оларды сумен толтыру үшін ұштықтары бар резеңке шлангілер | 1 | |
14 | Слесарьлық құрал-сайман жинағы (сомын және газ кілттері, балға, қашау, крейцмейсель) | 1 жиынтық | |
15 | Ұзындығы 1500 миллиметр өлшеу сызғышы | 1 | |
16 |
Белгілер жинағы: |
2-3 | |
17 | Биіктігі 6 және 8 миллиметр болат цифрлар жинағы | 1-2 жиынтықтан | |
18 | Дәлдік сыныбы 1,5 бақылау манометрі | 2 | |
19 | Қосындыларды тығыздау үшін төсемелер жинағы | 1 | |
20 | Баллондарды сынауды есепке алу журналы | 1 | осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі |
21 | Сынау пунктінде қауіпті техникалық құрылғыларды куәландыру құқығына жазбаша рұқсат қағазы | 1 | |
22 | Баллондарды сынау кезінде қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық | 1 |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (жүк көтеру механизмін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдысты) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығының бастығына _______________________________________________ Астана қаласы, Манас көшесі, 15-үй ________ жағдай бойынша 20 __ жылғы 00000 әскери бөлімінің қауіпті техникалық құрылғыларын техникалық куәландыру қорытындысы бойынша жеткізілім
Р/с | Қазандықтарды қадағалау объектілерінің атауы | Жалпы саны | Техникалық куәландыру | Объектілер саны | ||||
Ішкі қарап-тексеру (ішінара куәландыру) | Толық куәландыру | Техникалық куәландыру мерзімі өткен |
Есепті жылда пайдалану | |||||
Жоспар бойынша | Нақты орындалғаны | Жоспар бойынша | Нақты орындалғаны | |||||
1 | Қазандықтар (су жылыту, бу) | |||||||
2 | Ыдыс | |||||||
3 | Жүк көтеру механизмі | |||||||
4 | Лифтілер | |||||||
5 | Баллондар | |||||||
6 | Баллондарды толтыру және сынау станциялары (пункттері) | |||||||
Жиыны |
00000 әскери бөлімінің қауіпті техникалық құрылғыларын қауіпсіз пайдалануды қадағалау бойынша жауапты ______________________________________________________ (әскери атағы, тегі мен инициалдары, қолы) 00000 әскери бөлімі командирінің қару-жарақ жөніндегі (МТҚ жөніндегі) орынбасары _______________________________________________________ (әскери атағы, тегі мен инициалдары, қолы)
Ескертпе: жеткізілімге еркін нысандағы қысқаша түсіндірме жазба қоса беріледі.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (жүк көтеру механизмін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдысты) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша |
Өздігінен жүретін жүк көтергіш (көпірліктен, тіреуден және мұнаралықтан басқа) крандарды техникалық куәландыруды жүргізуге арналған алаңның техникалық сипаттамасы
1. Өздігінен жүретін жүк көтергіш крандарды техникалық куәландыруды жүргізуге арналған алаң мынадай талаптарға сүйене отырып жабдықталады:
1) алаңның ауданы техниканың еркін кіруін және шығуын қамтамасыз етуге тиіс;
2) алаңның жабыны қатты болуға (бетондалған, асфальтталған, қиыршық-құмтасты), еңісі 3 градус аспауға тиіс;
3) жаңбыр және еріген суға арналған суағарлардың бар болуы;
4) алаңда крандарды куәландыру жөніндегі жұмыс жүргізілмейтін кезеңде алаңға әртүрлі көлік құралдарының кіру мүмкіндігін болдырмайтын периметр бойынша қоршау.
2. Алаңның жабдықталуы:
1) әскери бөлімде бар барлық автомобиль крандарын сынауды қамтамасыз ететін крандарды статикалық және динамикалық сынауға арналған жүк жинағы.
Мынадай жүк жинағы болуға тиіс: 25 килограмм – 1 дана; 50 килограмм – 1 дана; 100 килограмм – 1 дана; 250 килограмм – 1 дана; 500 килограмм – 1 дана; 750 килограмм – 1 дана; 1000 килограмм – 1 дана; 2500 килограмм – 2 дана; 5000 килограмм – 2 дана; 10 000 килограмм – 1 дана. Жүктің оларды тиеу мүмкіндігіне арналған айла-бұйымы болуға тиіс;
2) жүкті жиынтықтауға, оларды бекітуге және стандартты төрт тармақты арқанның көмегімен жүк көтергіш машинаның ілмегіне ілуге арналған рама;
3) крандардың шығарылатын тіректерінің астына төсемелер жинағы;
4) төрт және екі тармақты арқан – 2 дана;
5) қауіпсіздік техникасы жөніндегі, статикалық және динамикалық сынау тәртібі, тежегіштер мен қауіпсіздік аспаптарын тексеру туралы нұсқаулықтары, жүкті тиеу, белгілік дабылдама бейнеленген схемалары, арқандарды ақаулы деп тану нормалары бар металл қалқандар.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (жүк көтеру механизмін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдысты) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша |
Жүк көтеру механизмінің, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстың жұмыс істеуіне жол берілмейтін және тоқтатылуға тиіс ақаулықтар мен жағдайлар тізбесі
1. Жүк көтергіш машиналар үшін:
1) жүк көтергіш машина өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесінде және қазандықты қадағалау жөніндегі бөлімде тіркелмеген;
2) талап етілетін техникалық құжаттама жоқ;
3) жүк көтергіш машинаны аттестатталмаған кран жүргізушілер, тиеушілер пайдалануда, сондай-ақ қауіпсіз іс-қимылға жауапты адамдар немесе жүкті қауіпсіз тасымалдау бойынша жұмыс жетекшілері тағайындалмаған жағдайда;
4) жүк көтергiш машинаның техникалық жай-күйiне қадағалаудың болмауын куәландыратын көптеген ақаулықтар;
5) жебелі немесе жүк арқанының жібі үзілген, Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының "болат арқандарды ақаулы деп тану нормаларында" көрсетілген шамадан асатын жергілікті бүліну, таттану немесе сымның үзілуі бар;
6) жебе, жүк көтеру және бұру механизмінің тежегіш бөлшектері зақымдалған, тежегіш шкивтеріне май құйылады;
7) кранның металл конструкциясы мен механизмінде жарықтар, майысу мен сыну анықталған;
8) жүкті, жебені көтеру механизмі мен көтеру шектегіші жоқ немесе ақаулы;
9) қосымша тіректері зақымдалған немесе жиынтықталмаған, мұнаралы және теміржол крандарының рельстік қармағыштары мен автомобильдік крандардың тұрақтандырғыштары зақымдалған немесе жоқ;
10) қауіпсіздік аспаптары мен сигналдық аспаптар жоқ немесе ақаулы;
11) кранның жұмыс орындары жеткілікті жарықтандырылмаған, қардың қалың жаууы немесе тұман, сондай-ақ машинист тиеушінің сигналдарын немесе тасымалданатын жүкті нашар ажыратады;
12) алынбалы-салынбалы жүк қармағыш айла-бұйым (шынжырлы арқандар, тізбектер, траверсалар, арқандар, ыдыс) ақаулы және олардың бирка-таңбасы жоқ;
13) сигнал берушілер жоқ (қызмет көрсету аймағы кабинадан толық байқалмайтын және бұл ретте машинист пен тиеуші немесе ілуші арасында қандай да бір байланыс болмайтын жағдайлар үшін);
14) жебелі крандарда теңестіру салмағының немесе балласттың жетіспеушілігі;
15) механизмді және электр жабдығының ашық ток жүргізу бөліктерін қоршаудың болмауы;
16) жебені ілу элементтерінде (сырғаларда, тартқыштарда) сіргелер жоқ, арқандарды бекіту немесе бекітуді босаңсыту орындарында қысқыштардың қажетті саны жоқ;
17) артқы ілмектің алдыңғы бөлігі мен сыртқы бөлігінде жарықтар мен қылшықтар бар, сондай-ақ ілмектегі тұйықтау құрылғысының ақаулығы;
18) найзағай басталса, жылдамдығы кранның жұмыс істеуі кезінде жол берілетін шамадан асатын қатты жел пайда болса; бұл ретте кранның желмен ұшыруының алдын алу бойынша жасаушы зауыттың нұсқаулығындағы нұсқауды орындау қажет;
19) барынша жоғары ток немесе жылу қорғанышы жиі іске қосылады, сондай-ақ сақтандырғыштардың балқымалы жапсырмасы күйіп кетеді;
20) электр сымын оқшаулау кедергісін, электр қозғалтқыштарының орамдарын және дұрыс орналастырылмаған, бірақ электр тогының кернеуі астында болуы мүмкін электр жабдығының металл бөлшектерін жерге түйістіру кедергісін тексеру мерзімі аяқталған;
21) жүк полиспастының арқандары бұралған;
22) кранды бұрған кезде теңестіру салмағы ғимараттың, орманның және басқа да құрылыстардың шығыңқы бөліктеріне тиіп кетуі мүмкін;
23) кранасты жол отыра бастады.
Басқа да жағдайларда немесе кранның қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етпейтін ақаулықтар болған кезде кранның жұмыс істеуіне жол берілмейді немесе оның жұмысы тоқтатылады (габариттердің жетіспеушілігі, кранның электр берілісі желісінің, еңістер мен жыралардың жанында жұмыс істеуі кезінде нормаларды, разрядтау жүгін тасымалдау тәртібі жөніндегі қағидалардың талаптарын сақтамау).
2. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыс үшін:
1) қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген барлық талаптардың сақталуына қарамастан, қысымның рұқсат етілгеннен жоғары көтерілуі;
2) сақтандырғыш клапандардың ақаулығы бар, ыдыстың бетінде жол берілмейтін таттану мен ойықтар анықталған;
3) тойтарыла байланысқан жерлерде ағу мен төсемдердің үзілуі пайда болды;
4) кемшіліктерді, ақаулықтарды жоюға нұсқамалар орындалмаған;
5) ақаулы манометрлер орнатылған;
6) қақпақтар мен люктердің бекітпе бөлшектерінің толық емес саны немесе олардың ақаулығы анықталған;
7) қысыммен тұрған ыдыстың өртену қатері бар;
8) оқытылып-үйретілген және аттестатталған қызмет көрсетуші персонал жоқ;
9) ыдыстың бетінде жарықтар, тесіктер, жол берілмейтін таттану, дөңестер мен ойықтар, сондай-ақ дәнекерлеу жіктерінде ақаулар анықталған.
3. Цистерналар мен бөшкелер үшін:
1) белгіленген немесе кезекті куәландыру мерзімі аяқталған;
2) корпусы немесе түбі зақымдалған (жарықтар, нысанның байқалатындай өзгеруі, қатты таттануы, тесіктердің болуы);
3) цистернаның паспорты немесе цистерналар мен бөшкелерде белгіленген таңбалар мен жазулар жоқ;
4) қажетті арматура жоқ немесе ақаулы, герметикалылығы бұзылған;
5) тиісті бояуы жоқ;
6) цистерналар мен бөшкелер ол үшін арналмаған басқа газбен толтырылған немесе цистерналар мен бөшкелер бөгде заттармен немесе нәрсемен ластанған;
7) цистернаның жүріс бөлігі ақаулы;
8) цистернаны немесе бөшкені толтыру кезінде газдың ағуы анықталған;
9) оқытылып-үйретілген және аттестатталған қызмет көрсетуші персонал жоқ.
4. Сығылған, сұйытылған және ерітілген газы бар баллондар үшін:
1) кезеңдік куәландыру мерзiмi аяқталған;
2) баллонның цилиндр бөлігіне таңба түсірілген немесе ол жоқ;
3) баллондарға бөлім командирінің бұйрығымен тағайындалмаған адамдар қызмет көрсетеді;
4) шұралар ақаулы;
5) корпус зақымдалған: жарықтар, шырмаулар, ойықтар, майысу, тесіктер, баллонның цилиндр бөлігі майысқан, баллон қабырғасының номиналды қалыңдығының 10 %-інен астам тереңдікте ойықтар мен тәуекел, қылта мойын бұрандасында тесіктер мен кертіктер бар;
6) тіректер зақымдалған, қисық немесе нашар орнатылған;
7) баллонның қылта мойнына шығыршық тығыз орнатылмаған;
8) бояу мен жазулар қазандықты қадағалау қағидаларының талаптарына сәйкес келмейді.
5. Лифтілер үшін:
1) белгіленген техникалық куәландыру мерзімі аяқталған;
2) шахта қоршауы зақымдалған;
3) шахта есіктерінің құлыптары, сондай-ақ шахта мен кабина есіктерінің түйісуі, шеткі ажыратқыштар, арналы түйіспелер, арқандарды және басқа да сақтандырғыш бұғаттағыш құрылғыларды босаңсыту үшін түйіспелер жоқ немесе ақаулы;
4) шахтада кабина есіктері жағынан көлемі қағидаларға сәйкес келмейтін қуыстар мен текшелер бар;
5) жолаушылар лифтілері шахтасы есіктерінің төменгі бөлігінде кабинаның жылжымалы едені бар қапсырмалар жоқ;
6) сигналдық шам күйіп кетті;
7) жарық беретін және дыбыстық дабылдама ақаулы;
8) сым мен аппаратураны оқшаулау кедергісі төмендеген;
9) кабинаның өздігінен қозғалу жағдайы байқалады;
10) оқытылып-үйретілген және аттестатталған электромеханиктер мен лифтшілер жоқ;
11) арқандар белгіленген нормадан артық пайдаланған;
12) кабина бағытталған қабатта автоматты түрде тоқтамайды;
13) лифт шахтаның ашық есігімен іске қосылған кезде кабина қозғалады, ал кабинада адамдар болған кезде – кабинаның ашық есігімен қозғалады;
14) лифт статикалық және динамикалық сынаудан өтпеген;
15) машина үй-жайында, шахтада және кабинада, сондай-ақ шахта есігінің алдындағы алаңда жарық жоқ;
16) қадағалау және қызмет көрсету үшін қажетті оқытылып-үйретілген және аттестатталған қызмет көрсетуші персонал жоқ;
17) жылжымалы едені бар лифтілерде кабинада жолаушылар болған кезде, сондай-ақ шахтаның есігі жабылмаған жағдайда барлық жолаушылар кабинадан шыққан кезде сигналдық шам сөнеді;
18) осы қабатта кабина болмаған кезде шахта есігі сыртынан ашылады;
19) лифт сымының немесе электр аппаратурасының электр оқшаулауының нашар жай-күйі анықталған ("ток соғады"), лифтінің металл бөліктерімен жанасу кезінде оқшаулаудың жанған иісі сезіледі;
20) ТОҚТА батырмасы ақаулы;
21) лифтінің басқа да ақаулықтары (ерекше шу, тарсыл, сықыр, кабинаның қозғалуы уақытында жұлқу немесе соғу, арқанның үзілуі, бағыттаушылардан теңестіру салмағының шығуы, кабинаның қабат алаңдарына дәл тоқтамауы) байқалған.
6. Қазандықтар үшін:
1) кезекті техникалық куәландыру мерзімі аяқталған, сондай-ақ оқытылып-үйретілген және аттестатталған персонал жоқ;
2) қайнату және экрандық құбырлардың жарылуы бар;
3) барлық қуаттандыру құрылғылары ақаулы немесе жұмыс істемейді;
4) су көрсеткіш әйнектердің екеуі де ақаулы немесе істен шыққан;
5) сақтандырғыш клапанның ең болмаса біреуінің ақаулығы немесе істен шығуы анықталған;
6) бу құбыры немесе ондағы арматура зақымдалған;
7) манометр ақаулы және оны ауыстыру мүмкіндігі жоқ;
8) қазаннан су аққан;
9) қазан қуатын күшейтуге қарамастан, су деңгейі тез төмендеген;
10) су деңгейі су көрсеткіш аспаптың (әйнектің) ең жоғары көрінетін жиегінен жоғары көтерілген және оны үрлеу арқылы төмендету мүмкіндігі жоқ;
11) тартуды, үрлеуді азайтуға және қазан қуатын күшейтуге қарамастан, қазандықтағы қысым қалыптыдан жоғары көтерілген және көтерілу жалғасқан;
12) бақылау тығындары балқыған;
13) қаптамада опырылу қатері бар жарықтар бар;
14) газ жолдарындағы бөліну мен күйе жанған;
15) қазандық жұмысында ерекше шу, соққылар, тарсыл байқалған;
16) қазандыққа өрт қаупі төнген;
17) қазанның негізгі элементтерінде (барабанда, коллекторда, камерада, қыздыру құбырында, жану қорабында, от жанатын мойын қаптамасында, құбыр торында, сыртқы сепараторда, бу құбырында) жарықтар, қаңсу, ағу және олардың дәнекерленген жіктерінде шығару анықталған, екі немесе одан артық қатар тұрған байланысқан жерлер үзілген;
18) жасанды тарту кезінде электр энергиясын беру тоқтатылған, сондай-ақ қызмет көрсететін персонал үшін қауіп тудыратын немесе қазанның жарылу қатерін төндіретін қазан элементтері мен оның қаптамалары зақымдалған.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (жүк көтеру механизмін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдысты) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 5-қосымша |
Жүк көтеру механизмдерін есепке алу журналы _______________________________ (әскери бөлімнің атауы)
Тіркеу нөмірі | Объект туралы мәлімет | Зауыттық құжаттамаға сәйкес техникалық куәландыру (ТК) кезеңділігі (жылдармен) | Жүргізілген техникалық куәландыру айы мен жылы және тағайындалған мерзімі | ||||||||||||
1. Агрегат индексі. | ІТК | ТТК | ІТК | ТТК | ІТК | ТТК | ІТК | ТТК | |||||||
Ішінара | Толық | Ішінара | Толық | жүргізілген | тағайындалған | жүргізілген | тағайындалған | жүргізілген | тағайындалған | жүргізілген | тағайындалған | ||||
Толтыру үлгісі | |||||||||||||||
1/АК |
1. 1К | 1 | 3 | 1 | 3 | 10.2022 | 10.2023 | 10.2024 | 10.2027 | 10.2025 | 10.2026 | 10.2027 | 10.2030 | ||
9/Г |
1. 8Т028 | 1 | 3 | 1 | 3 | 09.2019 | 09.2020 | 09.2021 | 09.2024 | 11.2022 | 11.2023 | 11.2024 | 11.2027 |
Ескертпе: ІТК – ішінара техникалық куәландыру.
ТТК – толық техникалық куәландыру.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (жүк көтеру механизмін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдысты) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 6-қосымша |
Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды (баллондарды) есепке алу журналы _______________________ (әскери бөлімнің атауы)
Тіркеу нөмірі | Объект туралы мәлімет | Зауыттық құжаттамаға сәйкес техникалық куәландыру (ТК) кезеңділігі (жылдармен) | Жүргізілген техникалық куәландыру айы мен жылы және тағайындалған мерзімі | ||||||||||
1. Агрегат индексі. | ІТК | ТТК | ІТК | ТТК | ІТК | ТТК | ІТК | ТТК | |||||
| Толық | Ішінара | Толық | жүргізілген | тағайындалған | жүргізілген | тағайындалған | жүргізілген | тағайындалған | жүргізілген | тағайындалған | ||
Толтыру үлгісі | |||||||||||||
10/С |
1. Б/234 | 4 | 8 | 4 | 8 | 05.2014 | 05.2018 | 05.2018 | 05.2026 | 05.2018 | 05.2022 | 05.2026 | 05.2034 |
12/С |
1. 1.С9 | 4 | 8 | 4 | 8 | 05.2016 | 05.2020 | 05.2020 | 05.2028 | 05.2020 | 05.2024 | 05.2028 | 05.2036 |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (жүк көтеру механизмін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдысты) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 7-қосымша |
Қысыммен жұмыс істейтін қазандықтарды есепке алу журналы _______________________________ (әскери бөлімнің атауы)
Тіркеу нөмірі | Объект туралы мәлімет | Зауыттық құжаттамаға сәйкес техникалық куәландыру (ТК) кезеңділігі (жылдармен) | Жүргізілген техникалық куәландыру айы мен жылы және тағайындалған мерзімі | ||||||||||
1. Агрегат индексі. | |||||||||||||
Ішкі қарап-тексеру (ІТ) |
Гидросынау | Ішкі қарап-тексеру (ІТ) |
Гидросынау | Ішкі қарап- тексеру | Гидросынау | Ішкі қарап- тексеру | Гидросынау | ||||||
жүргізілген | тағайындалған | жүргізілген | тағайындалған | жүргізілген | тағайындалған | жүргізілген | тағайындалған | ||||||
Толтыру үлгісі | |||||||||||||
6/ПК |
1. 15.Г9 | 4 | 8 | 4 | 8 | 05.2017 | 05.2021 | 05.2021 | 05.2029 | 05.2021 | 05.2025 | 06.2029 | 05.2037 |
12/ВК |
1. 8.Г1 | 4 | 8 | 4 | 8 | 05.2021 | 05.2025 | 05.2020 | 05.2028 | 05.2025 | 05.2029 | 06.2028 | 05.2036 |
Әскери бөлімнің қауіпті техникалық құрылғысы жөнінде мәлімет ұсынамын:
Р/с № | Объектінің атауы (индексі) | Зауыттық нөмірі | Шығарылған жылы |
Соңғы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Бөлім командирінің 20___жылғы "___" № __ бұйрығымен мынадай жауапты адамдар тағайындалды:
Көрсетілген объектіге қызмет көрсету үшін мынадай жеке құрам (қызмет көрсетуші персоналы) тағайындалды:
Р/с № |
Әскери атағы, | Лауазымы | Оқу орнының атауы. Куәлік берілген күні | Білімді соңғы тексеру күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
_____________________ жарамды және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.
00000 әскери бөлімінің командирі _______________________________________ (әскери атағы, тегі және инициалдары, қолы)
Хатқа іс жүргізуде куәландырылған қауіпті техникалық құрылғыға паспорттың көшірмесі қоса беріледі.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (жүк көтеру механизмін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдысты) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 9-қосымша |
Баллонды сынауды тіркеу журналы
Р/с № | Жасаушы зауыт және баллонның типі | Баллонның зауыттық № | Күні (айы, жылы) |
Сыртқы және ішкі | Салмағы, килограмм | Сыйымдылығы, литр |
Қысымы, | Жарамды, төмен топқа ауыстырылды, ақаулыққа жатқызылған | Инспектордың қолы | Әскери бөлім өкілінің қолы | Ескертпе | |||||||||||
жасалған | Өндірістік және тағайындалған куәландыру | белгіленген | нақты | белгіленген | нақты | жұмыс (Ж) | сынамақ (С) | |||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | |||||||
Р/с № | Толтырылған күні | Баллон нөмірі | Куәландырылған күні |
Баллон | Толтыру кезіндегі газдың соңғы қысымы | Газ салмағы (баллондағы сұйылтылған) | Баллонды толтырған адамның қолы | |||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |||||||||||||||
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (жүк көтеру механизмін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдысты) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 10-қосымша |
_____________әскери бөлімінің қауіпті техникалық құрылғысын куәландыруды және қарап-тексеруді есепке алу журналы 1. Жүк көтеру механизмі
Әскери бөлімді (қазандықты қадағалау органының) есепке алу бойынша тіркеу нөмірі | Жүк көтеру машинасының, құрылғының, алмалы-салмалы жүк қармағыш айла-бұйымның атауы (индексі) | Орнату орны | Зауыттық нөмірі мен жасалған жылы | Жүк көтергіштігі, килограмм | Қадағалау жөніндегі адамның кранды қарап- тексеру күні мен нәтижесі |
Техникалық куәландыру | ||||
жүргізілді |
рұқсат | жүргізілді | белгіленді | жүргізілді | белгіленді | |||||
2. Ыдыс, баллон
Объектінің атауы және оның сипаттамасы (типі, маркасы, арналуы, ортасы) | Орнату орны | Зауыттық нөмірі және жасалған жылы. Бөлімнің есебі бойынша нөмірі | Қысымы, кгс/см2 | Сыйымдылығы, литр | Қадағалау жөніндегі адам тексерген күні мен нәтижесі |
Техникалық куәландыру | ||||
есептелді | рұқсат етілді | Ішкі қарап-тексеру | Гидросынаулар | |||||||
жүргізілді | белгіленді | жүргізілді | белгіленді | |||||||
3. Толтыру станциясы
Р/с№ | Станция атауы | Орнату орны | Зауыттық нөмірі және жасалған жылы | Қысымы, кгс/см2 | Қадағалау жөніндегі адамның тексерген күні және нәтижесі | |
есептелді | рұқсат етілді | |||||